Қаңылылардың қазақ халқының арғы атасы екенін айта отырып, қаңлы қоғамы, олардың орналасуы, олар туралы деректер, қоғамдық құрылысы, археологиялық ескерткіштері туралы түсіндіріп , топпен жұмыс жасай отырып, ұймдастыру қабілеттерін дамытып жауапкершілік пен мақсаттқа жетуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа
Әдісі: Топпен жұмыс, сұрақ - жауап, топтастыру, дәлелдеу, сыни тұрғыдан ойлау мен айту, ой қозғау.
Пән аралық байланыс: География, математика, дүниежүзі тарихы. Сабақтың барысы:
Сабақтың эпиграфы
”Қаңылылар – қазақ халқының арғы атасы“
І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
Оқушылардың көңіл - күйін, сабаққа деген белсенділігін арттыру үшін олардан бір - біріне қарап өздерінің жүрекжарды жылы сөздері мен тілектерін айтуларын өтінемін. Одан соң оқушыларды түс арқылы 2 топқа бөлемін. (сары және көк)
Көк — адамдар арасындағы жақсы қарым-қатынасты ең жоғары бағалайтын адамдар. Олар достықты бағалап, ал махаббатты бәрінен жоғары қояды. Олар зұлымдықты, салқындықты, араздықты ұнатпайтын ақ тілекті жандар.
Сары - жылу мен жарықтың түсі. Бұл адамдар көпшіл, достыкқа берік, еркіндікке талпынғыш. Ол бәрінен де өз еркіңдігін биік қойып, әр түрлі шектеулерді жек көреді. Көңіл күйі тез өзгергіш, оптимист адам.
Оқушылар топтың аты мен негізгі үш ережені жазады. Топ басшысын сайлайды. Топ басышысна бағалау парағы беріледі. Оқушылардың таңдап алған түстердің мағынасын ашамын. ІІ. Бойжазу немесе тақырыпты ашу “Айтылғанды қалпына келтір” ойыны. Оқушыларға көптеген сөздерді баған түрінде ұсынамын. қазақ қаңылы атасы арғы халқының
Бұдан кейін айтылғанды қалпына келтіруді тапсырамын. Кім бұрын орындаса, сол топқа «сәттілік жұлдызы» беріледі. Тақырыпқа көшуден бұрын: ”Қаңылылар – қазақ халқының арғы атасы“ деген сөйлемді сабақтың эпиграфы етіп алынатынын айтып өтінемін. Одан кейін жаңа сабақтың мақсаты мен міндетін айтып өтемін. Оқушылардан күннің атын, сабақтың тақырыбын жазып қоюларын сұраймын.
ІІІ. Жаңа сабақ.Оқушыларға тақырыптың негізгісін байндау арқылы түсіндіріп өтемін.
Қаңлылар туралы деректер.
Біздің заманымыздан бұрынғы III ғасырдан бастап Қазақстан жерін мекендеген ірі тайпалардың бірі - қаңлылар. Олар Қытай жазба деректерінде кангюйлар деп аталса, ежелгі Иранның б.з.б. 6 ғасырда жазылған «Авеста» деп талатын қасиетті кітабында «Вэсаканың ер жүрек ұлдары ең биік, бәрінен жоғары тұратын Канха қамалының алдында құрбандық берді» деп жазылыпты. «Кангүй», «канха» сөздері қазақтың Ұлы жүз тайпалық бірлестіктерінің бірі Қаңлы атауына ұқсас.
Қаңлылардың орналасуы.
Арыс , Талас жағалауында , Сырдарияның төменгі ағысында өмір сүрген. Қаңлы мемлекеті оңтүстігінде қытаймен және Үйсіндермен көршілес жатты. Қытай өкілінің императорына хабарында «Қаңлылар өркөкірек, өжет келеді. Біздің елшілерімізге басын имейді. Орталық билік атынан келген өкілдерімізге үйсін елшілерінен төмен отырғызады. Оралдың билеушілері мен ақсақалдарына тамақты алдымен береді, ал содан соң барып біздің елшілерге тартады» делінеді.
Қоғамдық құрылысы.
Қаңлы елі өз ішінде бес бөлікке бөлініп, әр иелікті кіші хандар басқарған. Кіші хандар Ұлы ханға бағынған. Кіші хандарға бағынатын ру, тайпаларды көсемдер басқарған. Көсемдердің лауазымы мұрагерлік жолмен әкеден балаға берілген.
ІҮ . 1 тапсырма . Картамен жұмыс. Карта бойынша Қазақстанның қай облыстарында қаңылылар өмір сүргенін анықтап, кескін картаға түсіріңдер. І- топтан бір оқушы картадан Қаңылылардың географиялық орналасу жағдайы мен алып жатқан орнын көресеті. ІІ- топтың мүшесі тақтадағы кескін картаға түсіреді және географиялық орналасуының мәнін түсіндіреді.
Карта бойынша Қазақстанның қай облытарында қаңылылар өмір сүргенін анықтаңдар
2 тапсырма Екі топ сіздерге екі тақырыпша беріледі осы тақырыпшаны кесте немесе сызба арқылы келессі топқа түсіндіресіңдер.
І топқа «Қоғамдық құрлысы»
ІІ топқа «Ескерткіштер»
3 тапсырма «Тарихи диктант» әр топқа 2 сөйлемнен.
................ , ................ сөздері қазақтың Ұлы жүз тайпалық бірлестіктерінің бірі Қаңылы атауына ұқсас.
Ежелгі Қытай хроникасы олардың екі астанасы .............. - ...........
астансы болғанын айтады.
3.Қаңылы тайпаларының негәзгә ата мекен ................... өзенінің орта ағысында жатты.
4.Қаңылылардың солтүстіктегі көршілері - ................ мен ...................
4. Сергіту сәті «Математикалық ойын».Шарты:Есептің нәтижесінде шыққан сандарды тарихпен ұштастыр .
250-121-9= 120 мың түтіні
1*2*3=6 ғасырларда «Авеста» кітабі
386+244=630Чигу қаласының халқының саны
36+16-16+10=46 және 6*6=36 Қаңылылар Ғұндарға көмектесті
5. Сәйкестендір. Археологиялық мәдениеттерінің алып жатқан орынын сәйкестендір.
1.Қауыншы мәдениеті----------Қаратау беткейімен Талас өзенінің маңынн алып жатыр
2.Отырар-Қаратау -----------Қуаңдария мен Жаңадария аңғарларын алып жатыр.
3.Жетасар--------------- Ташкен төңірегінде.
4. Көк-Мардан----------- Арыс өзенінің жағасында
Археологиялық ескерткіштер жайлы бейне жазба көрсетемін.
Ү. Жаңа сабақты бекіту
1 тапсырма «Дискуссиялық өрнек»
Р/с
Мазмұны
Келісемін
Келіспеймін
1
Қытай тарихшысы Сыма Цянь «тарихи жазбаларында» көшпенділердің өмірі мен тұрмысын сипаттап жазды.
+
2
Бірқатар тарихшылар Қаңылы мемлекетінде жазу болмады дейді.
+
3
Қаңылылар б.з.б І-ІІІ ғасырларда өмір сүрген
+
4
Қытай өкілінің императорға хабарында « Қаңылылар өркөкірек, өжет келеді дейді»
+
ҮІ. Жаңа сабақты қорытындылау.
1.Өзін-өзі тексеру сұрақтары.
1.Қаңылар соғыс бола қалған жағдайда қанша жауынгер жасақтай алады?
а/ 600мың ә/120мың б/ 300мың в/80мың г/210мың
2. Қаңлы бірлестігінің территориясын белгіле
а/Ертіс бойы ә/Ыстық көл жағалауы б/Қаратау жотасынан Сырдарияның орта ағасына дейін в/Жетісу г/ Еділ бойынан Сырдарияға дейін
1. Өз еңбегінде сақтар туралы кім айтып кетті? (Геродот) 2. Үйсіндер қай аумақта қоныстанды? (сақтардан соң Жетісу жерін) 3. Ғұндардың Еуропаға жорығын кім басқарды? (Еділ патшасы) 4. Сарматтар қай тілде сөйлеген? (скиф)
2. «Кім шапшаң?» ойыны.
1. Қаңлылар туралы мәліметтер қай елдің деректерінде кездеседі?
(Қытай,Шицзи,Цянь Ханьшу)
2.Қаңлы тайпаларының ең негізгі атамекені қай жер?
(Сырдария өзенінің орта ағысы)
3.Қаңлылар археологиялық ескерткіштері қандай мәдениеттерге бөлінеді?
(Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетіасар)
4.Ақтөбе қонысы қай мәдениеттің ескерткішіне жатады?
(Қауыншы)
5.Қаңлы елінде құлдық қалай пайда болды?
(Соғыстан түскен тұтқындардан)
ҮІІ. Бағалау. Топ басшысының бағалауын ескере отырып бағалау.
ҮІІІ.Үй тапсырмасы.18 тақырыпты оқып мазмұндау.
”Қаңылылар – қазақ халқының арғы атасы“ шағын шығарма
ІХ. Рефлексия (1 мин)
-Балалар,сабақтан алған әсерлерің қандай? Сабақ несімен ұнады? Сабақтан алған әсерлеріңді алдарыңда жатқан параққа жазыңдар яғни екі жұлдыз бір ұсыныс.
Бағалау
Бағалау :Топ басшысы оқушыларды бағалайды. Бағалау өлшемдері арқылы бағалау жүргізу. - Тарихи тілде сөйлеу - Ой пікірін жеткізу дәрежесі - Қосымша материалмен жұмыс жасау - Тақырыпты түсіну Барлығын қамтыса «5»
Өлшемдердің бірі кем болса «4» пен бағаланады
Берілген өлшемнің үшеуін қамтымаса «3» бағасы қойылады
Бағалау :Топ басшысы оқушыларды бағалайды. Бағалау өлшемдері арқылы бағалау жүргізу. - Тарихи тілде сөйлеу - Ой пікірін жеткізу дәрежесі - Қосымша материалмен жұмыс жасау - Тақырыпты түсіну Барлығын қамтыса «5» Өлшемдердің бірі кем болса «4» пен бағаланады Берілген өлшемнің үшеуін қамтымаса «3» бағасы қойылады