Сабақ барысы Қорытынды: Оқып-білуге тапсырма | Тірек-сызба әдісі арқылы өлеңнің құрылысы, шығу тарихы туралы мәліметпен таныстыру. Абайдың 1886 ж.жазылған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақтан 25 шумақтан тұрады. Жастарға арналған достық, татулық, жар сүю мәселесін қозғайтын насихат өлеңі. Ақын бірден «жігіттер» деп есейіп, қатарға қосылып, бозбалалыққа, үй болуға жетіп қалған жастарға сөзін қаратып айтып, үй болу жайын толғайды. «Керек іс бозбалаға талаптылық, Әр түрлі, өнер, мінез, жақсы қылық»,-деп жастардың алдына үлкен өмірлік мақсат қоюы қажет екенін ақын айрықша атап көрсетеді. «Жолдастық, сұхбаттастық-бір үлкен іс, Оның қадірін жетесіз адам білмес»,- деп сүйіспеншілік сезімінде айнымас беріктік, тұрақтыылық, адалдық болуына мән бере отырып, жігіттердің құбылма, айныығыш мінезін қатты сынап шенейді. Өлең 11 буынды қара өлең үлгісінде жазылған.Алғаш 1909ж С-Петербургте жарық көрген. Мүрсеит қолжазбаларында негізінде барлық басылымдарға енген 25 шумағы 1909ж жинақта жоқ. Туынды алғаш араб, азербайжан, қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, ұйғыр тілдерге аударылған. 1.Өлеңді оқушыларға жатқа айтқызу 2. Сатылай кешенді талдау жүргізу Өлеңді жан- жақты талдау І топ «Ойын арзан»; ІІ топ «Күлкі қымбат»; тақырыптарында топта постермен жұмыс жүргізу. Постерлерін қорғату. «Автор орындығы» әдісі арқылы, өлеңді өз шығармашылықтарына байланысты жалғастырту |