kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бөкей хандығының құрылуы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бөкей хандығының құрылуы. Қазақ даласының ұлы жаңартушысы – Жәңгір Бөкейұлы.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бөкей хандығының құрылуы.»

Сабақтың тақырыбы: Бөкей хандығының құрылуы. Қазақ даласының ұлы жаңартушысы – Жәңгір Бөкейұлы.
Сабақтың мақсаты: Ішкі Бөкей хандығының Қазақстан тарихында алатын орнын, Жәңір ханның ағартушылық, реформаторлық қызметінің маңызын ашу.
Білімділік міндеті: Бөкей хандығының құрылу себептерін талдау.Жәңгірханның жеке тұлға ретінде қаситтерін ашу.Жәңгір ханның әлеуметтік, экономикалық,саяси реформаларын талдау.Жәңгір ханның мәдени қызмет саласына баға беру. Жәңгір хан қайтыс болғаннан кейінгі Бөкей ордасындағы өзгерістерді көрсету.Бөкей хандығы және Жәңгір ханның Қазақстан тарихындағы алатын орнын анықтау.


Дамытушылық міндеті: СТО технологиясы әдістерімен оқушылардың оқулық мәтінімен қосымша материалдарымен жұмыс істеу қабілетін дамыту,жеке тұлғалардың іс-әрекетіне баға бере білуге баулу, өз көзқарасын қорғай білуге үйрету.Талдау,жинақтау,жүйелеу арқылы ой-өрісін кеңкйту.
Тәрбиелік міндеті: Азаматтық тәрбие, жан-жақты жеке тұлға ретінде қалыптастыруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:интерактивті
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдіс-тәсілі: жекелей,жұппен,топпен жұмыс,СТО технологиясы әдістері
Сабақтың көрнекілігі: кесте, сызба, карта, слайд,сурет
Қосымша әдебиеттер: «Қазақстан тарихы» 3 том ,”Жалпы тарих және құқықтану мектепте” әдістемелік журналы, «Қазақстан тарихы» 8 сынып,интернет материалдары
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру: Сабақтың мақсатымен таныстыру, оқушыларды топқа бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрауСлайд №1.1) Өткен тақырыптың мазмұнын қаншалықты меңгергенін байқау мақсатында жетекші сұрақтарды берілген парақшаларды тарата отырып,сұрақтарға жауап алдым.
І-топтың тапсырмасы: Ақмола сыртқы округын ашуға қандай әзірлік жасалғаны туралы айтып беріңдер.Округтық приказдың ашылуы қалай өтті?
ІІ-топтың тапсырмасы: Ақмоланың осы өлкедегі ірі сауда орталығы ретінде қалай қалыптасқаны туралы не айта аласыңдар?
ІІІ-топтың тапсырмасы: Ақмола қала мәртебесіне ие болғаннан кейін онда қандай өзгерістер жасалды?Қала халқының саны қанша еді?)


Слайд №2. 2) Интерактивті тақтада тест сұрақтарын бере отырып,оқушыларды бір-біріне бағалаттым.
Ақмола бекінісінің салынуы мен дамуы тақырыбы бойынша тақтаға 10 тест сұрақ ашылады.
1.1824 жылы ашылған екі округтық приказ:
А. Көкшетау,Қарқаралы         В. Көкшетау,Ақмола        С. Қарқаралы,Семей
2.1832 жылы 9 қаңтарда сыртқы жаңа округтың ашылуына рұқсат еткен Ресей императоры?
А. І Александр                        В. І Павел                       С.    І Николай
3. Ақмола округының аға сұлтаны болып алғаш сайланған кім?
А. Қоңырқұлжа                                  В. Саржан                            С. Қарабек
4. 1838 жылы тамызда 80 казак қорғап тұрған Ақмола бекінісіне шабуыл жасаған сұлтан?
А. Саржан                                            В. Кенесары                           С.Қасым
5. 1852 жылы Ақмола станицасында ашылған екі жәрмеңкенің әйгілісін атаңыз?
А. Константинов                                     В. Дмитриев                        С. Атбасар
6. Ақмола ресми түрде округтық қала деп жарияланған уақыт?
А. 1862 ж                                                  В. 1882 ж                             С. 1868 ж
7. Ақмола қаласының уезд орталығына айналған уақыты?
А. 1862 ж                                                  В. 1882 ж                             С. 1868 ж
8. 1870 жылы қалада құрылған атқарушы орган?
А. Қалалық басқарма                   В. Полиция басқармасы               С. Қаржы кассасы
9. 1875 жылы Ақмолада құрылған басқарма?
А. Қалалық басқарма                   В. Полиция басқармасы               С. Қаржы кассасы
10. Ақмолаға саяси жер аударылғандар келе бастаған уақыт?
А. 1862 ж                                       В. 1882 ж                             С. 1868 ж
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру: 1.Қызығушылықты ояту.

Слайд № 3.Жәңгір хан шежіресі.
Жәңгір хан (1801-1845) – Бөкей Ордасының соңғы ханы, Әбілхайыр ханның шөбересі, Нұралы ханның немересі, Бөкей ханның ұлы.Генерал-майор, Шын аты – Жиһангер.
Слайд №4 . Ішкі Орда аумағының картасы.
Хан Жәңгір Бөкей ордасына келген ғалым-зерттеушілерді ерекше құрметпен қабыл алған. Осы өңірде болған Г.С. Карелин, В.И. Даль, т.б. хан үйінің қонақжайлылығына ризашылықтарын естелік—зерттеулерінде жазып көрсетеді. Бұлардан басқа Бөкей ордасында 100-ден астам Ресей және шетел зерттеушілері болған.
1842 ж. Жәңгірдің өтінішімен белгілі картограф, Орыс жағрапиялық қоғамының мүшесі Я.В. Ханыков Бөкей ордасының аумақтық картасын  жасайды.
Жаңа хандықты орыс жерлері мен бекіністі шептер жан-жағынан қоршап тұрды. Жайық бойында – әскери шептің казактар форпосттары, солтүстігінде – Жаңа өзен шебінің форпосттары, батысында – тұз жолдарының бекеттері мен Астрахан казак әскерлерінің тосқауыл отрядтары, қалмақтар жайлаулары, оңтүстігінде – Каспий теңізінің жағалауларындағы орыс қоныстары орналасты. Хандық шығыстан батысқа қарай 350 шақырым және солтүстіктен оңтүстікке қарай 200 шақырым жерлерді қамтыды. Жайықтың батыс жағалауына көшіп барған қазақтардың кері қайтуларына рұқсат етілмеді.
1815 жылы әкесі мұрагерлік салтқа сәйкес хандық тақты Жәңгірге берген. Алайда, Жәңгір хан жас болғандықтан, Бөкейдің тапсыруы бойынша хандықты Бөкейдің інісі Шығай сұлтан басқарады. 1823 жылға дейін Жәңгір Астрахан губернаторы Андреевскийдің үйінде тәрбиеленіп, еуропаша білім алады. Сол жерде хандықты әкімшілік тұрғыдан басқару әдіс-тәсілдерін үйренеді. 1823 жылдан бастап билік хан тағының заңды мұрагері Жәңгірдің қолына көшеді. Бөкейұлы Жәңгір хан билік құрған кезеңде саяси жағдай шиеленісіп тұр еді. Сол тұстағы басқару мен жер бөлуде жіберілген кемшіліктерге орай, ол халыққа қарсы бір қатар әрекеттерге баруға мәжібүр болды. Бұл жағдайды Ресей қазақ хандығы аумағын отарлау мақсатында ұтымды қолдана білген. Қазақ халқы үшін негізгі экономикалық шектеулердің бірі қазақтарға Каспий теңізі, Жайық пен Еділ өзендерінің жағалауларындағы аумаққа қоныс аударуға тыйым салынуы еді. Шаруаның бұл өзендерден балық аулауға және мал суаруға құқы жоқ болған. Жәңгір ханның жүргізген саясатының ақыры И.Тайманов пен М.Өтемісов (1836-1837) бастаған шаруалар көтерілісіне әкеліп соқтырды. Бұл көтерілістің негізгі сипаты Ресей отарлаушылары мен феодалдар саясатыны жасалған қарсылық еді. Жәңгір хан көтерілісті Ресей әскерінің көмегімен басып тастайды. Орыс губернаторынан әкімшілік басқару әдістері бойынша алған дәрістері Жәңгірдің жүргізген саясатына үлкен ықпал етті.Хандықты басқару құрылымында ол бірқатар реформаларды жүзеге асырды. Билік жүргізуді басқаратын жүйеге руханият қызметі – ахун (қажы) енгізілді.Ахунның негізгі білімі хандықта рухани білім беру болды. Бұл реформалар барысында рухани қызметкерлер санының өзгеруі орын алды.Сонымен бірге мұсылман мектептері мен медреселердің санын көбейтті. Жәңгір хан билік еткен тұста Бөкей ордасында 1832 жылы сауда жәрмеңкесі (хан жәрмеңкесі) ұйымдастырылып, дәрігерлік бөлімше, 1838 жылы дәріхана, мұрағат ашылып, хандықтың алғашқы картасы жасалынды. Жәңгірдің басқаруымен Бөкей ордасында қазақтың шеберлері жасаған аса құнды әскери қару-жарақтар сақталатын мұражай құрылған.
Жәңгір хан сауатты адам болған. Ол араб, парсы,орыс, татар, неміс тілдерін жақсы білген. 1841 жылы Ордада Жәңгір хан өз қаражатына жоғары мектеп ашып, М.Бабажанов, М.Бекмұхамедов, К.Шығаев, тағы басқалар білім алған. Сол жылы Жәңгір Бөкейұлы Қазан университеті жанындағы ғылыми кеңеске құрметті мүше болып сайланып,1843 жылы генерал-майор атағын алады. Жәңгір хан асыл тұқымды жылқыларды өсірумен айналысқан. Ол қазақ шежіресін жинаумен,халықтың әдеби шығармаларымен шұғылданып,өзі де көптеген эпикалық туындылар жазған.1844 жылы қазанда Жәңгірдің «Мұхтасар әл-фикғайат» атты еңбегі жарық көрген.
Жәңгір хан тұсында Бөкей ордасында басқарудың жаңа жүйесі енгізіліп, хандық билер басқарған 12 әкімшілік орталыққа бөлінеді. Билер мен хандар кеңесі, тархандар институты қайта құрылған.
Жәңгір хан екі мемлекет субъектілері арасындағы экономикалық қатынастарға бірқатар өзгерістер енгізді. Ол отырықшы өмірді жақтады, сондықтан да бұл процестің өріс алуы үшін жерге жеке меншікті енгізген. Ол салық жинауды күшейту бағытында да бірқатар істер атқарды. Мемлекеттік сауда саясаты тауар айналымының көлемін ең жоғары жеңгейге дейін кеңейту және көпестердің ағылып келуі үшін жәрмеңкелер ұйымдастыру бағытында жүргізілді.
Хандықта Кіші жүзден шыққан 5 мың жанұя болды, 19 ғ. 50 жж. Бөкей ордасында 300 мың адам тұрды (50 мың жанұя).
Бөкей ордасы тарихында маңызды орын алатын оқиға — Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған 1836—1838 жж. халық көтерілісі. Бүл — патша әкімшілігі мен хан-сұлтандарға қарсы көтерілген халықтың азаттығы үшін бастаған бой көтеруі болды.
1845 жылы тамыздың 11 Бөкей ордасының саяси, мәдени, экономикалық жағынан дамуына жол бастап, бұл өлкенің басқару ісіне көптеген өзгерістер енгізген ұлы реформатор, қазақ даласының ұлы жаңартушысы Хан Жәңгір Бөкейұлы қайтыс болады.
Хан Жәңгір дүние салғаннан кейін хан тағы Паждар корпусында оқыған Жәңгірдің баласына Сайып-Керейге көшті. Хан дәрежесі берілгенде басқа Жәңгір Бөкейұлының балаларына сияқты тегі Шыңғысхан деп өзгертілді.
1847 ж. Сайып-Керей хан қайтыс болады, Бөкей ордасындағы хандық басқару құрылымы жойылып, жаңа әкімшілік — Уақытша Кеңес құрылады. Уақытша Кеңес 1847—1917 жж. аралығында билік жүргізеді, орталықта және жергілікті жерлерде жазбаша іс жүргізу енгізілді.
1860 ж. Бөкей ордасы 7 әкімшілік бөлікке бөлінеді. Олар: Тарғын, Қалмақ, Нарын, Қамыс-Самар, Талов қисымдары және І, ІІ Теңіз жағалауы округтері.Әрбір әкімшілік бөлікті әкім-правительдер басқарады.
1872 жылы Ішкі Орда Астрахан губерниясының құрамына берілді.

  • 2.Мағынаы тану. Слайд №5.  1.”Түртіп алу старатегиясы”  

Осы  сабақ барысында кездескен,бірақ сіз түсінбеген жаңа сөздерді белгілеп отырыңыз.Кейін бұл ұғымдарды  бір-біріңе түсіндіресіңдер,егер ешқайсысың білмесең мен түсіндіремін.

Жаңа ұғымдар

Білемін ( + )

Білмеймін ( – )

Ішкі Орда



Зайырлық



Жәрмеңке



Мұрағат



Уақытша кеңес



Слайд № 6. 1 топ тапсырмасы: Посстер арқылы Бөкей хандығының құрылу себептерін тірек кестеге толтыру. Оқулық мәтінімен жұмыс . Бөкей хандығының құрылу себептері

Бірінші


Екінші


Үшінші


Төртінші


Оқушы жауабын толықтырып, қорытындылау.Картамен жұмыс.

Слайд №7.  2-топ тапсырмасы. Жәңгір Хан жеке тұлға және қазақ хандығының саяси  қайраткері  кесте толтыру

1.Шыққан тегі


2.Жеке басының қасиеттері


3. Жәңгір ханның жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсер еткен орта және адамдар


4. Жәңгір ханның әлеуметтік-экономикалық реформалары


5.Мәдени-ағарту саласындағы қызметі


Слайд №8. 3-топ тапсырмасы. 4. Жәңгір ханның әлеуметтік-экономикалық реформалары

1.Басқару тәртібі


2.Жерге меншік құқығы


3. Отырықшылыққа көшу себептері


4. Сауданың дамуы


Слайд №9. 4-топ тапсырмасы.Жәңгір ханның мәдени-ағарту саласындағы реформалары.

1.Мұрағат,іс – қағаздарын жүргізу


2.Діни және зайырлы  білім беру


3. Денсаулық сақтау саласы жаңалықтары


4. Ауыл шаруашылығына жаңаша ғылыми көзқарас.Табиғатты қорғау.


ІУ. Сабақты бекіту. “Ой-толғаныс” сатысы.

Слайд№ 10.                        1. Жәңгір хан саяси қайраткер

Жағымды

Жағымсыз







   Слайд №11

У. Бағалау.1) Сабаққа қатысқан оқушыларды критерийлер арқылы жиынтық бағаладым.

2) Бір-біріне сұрақтар қою және тест тапсырмаларын тексеру арқылы бір-біріне бағалаттым.

3) Формативті бағалау – берілген стикерге оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін білдіріп,оны екі түрлі смайликтерге апарып жапсырды.

Слайд №12.

УІ. Үйге тапсырма.Тақырыпты оқу.Эссе: Қазақ даласының ұлы жаңартушы мемлекет қайраткері  – Жәңгір Бөкейұлы.

УІІ. Кесте толтыру.”Уақыт ағысы”. Болжам стратегиясы.

Білетінім

Үйренгенім

Үйренгім келеді?












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Бөкей хандығының құрылуы.

Автор: Ериков Кабижан

Дата: 12.12.2017

Номер свидетельства: 443788

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Бөкей хандығының құрылуы"
    ["seo_title"] => string(31) "bokiei_khandyg_ynyn_k_u_ryluy_3"
    ["file_id"] => string(6) "458347"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1519033589"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Б?кей ханды?ыны? ??рылуы."
    ["seo_title"] => string(31) "bokiei-khandyg-ynyn-k-u-ryluy-1"
    ["file_id"] => string(6) "250348"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447074455"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "§ 15. Б?кей ханды?ыны? ??рылуы"
    ["seo_title"] => string(28) "ss15bokieikhandygynynkuryluy"
    ["file_id"] => string(6) "272120"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1451908102"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "&14.Б?кей ханды?ыны? ??рылуы "
    ["seo_title"] => string(32) "14-bokiei-khandyg-ynyn-k-u-ryluy"
    ["file_id"] => string(6) "225824"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1439909011"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Бөкей хандығының құрылуы"
    ["seo_title"] => string(31) "bokiei_khandyg_ynyn_k_u_ryluy_1"
    ["file_id"] => string(6) "441357"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1511959561"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства