Еркін еңбек ету құқығы азаматтардың негізгі құқықтарының бірі болып табылады. Еңбек ету құқығы деп еңбекке қабілеті бар адамның өзіне ұнаған кәсіппен айналысып, өз еңбегінің жемісін көріп, өмір сүруге қажетті табыс табу құқығын айтады. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша “әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар”
Мемлекет еңбекке жарамды адамның еңбек етуіне, өзінің мүмкіндігі мен қалауы бойынша қолынан келетін кәсіппен айналысуына жағдай жасап отыруы тиіс. Еңбекке қабілеті бар азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету үшін мемлекет органдары қажетті шаралар қолданады, жұмыссыздарды жұмысқа орналастыратын арнайы органдар құрады
4) Жаңа тақырыпты бекіту
Тапсырма:
Қазақстан Республикасының “Еңбек туралы”Заңының кейбір баптарымен таныстыруға болады:
1 - топ
1) Еңбек қатынастарын қандай нормативті актілер реттейді?
2) Еңбек шарты(контракт) деген не? ________________________________
3) Еңбек шарты нені қамтиды?______________________________________
4) Еңбек шартын бұзуға қажетті негіздер болып нелер саналады?________
2 - топ
1) Ұжымдық шарт деген не?__________________________________________
2) Жұмыс немен өлшенеді?____________________________________________
3) Қысқартылған жұмыс мөлшері деген не?_____________________________
4) Кәмелетке толмағандар үшін жұмыс уақыты қанша?__________________
3 - топ
1) Демалыс уақыты деген не?________________________________________
2) Еңбек жағдайы деген не?__________________________________________
3) Еңбек өтімі(стаж) деген не?________________________________________
4) Еңбек кітапшасы деген не? Онда не туралы жазылады?________________
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі бойынша жұмыстан бос уақытты адамның өз еркімен демалатын уақыты болып саналады.
Демалыс уақытында жұмыс аяқталғаннан келесі жұмыс күні басталғанға дейінгі уақыт, апталық демалыс күндері, Конституция бойынша белгіленген мейрам күндері, жылдық кезекті еңбек демалысы жатады.
Тапсырма:
Қазақстан Республикасындағы заңмен бекітілген мереке күндері, яғни жұмыс істемейтін күндер.
Жұмыссыздық нарықтық экономиканың ажырамас нышаны болып табылады. Жұмыссыздық деп экономикалық белсенді тұрғындардың уақытша жұмыспен шұғылданбауын айтамыз.
Кейбір ел экономикасында жасырын жұмыссыздық деген болады. Оның мәні экономикалық дағдарыс жағдайында кәсіпорынның өз ресурстарын толық пайдалана алмауымен айқындалады. Кәсіпорындар жұмысшыларды жұмыстан шығарып жібермейді, оларды не қысқартылған жұмыс режиміне көшіреді, немесе ақы төленбейтін мәжбүрлі демалысқа жібереді.
Тапсырма:
Қандай мамандық бізде көп?
Қандай мамандық иесі бізде жетіспейді?
Болашақта қандай мамандық елге өте қажет болады деп есептейсіңдер?
Қазақстан қандай мамандыққа зәру?
Қорытынды:
1) Кәсіпорындарды түрлеріне қарай олардағы еңбек жағдайлары бірдей бола ма?
2) Еңбекке ақы төлеудің қандай түрлері бар?
3) Жұмыссыз деп кімдерді айтамыз?
4) Азаматтардың демалу құқығы дегеніміз не?
5) Үй тапсырмасы: «Еңбек құқығының негізгі ұғымдары» тақырыбын оқып, сұрақтардың жауабын анықтап келу