Оқу үрдісінде үйренушінің белсенді әрекетін тиімді ұйымдастыру
Оқу үрдісінде үйренушінің белсенді әрекетін тиімді ұйымдастыру
Білім игеру процесінің ең басты мәселесі мен мақсаты үйренушілердің белсенді әрекеттерін ұйымдастыру болып табылады. Белсенді әрекеттер арқылы шәкірттер білімді өздігімен меңгереді, үйренеді.Негізгі қағида «не білу»емес- «не жасай білу»
Іс- тәжірибемде топтық жұмысты пайдалана отырып, осы жұмыстың кері байланысы (рефлексия) ретінде төмендегі кестені салып көрсетуді жөн көрдім.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Оқу үрдісінде үйренушінің белсенді әрекетін тиімді ұйымдастыру»
Самсалиева Сауле Алибековна
«Жаңа Ғасыр» №175 гимназия КММ, тарих пәнінің мұғалімі
Алматы қаласы, Әуезов ауданы Шаймерденов кошесі,21
87078879610
Оқу үрдісінде үйренушінің белсенді әрекетін тиімді ұйымдастыру
Мемлекеттің болашағы жайындағы мәселеде ұстазға жүктелер міндет ауыр. Себебі болашақты бүгінгі мектеп оқушылары жасайды. Сондықтан қоғамның болашағын оқытып, тәрбиелеп жатқан мұғалімнің заманауи білімдерді, технологияны, ұстанымдарды игерген кәсіби деңгейі жоғары, қарым- қатынас нормаларын меңгерген, адамдық қасиеті болуы қажет.
Философияда «Бәрі өтеді, бәрі де өзгереді» деген қағида бар. Егер XX ғасырдың басында тарихта «Сауатсыздық жойылсын» қозғалысы болып халықты жаппай сауаттандыруға күш жұмылдырылса, XXI ғасырдың басы компьютер сауаттылығына бағытталды. Осының бәрі өмірдің бір орнында тұрмауына байланысты өзгерістің керек екендігінің дәлелдері болып табылады.
Іс- тәжірибемде иннновациялық әдіс- тәсілдерді қолдану барысында мына мәселелерге ерекше назар аудардым. Ең алдымен әлем елдерінің тәжірибесіндегі нәтижелі әдіс- тәсілдерді іздестірдім.
Қазіргі кезде кейбір алдыңғы қатарлы дамыған елдердің білім саласында жаңашыл реформалар жүргізіліп жатыр. Ондай реформалар ТМД аумағындағы мемлекеттерде, соның ішінде Қазақстанда да жүргізіліп жатыр. Жаңа ғасырда Әлемдік дамыған мемлекеттердің білім беру жүйесінде білім беру әдістерінің жаңаруы, білім берудің мазмұнын құру әдістерінің өзгеруі, білім беру жүйесінде дамытылған үлгілердің жасалуы, білім беруді басқарудың тиімді тәсілдері ұсынылып отырғаны бәрімізге белгілі.
Әлем елдері тәжірибесінде әрбір мемлекеттің өзіне тән орта білім беру жүйесі мен мектеп үлгісі, орта мектептердің әр қайсысының қалыптасқан өзіндік ішкі құрылымы бар.
Әлем елдерінің ішінде Балтық жағалауы елдері , соның ішінде Латвияның білім беру жүйесіндегі реформалары мені елеңдетеді. Себебі бұл мемлекеттер Кеңестік жүйеден алғашқылардың бірі болып бас тартты емес пе. Сондықтан реформа жасауға басқаларынан бұрын кірісуі заңды да шығар.
Латвия Республикасы Сеймінің « Латвия 2030 жылға дейін» даму стратегиясында білімнің қолжетімділігін жүзеге асыру және білім беру ұйымдарындағы өзгерістер мәселелеріне тоқталған. Осы жерде маған
« Оқушылардың жұмыс топтары» мәселесі ерекше ұнады. Топтық жұмысты біз бұрыннан –ақ іс –тәжірибемізде қолданып жүрміз, алайда оның қыры мен сырына үңіле бермейді екенбіз. Бұл жерде оқушылардың әр түрлі тапсырмаларды орындау барысында жеке емес, топтарға бірігуінің тиімділігі атап көрсетілген.
Латвияда бастауыш мектептердегі білім беруге үлкен мән беріледі.Мектеп- латын тілінен аударғанда- баспалдақ дегенді білдіреді, ал сол баспалдақтың алғашқы төртеуінің жан- жақты игерілуі өте маңыздырақ. Нақтылай түссем, оқушылардың танымдық қабілетін арттырып, шығармашылық үрдіске тарту үшін жұптық, топтық жұмыстар арқылы жағымды эмоционалдық ахуал жасау тиімділігі жөнінен маңызды әдіс болып табылады. Топтық жұмыс формасы сабақта жұмысқа қабілеттілік ортасын жасап, әр оқушының оқу қызметіне тартылуына, әрқайсысының өз қателігін көруге ,оның себебін анықтауға, тапсырманың орындалуы жолының дұрыстығына көздерін жеткізеді.Топтық жұмыста мұғалімдер оқушыларды өз сыныптастарының пікірін тыңдауға, пікірталас пен диалогтың мәдениетіне,саналы тәртіпке,топтық жұмыстың өзінде-ақ өзінің даралығын көрсетіп, құрдастарымен қарым- қатынасқа түсуге үйретеді.
ХХ ғасырдың 30- жылдарынан бері Л.С. Выготскийдің дамыта оқыту әдісі тиімділігі жоғары әдіс болып табылады. Оқытудың негізгі принципі
« обучение не плетется в хвосте развития, а ведет его за собой» принципімен жүзеге асатын бұл әдіспен Латвия мектептері де айналысқан.
Латвияның «INNOVA» атты мектебінде баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыру дамыта оқыту әдісіне негізделеді, ол үшін топтық жұмысты белсенді түрде қолдану оқушыны ұжымда табысты жұмыс істеуге көмектесетіндігі дәлелденді. Топта ұжыммен жұмысты ұйымдастыра алған оқушы лидер болуы заңды да. Бұндай мектепті нағыз ойлау мен іс- әрекеттің интеллектуалды мектебі деп атауға толық негіз бар.
Латвиядағы топтық жұмыстың оқу қызметіндегі орны мен рөлі туралы
« Эксперимент» педагогикалық орталығының жетекшісі С.Т. Танцоров топтық жұмыстың орнын анықтап алу үшін және қандай іс- әрекеттерде топтық жұмысты пайдалану нәтижелі болады?- деген сұраққа жауап беру үшін «мұғалім кім, оқушылар кімдер? немесе мұғалім не істейді?, оқушылар не істейді» деген ой- пайымдарға назарымызды аударады.
Білім игеру процесінің ең басты мәселесі мен мақсаты үйренушілердің белсенді әрекеттерін ұйымдастыру болып табылады. Белсенді әрекеттер арқылы шәкірттер білімді өздігімен меңгереді, үйренеді.Негізгі қағида «не білу»емес- «не жасай білу»
Іс- тәжірибемде топтық жұмысты пайдалана отырып, осы жұмыстың кері байланысы (рефлексия) ретінде төмендегі кестені салып көрсетуді жөн көрдім.
Оқушы
Мұғалім
Оқушылар оқу әрекетінің өз бетінше әрекет ететін субьектілері болуы керек
Мұғалім өзінің іс- әрекетін зерттей білуі керек. Ол тек қана баяндаушы немесе өте жақсы әңгімелеуші ғана болмау керек, онда ол дамытушы білім болмайды.
Бұл өзіне оқу мақсатын қоя білуге қабілетті, өзін- өзі анықтай алуға қабілетті
Мұғалім- оқу орнындағы оқу жағдайын ұйымдастырушы. Мұғалімнің дайындап келген сабағын педагогикалық қызметтің арнайы жобасы деп түсінуіміз керек, онда оның ойы, пайымы, мақсаты ,рефлексияға бағытталуы айқын көрінеді.
Қойған мақсатына қарай өзінің оқу әрекетін бақылауға қабілеттілік
Мұғалім оқушылармен қарым- қатынасты ұжымдық деңгейде құрады, оқушының кез- келген сұрағына анық және сыни тұрғыда қарау, бірлескен іс- әрекетте түзету мен өзгертуге дайын болуы керек.
Ойына алған нәтижеге жету қабілеті
Мұғалім- оқушының оқу әрекетінің «аудиторы». Оқушыға ақыл- кеңес беруде,іс- әрекетін бағалауда нақты болу керек
Бұл үшін ойлау және ұйымдастыру әрекетінде барынша серпімді болу деп түсінеміз.
Оқушылардың белгілі бір мақсатқа жету үшін оқу белсенділіктері болу керек, оған жан- жақты тәсілдерді қолдану арқылы жету керек.
Оқушылар өзінің оқу әрекетіне проблема қоя білуі керек. Олардың білетіні мен әлі де білуге тиістіні ойлау және ұйымдастыру қабілетінің арасындағы алшақтық өз көзқарасы бойынша игерілуі керек
Оқушылар оқу әрекетінде рефлексияға қабілетті болу керек.
Енді оқушылармен жүргізілетін топтық жұмыстың рөлі мен орны туралы бастапқы ойыма қайта оралатын болсақ, кестедегі тұжырымды жинақтай келіп , топтық жұмыс туралы кемінде төмендегі үш түсінікті білу керек және ол төмендегі міндеттерді шешуге көмектеседі.
Топтық жұмысты ұйымдастырудың технологиясын білу ═
Оқушылар еркін және қарапайым
түсінеді
Топтық жұмыста кері байланыстың болуы ═
Оқушылардың проблемаларды шешу әдісі
Топтық жұмыстың ең негізгі маңызы- ұжымдық ойлау═
Әртүрлі көзқарастарды жинақтау
Мәселен, 10 сыныпта Қазақстан тарихы пәнінен өткізілген топтық жұмысқа негізделген «6-12ғғ Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің дамуының ерекшеліктері» тақырыбындағы мына сабақта Блум таксономиясының « Білу» деңгейін тақырып мазмұнынан Кім? Не? Кімнің ? Қандай? Қай? Қашан? Не істеді? сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктеуде жеке жұмыс тапсырмаларын орындаса, «Түсіну» деңгейінде«Конверт-сұрақ» әдісін қолдану арқылы берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерін ортаға салу, жұппен жұмыс жасау, ал «Қолдану» деңгейінде тақырыптың мағынасы мен идеясын талдау үшін әр топқа төмендегідей тапсырма беріледі. 1.Батыс пен Шығыс түрік (ментальды карта жасау), 2Түргеш пен қарлұқ( ПАЗЛ құрастыру),3Қимақ пен қыпшақ,(семантикалық кесте жасау)4. Оғыздар мен қарлұқ( «Қара жәшік» стратегиясы арқылы сұрақ жасыру ) тапсырылады. Нәтижесінде оқушылар Түрік мемлекеттері туралы деректерді біледі, Түрік мемлекеттері туралы деректерді түсінеді,түсінгендерін қолдана отырып интерактивті тапсырмалар орындайды,түрік мемлекеттерін салыстыра біледі, мемлекеттердің өзіне тән ерекшеліктері туралы мәліметтерді жинақтайды,өз көзқарасын білдіреді. Міне біздің күтетін нәтижеміз де осы емес пе, яғни нәтижеге бағытталған білім.
Сонымен топтық жұмыс туралы өз іс-тәжірибемізді сараптай келе, әрбір сабақта топтық жұмыс арқылы бірлесе әрекеттенген тиімді. Бұл конструктивтік білімнің басты идеяларының бірі.Адамның санасы тек басқа адамдармен қарым- қатынаста ғана дамиды.Ал қарым- қатынас дегеніміз өзімізді басқаларға(олардың пікіріне, идеяларына, көзқарасына ,мінезіне)бейімдеу деген сөз.
Шағын топтық немесе жұптық жұмыстар оқушыларда бірлік,бірегейлік сезімдер қалыптастырып, сол арқылы өздерінің ұжымға тікелей қатысы бар екендігін аңғартады.Ал «Бірлесе көтерген жүк жеңіл» екендігі баршаға аян.
Қорыта келе, әлем елдері соның ішінде Латвия мемлекетінің тәжірибесінде орын алған топтық жұмыс XXI ғасыр оқушысын өмірден өз орнын таба білетіндей тәрбиелеу және білім беруде, өзгермелі өмірге бейімдеп оқытуда маңызды болуға тиіс деп ойлаймын. Топтардағы бірлескен жұмыс сыныпта пайдаланылатын әдіс қана емес, жеке философия екендігі бізге мәлім. Адамдарды бірлікке шақыратын нәрсенің бәріне ашық болуымыз керек. Топтардағы бірлесу топтың жекелеген мүшелерінің қабілеті мен іске қосқан үлесі құрметтелетін,ескерілетін, билік пен жауапкершілік топ мүшелері арасында бөлінетін,ұжымдасу арқылы бітімге,келісімге қол жеткізуге негізделетін оқыту мен оқу тәсілі ғой.
Осы тақырыпың өзектілігі мынада болып тұр: бүкіләлемдік тәжірибеде білім беру саласында білімнің де дағдының да маңыздылығы тең. Заманауи тәсілдің басты ерекшелігі- білімді алып қана қоймай , оны орынды жерде қолдану. Осы ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында . Топтық жұмыс барысында оқушының бойында оқушылық кезеңіне ғана емес, кейін де пайдасын тигізетін әлеуметтік өзара әрекет ету дағдысы, қарым- қатынас дағдысы, проблемаларды шешу дағдысы қалыптасады. Қазір осы мәселе төңірегінде әріптестеріммен іс- тәжірибе алмасып, оқушылармен жұмыс жүргізіп жатырмын.
Оқу үдерісінде «Жаңа Ғасыр» № 175 гимназиясында да әріптестерім оқушыларды топпен жұмыс жүргізуге үйретеді. Тапсырма топқа беріледі. Тапсырма орындау барысында топтың әрбір мүшесінің жеке үлесі ескеріледі. Топпен жұмыста күшті оқитын оқушы әлсіз оқушыға көмектеседі де, басқаларды тыңдағанда ол білімін арттыра түседі, бір сөзбен айтқанда ынталанады.
Қазір топтық жұмыс оқыту формасы ретінде тәжірибемізден түспейтін әдіс- тәсіл болып табылады.
Әдебиеттер тізімі
1. Қ.Р білім беру жүйесін дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
2.Мұғалімге арналған нұсқаулық
3.А.Әлімов . Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері
Алматы,2013
2. Танцоров С.Т. Групповая работа в развивающем обучении. Рига.: “Эксперимент”, 1997.