Просмотр содержимого документа
«Заман талабына сай дарынды оқушылардың дарындылық қабілетін дамыту»
Заман талабына сай дарынды оқушылардың дарындылық қабілетін дамыту.
«Көптеген табиғи талант
дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді.
Ұстаз бұған жол бермеуі керек».
Плутарх
Педагогикалық энциклопедияда: «Дарындылық дегеніміз – адамдардың қабілеттерін жете жақсы дамуының жоғары сатысы», - деп атап көрсетіледі. Осы қабілеттілік арқылы адамдар көптеген жақсы жетістіктерге жете алады. Дарындылық – сапалы қабілеттердің өзіндік бірлесуі: оның арқасында іс-әрекет жақсарады.
Дарынды, қабілетті балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет. Әрбір талантты адам еңбекке бейім, ол шығармашылық тапқырлықпен еңбек етеді. Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің мақсаты:
- баланың шығармашылық қабілетін және өз бетінше шығармашылық ізденісін дамыту;
- пәнге терең қызығушылығын арттыру;
- оқушының әсерлілік сезімін қалыптастыру;
- оқушының белсенділігін арттыру мақсатында даму деңгейін, танымдық белсенділігін арттыра оқыту;
- жалпы білім -білік дағдыларын дамыта оқыту;
- өздігінен білім алу және білімнің бағасын арттыру.
Пән жүргізушінің мақсаты балалармен жүргізілетін жұмысты дұрыс ұйымдастыру болып табылады.
Оқыту деп оқушыларға ғылыми білімдер, іскерліктер мен дағдылар жүйесін (мемлекеттік білім стандартына сай ғылым негіздерін) меңгерту, олардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру ақыл-ой қабілеті мен күш-қуатын дамыту, оқу-танымдық іс-әрекетін қалыптастыру мақсатында мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттесуін немесе мұғалімнің басшылығы мен оқушылардың өзара бір-бірімен әрекеттесуін айтамыз.
Білім деп оқытудың нәтижесін, оқушының оқыған пәндері бойынша қалыптасқан ұғымдарының, түсініктерінің, бейнелерінің, теорияларының, меңгерген заңдары мен заңдылықтарының, ілімдерінің ғылыми фактілерінің, принциптері мен ережелерінің, әдістері мен тәсілдерінің, білік дағдыларының жүйесінің көлемін, ойлау тәсілдерін айтады.
Өздігінен білім алу деп адамның өзін қызықтырған сала бойынша білімдерді іздестіруді мен меңгеруіне байланысты өз бетінше мақсатты түрде, белсенді жұмыс істеуін айтамыз. Мектепте дарынды және талантты оқушылар жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылған іс шаралар кезінде байқалады.
Дарынды балаларды анықтау үшін мынадай талапттар қойылады, анықтау бағдарламасын жасау, жаңа педагогикалық технологияны қолдану, оқушыға берілген тапсырманы дұрыс сапалы орындағанын қадағалау, іс шараларға белсенді қатыстыру, ата-аналарымен қарым - қатынаста болу керек. Дарынды балалармен жұмыс істегенде сол бала жанындағы ортаның педагогикалық, психиологиялық, әлеументтік жағдайына баса назар аударуымыз керек. Балаға әсер ететін орталар: ата- анасы, мұғалім, мектеп, жұртшылық жолдастары. Көбіне олардың мотивацияларына сыртқы да, ішкі де факторлар әсер етеді. Жан-жағында ынталы оқушылардың жинақталуы, мектептің негізгі миссиясы мен білім беру бағытында ұстанған мақсаттары, материалдық-техникалық базасы, ана-аналарының талаптары оқушылардың мотивациясын арттыруға өз үлесін қосады. Ұстаз ретінде осы ынтаны кемітіп алмай, баланың осы орталармен байланысын жете бақылып отыруымыз керек. Бақылауда асығыстық жасауға болмайды. Мұғалім үшін бала жанын түсіну үлкен өнер.
Әдетте ақпаратты тез игеріп алатын оқушылар негізгі қағидаттарды жеңіл аңғарады, олар зияткерлік тапсырмаларды жақсы көреді және де жекелеген оқу кезеңін айналып өтеді, сондықтан егер бағдарламаның сол тапсырмаларын және сыныптағы басқа оқушылармен бірдей жылдамдықта орындау қажет болған жағдайда, олардың іштері пысады, сосын олар алаңдай бастайды. Мұндай оқушылар «сыныптың күлдіргішіне» айналып, сабақтың өту тәртібін бұзады, немесе өзінің бойындағы оқуға деген ықыласын басады. Сондықтан мұндай оқушыларды проблемалық субъектілер ретінде қарамай, мұғалім оқушылардың дарындылығы мен таланты тұрғысынан осындай жағымсыз тәртіптің шығу себебін анықтап, оларға сәйкес келетін жағдайларды қамтамасыз етуге ұмтылуы маңызды. Дарынды балаларға қатысты бұл едәуір күрделі мәселе ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап етеді. Сыныптарда оқытудашығармашылықпен жұмыс істеуге үйренген оқушы жоғары сыныптарда шығармашылық жұмыстың қай түріне болсын бейім болады. Қазіргі заман талабына сай шығармашылық қабілеттің дамуына бағытталған білім дегеніміз – аз уақыт ішінде мол идея қорын алу емес, керісінше, жеке тұлғаның толық дамуын қамтамасыз ететін іс Шығармашылық қабілеттің дамуы әрбір балаға қажет екендігін, әр тұлғаның қоғам дамуында өз орны бар екендігін біле отырып, дарынды балалардың тек өткенге емес, болашаққа да қызығушылығымен, іс-әрекеттердің жаңа тәсілдерін көбейтуге қабілеттерімен ерекшеленетіндігін атап өту қажет. Сонымен бірге бұл жеке тұлғалық дамудың мақсаттарына да жауап береді. Олар жаңа идеяға проблемаларды өздігінен шешуге тырысады. Пән мұғалімі балалармен жұмыс істеу нәтижелері оқушының білімді өз еркімен, өзі игере алатын дәрежеге жетуі. Өзінің білім алуында осы қасиеттерді пайдаланатын балалар құрдастарының тапсырмаларынан өзгеше тапсырмаларды қажет етеді. Бұл ынталандыратын» немесе «күрделі» тапсырмалардың болуын көздейді.
Эйр мұғалімдердің дарынды балаларға сапалы тапсырма беру мақ-сатымен өз жоспарларын өзгертуге болатындығына шағын зерттеулерден дәлелдер келтіреді. Осы әдісті іс-тәжірибеде қолданып жүрген мұғалімдер қосымша көмек беру арқылы балалар тобының аясын кеңейте отырып, бұдан да күрделі тапсырмаларды орындатуға болады деген қорытынды жасайды. Фриман (1998) ең үздік оқушыларды анықтайтын сенімді өлшемдерді көрсеткен.
есте сақтау және білім: олардың есте сақтау қабілеттері өте жоғары,олар ақпаратты біліп қана қоймай , оны пайдалана алады;
өз білімін жетілдіру: олар білім беру үрдісінің қалай жүретінін басқалардан гөрі жақсы біліп, өздерінің оқуын реттей алады.
ойлау қабілетінің жылдамдығы: олар жоспарлауға көп уақыт жұмсауы мүмкін, бірақ жоспардың жүзеге асуына тез жетеді.
мәселені шешу: олар ақпаратты толықтырады.
икемділік: басқаларға қарағанда олардыңойлау қабілеттері жақсы ұйымдастырылған,оқуда және проблемаларды шешудегі шешімдерді тауып,қабылдай алады.
күрделілікке деген сүйіспеншілік: қызығушылығын арттыру үшін олар күрделі ойын мен тапсырмаларға ұмтылады.
Жеке тұлғаны өздігінен білім алуға баулу – оны ғылым мен мәдениетке үйрету, білім, қарым-қатынас ережелерін, әлеуметтік тәжірибені меңгерту. Бұл аталған мiндеттердi iске асыру үшiн тілдік тұлғаның құндылық бағдарын қалыптастыру маңызды. Жеке тұлғаның құндылық бағдарын қалыптастыру мемлекеттік деңгейдегі мәселе. Жеке тұлғаның құндылық бағдары ұлттық сана, отансүйгіштік қасиеттерінсіз іске аспайды. Құндылық бағдар дегенiмiз - бұл қазiргi уақытта жеке тұлғаның құндылыққа бағдарланған ой-санасы, пікірі, көзқарасы, сенімі. Құндылық бағдар тіл үйренушінің оқу-танымдық әрекетiне түрткi болып, тіл үйренуіне ықпал етедi, ол оқу әрекетінiң құрамдас бөлiктерiне тiкелей байланысты, мақсаттың орындалуын анықтайды. Құндылық бағдар – жеке тұлғаның белгiлi бір әлеуметтiк құндылықтарды мақсат етiп ұстауы, адамның қоршаған ортаға, құндылықтар тобына деген карым–қатынасы. Жеке тұлғаның таңдаулары құндылық бағдарлар жүйесiне бiрiгедi.
Осы мақсаттар мен міндеттерді орындауда мектеп ұстаздары мынандай жұмыс түрлерін өз іс-тәжірибелерінде пайдаланса өз өнімді нәтиже алмақ.
Икемді және ұтқыр оқу жоспарын құру;
Жеке пәндерді оқытуда тәуелсіз қозғалыс жасау;
Дарынды оқушының өзінің жұмысын өзі жоспарлап, шешім қабылдауына ықпал ету;
Дарынды оқушының қызығушылығына байланысты оқу жоспарын құру.
Бұл стратегияның сыныптағы талантты да дарынды оқушыларды анықтауда туындайтын кейбір мәселелерді шешуде көмегі зор екендігін айтады. Дарынды оқушыны олимпиадаға, дебат сайыстарына қатыстыру, ғылыми жоба жазуға дайындау.
Оқушыларға білім беруде жаңашыл технологияларды қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман ағымының басты талабы. Оқу үрдісінде осындай жаңарған озық тәжірибелерді белсенді пайдалану соңғы жылдары айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Бүгінде қоғамның жеке тұлғалы, дамыған адамын тәрбиелейтін маманға өзінің үздіксіз шығармашылық ізденуі, оқытуда жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеруі, кәсіби құзырлығының жоғары деңгейде болуы қажет.
Сондықтан, қазіргі таңда үздіксіз білім беру жүйесінде білім беруді дамыту, дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында елімізде білім берудің жаңа жүйесі құрылып жатқандықтан, педагог іс-әрекетінің жаңа талап тұрғысынан ұйымдастыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
2. О.Тілеукенов. Ұлт мектептерінің білім сапасын арттырудағы проблемаларды шешу жолдары. //Мектеп директоры, №1, 2013.
3. Р.Жашиев. Қазақ мектебі ХХІ ғасырға өз бет-бейнесімен кіруі тиіс. //Ұлт тағлымы, №4-5, 2011.
4. Жанпейісова М.М. Технология модульного обучения. Актобе. РИПК СО, 1999.
5. Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы. – Алматы: Қазақстан,1994ж
6. Қазақстан Республикасында орта білімнің дамыту тұжырымдамасы. – Алматы: Қазақстан,-1997, 34б.
Дарынды және талантты балалармен жұмысты мынадай кезеңдерге бөлуге болады. Бала бойындағы қабілеттіліктерді бақылау, жалпы дарындылықты анықтау, дамыту аса шеберлікті қажет етеді.
Оқушылардың өз әрекетіне, білім алу үдерісіне сыни көзқарасты дамыту олардың білімдегі құндылықтар жүйесін қалыптастыруда үлкен маңызға ие. Бұл тапсырмалар қатарында көзбен көретін айғақтарды қолдану арқылы ой қорытуды қамтамасыз ету үшін (TrHW3_D5_Act1a_Көзбен көретін айғақтар негізінде сыни ойлау) «Квадраттық теңсіздіктерді интервалдар әдісімен шешу» тақырыбында санды аралықтар суреттеріне байланысты және «Квадраттық функция графигі» тақырыбында график суреттеріне байланысты Блум таксономиясының негізінде анықтау, салыстыру, жалпылау, талдау, қорыту деңгейлеріне арналған тапсырмалар берілді. Оқушыларым өздерінің тәжірибелеріне сүйене отырып, тапсырмалардың мүмкін болатын шешімдерінің түрлерімен танысты. Топтарға берілген тапсырмаларды бірте-бірте қиындата отырып, оқушылардың сыни ойлауына жағдай туғыздым деп ойлаймын. Сабақтар барысында оқушылар берілген жауап бойынша теңсіздікті және теңсіздіктер жүйесін құрастырды. Жауаптарын парақтарға желімдеп, белсенді қызмет атқырды. Дарынды балалардың топтағы әрекетін ұйымдастыру үшін «Квадраттық теңсіздіктерді шешу» тақырыбын өтуде «Мозаикалық жұмбақ» (TrHW3_D4_Act2c_джиксо тапсырмаларға нұсқаулар) тапсырмасы қолданылды. Оқушылардың пікірін тыңдауға негізделген диалогтық әдісті қолдану пайдаланылды. Жаңа мәліметті түсіндіру алдында алдымен оқушылардың осы мәлімет туралы білімдерін айқындау, олардың іс-тәжірибесімен байланыстыру сауалдары дайындадым. Оқушыларға ойларын жинақтап, тиянақтауға арнайы уақыт беріліп отырды. Топтағы пікірталас әдісін (3 апта 3 күн материалдары) қолдану арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру әдісі қолданылады. Сабақтағы жаңа мәліметтер дайын күйінде берілмей, оқушылардың өзара пікірлесіп, ой бөлісуінің нәтижесінде меңгерілді.
Барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасауға тырысады.
Орта мектептің оқушысы бір нақты пән бойынша айрықша дарындылық көрсетіп, басқа пәндер бойынша көзге түспеуі мүмкін. Арнайы пәндер бойынша бірқатар көрнекті қабілеттері аса кең болуы мүмкін. Сондай ақ сенімді қарым-қатынас орната білу қасиеттері.