Просмотр содержимого документа
«Қазақтың қара нар хандары»
Қостанай қаласы Ы.Алтынсарин атындағы
дарынды балаларға арналған мектеп интернат
тарих пәнінінен машықтанушы Хамит Бейбіттің
7 «А» сыныбында өткізген ашық сабақ
Ашық сабақтың тақырыбы:
«Қазақтың қара нар хандары»
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың қара нар хандары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Қазақ хандығындағы Хақназар ханның ішкі және сыртқы елдермен жүргізген саясаты мен танып білу.
Дамытушылық: Қазақ хандарына оның ішіндегі Қасым хан мен Хақназар ханның тарих сахынасындағы рөлі мен сол кездегі қазақ хандығының жағдайын салтыра білу.
Тәрбиелік: Оқушыларға қазақ хандарын құрметтеп, пір тұтып сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: кесте, карта, интерактивті тақта. Түрі: Ашық сабақ. Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап,пікір -алмасу, тапсырмаларды орындату. Қолданған әдебиет: Қазақстан тарихы 2-том, әдістеме, оқулық. Пәнаралық байланыс: әдебиет,құқық.
Жоспар.
Ұйымдастыру кезеңі.
Қасым хан (Үй жұмысын сұрау).
Ақыл көпір
Мерген
Құрама-құрақ
Кім мықты
Хақназар хан (Жаңа сабақ мазмұны).
Танысу
Ой қозғау
Қортынды
Марапаттау
Сабақ барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,оқу құралдарын шығару; кезекші оқушының сабаққа қатысты мәлімдемесі. Жылдамдық таныта отырып, қалаған пішінді таңдау арқылы 3 топқа бөлінеді. Ойын шартары түсіндіріледі.
ІІ. Үйтапсырмасын сұрау. Қасым хан
Ақыл көпір кезеңі үш топқа ортақ сұрақтар қойылады. Кім көп жауап берсе сол женді. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту.
Жәнібек пен Керей хандардан кейін Қазақ хан тағына кім отырды ?
Бұрындық ханның жүргізген саясаты ?
Қасым қай жылы хандық билікті өз қолына алды ?
Қасым хан жайлы кімдер жазды ?
Қасым заңдар жинағының аты ?
Қасым хан тұсындағы хандықтың шекарасы ?
Билер заңы ?
Қасым хан кезіндегі хандықтың астанасы ?
Қасым хан Ташкент түбінде кіммен ұрыс жүргізді ?
Мерген кезеңі әр топ кезек теп жебелерді алып, жебедегі сұрақтарға жауап береді
Қасым ханның билікті өз қолына алу себебі.
Бабыр айтуы бойынша .......................
Ғұлама ғалым Қадырғали Жалайыридің Қасым хан жайлы ойы.
Қасым ханның қасқа жолын Ә. Марғұланның айтуы бойынша.........
Қасым хан қай елдермен дипломатиялық саясат жүргізді.
Аламан міндеті, қара қазан қай заң тобына жатады.
Құрама құрақ кезеңі әр топ алдына берілген әріптерден қала атын құрап, сол қаланы картадан көрсетіп, сол қала жайлы айтып береді.
Созақ.
Сайрам.
Сығанақ.
Кім мықты капитандар сайысы. Әр топ капитандарына өткен сабақтар бойынша сұрақтар қойылады.
Жәнібек пен Керей қай хан ұрпақтары.
Ұрыс хан.
ХІІІ-XV ғасырларда аттары бізге аңыз болып жеткен ауызша поэзия өкілдері.
Кетбұға, Асан Қайғы.
Қай ғасырдың 40-50 жылдар тайпалардың басым көпшілігі Керей мен Жәнібек тұсында топтаса бастаған еді.
XV.
Арыстан-баб кесенесінің күмбезін кім қайта салғызды.
Әмір Темір.
Әбілқайыр хан 1457 жылы кімдерден жеңілді.
Ойраттардан.
Хандықтың алғашқы құрылған кездегі алып жатқан жері.
Қозыбасы мен Шу аралығы.
Әмір Темір Қожа Ахмет Йасауи кесенесін салуға қай жылы бұйрық берді.
1397.
Қазақ хандығы қай Қазақстанның қай аумағында құрылды.
Батыс Жетісуда.
XV ғасырдың орта кезінде қазақ жерінің батысында болған ел
Ноғай Ордасы.
Сауда жолының дамуы нәтижесінде қыстақ-кенттерден қалалық дәрежеге көтерілген Жетісудағы қала.
Талғар.
ІІІ. Жаңа сабақ. Хақназар хан
Танысу кезеңі оқушыларға Хақназар жайлы қысқаша айтып видео көрсетіледі.
Ой қозғау кезеңі көрсетілген видео бойынша оқушылар өз ойларын айтып, жаңа тақырыпқа талдау жасайды. Талдау барысында келесі сұрақтарға жауап береді.
Хақназар хан тұсындағы Қазақ хандығының күшеюі сипаттап береді.
Шу тобы. Хақназар ханның сыртқы саясаты оның ішінде Моғолстан мен Ноғай Ордасы жағдайларын талдайды.
Талас тобы. Қазақ-өзбек және Ресеймен қарым-қатынастары жайлы сөз етеді.
IV. Қорытынды. Оқушылар Қасым хан мен Хақназар ханға Вендиаграммасын толтырады. Хақназар ханды үйге алады.