kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Деңгейлік тест тапсырмалары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Орта буынға арналған бақылау тест тапсырмалары.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Деңгейлік тест тапсырмалары»

«Малоубинка орта мектебі» КММ

Қазақстан тарихы пәнінен орта буын оқушыларына арналған деңгейлік тапсырмалар.

Дайндаған тарих пәнінің мұғалімі: Шпекбаева Айнагүл Калимкызы.

І – тоқсан. Бақылау жұмысы. Қазақстан тарихы 6-сынып.

  1. Деңгей/ Тест тапсырмаларын орында

1. Алғашқы адамдар еңбек құралдарын неден жасады?

А) сүйектен. Ә) тастан. Б) темірден .

2. Саналы адам қашан қалыптасты?

А) 1 млн жыл бұрын.

Ә) 500-200 мың жыл бұрын.

Б) 40-35 мың жыл бұрын.

3. Қазақстан аумағындағы өмір сүрген алғашқы адамдар кімдердің замандастары еді?

А) неондартальдықтардың. Ә) синантроптың. Б) питеконтроптың.

4. Адамдар дәнүккішті қай кезеңде ойлап тапты?

А) неолитте. Ә) мезолитте. Б) қола дәуірінде.

5. Мұздық қашан ери бастады?

А) 100 мың жыл бұрын.

Ә) 13 мың жыл бұрын.

Б) 35 мың жыл бұрын.

6. Тасты өңдеу әдісі қай кезеңде жетіле түсті?

А) ежелгі тас ғасырында. Ә) мезолитте Б) неолитте.

7. Екі жағынан өңделген қарапайым тас құрал қалай аталады?

А) қырғыш.

Ә) бифас. Б) тескіш.

8. Садақ пен жебе қай кезеңде жасалынды?

А) мезолитте. Ә) неолитте. Б) энеолитте.

9. Малды қолға үйрету мен егіншілік қашан қалыптаса бастады?

А) мезолитте. Ә) неолитте. Б) энеолитте.

10. Егіншілік қашан пайда болды?

А) 100 мың жыл бұрын. Ә) 40 мың жыл бұрын. Б) 10 мың жыл бұрын.


  1. Деңгей

1) Сұрақтарға жауап бер.

1. Энеолит сөзінің ұғымы нені білдіреді?

2. Қазақстан жеріндегі энеолит ескерткіштерін ата?

3. Діни көзқарастың қалыптасуы неге байланысты болды?

4. Өнер қалай пайда болған, өнердің қай түрі жақсы дамыған?

5. Адамдар неге табынған?

2) Адамдар өз білімдерін қалай жетілдірген?


  1. Деңгей/ Тапсырмаларды орында

  1. Неолит дәуіріндегі адамдар өміріндегі өзгерістерді ата. Адамдар қандай жаңалықтар ашты?

  2. Терминдерге анықтама бер:

  • көзе

  • тотемизм

  • микролит






ІІ – тоқсан. Бақылау жұмысы. Қазақстан тарихы 6-сынып.

1-Деңгей/ Тест тапсырмаларын орында

1. Қазақстанда қола балқыту қай кезден басталды.

А) 4 мың жыл бұрын. Ә) 7 мың жыл бұрын. Б) 3 мың жыл бұрын.

2. Андрон тайпалары сүт өнімдері мен етті қалай сақтаған?

А) жердің бетінде салынған тұрақтарда.

Ә) сүт өнімдері мен етті өңдеп отырған.

Б) арнайы қазылған шұңқырларда.

3. Жеке меншік қай кезде қалыптасты?

А) Мезолитте. Ә) Неолитте. Б) Қола дәуірінде.

4. Ежелгі Қазақстан тұрғындары неліктен көшпелі мал шаруашылығымен айналысты?

А) көрші халықтардың ықпалымен. Ә) климаттың өзеруінен. Б)жаңа еңбек құралдарының пайда болуынан.

5. Көктемгі жайылым қалай аталады?

А) жайлау.

Ә) көктеу.

Б) күзеу.

6. Киіз үйдің негізі?

А) кереге. Ә) уық Б) шаңырақ.

7. Геродот Қазақстанның ежелгі тұрғындарын қалай атады?

А) сақтар.

Ә) скифтер. Б) массагеттер.

8. Парсылар Жетісуды мекендеген сақтарды қалай атады?

А) сақ-тиграхауда. Ә) сақ-парадарайа. Б) сақ-хауомаоварга.

9. Сақ қоғамында кімдер ақ түсті киім киген?

А) патшалар. Ә) жауынгерлер. Б) абыздар.

10. Сақтардың Александр Македонскийге қарсы күресі туралы жазған тарихшы?

А) Геродот. Ә) Страбон. Б) Арриан.


  1. Деңгей

1) Сұрақтарға жауап бер.

1. Сақтардың парсы жаулаушыларына қарсы күресі туралы қандай деректер бар?

2. Сақ патшасы Томирис жөнінде не білесің?

3. Александр Македонскийдің жорығы қалай аяқталды?

4. Сақтар мекенжай салу үшін қандай жерлерді таңдаған?

5. Шірік-Рабат қаласы қай жерде орналасқан, тұрғындары немен айналысқан?

2) Ертедегі темір өндіру туралы айтып бер.


3-Деңгей/ Тапсырмаларды орында

1.«Шырақ ерлігі» деген тақырыпта шағын әңгіме құра.

2.Терминдерге анықтама бер:

  • Пеш-көрік

  • тебіндеп

  • қыстау








ІІІ – тоқсан. Бақылау жұмысы. Қазақстан тарихы 6-сынып.

1-Деңгей/ Тест тапсырмаларын орында

1. Аң стилі қай ғасырда пайда болды?

А) б.з.б 5 ғасырда. Ә) б.з.б 6 ғасырда. Б) б.з.б 7 ғасырда.

2. «Аң стилі» дәстүрімен? Сақтар қайда жасаған жорықтарында танысты?

А) Индияға.

Ә) Алдыңғы Азия мен Қытайға.

Б) Алдыңғы Азия мен Иранға.

3. Үйсіндердің астанасы ретінде қай қала аталады?

А) Шірік-Рабат. Ә) Чигучен. Б) Бәбіш-Молда.

4. Үйсіндерді кім басқарды?

А) Гуньмо. Ә) Шах. Б) Патша.

5. Үйсіндердің қыш ыдыстарына ненің суреті салынған?

А) геометриялық өрнектер.

Ә) аңдардың.

Б) өсімдіктердің.

6. Қаңлылар соғыс бола қалған жағдайда қанша жауынгер жасақтай алған?

А) 600 мың. Ә) 120 мың Б) 300 мың.

7. Қаңлы елін кім басқарды?

А) Гуньмо.

Ә) Сұлтан. Б) Хан.

8. Қазақстан аумағынан қаңлылардың қанша теңгесі табылды?

А) 1300. Ә) 3120. Б) 210.

9. Ғұн тайпалары батысқа қарай қай ғасырда жылжыды?

А) б.з.б 55 жылы. Ә) б.з.б 2 ғасырда. Б) б.з-дың 4- ғасырында.

10. Каталаун шайқасы қай жылы болды?

А) 375 жылы. Ә) 437 жылы. Б) 451 жылы.


  1. Деңгей

1) Сұрақтарға жауап бер.

1. Үйсіндердің орналасқан жері

2. Қаңлылар туралы археологиялық ескерткіштері табылған жерлер

3. Сақтардың зергерлік өнері туралы не білесің?

4. Ғұндар тарихы туралы не білесің?

5. Халықтардың Ұлы қоныс аударуы деген не?

2) Алтын киімді адамға сипаттама бер.


  1. Деңгей/ Тапсырмаларды орында

1.Сақтар мен Сарматтардың мәдениетінің ұқсас жақтарын салыстыр.

2.Терминдерге анықтама бер:

  • Аң стилі

  • Қорым

  • Тәті









ІV – тоқсан. Бақылау жұмысы. Қазақстан тарихы 6-сынып .

  1. Деңгей/ Тест тапсырмаларын орында

1.Қазақстан територриясын мекендеген алғашқы адамдардың , ең ежелгі тұрағы.

А) Ботай. Ә) Арыстанды. Б) Бөріқазған.

2. Неолит кезеңінің басты ерекшелігі не?

А) Аңшылық пен терімшілік.

Ә) Малшаруашылығы мен егіншілік.

Б) Тоқымашылық.

3. Мустье деп тас дәуірінің қай кезеңін атайды?

А) Мезолит. Ә) Неолит. Б) Орта палеолит.

4. Андрондықтардың үйі қандай болды?

А) Жартылай жертөле. Ә) Шикі кірпіштен салынған. Б)Ағаштан салынған

5. Беғазы Дәндібай мәдениетінің негізгі ерекшелігі неде?

А) Көшпелі мал шаруашылығы пайда болды.

Ә) Жартылай көшпелі мал шаруашылығы пайда болды.

Б) Отырықшы егін шаруашылығы пайда болды.

6. Кигіз үйді жасау қай кезеңге тән?

А) Темір дәуірі. Ә) Тас дәуірі Б) Қола дәуірі

7. Қола дәуірі кезеңінде адамдар неге күнге табынған.

А) Адамның денесін жылытатын от деп ұқты.

Ә) Күннен қорықты. Б) Күнді құдай деп ойлады.

8. Андронов мәдениетін 1914 жылы қай археолог ғалым ашқан?

А) А. Теплоухов. Ә) А. Тугаринов. Б) К. Сальников.

9. Темірді қандай әдіспен өндірді?

А) Шикілей үрлеу. Ә) Қыздыру. Б) Домна пешінде балқыту.

10. Қола дәуірінде 1100 тонна қалайы шығарылған жер.

А) Нарым, Қалба. Ә) Петровка, Боголюбов. Б) Алексеевка.


  1. Деңгей

1) Сұрақтарға жауап бер.

1. Сарматтардың ескерткіштері Қазақстаның қай аймақтарынан табылған?

2. Темір дәуірінде Орталық Қазақстанды қандай тайпалар мекендеген?

3. Мұртты обалар туралы не білесің?

4. Шығыс Қазақстанның ерте темір дәуірінің мәдени ерекшеліктері, Берел, Бесшатыр қаорымдары туралы не білесің?

5. Полихром стилі туралы жаз?

2) Қазақстан территориясында мекен еткен ежелгі адамдардың антропологиялық келбеті туралы жаз.


  1. Деңгей/ Тапсырмаларды орында

1.Ғұндардың мәдениеті жөнінде шағын әңгіме құрастыр.

2.Терминдерге анықтама бер:

  • антропология

  • ру

  • Ұлы Жібек жолы











Бақылау жұмысының тест тапсырмаларының жауаптары.

Қазақстан тарихы

6-сынып


1-тоқсан

2- тоқсан

3- тоқсан

  1. тоқсан

1

Ә

А

Б

Б

2

Б

Б

Б

Ә

3

Б

Б

Ә

Б

4

А

Ә

А

А

5

Ә

Ә

А

А

6

Б

А

Ә

Б

7

Ә

Ә

Б

А

8

А

А

А

Ә

9

А

Б

А

А

10

Б

Б

Б

А


























І – тоқсан. Бақылау жұмысы. Қазақстан тарихы 7-сынып І- нұсқа

  1. Деңгей/ Тест тапсырмаларын орында

1. Түрік қағанатының құрылған жылы?

А) 542 жыл. В) 552 жыл. С) 545 жыл.

2. Қай қағанның кезінде Жужандар бас көтерместей болып жеңілді?

А) Бумын. В) Қара Еске. С) Иштеми.

3. Батыс Түрік қағанатында 610-618 жылдары қай қаған билік етті?

А) Тардуш. В) Үшлік. С) Шегу.

4. Түрік қоғамында тат деп кімді айтқан?

А) Құл. В) жоғары билеуші. С) халықты.

5. Түргеш қағанатының билеушісі Сұлу қаған орданы қай қалаға көшірді?

А) Суяб. В) Талас (Тараз). С) Күнгіт.

6. Соғдылардың Жетісуға қоныс аударған кезеңі?

А) VІ-VІІІ ғасырлар. В) V-VІІ ғасырлар. С) ІІ-ІV ғасырлар.

7. Тарихшы әл-Марвазидің хабарына қарағанда, қарлұқтардың құрамы қанша тайпадан тұрған?

А) 8. В) 9. С) 10.

8. Қарлұқ қағанатының ұйғырлармен күресі қанша жылға созылған?
А) 20 жыл. В) 10 жыл. С) 25 жыл.

9. Жанып тұрған оттың арасынан өткен Византияның елшісі кім?

А) Сюань Цзянь. В) В.В.Бартольд. С) Земарх.

10. Оғыздарда жоғарғы билңк иесі қалай аталады?

А) күл-еркін. В) атабек. С) жабғу.


  1. Деңгей

1) Сұрақтарға жауап бер.

1. Түрік қағанаты қалай құрылды?

2. Батыс түрік қағанатының билеушісі Ешбар қағанның қағандықты басқаруда енгізген «он-оқ бұдун» жүйесі туралы не білесің?

3.Соғдылардың Жетісуға қоныстануының себебі неде?

4. Қарлұқ қағанаты қандай бағыттарда, қай елдермен соғысты?

5. Оғыз сөзінің шығуы туралы қандай пікірлер бар?

2) Қимақ қағанатының сыртқы саясаты туралы жаз.


  1. Деңгей/ Тапсырмаларды орында

  1. Оғыз және Қимақ қағанатының мемлекеттік құрылысын салыстыртыр

  2. Терминдерге анықтама бер:

  • атабек

  • инал

  • сюбашы






ІІ – тоқсан Бақылау жұмысы. Қазақстан тарихы 7-сынып.

        1. Деңгей/ Тест тапсырмаларын орында

1. Қарахан мемлекетінің құрылуында басты рөлді атқарған тайпа?

А) жікіл. В) яғма. С) қарлұқ.

2. Қарахан мемлекетінде ислам діні мемлекеттік дін болып жарияланған жыл?

А) 955 ж. В) 987 ж. С) 960 ж.

3. 840 жылы Қарлұқтармен шығыста бақталас болған тайпа.

А) Наймандар. В) Қыпшақтар. С) Ұйғырлар.

4. Қимақ қағанаты құрамына жеті тайпалық топ кірді соның ең ірісі.

А) Қыпшақ. В) Қарлұқ. С) Қимақ.

5. Қарахандықтар көрші түрік тайпаларына жерді еркін пайдалану құқығын берген кезде қойған бір ғана шарт бойынша қабылдайтын дін .

А) Ислам. В) Тәңіршілдік. С) Будда.

6. Қарақытай билеушісі қалай аталады?

А) Шах. В) Хан. С) Гурхан.

7. Орыс деректерінде қыпшақтарды қалай атаған?

А) половшылар. В) ғұндар. С) командар.

8. Ұлы Жібек жолының Қазақстанға кіргендегі басты қақпасы қай жер.
А) Жетісу. В) Торғай. С) Түркістан.

9. Орта ғасырлық қалалар неше бөліктен тұрды.

А) 3. В) 1. С) 2.

10. Орта ғасырдағы сәулет өнерінің дамығанын неден көреміз.

А) Медреселер салынды. В) Мешіттер, монша, кесенелер салынды.С) Ғимараттар салынды.


        1. Деңгей

1) Сұрақтарға жауап бер.

1. Орта ғасырда сәулет өнерінің деңгейі қандай еді.

2. ІХ-ХІІІ ғасырда қалалардың аумақтық өсуі мен олардың тұрғындарының өсуіне ықпал еткен себептерді атаңдар.

3.Ұлы Жібек жолының түрік бөлігі неліктен негізгі жол болды.

4. Қыпшақ мемлектінің құрылу себебін жазыңдар.

5. Ғалымдар Наймандардың шығу тегі жайлы екі нұсқаны ұсынғанда нені негізге алды.

2) Шыңғыс ханға мемлекет қайраткері ретінде сипаттама бер


  1. Деңгей/ Тапсырмаларды орында

  2. Қыпшақ және Қарақытай елдерінің мемлекеттік құрылысын салыстыртыр

  3. Терминдерге анықтама бер:

  • Елтебер

  • Сопылық

  • Яса


ІІІ – тоқсан Бақылау жұмысы. Қазақстан тарихы 7-сынып.

        1. Деңгей/ Тест тапсырмаларын орында

1. «Диуани луғат ат-түрік» еңбегінің авторы кім?

А) Жүсіп Баласағұни. В) Махмуд Қашғари. С) Әл- Макдиси.

2. Монғол империясының құрылған жылы ?

А) 1155 ж. В) 1076 ж. С) 1239 ж.

3. Монғол мемлекеті қанша түмен әкімшілік билікке бөлінген?

А) 59. В) 80. С) 95.

4. Алтын Орда қай ұлыстың орнына құрылды?

А) Жошы ұлысының. В) Шағатай ұлысының. С) Үгедей ұлысының.

5. Алтын Ордада билік еткен қай ханның тұсында ислам мемлекеттік дін болып жарияланды?

А) Берке ханның. В) Жәнібек ханның. С) Өзбек ханның.

6. Моғолстанның құрылуында басты рөл атқарған тайпа?

А) қаңлы. В) арлат. С) дулат.

7. Батпақ шайқасында кім жеңіске жетті?

А) Әмір Темір. В) Қызыр-Қожа оғлан. С) Ілияс-Қожа хан.

8. Әмір-Темір Маураннахрдағы билікті басып алған жыл?
А) 1370ж. В) 1336 ж. С) 1376 ж.

9. Әмір –Темір мен Тоқтамыс арасындағы Құндызша деген жердегі шайқас қашан өтті?

А) 1384 ж. В) 1391 ж. С) 1395 ж.

10. Ноғай мемлекетінің қай ханы орыс патшасы ІІІ Иванмен өзара сауда қарым-қатынасын орнатқан?

А) Едіге. В) Ибақ хан. С) Ұрыс хан.


        1. Деңгей

1) Сұрақтарға жауап бер.

1. Қазақ хандығының құрылуына Әбілхайыр ханның қандай қатысы бар?

2. Қазақ хандығында жерге меншіктің, салықтың қандай түрлері болған?

3. ХІV-ХV ғасырда Қазақстан территориясында шаруашылықтың қандай түрлері дамыды?

4. Өзбек, қазақ, ноғай, моғол деген атаулар негізінен қай халықтарға қатысты.

5. Жүздердің құрылуы неге қажет болды?

2) Қазақ хандығының құрылуы туралы жаз.


  1. Деңгей/ Тапсырмаларды орында

  2. Қазақ халқының материалдық және рухани мәдениетін салыстыртыр

  3. Терминдерге анықтама бер:

  • Көк тәңірі

  • інжу

  • яса




ІV – тоқсан Бақылау жұмысы. Қазақстан тарихы 7-сынып.

        1. Деңгей/ Тест тапсырмаларын орында

1. Қандай оқиға қазақ жеріндегі халық болып қалыптасу үдерісін 150-200 жылға кешеуілдетті?

А) араб шапқыншылығы. В) монғолдардың жаулап алуы. С) феодалдық бытыраңқылық.

2. Қазақ атауы ХІІІ ғасырға дейін қандай мағанада қолданылып келді ?

А) еркін адамдар. В) жауынгерлер. С) көшпелілер.

3. Қуаңшылық жылдары қазақтар қандай ырым жасаған?

А) көкке табыну. В) тасаттық. С) аруақтарға сиыну.

4. ХІV-ХV ғасырда далалық сәулет өнерінің үлгісінде салынған ескерткіш?

А) Аяққамыр күмбезі. В) Алаша хан кесенесі. С) Дың ескерткіштері.

5. Керей хан бастаған қол Түркістанға қай жылы шабуыл жасап, қаланы қазақ хандығының қол астына қаратты?

А) 1470 ж. В) 1482 ж. С) 1485 ж.

6. Моғолстанның құрылуында басты рөл атқарған тайпаың саны қаншаға жетті?

А) 300 мыңға. В) 800 мыңға. С) 1 млн-ға.

7. Хақназар кіммен дос болып, өзара көмектесу жөнінде «ант беріскен шарт» жасасты?

А) Баба сұлтанмен. В) Абд ар-Рашидпен. С) ІІ Абдалахпен.

8. Қай жылы Тәуекел хан өзбек ханымен жасасқан «ант беріскен шартты» бұзды?
А) 1583 ж. В) 1588 ж. С) 1598 ж.

9. «Қатаған қырғыны» болған жыл?

А) 1621 ж. В) 1627 ж. С) 1624 ж.

10. Тәуке хан ел билеуде кімдерге сүйенді?

А) сұлтандарға. В) билерге. С) батырларға.

        1. Деңгей . Сұрақтарға жауап бер.

1. «Жеті жарғы» деген не? Ол бойынша қоғамның даулы мәселелері қалай шешілді?

2. Жүздік билік пен хандық билік туралы жаз?

3. ХVІ-ХV ғасырда қазақ халқының әлеуметтік құрамы қандай негізгі топтан тұрды?

4. Қазақ ханын қалай сайлаған? Ханның міндеттері не?

5. Қазақтың саз аспаптарының түрлерін атап жаз?

2) М.Х.Дулатидің өмірі туралы шағын әңгіме жаз.

3.Деңгей/ Тапсырмаларды орында

  1. Жыраулар деп кімдерді айтамыз? Олардың ақындардан айырмасы қандай? Қазақтың ақын жырауларын атап жаз.

  2. Терминдерге анықтама бер:

  • шежіре

  • ордаби

  • бұқара




Тест тапсырмаларының жауаптары. Бақылау жұмысы

Қазақстан тарихы 7-сынып


1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

1

В

С

В

В

2

А

С

А

А

3

С

С

С

В

4

А

А

А

В

5

В

А

С

А

6

А

С

С

С

7

В

А

С

С

8

А

А

А

А

9

С

А

В

В

10

С

В

В

В






























І – тоқсан Бақылау жұмысы. Қазақстан тарихы 8-сынып.

        1. Деңгей/ Тест тапсырмаларын орында

1. Орыс мемлекетінің Қазақ хандығының жеріне көз салуының себебі неде?

А) жерінің кеңдігіне қызықты. В) қазба байлығына қызықты. С) сауда-саттыққа қолайлы болды.

2. ХVІІІ ғасырда қазақ хандығына қай мемлекет қауып төндірді ?

А) жоңғарлар. В) қытайлар. С) қырғыздар.

3. Әбілхайыр қай жүздің ханы?

А) Ұлы жүз. В) Орта жүз. С) Кіші жүз.

4. Әбілхайыр хан Ресейге қосылуды өтініп неше рет елші жіберді?

А) 1. В) 2. С) 3.

5. Әбілхайыр хан және кіші жүздің 29 старшыны қай жылы Ресейдің қол астына кіру туралы ант берді?

А) 1731ж қазан. В) 1735ж қараша. С) 1730 ж шілде.

6. Абылай хан қай жылы хан сайланды және қай жүзге?

А) 1711ж кіші жүз. В) 1771ж орта жүз. С) 1775ж ұлы жүз.

7. Орыс патшайымы Екетерина ІІ-і қай жылы Абылай ханды Орта жүздің ханы ретінде мойындау гратотасын жіберді?

А) 1778 ж 24 мамырында. В) 1779ж 30 қыркүйекте. С) 1777ж 24 шілдеде.

8. Абылай бұл грамотаны мойындады ма?
А) келіспей Орынбор немесе Троицк қалаларына барудан бас тартты. В) қуана келісіп Орынбор қаласына барды. С) Ресеймен қарым-қатынас орнату жолы деп ұқты.

9. Е.Пугачев бастаған көтеріліске қай ұлт өкілдері қатысты?

А) Қырғыз, өзбек, орыс. В) башқұрт, татар, қазақ. С) қазақ, қытай, орыс.

10. С.Датұлы бастаған көтеріліс қанша жылға созылды?

А) 10 жыл. В) 2 жыл. С) 14 жыл.

        1. Деңгей . Сұрақтарға жауап бер.

1. С.Датұлы бастаған көтерілістің басты себептерін жаз?

2. Барон О. Игельстром қандай өзгерістер енгізбекші болды?

3. С.Датұлы бастаған көтерілістің жеңілу себебі мен тарихи маңызы неде?

4. Орыс ғалымдарынан Қазақстанды зерттеген кімдер?

5. ХVІІІ ғасырдағы ақын-жыраулардың мұраларын сипаттаңдар.

2) Анна Иоанновнаның жіберген елшісі А.И.Тевкелевті қазақтар қандай атпен атаған.

3.Деңгей/ Тапсырмаларды орында

  1. Кіші жүздің қазақтары Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысын қолдағананын қандай мәліметтер дәлелдейді?

  2. Терминдерге анықтама бер:

  • көтеріліс

  • сұлтан

  • би


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Тесты

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Деңгейлік тест тапсырмалары

Автор: Шпекбаева Айнагул Калимовна

Дата: 20.02.2017

Номер свидетельства: 393701

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(127) "?аза? тілі мен ?дебиеті саба?ында де?гейлік тапсырмаларды? тиімділігі. "
    ["seo_title"] => string(72) "aza-tili-mien-diebiieti-saba-ynda-die-ghieilik-tapsyrmalardy-tiimdilighi"
    ["file_id"] => string(6) "101044"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1402404184"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(104) "Сан есімні? ма?ыналы? т?рлері. Есептік, реттік сан есімдер."
    ["seo_title"] => string(56) "saniesimninmagynalykturlieriiesieptikriettiksaniesimdier"
    ["file_id"] => string(6) "301498"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456932248"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(115) "?аза? тілі саба?ында де?гейліп о?ыту ?дістемесін ?олдану жолдары "
    ["seo_title"] => string(74) "k-azak-tili-sabag-ynda-dien-ghieilip-ok-ytu-distiemiesin-k-oldanu-zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "168401"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1423232372"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "Логарифм ж?не оны? ?асиеттері."
    ["seo_title"] => string(37) "logharifm-zh-nie-onyn-k-asiiettieri-2"
    ["file_id"] => string(6) "297619"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456222487"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(104) "Деңгейлік тапсырмалар арқылы ізденімпаздыққа тәрбиелеу"
    ["seo_title"] => string(55) "dengeilik_tapsyrmalar_arkyly_izdenimpazdykk_a_t_rbieleu"
    ["file_id"] => string(6) "496444"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1548057207"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства