kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ғасырдың батыр анасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

                                      ҒАСЫРДЫҢ БАТЫР АНАСЫ

                                                                          Төзіміңді берсе сенің темірге,

                                                                          Темірдің де түгі кетпес көмірге.

                                                                          Қазақ қызы, қайран қазақ әйелі,

                                                                          Не көрмедің, не көрмедің өмірде?!

                                                                                                       Қадір Мырза Әли

Өмірде алдына ұлы мақсаттар қойып, сол биікті бағындыра алған болмысы дара адамдар болады. Қайсарлығы мен табандылығының, өр рухының арқасында көздеген белестерін еңсереді. Үмітін үкілеген жаңа буынға үлгі өнегесімен жақсы істерін паш етіп, бақытын сол еңбектен табады.

Біздің өлкемізде атағы ерен еңбегімен елге жайылған әйелдер көп. Халық шаруашылығының небір жауапты салаларында бойларындағы күш-қайратын Отан игілігіне жұмсап, жыл өткен сайын Сыр бойының қыз-келіншектері қатарынан озаттар молайып отыр. Бір кезде Қызылорда облысында егіншілікпен айналысатын әйелдер шамалы еді. Бертін келе әр шаруашылықтың танаптарында күріш, жүгері, бау-бақша өсіруші әйелдер еңбек етеді. Өз әкелері мен бабаларының ісін одан әрі жалғастырып, адамдарға жомарт жер сыйлайтын егін өнімін молайтуға үлес қосқан әйелдер көп-ақ. Соның бірі әрі бірегейі Қармақшылық даңқты диқан  Салима Жұмабекованың есімі республика жұртшылығына кеңінен танымал. Өнегелі істің шебері, ең озат күріш звеносының жетекшісі, Батыр-Ана Салима Жұмабекова 1935 жылы тамыз айының аяққы шенінде Сыр бойындағы Қармақшы ауданының бұрынғыша Жаңа бақыт, қазіргіше Дауылкөл елді-мекенінде дүниеге келген. Отбасы орта шаруа деңгейінде күн кешкен қарапайым жандар. Әкесінің аты Жұмабек Өсербайұлы кішкене күнінен оқып білім алған сауатты кісі. Анасы Баймаханқызы Ақсалы өте қайратты, жігерлі, рухы таза қайырымды жан. [1]

            Жұмабектің кіндігінен төрт перзент тараған. Ең үлкені Жәмила болса, екіншісі осы Салима апай, үшінші баласы Шишбек жастай шетінеп кеткен, ал төртінші перзенті Жауһарбек болады.

            Әкесі Жұмабек Салиманың жеті жасында яғни, 1942 жылдың қазан айында Ұлы Отан соғысына аттанып, қайтып оралмаған. Сол 1942 жылы мектеп табалдырығын аттап, бірінші-екінші сыныбында көрген жоқшылықтарға қарамай оқу үлгерімі жақсы болған. Осылай 1942-1950 жылдар аралығында 8 жылдық мектепте білім алды. [2]

Салима Жұмабекова өзінің еңбек жолын 1950 жылы сегізінші сыныпты бітірісімен Қармақшы ауданындағы Ленин атындағы совхозда жұмысшы болудан бастады. 1953 жылы қарашада жолдасы Дәулетов Ноғаймен тұрмыс құрды. Бұл кісі де сол совхозда озат механизатор болып еңбек еткен. Ері Ноғаймен қатар еңбек ете жүріп 10 баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеп өсірді.[2]

 Елеу Көшербаев «Өндіріс ұйытқысы» журналында: «1963 жылы совхозда күріш егісінің көлемі ұлғаяды. Шаруашылық басшылары осы кәсәппен айналысатын қолайлы адамдар іздестіреді. Ол кезде күріш өнімі бүгінгідей бола бермейтін, сондықтан ба, әйтеуір жұрт бұл кәсіпке онша қызыға бермейтін. Күрішке звено жасақтауға арналған жиналыста ешкім орнынан қозғала қоймайды. Сонда Салима көп ішінен суырылып шығып:

  • Тізімге мені жазыңыз!- дейді жиналыс призидиумына
  • Япыр-ау шынымен күріш екпексің бе? Жас балаларыңды қайтесің?- деді жиналысқа қатысушылардың бірі таңырқап.

        - Оның да жөні болар. Совхоз балабақша ашсын, - деп ол сөзінен таймайды.Сол қайсарлығы барлық қиындықты жеңіп шығады. Оған ауылдас ағасы Шәймерден Шегебаев ұстаздық етеді. Он жылдан кейін Қармақшы топырағынан да жүз центнерші диқан шығады. Ол осы Салима еді. [3]

             1978 жылдың көктемінде сол ауылдың бүлдіршіндей бес қызы Салима апаларын ақылшы-ұстаз етіп, өздері бір звено құрды да күріш алқабына аттанды. Бұл, әрина партия комитетінің ұйымдастыру-көпшілік жұмысының арқасында болған еді. Бұл хабар аудан жұртшылығын да елең еткізді. Салима өзіне қоятын талапты бұрынғыдан да күшейтті. Басты мәселе – жастарға еңбекті сүюді, қиындықтан қаймықпауды үйрету. Жастар алғаш тұсау кесерлерінде шайлығып қалса – балапандарында дұрыс баулынбаған қыран құс сияқты шау тартады. Сондықтан да Салима сол жылдың кеш шыққан ызғарлы көктемінде қолы-басы домбығып, қабыршақ мұз қатқан салқын суды өзі бас болып шімірікпей кешті. Түн ұйқысын төрт бөліп, күріш дақылын баласынша мәпеледі. Бұл күндері сол звено мүшелері М.Қарақасова, Г. Тілеуова, Б. Құлбаева, А. Оспанова, Б. Дүрмановалардан сұрай қалсаңыз: «Біз Салима апайдың шәкіртіміз, сол кісінің еңбек жолы үлгі-өнеге», - деп жауап береді.

            Сыр өңірінен шыққан еңбек ерлері Айша Меңлібаева, Шырынкүл Қазанбаева, Захира Ержанова, Ұлбала Алтайбаева, Ұштап Өтеулиева, Қалжан Оразалиева, Айдай Жұмабатырова және басқа да әйелдердің үздік жұмыстары Салима апайдың өміріне үлгі, диқаншылық қызметті бастауына сеп болған екен. [2]

1967 жылдан 1973 жылға дейін осы аудандағы Дауылкөл ауылдық советі атқару комитетінің председателі қызметін атқарды. Ол  1973 жылы Ленин атындағы совхоздың күріш өсірушілер звеносын басқаруға тілек білдіріп барды. Осы жұмыстағы бес жыл жоғарғы өндірістік көрсеткіштерге жеткен кезеңі болды. Агротехника талаптарын ойдағыдай орындап, өндірісте ғылым  жетістіктері мен озат тәжірибелер үлгісін қолдана білу нәтижесінде өзіне бекітілген күріш егістігінің әрбір гектарынан орташа есеппен 84 - 113  аралығында өнім жинау мүмкіндігіне жетті. Облыстың, ауданның және өзі тұратын совхоздың қоғамдық-саяси өміріне белсене араласады, ол Қазақстан Компартиясы облыстық комитетінің мүшесі, Қазақстан Компартиясы XIII және XIV съездерінің делегаты болып сайланды, сонымен қатар ССРО Жоғарғы Советінің депутаты болды. Салима апай өзінің бір сұхбатында: «Депутат болып жүргенде кетпенімнен айырылсам, қолымнан билігім кететіндей көрінетін»,- дейді.

Еңбек жолындағы елеулі наградалары:

      • 1964 жылы күріш өсіруде жоғары өнімге қол жеткізгені үшін «Құрмет белгісі» орденімен
      • 1966 жылы «Лениннің – 100 жылдық» белгісімен
      • 1970 жылы «Батыр ана» атағымен
      • 1971 жылы «Ленин» орденімен
      • 1980 жылы «Социалистік Еңбек ері» және екінші рет  «Ленин» орденімен
      • 2000 жылы «Ғасырдың батыр анасы» атағымен
      • 2004 жылы «Тыңға – 50 жыл» медалін алды. [2]

Сыр күріші – ел ырысы. Егін шаруашылығындағы жетістіктер дихан механизаторларымыздың маңдай терінің нәтижесі. Ауылдарда нарықтың жақсы көрініс таба бастаған. Үнем мен сапаға, меншікке жанашырлық пиғыл қалыптасты. Елді мекендерде жекеменшік күріш ақтайтын, ұн тартатын, асқатық майын сығатын қондырғылар орнатылып, халықтың тарықпауына, елдің өз қажетін өзінде дайындап алуна жол ашты. [4]

Қызылордадағы егістік жер көлемі – 65300 гектар, оның 51500 гектарына дәнді дақыл егіледі. Осы көрсеткіш ішінде бидай 24200 га, арпа 4000га, тары 4900 га, күріш 18100 га т.б 6700 гектарға техникалық дақыл егіледі. [5]

Еңбектің де тұрмыстың да бар қиындығын былай қойғанда, тағдырдың да ауыр азабын ерлікпен көтере білген батыр ана Салима бар аналық махаббатын, бар күш-жігерін баларының бақыты үшін еңбекке жұмсайды. Адал еңбек, өнегелі мол тәжірибе оны биік абройға ие етті, зор атаққа жеткізді. Салима апайдың бүкіл өмір жолы Қызылорда елінің басына түскен ауыр кезкеңмен бірге өтіп келеді. Сыр өзенінің суы азайып, Арал теңізінің тез тартылуына байланысты балық аулау, тіпті балық өнеркәсібінің тоқтап қалуы халықтың көпшілігін күріш өсіруге жұмылдырды. Сыр бойы қара сазды, тұзды жер болғандықтан, күріш орасан зор ауыр бейнетті еңбекпен, көп қиындықтармен өсіріледі. Аптап ыстық, дымқыл ауа, маса мен сона төрт ай ауыр жұмыс ерекше жауапкершілікті, ұқыптылықты, шыдамдылықты, әсіресе мықты денсаулықты қажет етеді.

            Осындай жағдайда еңбектің ең жоғарғы нәтижесіне жету, күріш өсірудің озат маманы бүкіл елге белгілі, тәжірибелі звено жетекшісі болу үлкен жетістік, нағыз ерлік. Дала академигі, ақ күріштің атасы Ыбырай Жахаевтың ғылымын өз тәжірибесімен жалғастыра білген қарапайым қазақтың қызы, ел қамқоршасы, нағыз батыр анаға мың тағзым!

Салима қадірлісі Қармақшының,

Бірі еді күріш еккен алғашқының.

Күрішші ұл мен қыздан шәкірті бар,

Құлпырыпалма ағаштай шашқан гүлін.

Бастаған бір топ қызды Несібелі,

Жыл сайын ақ маржанды өсіреді.

Еңбеккер Салима ізбасары

Еңбекпен сан тағдырлар шешіледі.

Бақ қонып, ырыс дарып достарына,

Мерейің үстеем болсын, достарыңа

Отанға мол табысты тарту етіп,

Табыстың ұмтылайық асқараына.   

                                       Запа Даулетбаева 1979ж.[2]

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Ақмешіт апталығы» 2015ж
  2. «Сыр сұлуы, батыр ана - Салима» 2005ж
  3. «Салиманың көктемі» 1984ж
  4. «Сыр елі» 1997ж
  5. «Қызылорда» 1999ж

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ғасырдың батыр анасы»

Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Ғасырдың батыр анасы

Автор: Мырзанова Мария Ибрайхановна

Дата: 17.02.2019

Номер свидетельства: 500202

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "Ғасырдың ғажап азаматы – Н.Ә.Назарбаев"
    ["seo_title"] => string(38) "g_asyrdyn_g_azhap_azamaty_n_nazarbaiev"
    ["file_id"] => string(6) "368569"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1481516424"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) ""Ғасырдың ғажап азаматы – Н.Ә.Назарбаев""
    ["seo_title"] => string(40) "g_asyrdyn_g_azhap_azamaty_n_nazarbaiev_1"
    ["file_id"] => string(6) "368570"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1481516566"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(120) "?.М?сіреповты? "Ананы? анасы"??гімесіне арнал?ано?ырман конференция "
    ["seo_title"] => string(76) "g-musiriepovtyn-ananyn-anasy-n-ghimiesinie-arnalg-anok-yrman-konfierientsiia"
    ["file_id"] => string(6) "174246"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424102086"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Батылдық пен өжеттілік"
    ["seo_title"] => string(25) "batyldyk_pien_ozhiettilik"
    ["file_id"] => string(6) "456073"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1518189978"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "Баяндама "Баланы? ал?аш?ы ?стазы ата-анасы""
    ["seo_title"] => string(46) "baiandama-balanyn-alg-ashk-y-u-stazy-ata-anasy"
    ["file_id"] => string(6) "303980"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1457627251"
  }
}

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства