kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Б?кей ханды?ыны? ??рылуы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

К?ні: 20.11.15.   Сыныбы:  8 «?» / «Г»  П?ні: ?аза?стан тарихы.   

Саба?ты? та?ырыбы:   Б?кей ханды?ыны? ??рылуы.

Саба?ты? ма?саты: Б?кей ханды?ыны? ??рылуда?ы ма?сатын ??ындыру.

Саба?ты? міндеттері:

Білімділік: Б?кей ордасында?ы 1836-1837 ж. к?теріліс алдында?ы саяси ж?не шаруашылы? жа?дайды айта отырып, ордада ж?ргізілген ?згерістерге Ж??гір ханны? тікелей ?серін т?сіндіру;

Т?рбиелік: ?зін ж?не  ?орша?ан  ортаны  танып білу, сапалы?  к?шбасшылы??а т?рбиелеу.

Дамытушылы?: Бекіністі? айма?та?ы ірі сауда орталы?ы мен м?дениет орталы?ына к?терілу д?режесін айта отырып, о?ушыларды пікірлесу да?дысын дамыту.

Дидактикалы? ??ралдары: жеке тапсырмалар, кесте.

Саба?ты? т?рі: аралас саба?.

Саба?ты? типі: білік пен да?дыны ж?йелеу ж?не жина?тау.
О?ытуды? ?дістері: т?сіндіру, суреттеу- аналитикалы? суреттеу, сюжеттік ??гімелеу, эвристикалы? ?діс.

Саба?ты? ж?ру барысы:
І. ?йымдастыру б?лімі:
а) о?ушыларды? саба??а ?атысуын ба?ылау.
?) сынып б?лмесіні? тазалы?ын ?ада?алау.

ІІ. ?й тапсырмасын тексеру:

  1. А?мола тарихы. А?моланы? негізіні? салынуы та?ырыбы бойынша т?сінік с?рау.

  2. Хронологиялы? кесте жаз?андарын д?птерден тексеру.

ІІІ. Жа?а білімді игерту.

  1. ?аза?тарды? Жайы?ты? о? жа?ына ?туіні? негізгі себептері. Ресей патшасы І Павелді? 1801 ж. 11 наурызда?ы жарлы?ы. Ж??гір хан.
  2. Айма?ты? ?леуметтік-экономикалы?, саяси дамуында?ы ?згерістер.
  3. Ж??гір ханны? м?дени-а?артушылы? ?ызметі.
  4. Б?кей ханды?ыны? ?аза?стан тарихында?ы орны.

    «XVIII ?. ?аза? ханды?ы» картасын пайдалана отырып, о?ушылар?а ?аза?тарды Жайы?ты?  о? жа?ына ?туге м?жб?р еткен о?и?алар ж?нінде айтып беру. Ж?не осы т?ста патша ?кіметіні? и?аза?тар ж?ніндегі ?станымын айта кету. Сонан со? Б?кей ханды?ыны? бас?ару ??рылымыны? ерекшеліктеріне жан-жа?ты то?талу, Ж??гір хан билекке келгеннен кейінгі ?лкедегі саяси, ?леуметтік-экономикалы? дамуы ж?не о?улы? пен хрестоматияда?ы материалдар негізінде ханны? жеке басы ж?нінде ??гімелеп беру. ?осымша ?дебиеттерді пайдалану негізінде  о?ушыларды? тарих?а ?ызы?ушылы?ын арттыру.

ІV. Саба?та ал?ан білімді бекіту.

№ 1 тапсырма:

  • О?улы?ты? 99-100 беттеріндегі м?тінді о?ы?дар ж?не ?аза?тарды? Жайы?ты? ар?ы жа?ына ?туіні? негізгі себептерін аны?та?дар.

  • Сендер ?алай ойлайсы?дар, Ресей ?кіметі неліктен ?зіні? ішкі аума?ында мемлекеттік ??рылымны? орнауына жол берді. (Ресей ?андай ма?сат к?здеді.)

    №2 тапсырама.

  • Картадан Ішкі Орданы? аума?ын к?рсеті?дер, хал?ыны? санын, хан ордасыны? орналас?ан жерін аны?та?дар.

  • Жа?а мемлекеттік білім беру м?ртебесі ж?нінде ??гімеле?дер. О?улы?, 103-бет.

    № 3тапсырма

  • ?р т?рлі дерек к?здерінен алын?ан а?параттар?а с?йене отырып, кесте ??ра?дар. Онда халы?ты? экономикасында?ы, бас?ару ??рылымында?ы, ?мірі мен т?рмысында?ы, м?дениетіндегі ?згерістерді к?рсеті?дер.

    № 4 тапсырма:

  • «М?дени-а?артушылы? миссия» терминыны? м?нін ашы?дар. Параграфты о?ып шы?ып, Ж??гір хан о?у а?арту, денсаулы?, м?дениет, дін салалары бойынша ?андай шаралар ?ткізгені туралы ж?мыс д?птерлеріне жазы?дар.

Ж??гір  хан мына салаларда іс-шара ат?арды

  1. А?арту ісі2) Денсаулы?3)Экономика4) М?дениет пен дін

ІV. Саба?ты ?орытындылау.

  1. Кестені толтырып, онда Ж??гір хан ж?ргізген шараларды? жа?ымды ж?не жа?ымсыз жа?тарын к?рсеті?дер.

  2. Мына терминдерді? м?нін аны?та?дар (с?здікпен ж?мыс): «Б?ліп ал да, билей бер» принципі, автономия, салы?, мал басынан алым алу, аренде (жал?а беру), жеке меншік, жер иелену т?рі, ж?рме?ке, алым-салы?, зайырлы мектеп.

    Ба?алау:  о?ушыларды саба?та к?рсеткен білімдері мен біліктеріне ба?а беру ж?не ?ойыл?ан ба?а?а т?сініктеме берем.

    V. ?й тапсырмасын беру.  

    Б?кей ханды?ыны? ??рылуы та?ырыбын,  112-114 беттер аралы?ын т?сініп о?у.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Б?кей ханды?ыны? ??рылуы.»

Күні: 20.11.15. Сыныбы: 8 «Ә» / «Г» Пәні: Қазақстан тарихы.

Сабақтың тақырыбы: Бөкей хандығының құрылуы.

Сабақтың мақсаты: Бөкей хандығының құрылудағы мақсатын ұғындыру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Бөкей ордасындағы 1836-1837 ж. көтеріліс алдындағы саяси және шаруашылық жағдайды айта отырып, ордада жүргізілген өзгерістерге Жәңгір ханның тікелей әсерін түсіндіру;

Тәрбиелік: Өзін және қоршаған ортаны танып білу, сапалық көшбасшылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Бекіністің аймақтағы ірі сауда орталығы мен мәдениет орталығына көтерілу дәрежесін айта отырып, оқушыларды пікірлесу дағдысын дамыту.

Дидактикалық құралдары: жеке тапсырмалар, кесте.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың типі: білік пен дағдыны жүйелеу және жинақтау.
Оқытудың әдістері: түсіндіру, суреттеу- аналитикалық суреттеу, сюжеттік әңгімелеу, эвристикалық әдіс.

Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
а) оқушылардың сабаққа қатысуын бақылау.
ә) сынып бөлмесінің тазалығын қадағалау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Ақмола тарихы. Ақмоланың негізінің салынуы тақырыбы бойынша түсінік сұрау.

  2. Хронологиялық кесте жазғандарын дәптерден тексеру.

ІІІ. Жаңа білімді игерту.

  1. Қазақтардың Жайықтың оң жағына өтуінің негізгі себептері. Ресей патшасы І Павелдің 1801 ж. 11 наурыздағы жарлығы. Жәңгір хан.

  2. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық, саяси дамуындағы өзгерістер.

  3. Жәңгір ханның мәдени-ағартушылық қызметі.

  4. Бөкей хандығының Қазақстан тарихындағы орны.

«XVIII ғ. Қазақ хандығы» картасын пайдалана отырып, оқушыларға қазақтарды Жайықтың оң жағына өтуге мәжбүр еткен оқиғалар жөнінде айтып беру. Және осы тұста патша үкіметінің иқазақтар жөніндегі ұстанымын айта кету. Сонан соң Бөкей хандығының басқару құрылымының ерекшеліктеріне жан-жақты тоқталу, Жәңгір хан билекке келгеннен кейінгі өлкедегі саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуы және оқулық пен хрестоматиядағы материалдар негізінде ханның жеке басы жөнінде әңгімелеп беру. Қосымша әдебиеттерді пайдалану негізінде оқушылардың тарихқа қызығушылығын арттыру.

ІV. Сабақта алған білімді бекіту.

1 тапсырма:

  • Оқулықтың 99-100 беттеріндегі мәтінді оқыңдар және қазақтардың Жайықтың арғы жағына өтуінің негізгі себептерін анықтаңдар.

  • Сендер қалай ойлайсыңдар, Ресей үкіметі неліктен өзінің ішкі аумағында мемлекеттік құрылымның орнауына жол берді. (Ресей қандай мақсат көздеді.)

2 тапсырама.

  • Картадан Ішкі Орданың аумағын көрсетіңдер, халқының санын, хан ордасының орналасқан жерін анықтаңдар.

  • Жаңа мемлекеттік білім беру мәртебесі жөнінде әңгімелеңдер. Оқулық, 103-бет.

3тапсырма

  • Әр түрлі дерек көздерінен алынған ақпараттарға сүйене отырып, кесте құраңдар. Онда халықтың экономикасындағы, басқару құрылымындағы, өмірі мен тұрмысындағы, мәдениетіндегі өзгерістерді көрсетіңдер.

4 тапсырма:

  • «Мәдени-ағартушылық миссия» терминының мәнін ашыңдар. Параграфты оқып шығып, Жәңгір хан оқу ағарту, денсаулық, мәдениет, дін салалары бойынша қандай шаралар өткізгені туралы жұмыс дәптерлеріне жазыңдар.




Жәңгір хан мына салаларда іс-шара атқарды


  1. Ағарту ісі 2) Денсаулық 3) Экономика 4) Мәдениет пен дін


ІV. Сабақты қорытындылау.

  1. Кестені толтырып, онда Жәңгір хан жүргізген шаралардың жағымды және жағымсыз жақтарын көрсетіңдер.

  2. Мына терминдердің мәнін анықтаңдар (сөздікпен жұмыс): «Бөліп ал да, билей бер» принципі, автономия, салық, мал басынан алым алу, аренде (жалға беру), жеке меншік, жер иелену түрі, жәрмеңке, алым-салық, зайырлы мектеп.

Бағалау: оқушыларды сабақта көрсеткен білімдері мен біліктеріне баға беру және қойылған бағаға түсініктеме берем.

V. Үй тапсырмасын беру.

Бөкей хандығының құрылуы тақырыбын, 112-114 беттер аралығын түсініп оқу.
































Күні: 23.11.15. Сыныбы: 8 «Ә» / «Г» Пәні: Қазақстан тарихы.

Сабақтың тақырыбы: 1836-1838 жж. Бөкей Ордасындағы қазақтар көтерілісі.

Сабақтың мақсаты: Кіші жүздегі көтеріліс тарихының себептерін ұғындыру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Оқушыларды Кіші жүздегі көтеріліс тарихымен таныстыра отырып, көтерілістің алғышарттарын, себептерін анықтап, көтеріліс басшыларының ықпалына баға бере отырып, көтерілістің өз құқықтарын қорғаулары үшін қолға қару алуға қажет болғанын түсіндіру;

Тәрбиелік: Оқушылардың көтерілісшілерге деген көзқарастары арқылы оларға патриоттық тәрбие беру, халық тарихын сыйлап, оған мақтанышпен қарауға тәрбиелеу.

Өзін және қоршаған ортаны танып білу, сапалық көшбасшылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушыларды салыстырмалы талдау жасау мен іздену жұмыстарын жүргізуге машықтандыру, дұрыс жоспар құруға, пікірін жеткізе білуге үйрету;

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Дидактикалық құралдары: жеке тапсырмалар, кесте.

Сабақтың типі: білік пен дағдыны жүйелеу және жинақтау.
Оқытудың әдістері: түсіндіру, суреттеу- аналитикалық суреттеу, сюжеттік әңгімелеу, эвристикалық әдіс.

Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
а) оқушылардың сабаққа қатысуын бақылау.
ә) сынып бөлмесінің тазалығын қадағалау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

ІІІ. Жаңа білімді игерту.

  1. Көтерілістің себептері және басталуы.

  2. Көтерілістің аумағы мен негізгі оқиғалары.

  3. Жеңілу себептері мен тарихи маңызы.

Сабақ алдында жаңа сабаққа қатысы бар өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қойылады:

  • Кіші жүз қазақтары қатысқан қандай көтерілістерді білесіңдер?

  • Тарихтан, қазақ әдебиетінен сендер ХІХ ғ. басындағы Кіші жүздің саяси жағдайы, экономикалық және рухани өмірі туралы не білесіңдер?

Сонан соң картаға сүйене отырып, көтерілістің негізгі себептерін анықтаймыз. Шығармашылық жаттығу ретінде оқушылардың бұл мәселелер жөнінде қаншалықты білетінін көру үшін дискуссия ұсынамыз.

Дамыту кезеңі:

Көтерілістің себептері:

  • жер мәселесі;

  • салықтар, қазақ ақсүйектерінің өздері ұйымдастырған әр түрлі тонаулапр мен айыппұл салу.

  • халықтың Жәңгір хан саясатына қарсы болуы, феодал ақсүйектердің ұстанымдары.

  • Ресейдің қол астындағы қазақтарға жүргізген саясаты.

Көтеріліс аумағын көрсету, көтеріліс тарихымен таныса отарып, негізгі оқиғалардың хронологиялық тізімін жасау.

Жылдар

Есімдер

Оқиғалар

1836ж., ақпан

Наурыз

Қыркүйек

1837 ж. басы

1837 ж. жаз-күз

1837 ж. қазанның соңы

1837 ж. 15 қараша

1837 ж. 13 желтоқсан

1838 ж. басы

1838 ж. 12 шілде

1842 ж.

1845 ж.



Көтерілісшілердің негізгі қимылдарын сипаттау үшін Махамбет өлеңдерінен үзінділер оқып беру, оқушылардың сол тарихи оқиғаларды жүрегімен ұғынуына, халықтың жағдайын түсінуіне, көтерлісшілердің мақсатын нақты анықтауға көмектеседі. Оқушыларға ақын шығармалары бойынша тапсырма беруге болады.

  • Махамбеттің өлеңдерін оқып, мыналарды анықтаңдар:

  • Махамбеттің жауларымен қарым-қатынасы?

  • Ол халықтың қайыршылануына кімді кінәлі санады?

  • Оның Исатаймен, басқа да серіктерімен қарым-қатынасы?

  • Ол өз құқын қалай қорғау керек деді. Көтерілісшілердің идеологы ретіндегі оның өлеңдері халықтың хал-жағдайын, қайғысы мен үмітін көрсетті.

ІV. Сабақта алған білімді бекіту.

Оқулықтың 132-133-беттеріндегі мәтінді оқып, кестені толтырыңдар: «Көтерілістің жеңілу себептері мен тарихи маңызы».


Әскер саны

Қару жарағы

Әскери стратегияны, тактиканы, соғыс жүргізу әдістерін білу

Әскери мамандар (офицерлер)

Көтерілісшілер





Оыс армиясы





ІV. Сабақты қорытындылау.

  1. 1836-1837 ж. көтерілістің негізгі себептері жөнінде әңгімелеңдер

  2. Көтерлістің тарихи маңызы неде?

  3. «Кіші жүздегі 1836-1837 ж. көтерілістің басшыларын ата.

Бағалау: оқушыларды сабақта көрсеткен білімдері мен біліктеріне баға беру және қойылған бағаға түсініктеме берем.

V. Үй тапсырмасын беру.

1.1836-1838 жж. Бөкей Ордасындағы қазақтар көтерілісі тақырыбын, 115-121 беттер аралығын түсініп оқу.

2. Кестені толтырыңдар.


Исатай Тайманұлы

Махамбет Өтемісұлы

Қай жерде туды?



Қай рудан шыққан?



Қандай қызмет атқарды?



Мінез-құлық ерекшеліктері
















Күні: 16.11.15. Сыныбы: 8 «Ә» / «Г» Пәні: Қазақстан тарихы.

Сабақтың тақырыбы: 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс

Сабақтың мақсаты: Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс себептерін ұғындыру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Қазақстан аумағындағы отаршылдыққа қарсы ең ірі көтерілістің мақсатын, барысын, негізгі кезеңдерін, тарихи маңызын аша отырып, оны Ресей халықтарының азаттық үшін күресінің бір бөлігі екенін, ол қазақ қоғамы мен патша үкіметі арасындағы қайшылықтардың салдары екенін көрсету;

Дамытушылық: Қазақстан аумағындағы көтерілістерге және Қазақ хандығы мен Кенесары билігіне салыстырмалы талдау жасау, қорытынды шығару, өз көзқарасын дәлелдеу дағдыларын жетілдіру;

Тәрбиелік: Отан тарихына құрметпен, мақтанышпен қарауға, адамгершілікке тәрбиелеу.

Дидактикалық құралдары: жеке тапсырмалар, кесте.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың типі: білік пен дағдыны жүйелеу және жинақтау.

Оқытудың әдістері: түсіндіру, суреттеу - аналитикалық суреттеу, сюжеттік әңгімелеу, эвристикалық әдіс.

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

а) оқушылардың сабаққа қатысуын бақылау.

ә) сынып бөлмесінің тазалығын қадағалау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Қазақстанда отаршылдық езгінің күшеюі тақырыбы бойынша оқушылардан түсінік сұрау.

  2. Хронологиялық кесте толтырылғандығын тексеру.

  3. ХІХ ғ. 20-30 ж. көтерілістердің жеңілу себептері мен тарихи маңызы неде?

ІІІ. Жаңа білімді игерту.

Жоспары:

  1. Көтерілістің мақсаты, себептері мен қозғаушы күштері

  2. К.Қасымұлы. Қазақ хандығын қалпына кельіру.

  3. Ханның басқару, экономика, сауда салаларындағы өзгерістері. Қарулы әскер құру.

  4. Патша үкіметінің жазалау шаралары. Долгов пен Герннің Кенесары хан ордасына елшілігі.

  5. Кенесарының Ұлы жүз аумағына шегінуі және көтерілісшілердің қырғыз жеріндегі іс-әрекеттері

  6. Көтерілістің жеңілу себептері мен таризи маңызы.

  7. Сабаққа байланысты қосымша әдебиеттер өте көп, сондықтан бұл сабақты дөңгелек үстел сипатында, көтеріліс тарихы жөніндегі мәтін мен қазіргі зерттеу еңбектерін пайдалана отырып, дискуссия өткізген жөн. Кенесары көтеріліс жөнінде белгілі тарихшы Е.Бекмахановтың «Кенесары хан көтеріліс» деген еңбегінде толық жазылған.

1 тапсырма:Оқулықтағы мәтін мен Қазақстан тарихы хрестоматиясындағы материалды оқып шығып, Кенесары басқару, шаруашылықты дамыту, сауда салаларында қандай өзгерістер енгізгенін анықтаңдар.

2 тапсырма:- Кенесарының талантты қолбасшы, шебер дипломант болғанын дәлелдейтін деректер келтіріңдер.

Дамыту кезеңі:

И.Тайманұлы мен С.Датұлы бастаған көтеріліс тарихын еске түсіріп, оларды К.Қасымұлы бастаған азаттық қозғалыспен салыстырыңдар.


С.Датұлы бастаған көтеріліс

И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған көтеріліс

К.Қасымұлы бастаған көтеріліс

Жылдары




Аумағы




Көтерліс себептері




Негізгі оқиғалары




Жеңілу себептері




Маңызы




ІV. Сабақта алған білімді бекіту.

Тапсырма: Кестені толтырыңдар.

Сұрақтар

Менің жауабым

1

Қозғалыстың мақсаты


2

Қозғаушы күштері


ІV. Сабақты қорытындылау.

  1. Қозғалысқа қатысқандардың саны қанша еді?

  2. Негізгі кезеңдері атаңдар.

Бағалау: оқушыларды сабақта көрсеткен білімдері мен біліктеріне баға беру және қойылған бағаға түсініктеме берем.

V. Үй тапсырмасын беру.

1) 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс тақырыбын, 129-131 беттер аралығын түсініп оқу.

2) хронологиялық кесте толтыру.






























Күні: 21.12.15. Сыныбы: 8 «Ә» / «Г» Пәні: Қазақстан тарихы.

Сабақтың тақырыбы: § 22. Ұлы жүздің Ресейге қосылуы

Сабақтың мақсаты: Ұлы жүздің Ресейге қосылу себептерін ұғындыру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Ұлы жүздің Ресей империясына қосылуының себептері жөнінде түсіндіріп, отаршылдық басып алудың салдарын ашып көрсету;

Дамытушылық: Оқушыларды топпен жұмыс істеу, басқалардың ойын тыңдау және толықтыру, сынды қабылдай білу, салыстыру және қорытынды шығару машықтарын жетілдіру;

Тәрбиелік: Өз халқының өткен тарихына қызығушылыққа тәрбиелеу

Дидактикалық құралдары: карта, жеке тапсырмалар, кесте, карточкалық тапсырмалар.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың типі: білік пен дағдыны жүйелеу және жинақтау.

Оқытудың әдістері: түсіндіру, суреттеу - аналитикалық суреттеу, сюжеттік әңгімелеу, эвристикалық әдіс.

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

а) оқушылардың сабаққа қатысуын бақылау.

ә) сынып бөлмесінің тазалығын қадағалау.

ІІІ. Жаңа білімді игерту.

Жоспары:

  1. Ұлы жүз қазақтарының бір бөлігінің Ресей бодандығын қабылдауының себептері.

  2. Жетісу мен Оңтүстік қазақтарының Ресей бодандығын қабылдай бастауы.

  3. Орыс - қоқан қайшылығының шиеленісуі және Қоқанға қарсы соғыс қимылдарының басталуы.

  4. Сырдария әскери шебінің құрылуы және Ресейдің Орта Азия мемлекеттері аумағындағы әскери қимылдарын жалғастыру.

  5. Ресей империясының Қазақстанды отарлық басып алуының салдары.

  6. ХІХ ғ. 50-60 ж. Ресей империясының әскері Орынбор және Омбы арқылы Ұлы жүз жеріне кіре бастады. Сырдария әскери шебі, Жетісу әскери шебі құрылды. Орта Азия мемлекеттері - Хиуаны, Қоқанды, Бұхараны бағындыруға арналған плацдарм құрылды. Ресей бодандығын қабылдаудың себепті туралы әңгімені оқушылардың XVIII ғасырдың аяқ кезіндегі Қазақстанның саяси жағдайының ерекшеліктерімен, қазақстанның Ресей бодандығын қабылдауының себептерімен таныстырудан бастау керек:

Негізгі түсініктер

Қазақстанның Ресей империясына қосылу үрдісі, салдары мен маңызы, империя құрамындағы қазақ халқының саяси және әлеуметтік мәртебесі, орыс - қоқан қайшылығы, Ресей бодандығы.

  • Кіші және Орта жүз аумақтарының бір бөлігі XVIII ғ. аяғы мен ХІХ ғ. бас кезінде Ресей құрамына кірді немесе соның ықпалында болды;

  • Қазақ жерінің бір бөлігі Орта Азия хандықтарына бағынды.

Дамыту кезеңі:

«Ұлы жүздің Ресейге қосылуы».

Жылдары

Оқиғалар

Маңызы мен салдары










Тапсырма:

  • ХІХ ғ. 40-60 жылдардағы Ресей және Орта Азиялық мемлекеттерді ата ______

______________________________________________________________________________________________________________________________________________

  • Қоқан, Хиуа және Ресеймен қарым-қатынасы қандай? _____________________

_______________________________________________________________________

Тапсырма: кестені толтырыңыздар.


Сырдария әскери шебі,

Жетісу әскери шебі

Құрылу мақсаты



Құрылған уақыты



ІV. Сабақта алған білімді бекіту.

  • Ресей империясы әскерлерінің Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарын және Орта Азияны жаулап алуы себептерін талқыла салу.

ІV. Сабақты қорытындылау.

  1. Ресей бодандығын қабылдаудың себептері мен алғышарттары неде?

  2. Қазақстанға үлкен қызығушылық танытқан мемлекеттерді атаңдар. Олардың қызығу себептерін түсіндіріңдер

Бағалау: оқушыларды сабақта көрсеткен білімдері мен біліктеріне баға беру және қойылған бағаға түсініктеме берем.

V. Үй тапсырмасын беру.

1) Ұлы жүздің Ресейге қосылуы тақырыбын, 140-147 беттер аралығын түсініп оқу.

2) Тақырып бойынша хронологиялық кесте дәптеріне толтыру.
































Күні: 11.01.15. Сыныбы: 8 «Ә» / «Г» Пәні: Қазақстан тарихы.

Сабақтың тақырыбы: Қазақтардың Орта Азиялық хандықтар мен патша үкіметіне қарсы көтерілістері.

Сабақтың мақсаты: көтерілістің себептерін оқушыларға ұғындыру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Орта Азия мемлекеттер билігінде жүрген қазақтардың жағдайы туралы әңгімелеп, көтерілістердің тарихына, жеңілуінің себептері мен маңызына тоқталу;

Тәрбиелік: Оқушылардың көтерілісшілерге деген көзқарастары арқылы оларға патриоттық тәрбие беру, халық тарихын сыйлап, оған мақтанышпен қарауға тәрбиелеу.

Өзін және қоршаған ортаны танып білу, сапалық көшбасшылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушыларды салыстырмалы талдау жасау мен іздену жұмыстарын жүргізуге машықтандыру, дұрыс жоспар құруға, пікірін жеткізе білуге үйрету;

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Дидактикалық құралдары: жеке тапсырмалар, кесте.

Сабақтың типі: білік пен дағдыны жүйелеу және жинақтау.

Оқытудың әдістері: түсіндіру, суреттеу- аналитикалық суреттеу, сюжеттік әңгімелеу, эвристикалық әдіс.

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

а) оқушылардың сабаққа қатысуын бақылау.

ә) сынып бөлмесінің тазалығын қадағалау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. ХІХ ғасырдың 1-жартысында Қазақстанға ерекше назар аударған мемлекеттерді атаңдар. Олардың нащар аудару себептеріне тоқталыңдар.

  2. ХІХ ғасырдың 2-жартысында қазақстардың Ресейцге қосылу үрдісі аяқталды. Сендердің ойларыңша қазақтар не себепті өз еркімен Ресейге қосылды? Өз жауаптарыңды деректермен дәлелдеңдер.

Сонан соң оқушылардың жауабына сүйене отырып, төмендегі кестені толтыру керек:

«Қазақстанның Ресейге қосылуының маңызы мен салдары»

Тиімді жақтары

Тиімсіз жақтары



ІІІ. Жаңа білімді игерту.

Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:

  1. Сырдария бойындағы қазақтардың Орта Азия мемлекеттеріне қарсы шығу себептері. Жанқожа батырдың Қоқан және Хиуаға қарсы іс-қимылдары

  2. Сырдария бойындағы қазақтардың патша үкіметіне қарсы баскөтерулерінің себептері. Жанқожа батырдың 1856-1857 ж. баскөтеруі. Есет батыр бастаған көтеріліс.

  3. Оңтүстік Қазақстандағы халық көтерілісінің жеңілу себептері, салдары және тарихи маңызы.

Алдымен оқушыларға сұрақтар қою арқылы ХІХ ғарысдың 2-жартысындағы Қазақстанның саяси жағдайын олардың есіне түсіру, сонан соң олардың жауаптарына сүйеніп, Ресей тарапынан қазақтар үшін әртүрлі міндеттер мен салықтар көбейе бастағаны; бір жағынан Хиуа билеушілері өзінің ықпалын күшейту үшін түрлі шапқыншылықтарды ұйымдастырып, малдары мен дүние-мүліктерін тонағаны және Ресей тарапынан қазақстардың суармалы егіншілік жақсы дамыған қоныстарын тартып алып, орнына бекіністер салуы қазақтардың патша үкіметі мен Орта Азия мемлекеттеріне бірдей қарсы шығуының негізгі себебі болғанын айту. Ол үшін мынадай пунктер бойынша сұрақтар беріледі: оқушыларға өздігінен оқуы үшін «Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Есет Көтібарұлы бастаған көтерілістер»

Дамыту кезеңі:

1-топқа тапсырма:

«Ж.Нұрмұхамедұлының Орта Азия мемлекеттеріне қарсы көтерілісі» жәек «Ж.Нұрмұхамедұлының Ресей үкіметіне қарсы көтерілісі» деген тақырыпшаларды оқып, кестені толтырыңдар

Жылдары

Аумағы

Көтеріліс себептері

Әлеуметтік құрамы

Негізгі шайқастар

Жеңілу себептері

Салдары мен маңызы








2-топқа тапсырма:

«Е.Көтібарұлы бастаған көтеріліс» деген тақырыпшаны оқып, төмендегі жоспар бойынша хабарлама дайындаңдар:

  • Өмір сүрген жылдары

  • Мінезіндегі қасиеттер

  • Көтерілістегі негізгі оқиғалардың хронологиясы

  • Жеңілу себептері

3-топқа тапсырма:

Деректермен жұмыс істеу. Құжаттарды оқып шыққаннан кейін Л.Мейер мен Ф. А.Г. фон Хелльвальдтың еңбектеріне сүйене отырып, төмендегі сұрақтарға жауап дайындаңдар.

  1. Көтеріліс басшыларының өмірі туралы сендер не білесіңдер?

  2. Олардың мінездерінде қандай қасиеттер бар?

  3. Көтерілістің жеңілу себептерін атаңдар.

  4. Бұл көтерілістің тврихи маңыздылығы неді?

4-топқа тапсырма: «Оқиғалар мен адамдар»

  1. Олар кімдер?...

  • Жанқожа Нұрмұхамедұлы

  • М. Тынышбаев

  • Л.Мейер

  • Есет Көтібарұлы

  1. «не, қайда, қашан?» Тиісті жауаптарын белгілеңдер.

  2. Салынған немесе басып алынған қалалар мен бекіністер:

Қоқан хандығы Хиуа хандығы

Ташкент -1808 ж. Түркістан-1814 ж.

Құртөбе-1835 ж. Ақмешіт-1818 ж.

Қожанияз, Жаңақала -1835 ж. Бабажан

Бесқала Жаңақорған, Қосқорған

ІV. Сабақта алған білімді бекіту.

Тапсырма: Кестені толтырыңдар.

Сұрақтар

Менің жауабым

1



2



ІV. Сабақты қорытындылау.

  1. Көтеріліске қатысқандардың саны қанша еді?

  2. Оңтүстік Қазақстандағы халық көтерілісінің жеңілу себептерін ата.

Бағалау: оқушыларды сабақта көрсеткен білімдері мен біліктеріне баға беру және қойылған бағаға түсініктеме берем.

V. Үй тапсырмасын беру.

1.Қазақтардың Орта Азиялық хандықтар мен патша үкіметіне қарсы көтерілістері тақырыбын, 148-152 беттер аралығын түсініп оқу.

2.Параграф соңында берілген сұрақтармен жұмыс істеу.

3.Көтеріліс тарихын оқытуға арналған №1 кестені толтырыңдар.




Күні: 02.11.15. Сыныбы: 8 «Ә» / «Г» Пәні: Қазақстан тарихы.

Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы әкімшілік – территориялық басқару.

Сабақтың мақсаты: хандық биліктің жойылу себептерін ұғындыру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Қазақ хандықтарының Ресей империясына қосылуының себептері жөнінде түсіндіріп, отаршылдық басып алудың салдарын ашып көрсету;

Дамытушылық: Оқушыларды топпен жұмыс істеу, басқалардың ойын тыңдау және толықтыру, сынды қабылдай білу, салыстыру және қорытынды шығару машықтарын жетілдіру;

Тәрбиелік: Өз халқының өткен тарихына қызығушылыққа тәрбиелеу

Дидактикалық құралдары: карта, жеке тапсырмалар, кесте, карточкалық тапсырмалар.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: білік пен дағдыны жүйелеу және жинақтау.

Оқытудың әдістері: түсіндіру, суреттеу - аналитикалық суреттеу, сюжеттік әңгімелеу, эвристикалық әдіс.

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

а) оқушылардың сабаққа қатысуын бақылау.

ә) сынып бөлмесінің тазалығын қадағалау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Сібір, Орынбор қырғыздары жөніндегі ережелер тақырыбы бойынша түсінік сұрау.

  2. Тақырып бойынша хронологиялық кесте жазғандарын дәптерден тексеру.

ІІІ. Жаңа білімді игерту.

  1. Хандық биліктің жойылуының алғышарттары.

  2. Сібір қазақтары туралы жарғы.

  3. Кіші жүздегі реформа барысы.

Негізгі түсініктер: хан билігі, империялық басқару жүйесі, заң, бағыныштылардың құқығы мен міндеттері , халықтың жаңа тәртіпке көзқарасы, «Жарғының» отаршылдық сипаты, сыртқы және ішкі округтар, дистанциялар, Орынбор комиссиясы.

Дамыту кезеңі:

а) І топ: оқулықты пайдалана отырып, хандық биліктің жойылуының алғы шарттары туралы тірек – сызба құрастыру.
ІІ топ: Хрестоматияны пайдалана отырып. Орта жүздің әкімшілік аумақтық бөлінуі туралы тірек сызба құрастыру.(Хрестоматия 226 - 234 бет. А. Рауан 1992жыл.)
ІІІ топ: Оқулықты, хрестоматияны пайдалана отырып Орта жүздің басқару органы сызбасын құрастыру. (Хрестоматия 226 - 234 бет. А. Рауан 1992жыл.)
ІҮ топ: Қазақ хандығындағы, Сібір қазақтарының Жарғысындағы және Қазақстан Республикасындағы әкімшілік басқару – Венн кестесін сызу.
а) Пікірталас: «1822 жылғы Жарғы қазақ елі үшін пайдалы болды ма?»
б) Алдын – ала берген тапсырма бойынша оқушылар Автор орындығы стратегиясын пайдалана отырып «Тәуелсіздік халықтың арманы» атты эсселерін оқиды. Оқушылардың жұмысы Аналитикалық бағалау кестесі арқылы бағаланады
Аналитикалық баға: дауысы, көлемі, эмоция, шеберлігі
ІV. Сабақта алған білімді бекіту.

1. Қазақстанда хан билігін жоюдың негізгі себептерін атаңдар.
2.»Сібір қырғыздары туралы жарғы бойынша» патша үкіметінің көздеген басты мақсаты қандай еді?
3. 1844 жылғы «Орынбор қырғыздары туралы ереже» бойынша қазақтардың өмірінде қандай өзгерістер болды?
4. Реформалар жүргізудің негізгі салдары қандай болғанын атап шығыңдар.
ІV. Сабақта алған білімді бекіту.

Тапсырма: сұрақтарға жауап жазыңыз.

1. Ресейге қосылу туралы антқа қол қойған Кіші жүздің ханы?

2. Не себепті қазақ хандары дала тұрғындарының алдында беделінен айрылды?

3. Қазақ хандары патша үкіметінен жылына неше сом мөлшерінде жалақы алып отырды?

4. Ертістің оң жағына “мәңгілік көшіп-қонып жүру құқығына” ие болған қазақ сұлтаны?

5. Кіші жүздегі хандық билікті жою мақсатында құрылған Жарғының авторы?

6. Миссионерлерді қазақ жеріне жіберудегі патша үкіметінің мақсаты?

7. Абылай мен Әбілмәмбет хан Ресейдің билігін қай жылы мойындады

8. Патша үкіметінің көшпелі қазақтарды басқаруына қолайлы болған хандық билікті жоюдың алғышарттарының бірі

9. Хандық билікті жоюдың ақырғы себебі

10. Кіші жүзден бөлінген Ішкі Орда қай жылы және қай өзендердің аралығында құрылды?

11. Кіші жүздегі хандық билікті жою туралы Жарғы қай жылы бекітілді .

12. ”Сібір қырғыздары туралы Жарғының” автор

V. Сабақты қорытындылау.

Сұрақ

Менің жауабым

«Сібір қырғыздары туралы Жарғы» қай жылы жазылып, қабылданды?


«Сібір қырғыздары туралы Жарғының» авторы кім?


1822 жылы «Жарғы» бойынша аға сұлтанды сайлайды (сұлтандар)


1822 жылғы Жарғыға сәйкес ауылдың әкімшілік құрамында қанша шаңырақ болуға тиісті еді? (50-70үй)


Аға сұлтан неше жылға сайланатын? (3 жыл)


«Орынбор қазақтары туралы Жарғыны» кім құрастырған?


1822 ж. Жарғы бойынша «Сібір қазақтарын» билеу кімге тапсырылды? (ген.губернаторға)



Бағалау: оқушыларды сабақта көрсеткен білімдері мен біліктеріне баға беру және қойылған бағаға түсініктеме берем.

VІ. Үй тапсырмасын беру.

1. Қазақстандағы әкімшілік – территориялық басқару тақырыбын, 148-152 беттер аралығын түсініп оқу.

2.Параграф соңында берілген сұрақтармен жұмыс істеу.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Б?кей ханды?ыны? ??рылуы.

Автор: Жолаушыбай Г?л?йім Нарымбай?ызы

Дата: 09.11.2015

Номер свидетельства: 250348


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства