kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жаңа инновациялық әдістер тиімділігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жаңа педагогикалық технологиялардың, ғылыми – теориялық мазмұны оқушылардың білімдерін жетілдіріп қана қоймайды, ол кәсіби бағыттылықты қалыптастырудың жетекші құралы болып табылады, өйткені: ол оқу – тәрбие үрдісінің тиімділігін арттырып, білікті, шығармашыл, белсенді оқытушыларды жетілдіруге септігін тигізеді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жаңа инновациялық әдістер тиімділігі»

Жаңа инновациялық әдістер тиімділігі


Қызылорда қаласы№ 173

Ә.Молдағұлова

атындағы мектебінің

тарих пәнінің мұғалімі

Наурызбай Жұлдызай Алматқызы



Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 8 бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттың құндылықтар,ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқыту және тәрбие берудегі жаңа технологиясын енгізу» делінген. Білім беруді дамытуда өскелең ұрпақтың мақсатты ісіне жету жолындағы талаптануы мен талпынысы болашақ мамандығының кәсіби маңызды қасиеттерін жетілдіруге бағытталуы тиіс.Сондықтан өмірге жан–жақты дайындалған, еңбексүйгіш, ынталы, шығармашылықпен ойлайтын, рухани – интеллектуалдық тұрғысынан бай азамат тәрбиелеу , білім беру – тәрбиелеудің басты мақсаты. Бүгінгі білім мен тәрбие технологиясында «жеке тұлға» тәрбиелейтін мұғалімнің де өзіндік жеке тұлға ретінде шығармашылығының орны ерекше. «Жеке тұлға» - бұл адамның псикикалық, рухани мәні, ол әртүрлі жинақталған қасиеттер жүйесіне тән:

  • адамның әлеуметтік маңызды қасиеттерінің жиынтығы;

  • өзіне және өзімен - өзінің, дүниеге және дүниемен қатынастарының жүйесі;

  • айналадағы қоршаған әлемді және өзін - өзі жете түсінуі;

  • қажеттілік жүйесі;

  • шығармашылық мүмкіндігі мен қабілеттерінің жүйесі.

Жаңа педагогикалық технологиялардың, ғылыми – теориялық мазмұны оқушылардың білімдерін жетілдіріп қана қоймайды, ол кәсіби бағыттылықты қалыптастырудың жетекші құралы болып табылады, өйткені: ол оқу – тәрбие үрдісінің тиімділігін арттырып, білікті, шығармашыл , белсенді оқытушыларды жетілдіруге септігін тигізеді.

Білікті,шығармашыл ұстаз, жоғарыда айтылғандай,шәкірттердің белсенділігін арттыра да біледі. Шәкірт білімділігі, белсенділігі мақсатты бағытталған педагогикалық технологиялардың себебінен деп толық айтуға болар. Білім берудің негізгі мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған педагогикалық инновация қажеттілігі мына себептерге байланысты өте қажет – ақ:

  1. Сапа менеджементі жүйесі терең,тиянақты білім беруді талап етуіне орай озық технологтяларды пайдалану;

  2. Қазіргі заманғы педагогикалық қызметті ұйымдастыру-инновациялық үрдістерге себеп болады және сапалы жаңа білімді қалыптастыруға ықпал жасайды;

3. Инновациялық қызмет педогогтың кәсіби өсуін,тұрақты өзін - өзі жетілдіруін, озық

тәжірибелерді зерделеп игеруін қамтамасыз етіп,шығармашылық жауапкершілік сезімін

арттырады.

  1. Инновациялық білім – педагогикалық әлемде жаңа құндылықтарды қалыптастырып, қарым – қатынастың жаңа жетілдірілген мәдениетін игерді;

  2. Инновациялық үрдістер – педагогикалық сапалылық пен белсенділікті қалыптастырып,кәсіби шеберлігін шығармашылықпен үйлестіру арқылы талаптар деңгейінде еңбек етуге жеткізеді. А.М.Саранов «Инновациялық білім беру жүйесін дамытудың теориялық негіздері» атты еңбегінде атап көрсеткендей, «Инновациялық процесс – жаңаны пайдалану идеяларынан туындайды».

Инновациялық оқыту – білім берудің ерекше түрі. Ол «Жаңа жағдайларда даму қабілеттілігін бірлесе шешуді ойластырады. «Қалай нәтижелі оқыту керек ?»- деп атап көрсетеді М.Чаманов.

Соңғы жылдары Қазақстан білім беру жүйелерінде П.Эдниевтің бірліктерді ірілендіру технологиясы, Д.Эльконан мен В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш.Аманашвилидің ізгілікті тұлғалық технологиясы, В.Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқында оқыту технологиясы, М.Чамановтың проблемалық оқыту технологиясы, М.Жанпейісованың модулді оқыту технологиясы, В.Монаховтың, Қазақстанда Ж.Қараевтың т.б. технологияларын ұстаз қауымы шеберлікпен пайдаланып жүр деп айтуға болады. Әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар. Мысалы, модульдік әдіс оқушылардың теориялық білімді аз уақытта меңгеріп, шығармашылық жұмыстарға баулуға мүмкіндік береді.

Бірлескен ұжымдық іс - әрекетке негізделген бұл технология тиімді пайдаланылған жағдайда ғана нәтижелі болмақ . Ол нәтижелер:

  • оқушының өздігінен оқып, түйінді мәселелерді іріктеп, алуы;

  • өзіне деген сенімділігінің қалыптасуы;

  • оқуға деген қызығуының артуы;

  • іскерлік дағдысының қалыптасуы;

  • мақсатқа өз бетімен ұмтылуы;

  • ойлау белсенділігі,тапқырлығы, шешім қабылдау әрекетінің дамуы.

  • шығармашылықпен айналысуына талпынысы;

  • ойлау белсенділігі,тапқырлығы,шешім қабылдау әрекетінің дамуы;

  • өзіндік пікір айтуы.

Аралық өзге пәндер сияқты бүгінгі тарих сабақтарында топқа бөліп оқыту, рольдік ойын элементтеріне, пікір – сайыс және басқа дәстүрлі емес түрлері,т.б. оқытудың жаңа технологиясы тәжірибеге көптеп ене бастады.

Дәстүрлі емес технологиялық сабақтар:

- пәнаралық байланыс негізінде біріктірілген сабақтар;

  • жарыс және ойын түрінде өтетін сабақтар:байқау,жарыс,рольдік және іскерлік ойында, сөзжұмбақ.

  • белгілі қоғамдық жұмыс түрлеріне, әдістеріне негізделген сабақтар: зерттеу, басылымдарды талдау, интервью т.б.

  • көпшілікпен қарым – қатынас түрін қайталау сабақтары: ақпарат – конференция, аукцион, бенефис, шеру.

  • Қиял – ертегілерді қолдану сабақтары: ертегі сабағы, сиқырлы, басқа планетедан келушілер т.б.

  • Дәстүрлі кластан тыс жұмыстар сабағы: КВН, «Не қайда? Қашан?», «Алтын орындық», «Дебат» клубы, «Білгірлер» клубы , т.б..

  • Қоғамдық мәдени шаралар еліктеу сабақтары: саяхат, сұхбат, қонақ бөлмесі т.б.

Дәстүрлі емес сабақтарда оқытудың жаңаша әдістерін пайдалану жолдарын нақты сабақ барысы арқылы қарастырса: 8 – сыныпта Қазақстан тарихындағы «Қазақстанның экономикалық дамуы» тақырыбын оқытуда оқушыларға ХІХ ғасырдың ортасынан бастап Қазақстанның экономикалық жағдайын таныстыра отырып, нарық, құн, айырбас туралы түсініктердің тереңдетілуіне де назар аударылады. Интерактивті тақта арқылы өтетін сабақта «Ой қозғау», «Инсерт», «Автор орындығы» т.б. сияқты стратегиялық технологиялар қолданылады.

Оқушыларға сабақ түсіндіру барысында бірнеше стратегияларды қолдану арқылы танымын кеңейтіп, жан – жақты іздене білуін қалыптастыру, зеректігін дамыту мақсаты орындалады. Мысалы, «Ой қозғау» стратегиясы ,«Ғылыми зерттеулерге жол ашық».

3 топқа бөлінген оқушыларға өткен сабақтардан қайталау мақсатында мына сызбалар бағытында «Автор орындығы» стратегиясы бойынша шығып, өз зерттеулерін ортаға салады. Зерттеушілердің сөз байлығы, тіл шеберлігі, сондай – ақ тақырыптың айқындығы, нақтылығы ескеріледі.

Зерттеушілерге сөз






Тарихшы.

1731 ж бастап қазақ

жүздерінің Ресейге

қосылуы

Өнертанушы материалдық мәдениі:

1. Тоқымашылық

2. Шеберлік

3. Ұсталық

Керуен басы

Салынған бекіністер.

Ақтау, Алатау, Қапал, Аякөл, Лепсі, Верный, Ақмешіт т.б.






2. «Инсерт » стратегиясы.


Оқушылар дәптерлеріне қайталанған мәселелер бойынша тұжырымдап, таблицаны толтырады.


Білемін

Білгім келді

Үйрендім





Белгіленген аз уақыт ішінде оқушы бұрын білетін мағлұматтарын қайталай еске алып, түйіндеп таблицаға түсіреді.


3. Жаңа сабақ.


«Қазақстанның экономикалық дамуы» тақырыбын төмендегі тірек – сызба арқылы түсіндіруге болады.





Орыс шаруаларын

3 жылға салықтан босатты. 30 десятина мөлшерде жер берілді

Ресей үкіметі жер мәселесін шешу үшін орыс шаруаларын жер аударады

Патша үкіметі қоныстанушылардан әлеуметтік тірек жасамақ болды.






Қазақстан





ХІХ ғ. ІІ ж. бастап

Отырықшылық дами бастады

Үспен, Қарағанды, Екібастұз, Ридер кен орындары ашылды


Ауыл шаруашылық шикізатын өңдейтін кәсіпорын ашылды








4. Тірек сызба арқылы түсіндіру оқушының көзбен көру арқылы есте сақтау қабілетін дамытады
















5. Оқушыларды түрлі жағдаяттарды түсініп, одан жол тауып шыға білу қабілетіне үйретуде рольдік ойынның әсері мол. Тақырыпты талқылауда 3 топқа «Мал саудасы», «Мата саудасы», «Құрал саудасы» шарты бойынша айырбас саудасын жүргізу тапсырылады. Әр топ берілген тапсырма бойынша саудагер рольіне еніп, айырбас – саудасын жүргізу керек. Сауда бағасы өз ұжымдарымен келісуіменен өтеді. Сонымен бірге бұл ойында сабақ айтуда көп іркілетін оқушыны шығарудың маңызы зор, себебі , ол шәкірт басқа қырынан танылуы да мүмкін.

6. «Қоржындағы түйіншектер» - ойыны. Қоржыннан сұрақ алып жауап беру арқылы түйіншекке ие болу. (түйіншек ішінде әр сұраққа 5 ұпай бар)

1. Бөкей ордасында тұңғыш жәрмеңке қай жылы ашылды? (Ішкі ордада 1832ж)

2. «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы» жаңа Ереже қай жылы қабылданды? (1868ж)

3. Ақмола облысы қазақтарының пайдалануынан 1855 – 1893 ж. аралығында қанша десятина жер тартып алынды? (250 мыңнан аса)

4. Верный бекінісі қашан салынды ? (1854ж)

5. Қапал бекінісі қай жылы құрылды? (1847ж)

7. ХІХ ғ – ХХғ . басында Қазақ жерінде қанша қала пайда болды ? (19 қала)

8. Ауыл шаруашылығы шикізаттарын қандай кәсіпорындар іске асырды? (тері, май)

9. 1844ж – 1892ж, орыс, украиндардың қанша шаруашылық қонысы болды? (37)

10. Қазақстанда 1902 ж қарай жұмысшы қанша болды? (30 мың)

Жаңа сабақтың барысында қолданылатын әдіс – тәсілдер ойдың ұшқырлығына, шалттыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелейді. Немқұрайлы бала болмайды деуге болады..

9 сыныпта § 22. «Ауыл шаруашылығының дамуы», § 23 «Тың игерудің нәтижелері мен салдарлары» тақырыбын өткен соң оқушылар қалауымен осы тақырыпта дебат (пікір - сайыс) өткізуге болады. Дамытушылық мақсаты: оқушы өз ой – пікірін жүйелі айтуға, дәлелдеуге, пікірталасқа түсуге, қарсы нақты пікір айтуға дағдыланады, шешендік қабілеті дамиды.

Таймкиппер және 3 сот мүшелері тағайындалады. Екі топтың пікірсайыстағы бағыттары (даттаушы, жақтаушы) айқындалады.

Жақтаушы топтың 1-ші спикері негізгі ұғымдарға анықтама береді.

Тың жер –

Себебі –

1 – дәйек:

Тың жер – ұлттар ойыны

Тың игерудің алғашқы жылында республикаға 640 мың сан ұлт өкілдері келді. Оларға үй салу үшін, мал сатып алу үшін несие берілді. Тың игерушілер 2 жылдан 5 жылға дейін ауыл шаруашылығы салығынан босатылды.

2 – дәйек:

Тың - әсем қалалар, достық мекені.

Дәлел: 1954 – 1955 ж . көктемгі аралығында 337 астық кеңшары (совхоз) құрылды, 15 қала, 86 поселкі пайда болды. Астық жинаудың жаңа технологиялары өмірге келді. Тың игерушілерде көтеріңкі рух, еңбекке деген құлшыныс жоғары болды. Олар еңбекте тамаша жетістіктерге қол жеткізді, т.б дәлелдер.

Даттаушы топтың 3 – ші спикері жақтаушы топтың 1 – ші спикеріне сұрақ қояды.

  1. Тыңның ешқандай зиянын білмейсіз бе?

  2. Қазақ жерінің табиғатына әсері?

Даттаушы топтың 1 – ші спикері (6 мин):

Бүгінгі тақырыпқа дәлелдер арқылы қарсылығын мәлімдейді. Негізгі ұғымдарға түсінік беріледі.

Тың – қазақ жерінің болашағына мән берілмеген бастама болды.

Себебі – экологиялық тепе – теңдікті бұзған, жердің қарашірік құнары қабаты желмен ұшқан. Тың қазақ жеріне апат әкелді.

1 – дәйек:

Тың аймағында білікті мамандар ғана емес, арамтамақтар мен қылмыскерлер көбейді. Қазақстанға 1960 ж басына дейін 2 млн – ға жуық адам қоныс аударды. Айналасы бірнеше жыл ішінде 300 мыңнан астам адам орналастыру қиын болды. Ауыз су мен азық жетіспеді. Тәртіпсіздіктерге жол берілді.

2 – дәйек:

Тың – сәтсіз саясат пен болашаққа зияндылық кепілі. Қазақтың мал жайылымдарын және жемшөп дайындайтын алқаптар ауқымын тарылтты. Ет, сүт өнімдерінің тапшылығын туғызды.

Жақтаушы топтың 3- спикері сұрақ қояды. (3 мин)



Әр топтың 2 – ші спикері (5 минуттан) 1 – ші ойыншылардың пікірін дамытып жаңа фактілермен күшейтеді. Өзара қарама – қарсы сұрақтары 1 – ші спикер 2 – ші спикерлерге қояды.

3 – ші спикер сайыс барысындағы пікірталасқа талдау жасайды.

Әр спикер өз бағытының ұтымды жақтарын ашып көрсетіп, ой – пікірін қорытады. (5 минут ) уақыт беріледі. Әрбір топ ойын барысында 8 минутқа ие. Оны ұтымды пайдаланған оқушылар уақыт үрдісінен шыға білді. Жалпы оқу материалына байланысты немесе тақырыптан тыс, тәрбиелік іс-шараларда да дебат сайысы оқушылардың аса зор қызығушылығын тудырып, белсенділігін дамытып қана қоймайды, сонымен бірге дәлдікке, нақтылыққа, ізденімпаздыққа, шыншылдыққа тәрбиелеуде маңызы орасан зор. Оқушылар нақты бір тақырыпқа дәлелдер жинап, білімін кеңейтеді, қоршаған ортаға сын көзбен қарауға үйретеді, өзіне деген сенімділігі артады, өзара пікір таласу арқылы оқушылар қазіргі кездегі демократиялық ұстанымдарды игереді.

Жаңа педагогикалық технологиялардың ғылыми – теориялық мазмұны оқушылардың білімдерін жетілдіріп қана қоймайды, ол кәсіби бағытты нақты қалыптастырудың жетекші құралы болып табылады, өйткені ол оқу – тәрбие үрдісінің тиімділігін арттырып, білікті шығармашыл, белсенді оқушыларды да тәрбиелеуге септігін тигізеді.






Әдебиеттер:


  1. ҚР білім беруді дамытудың 2005 – 2010 ж арналған мемлекеттік бағдарламасы.

  2. Қазіргі педагогикалық технологиялар: оқу - әдістемелік құрал Алматы. 2008.

  3. М. Қозыбаев, к.Нұрпейіс, Қ. Жүкешов Қазақстан таризы 9 – кл.

Мектеп баспасы 2005.

  1. Ж.Қасымбаев Қазақстан тарихы. Мектеп баспасы 2004

  2. «Қазақстан тарихы: әдістемелік журнал» 2004, № 8. 2008ж

  3. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев Жолдаулары.

  4. С.И.Тессен Основы педагогики М.Школа – пресс 1995.

  5. В.П. Беспалько. Педагогика и прогрессивное технологий обучения. М. 1995.

  6. Е.С. Сарманов, С.К. Сапаров. Сабақта жаңа технологияларды қолдану. Шымкент. 2006





7




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Жаңа инновациялық әдістер тиімділігі

Автор: Наурызбай Жұлдызай Алматқызы

Дата: 10.02.2018

Номер свидетельства: 456171

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "Жаңа инновациялық әдістер тиімділігі"
    ["seo_title"] => string(41) "zhan_a_innovatsiialyk_distier_tiimdilighi"
    ["file_id"] => string(6) "352532"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1477504125"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "Жа?а инновациялы? ?дістер тиімділігі "
    ["seo_title"] => string(41) "zhan-a-innovatsiialyk-distier-tiimdilighi"
    ["file_id"] => string(6) "153620"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1421054997"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(90) "БІЛІМ БЕРУ Ж?ЙЕСІНДЕГІ ЖА?А ИННОВАЦИЯЛЫ? ?РДІСТЕР "
    ["seo_title"] => string(58) "bilim-bieru-zhuiiesindiegi-zhan-a-innovatsiialyk-urdistier"
    ["file_id"] => string(6) "209427"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1431148166"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(123) "Жаңа инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын қолдану /эссе/"
    ["seo_title"] => string(76) "zhan_a_innovatsiialyk_distier_mien_ok_ytu_tiekhnologhiialaryn_k_oldanu_essie"
    ["file_id"] => string(6) "460533"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1520061457"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(142) "ДЕНЕ Т?РБИЕСІ САБА?ЫНДА О?ЫТУДЫ? ЖА?А ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ЕНГІЗУДІ? ТИІМДІ ЖА?ТАРЫ "
    ["seo_title"] => string(93) "dienie-t-rbiiesi-sabag-ynda-ok-ytudyn-zhan-a-tiekhnologiialaryn-iengizudin-tiimdi-zhak-tary-1"
    ["file_id"] => string(6) "125939"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1415098531"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства