kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық сабақ: 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Был проведен открытый урок на тему 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы. Предлагаю на обмен опыта преподавателям История Казахстана.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ: 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы»

Сабақ жоспары

Күні: 03.04.2017ж.

Тобы: «Аспаз» II-топ, 1-курс

Сабақтың тақырыбы: 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Студенттерді өз бетімен желтоқсан төңірегінде мағлұмат жинақтай отырып, оқиғаның маңыздылығын, тарихта алатын орнын анықтауға дағдыландырып, үйрету.

Дамытушылық: Бірігіп еңбек етуге, топпен жұмыс жүргізуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Желтоқсан оқиғасының ашылмаған жағын көрсете білуге, студенттерді ұлтжандылыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: Суреттер, слайд

Сабақтың түрі: Конференциялық зерттеу сабағы.

Сабақтың әдісі: СТО технологиясы, сұрақ – жауап, ізденіс, сызбанұсқа.

Пәнаралық байланыс: Дүние жүзі тарихы, География, Әдебиет.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу, студенттерді топтарға бөлу.

II.Үй тапсырмасы: «Тарихи сынақ хат жазу»

Қазақстанды индустрияландыру...... зерттеуден басталды. Түрксіб темір жолы ..... жылдан салына бастады. Оның құрылысына ..... адам қатысты. Уақытша іске 1930 жыл ...... солтүстік және оңтүстік учаскелері ..... станциясында түйісіп іске қосылды.

( Бұл қай кездегі оқиға? )

1960-1990жж. Қазақстан

1958ж. 1 тамызда – Теміртауда әлеуметтік жағдайға байланысты ашық наразылық болды.

1979 жылы – қазақ жерінде неміс автономиясын құру туралы шешімге қазақ жастары назарылық білдірді.

1989 жылы – Жаңаөзен, Қарағанды жерлерінде болған наразылықтарға тоқталады.

1986жылы – желтоқсан оқиғасының себеп салдары мен желтоқсан құрбандарының ерлік істері туралы баяндайды.

III. Жаңа сабақ:

Эпиграфы: «1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары қазақ жастарының сана – сезімінің қаншалықты өскендігін көрсетті.» Н.Ә.Назарбаев

Бүгінгі «Желтоқсан жаңғырығы» атты конференциямызға қош келдіңіздер! Осы жиында ой саралап, зерделі пікір айтылады деген сеніммен конференцияны ашық деп жариялаймын. Жиынымызға тарихшылар, саясаттанушылар, тәртіп сақшылары, әдебиетшілер, студенттер шақырылып отыр. Сонымен қатар, конференциямыздың жұмысына баға беретін сарапшымыз да бар. Ендеше жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін. Бүгінгі конференцияның жүргізушісі ретінде, тәуелсіздік жолындағы оқиғаға тоқтала кеткенді жөн көрдім. (Бейнебаян көрсетіледі...) 7 минут

Бейнебаян төңірегінде студенттер тақтаға шығып, «Фишбон» әдісі арқылы оқиғаның желісін жазу.

1986 жылғы желтоқсан көтерілісі қазақ мемлекетінің тарих сахнасында үлкен орын алатын оқиға. Ол Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне алғашқы қадам болған, өз елінің тәуелсіздігі, еркіндігі, өз халқы үшін сол жылдың 17-18 желтоқсанында Алматы қаласының Брежнев алаңына шыққан қазақ жастарының бейбіт шеруі. Бұл күні алаңға барған жастар оларды азаптап, соққыға салатындарын, оларға «ұлтшыл» деген атақ тағылатынын білген жоқ. Олар бар болғаны Қазақ жерін қазақ азаматының басқарғанын қалап, осы мәселе жайлы өз ойларын естіртпек болды.

Міне, бүгінгі жиынға келіп отырған әр саланың мамандары осы оқиға төңірегінде өз ойларыңызды ортаға салсаңыздар.


Сонымен сөз кезегі:

Тарихшылар: Қазақ жастарын шайқасты алаңға қандай күш айдап апарды?

1986 жылы 17-18 желтоқсан аралығында болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс- қимылдары. Тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы көтеріліс екенін айта отырып, әсіресе, КОКП – ның V пленумы, Д.Қонаевтың кетуі, Г.Колбиннің билік басына келуі қазақ жастарының алаңға шығып, билік басындағылардың шешіміне қарсы тұруларына әкеліп соқтырғанын айтады.

Саясаттанушылар: 1986 жылдың 17-18 желтоқсанында Алматы қаласының Брежнев алаңына шыққан жастардың ұрандары мен талаптары қандай еді?

«Әр Республиканы өз көсемі басқарсын», - деген ұрандар қазақ жастарын рухтандырды. Ұлт намысын жақтап, қудаланғаны туралы айтылады.

Тәртіп сақшылары: Қазақ жастары осы күнде қандай қиянат, қиындықтар көрді?

Желтоқсан оқиғасы желісі бойынша, тергеу барысында адам шығындары мен қудаланғандары аясында сөз етеді.

Әдебиетшілер: Желтоқсан оқиғасы туралы ұлт – зиялыларының не айтты?

Осы төңіректе әдебиетшілер өз ойларын білдіреді.

Зерттеуші жастар: Желтоқсан құрбандары және олардың тағдырлары не болды?

Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова, К.Молданазарова т.б бір топ студент жастар тәуелсіздік жолында құрбан болды. Қазіргі кезге дейін жеткендері бар. Олардың бірі Ақышбеав.

IV. Сергіту сәті: «Сазды әуен» (әуеннің атын, авторын табу)

1. «Өз елім» МУЗАРТ тобы авторлары: Қ.Мырзалиев, Н.Тілендиев

2. «Атамекен» авторлары: Е.Хасанғалиев, Қ.Мырзалиев

3. «Желтоқсан желі» авторлары – сөзін жазған: Әбдірахман Асылбек

Әні: Әбиірбек Тінәлі

  1. «Көк тудың желбірегені» ақын-сазгер Ермұрат Зейіпхан,

Алмас Ахметбекұлы

5. «Ақ көгершін» сөзі: Н.Баймұхамедов, әні: А.Жұбанов

V. Сабақты бекіту: Сарапшыға сөз кезегі беріледі:

  1. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына сенің көзқарасың қандай және сен осы көтеріліске қатысар ма едің?

  2. Осы қайғылы оқиғаның қазіргі таңда алатын орны?

VI. Сабақты қорытындылау:

-Сабақтан алған әсерің қандай?

Қорытынды сөз:...

«Қазақ» деген қаным бар деп бастап, «Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар» деп аяқтаған қайсар Қайраттың даусы да тым жақында естіліп еді ғой?! Осы азаттық үшін үнемі күрескен халықтың еншісіне тиген қайғы – қасіретті көре жүріп, көтере білген халық нағыз қайсар халық емес пе?! Бордай тозып, жоқ болып кетпей «тағдырдың тезінен, тозақтың өзінен аман – сау қалған халық» нағыз ұлы халық екенін таныта білді. Қанына намыс дарыған, рухына кие енген халық үнемі тәуелсіздікке ұмтылды. Көксеген тәуелсіздігін алды. Бұл күні қара жамылып отыру орынсыз. Сол себепті де әрі арманға қол жеткізген күн деп шаттық ретінде атап өтіп, екінші жағынан Желтоқсан құрбандарына тағзым ете жүруіміз керек.

Біздің арымыз да, намысымыз да, мақтанышымыз да – Желтоқсан.


Желтоқсанның желі, аязы, ызғары

Қанды мұзда талай қазақ сыздады.

Ұлт қамы үшін шыққан сол күн алаңға

Азап шекті қайсар қазақ қыздары.

Талай қазақ қыздарын да тоңдыра,

Талай қазақ гүлдерін де солдыра,

Ел билеуге алып келді Колбинді

Қазақ ұлы Қонаевтың орнына.

Егемендік – бұл елімнің елдігі,

Егемендік – барлық ұлттың теңдігі.

Егемендік – елін, жерін қорғаған,

Ербол менен Қайраттардың ерлігі.

Желтоқсаным – тәуелсіздік тірегі,

Желтоқсанды қадір тұтып тұр елі.

Есте сақтап ағалардың ерлігін,

Жүректерге сақтау керек үнемі.


VII. Бағалау (1 минут)

VIII. Үйге тапсырма: «Болашақ Қазақстанды қалай елестетесің?» тақырыбында эссе жазу.





Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы

«Қарақия кәсіптік колледжі» МКҚК










Ашық сабақ

«1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы»





Оқытушы: Мұратова Лаура

Қайырханқызы





















2016-2017 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ашық сабақ: 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы

Автор: Мұратова Лаура Қайырханқызы

Дата: 19.05.2017

Номер свидетельства: 416864

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "«1986 жыл?ы Желто?сан о?и?асы». "
    ["seo_title"] => string(37) "1986-zhylg-y-zhieltok-san-ok-ig-asy-2"
    ["file_id"] => string(6) "217451"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1433350004"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "1986 жыл?ы Желто?сан о?и?асы"
    ["seo_title"] => string(29) "1986zhylgyzhieltoksanokigasy1"
    ["file_id"] => string(6) "325095"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1462850323"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(109) "?аза?станда?ы 1986 жыл?ы Желто?сан о?и?асы –  ?лт-азатты? ?оз?алыс"
    ["seo_title"] => string(59) "kazakstandagy1986zhylgyzhieltoksanokigasyultazattykkozgalys"
    ["file_id"] => string(6) "296935"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1456123149"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(135) "?аза?станда?ы 1986 жыл?ы Желто?сан о?и?асы –  ?лт-азатты? ?оз?алыстарды? жал?асы "
    ["seo_title"] => string(92) "k-azak-standag-y-1986-zhylg-y-zhieltok-san-ok-ig-asy-u-lt-azattyk-k-ozg-alystardyn-zhalg-asy"
    ["file_id"] => string(6) "166445"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1422962344"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) ""1986 жылгы желто?сан о?и?асы" атты ашы? саба? "
    ["seo_title"] => string(52) "1986-zhylghy-zhieltok-san-ok-ig-asy-atty-ashyk-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "191303"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427291283"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства