kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақстандағы мәдени өмір

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақстандағы мәдени өмір, білім, ғылым, қазақ әдебиеті жайлы түсінік беру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақстандағы мәдени өмір»

Пән: ҚазақстантарихыСынып : 9 «А»Күні: 27.02.2018

Сабақ тақырыбы: §43.Қазақстандағы мәдени өмір (1946-1985)

Оқыту мақсаты:Оқушылар 1946-1985 жылдардағы халық ағарту ісінің, ғылымның дамуы себептері мен сипаты, мәдениеттің идеологияға кері әсері, «жылымық кезеңі» қазақ әдебиеті, музыкасы мен кино өнері жайлы, түсінік беріп, жүйелеп айтуға үйрету.

Дамытушылық: Жаңа сабақты меңгерте отырып, оқушылардың ой-өрісін дамыту, белсенділігін арттыру, білімдерін жетілдіру.

Тәрбиелік : Оқушыларды Отан сүйгіштікке рухта тәрбиелей отырып, мәдениетті, иманды азамат тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар 1946-1985 жылдардағы Қазақстанның мәдени даму ерекшелігімен танысады, зерттейді, сараптайды, қажетті мәлімет алады, өздерінің іс – әрекетін бағалайды.

Сабақтың түрі: Ашық сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, тест,

Көрнекілігі: интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

А)Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеу

Б) Оқушылардың зейінің сабаққа аудару

Психологиялық кезеңі

Оқушылар ақ параққа тілектерін жазып, оны умаждап қорапқа салады. Араластырып бір- бірден алып оқиды.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

§41-42. Саяси өмір мен ұлттық қатынастар (1965-1985 ж.ж.)

1.Үй тапсырмасын сұрау: «Миға шабуыл» сұрақ-жауап

Миға шабуыл

1.1960ж 19қаңтарда Н.И. Беляевтің орнына, бұған дейін республика Министрлер Кеңесінің төрағасына кімді сайлайды? (Д.М. Қонаев)

2.1978 жылы 20 сәуірде Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің 7-сессиясында қабылданған құжат (Жаңа Конституция қабылданады)

3.Кеңес әскері Ауғанстанға ------ жылы енгізілді (1979ж)

4.Кеңес әскерін Ауғанстанға кіргізгенің әшкерлеген кім? (физик академик-Андрей Сахаров Л.И. Брежневке жазған үндеу хатында әскерлері қайтару, әскери ядролық қару жөніндегі тұжырымдамаларды қарауын талап етті. Оған жауап ретінде Новгород қаласына жер аударып жібереді)

5.Ауған соғысында қанша Қазақстандық қаза тапты?( 21979 қазақстандық, 780-і қаза тапты, 393- мүгедек, 22-і хабар ошарсыз кетті)

ІІІ. Жаңа сабақ.

Халық ағарту ісі 1947 қарашада «Қазақ КСРде жоғары және орта білімді бұрынғыдан ары жетілдіру шаралары туралы» қаулы қабылданды. 1946 жылы 85,6 млн сом бөлінсе, 1950 жылы 146,5 млн сом бөлінді. 1953 жылы интернаттарды 40 000 бала оқыды. 50 жылдар жалпыға бірдей білім беруге көшті, 9088 мектеп жұмыс істеп, 1млн 439 мың оқушы білім алды. Соғыстан кейінгі кезенде 1946 жылы Қазақ КСР Ғылым Академиясы ашылды, оның ұйымдастырушысы әрі тұңғыш президенті Қ. Сәтпаев болды. 1950 жылдың соңында Қазақ КСР-ның Ғылым Академиясы жүйесінде 19 ғылы-ми-зерттеу институты жұмыс істеді. 1947 жылы М. Әуезов «Абай жолы» эпопеясының екінші кітабын жазып бітірді, ал 1949 жылы оған КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Қазақ әдебиетінде бұл жылдары С. Мұқановтың «Сырдария», Ғ. Мұстафиннің «Миллионер» және И. Шуховтың романдары, Т. Жароковтың шығармалары және т.б. құнды еңбектер жарық көрді. Соғыстан кейінгі жылдарда, бір өкініштісі, зиялы қауымға қарсы сталиндік қуғын-сүргін саясатының жаңа толқыны басталды. Ленинград пен Мәскеуде идеологиялық тапсырма негізін де қолдан жасалған «Ленинград ісі", «Дәрігер-лер ісі», ал Қазақстанда «Бекмаханов ісі» ұйымдастырылды. 1947 жылы Е. Бекмаханов «XIX ғасырдың 2о10 жылдарындағы Қазақстан» атты іргелі ғылыми монографиясын дайындады. 1952 жылы Е. Бекмаханов 25 жылға сотталып, тек И. Сталин өлгеннен кеиін ғана, 1954 жылы көктемде ақталды. Саяси айып тағылып, ғалымдар қатарында А. Жұбанов, Қ. Жұмалиев, Б. Сүлейменов, Қ. Мұхамедханов, жазушы Ю. Домбровский және т.б. қудаланды. Қ. Сәтбаев пен М. Әуезов саяси қысымның нәтижесінде еріксіз Қазақстаннан Мәскеуге кетуге мәжбүр болды. 1949 жылдың 29 тамызы Қазақ жері үшін ең қасіретті күндердің бірі ретін-де тарихқа енді. Өйткені Семей полигонында ядролық бомбаға алғашқы сынақ жасалды. Семей полигонында 1964 жылға дейін ашық атмосферада атом бомбасына 113 сынақ еткізілді. 1964 жылдан бастап жер асты сынақ-тары өткізіле бастады. Ш.Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Аймауытұлы, М. Жұмабаев ақталмай қалды. Роза бағланова, Б.Төлегенова, Е.Серкебаев, Ш.Айманов, С.Қожықов.

«Жылымылық» кезеңінің жарқын оқиғалары КОКП ХХ съезінің қоғамды сталинизмнен арылту жөніндегі әрекеті. Қазақтың айтулы азаматтары Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Темірбек Жүргенов, Жүсіпбек Аймауытов, Санжар Асфендияровтар ақталды. Бірақ сол кезде қазақ зиялыларының Ә.Бөкейханов,, М.Дулатов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев сияқты жарқын өкілдер ақталмай қалды.

Қазақ әдебиет, музыка мен кино өнері. Әдебиет даму жағында болды. 1947ж М.Әуезов өзінің «Абай» роман –эпопеясының екінші кітабын аяқтады. С. Мұқановтың «Сырдария», Ғ.Мұстафиннің «Миллионер»,И.Шухов пен Н. Ановтың романдары шығармалары көркемдік бейнесін тапты.

Әншілер: Р. Бағланова, Б. Төлегенова, Е. Серкебаев балетмейстер БолатАюхановтардың таланты жарқырай ашылды.

Бұл кезеңде қазақстандық жазушылардың қаламынан бірқатар іргелі әдеби шығармалар туды. Б. Момышұлы, Морис Симашко, Ілияс Есенберлин, Әбіш Кекілбаев, Оралхан Бөкеев, Юрий Герд, Мұқағали Мақатаев, Олжас Сүлейменов, Кәкімбек Салықов, Мұхтар Шаханов, Қадыр Мырзалиев, Сырбай Мәуленов, Фариза Оңғарсынова, Қабдыкәрім Ыдырысов т.б. өлеңдері мен поэмалары кең тарады.

Тапсырма беру:

1 тапсырма 3 оқушыға жеке тапсырма беріледі.

1Қазақ әдебиеті – роман- поэмаларын теріп жазу «Сырдария, Миллонер, Алғашқы айлар, Абай романы, Көкшетау, Айман- Шолпан,Мен жындымын, Ғасырдан да ұзақ түн, Стакан, Көзімнің қарасы, Соңғы аялдамат.б.

2. Кино- Алдаркөсе, Келін, Менің атым Қожа, Ана, Көшпенділер, Қыз- Жібек, Қазақ хандығы, Жаужүрек мың бала, Қозы Көрпеш- Баян сұлу.т.б.

3. Музыкалық ансамбльдер- Гүлдер, Айгул, Алау,Мұзарт, Досмұқасан , Ариран , Каспий, Иялла, Үркер т.б.

2 тапсырма. Топтық жұмыс

1.1946-1985 жылдардағы мәдени өнердің табыстары туралы не айтасыз?

3.Оқулық пен жұмыс Кесте толтыру

1940-1980жылдардағы ғылым мен білім, әдебиет

КСРО мемлекеттік сыйлығы берілген кітап, атауы, авторы, жылы

Қазақ КСР ҒА-ның құрлған жылы

«Жылымылық» кезеңінде ақталған азаматтар

1947ж М.Әуезов өзінің «Абай » роман- эпопеясының 2-ші кітабын аяқтады. 1949ж КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді

1946ж маусымда КСРО ҒА академиясының сатанатты ашылуы өтті. Қ.И. Сәтбаев алғашқы президенті

І.Жансүгіров, С.Сейфуллин, Б. Майлин, Т. Жүргенов, Ж. Аймауытов, С. Асфендияровтар ақталды.

ІҮ. Жаңа сабақты қорытындылау. тест

1.«Қазақ КСР-інде жоғары және орта білімді бұрынғыдан әрі жетілдіру шаралары туралы» қаулы қабылданған жыл.

А) 1942ж

Ә) 1946ж

Б) 1947ж

В) 1950ж

2. «Менің атым Қожа » кинофильмін түсірген режиссер

А) М. Төлебаев

Ә) Қ. Ыдырысов

Б) Ш. Айманов

В) С.Қожықов

3. «Жылымық жылдар » деп қай кезеңді атайды?

А) 40ж соңы

Ә) 50ж бірінші жартысы

Б) 50ж екінші жартысы

В) 60ж ортасы

4. 1950 жылға қарай республикада қанша жалпы білім беретін мектептер жұмыс істеді?

А)9088

Ә) 9025

Б) 9010

В) 9058

5. Қазақ зилыларының жарқын өкілдерін Мәскеу өкімет орындар қалай қалай атады?

А) Халық жауы

Ә) Барып тұрған ұлшылдар

Б) Космополит

В) Саяси қауіптілер

6. Қазақ ғылым Академиясының алғашқы президенті болған кім?

А) Қ. Сәтбаев

Ә) И.Бардин

Б) С.Вавилов

В) М. Әуезов

7.70жылдары Жастар арасында қандай музыкалық ансамбль сүйіспеншілікке бөленді?

А) Айгул

Ә) Досмұқасан

Б) Гүлдер

В) Үркер

8. 1950 жылы Ғылым Академиясынданешеғылымизерттеу институты?

А) 16

Ә) 17

Б) 18

В) 19



Жауабы: 1-Б, 2-В, 3-Б, 4-А, 5-Ә, 6-А, 7-Ә, 8-В

БекітуҮ.Білгенімді зердеме тоқимын

Мақал – мәтелдердің жалғасын тап:

1.Ғылым- теңіз,білім-қайық.

2.Ақыл азбайды,білім тозбайды.

3.Оқу – білім азығы,білім – ырыс қазығы.

4.Көп оқыған білмейді,көп тоқыған біледі.

5.Ілім – бұлақ,білім шырақ.

6.Ердің атын аты шығарар,ғалымның атын хаты шығарар.

7.Тіліңмен жүгірме,біліммен жүгір.

8.Білім арзан,білу қымбат.

9.Байлықтың кілті- ғылым.

10Наданмен қос болғанша,кітаппен дос бол.

Рефлексия

Оқушылар осы сөздердің ішінен өздерінің жағдайын сипаттайтын үш сөзді таңдап жазып алады.

«Төзімсіздік», «Ащу», «Қуаныш», «Немқұрайлылық», «Қанағаттану», «Шабыт», «Зерігу», «Алаңдау», «Тыныштық», «Сенімділік», «Сенімсіздік», «Рахаттану»

Ү. Бағалау

ҮІ. Үй тапсырмасы.§43.Қазақстандағы мәдени өмір. Мазмұндау. Қазақстанның қазіргі кездегі мәдени өмірінің даму үдерістерін анықтау.




















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Қазақстандағы мәдени өмір

Автор: Тасмаганбетова Жангул Сериковна

Дата: 02.03.2018

Номер свидетельства: 460438

Похожие файлы

object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Қазақстандағы мәдени өмір"
    ["seo_title"] => string(29) "k_azak_standag_y_m_dieni_omir"
    ["file_id"] => string(6) "460436"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1519984137"
  }
}
object(ArrayObject)#895 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "?аза?станды?тар – тыл ?а?арманы "
    ["seo_title"] => string(33) "k-azak-standyk-tar-tyl-k-aharmany"
    ["file_id"] => string(6) "148237"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1419613966"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) "2015 жыл – ?аза? хал?ыны? Ассамблеясыны? жылы! "
    ["seo_title"] => string(50) "2015-zhyl-k-azak-khalk-ynyn-assamblieiasynyn-zhyly"
    ["file_id"] => string(6) "206304"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1430148151"
  }
}
object(ArrayObject)#895 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "Ассамблея жылы - ?аза? Еліні? бірлігі жылы!"
    ["seo_title"] => string(41) "assamblieiazhylykazakielininbirlighizhyly"
    ["file_id"] => string(6) "292997"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455383127"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(122) "Қазақстандағы білім жүйесіне өзгерістің қажеттілігі туралы ойлар"
    ["seo_title"] => string(76) "k_azak_standag_y_bilim_zhuiiesinie_ozghieristin_k_azhiettilighi_turaly_oilar"
    ["file_id"] => string(6) "372838"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1482514336"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства