Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей
Пәні: Қазақстан тарихынан әңгімелер. Тексерілді: ДОТІЖО: Жумадиллаев Ж.А.
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық мейрамдары
Мұғалімнің аты-жөні: Абдуллаев Дулат Байдуллаевич
Күні:
СЫНЫП: 5 «А»
Барлық оқушылар саны: 24
Қатыспаған оқушылар саны:
Сабақ негізделген оқу мақсаттары:
Қазақ халқының ұлттық мейрамдары жайында біледі.
Сабақтан күтілетін нәтиже:
1-деңгей (білу, түсіну):
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:
Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері жайында мағлұмат алады.
2-деңгей
(қолдану, талдау):
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:
Қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойын түрлері жайында біледі, ажырата алады.
3-деңгей
(жинақтау, бағалау):
Оқушылардың кейбіреулері мынаны орындай алады:
Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері, дәстүрлі ұлттық ойын түрлері жайында қосымша материалдар тауып, шығармашылықпен айналысады.
Тілдік мақсат:
Ресурстар:
АКТ, карта, атлас карта суреттер.
Пәнаралық байланыс:
Дүниетану, жаратылыстану
Алдыңғы оқу:
Дүниетану пәні
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Сабақ барысы және
жоспарланған уақыт
45 минут
Берілетін тапсырмалар және қолданылатын әдістер
Бағалау критерийлері және жұмыс түрлері
ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ
3 минут
І. Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Оқушылар ақ тілектерін білдіріп, бір-біріне жақсы көңіл күй сыйлайды.
ІІ. Топқа бөлу. Суреттер арқылы. Киіз үй, ұлттық киімдер, қолөнер бұйымдары.
ІІІ. Оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау.
Оқу-құрал, жабдықтарын тексеру.
ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН СҰРАУ
7 минут
1-деңгей (білу, түсіну):
«Кім жылдам» ойыны
1.Шешендік сөздер деген не? (қоғам өміріне, табиғат құбылыстарна байланысты терең ой, бейнелі тілімен айтылған халық шығармасы, қанатты сөздер мен тұжырымдар).
2. Би-шешендердің қоғамда атқарған ролі (халық мүддесін қорғап, ұлттық рухты орнықтырады)
3
2-деңгей
(қолдану, талдау):
«Кім білгір» ойыны
1.«Өнер алды-қызыл тіл» деген сөзді қалай түсінесіңдер?(Біздің ата-бабаларымыз жүйесін тауып, орынды сөйлеуді үлкен өнер санаған)
2. Қазыбек бидің Жоңғария қонташысына айтқан сөзін айтып бер? (“Қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзасына жылқының қылын таққан елміз. Дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзын ақтай білген елміз. Бірақ асқақтаған хан болса – хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса – құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса – күң боламын деп тумайды, ұл мен қызын жатқа құл мен күң етіп отыра алмайтын елміз.)
4
3-деңгей
(жинақтау, бағалау):
«Кім тапқыр» ойыны
1.Қазақтың қандай би-шешендерін білесіңдер? (Жиренше шешен, Аяз би, Алдаркөсе, Тазша бала, Әнет баба, Әйтеке, Төле, Қазыбек билер, Малайсары,Сырым батыр, Бұқар Қалқаманұлы, Махамбет Өтемісұлы, Абай Құнанбаев)
2. Халықтың ауызша шығармаларына зор мән берген қазақтың белгілі зерттеушілері кімдер? (Шоқан Уалиханов, Халел Досмұхамедов, Мұхамеджан Тынышбаев, Ермұхан Бекмаханов т.б)
Үй тапсырмасын бекіту ТЕСТ сұрақтары.
1.Жоңғар қонтайшысына суырыпсалма шешендік сөзді айтқан би:
а) Аяз би ә) Майқ би б) Досбол би в) Қазыбек би
2. «Қазақ шежіресін» хатқа түсірген шежіреші:
а) Ян Вансина ә) М.Ж.Көпеев б) В.Радлов в) Ф.Достаевский
5
ЖАҢА САБАҚ
3 минут
5 минут
Қазақ халқының әдет-ғұрыптары «Тұсаукесер» жайында видеофильм көрсетемін.
«Қарап шығу» әдісі.
1.Дәстүрлі әдет-ғұрыптар.
2.Наурыз мейрамы
3. $20.Қазақтың ұлттық мейрамдары.
САБАҚТЫ БЕКІТУ
17 минут
1-деңгей (білу, түсіну):
Тест жұмыстары.
1. Наурыз мейрамы қай күні тойланады?
а) 21 наурызда ә) 1 сәуірде б) 1 наурызда в) 22 наурызда
2. Наурызкөже қанша түрлі тағаммен жасалады?
а) 4 ә) 5 б) 7 в) 9
3
2-деңгей
(қолдану, талдау):
Әңгіме құрастыр.
1.Үйлену той.
2.Наурыз мейрамы біздің ауылда қалай тойланады.
4
3-деңгей
(жинақтау, бағалау):
Сызбаны толтырыңдар.
Ұлттық
салт-дәстүрлер
1.... 5....
2.... 6....
3.... 7....
4.... 8....
5
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА
5 минут (5-7 минут)
1-деңгей (білу, түсіну):
Қазақтың ұлттық мейрамдары жайындағы мәтінді оқып келу.
2-деңгей
(қолдану, талдау):
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтарға жауап жазып келу.
3-деңгей (Шығармашылыққа, ғылыми - зерттеушілікке бағытталған тапсырмалар)
Қазақтың ұлттық мейрамдары, салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары жайында қосымша материалдар тауып, шығармашылықпен айналысу.
БАҒАЛАУ
3 минут
(Сабақ барысында топ басшы өз тобындағы оқушылардың іс-әркетін бақылап отырады.)
Бағалау парағы
№
Оқушының аты-жөні
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақ
Жалпы ұпай
Баға
«Кім жылдам» ойыны
«Кім білгір» ойыны
«Кім тапқыр» ойыны
ТЕСТ тапсырмалары
Әңгіме құрастыр
Сызбаны толтырыңдар
1
2
3
4
5
Ескерту: әр сұрақ- «1» ұпай. Жалпы 30 ұпай. 25-30 ұпай – «көш басшы», 20-25 ұпай – «5», 15-20 ұпай – «4», 10-15 ұпай – «3»..
КЕРІ БАЙЛАНЫС
2 минут
(Оқушылардан кері байланыс алу әдіс-тәсілдерін жазу.)
Рефлексия
Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімді болды?
Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімсіз болды?
Келесі сабақта өз жоспарыңызға қандай өзгерістер енгізген болар едіңіз?
Тексерілді тәлімгер: Керимбекова К.К.
* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт