kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ғасырдың ғажап азаматы – Н.Ә.Назарбаев"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың  тақырыбы:  Ғасырдың ғажап азаматы – Н.Ә.Назарбаев

Сабақтың мақсаты:   Қазақ халқының тұңғыш  президенті Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып  білім  

алған, қызмет  еткен жерлері   туралы  мағлұмат  беру.                                                                                   

Білімділік: Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді нығайтып, дамытып  берген  және жерімізді әлемге танытып, қазақ халқының  абыройын ақсақтатқан Елбасының келбетін меңгерту.

Дамытушылық: Тыңдаушы   жүрегінде  елбасына  деген  сүйіспеншілік  сезімін ояту және құрметтеу.

Тәрбиелік: Елбасының өмір жолынан үлгі  ала  отырып, Отанын, халқын  сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық  сезімге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ақпараттық-танымдық

Сабақтың әдісі: оқылым, сұрақ-жауап, қарым-қатынас, әңгімелеу, пікірлесу, кластер

Сабақтың көрнекілігі:  слайд,  бейнебаян, таратпалар

Сабақтың барысы: -Ұйымдастыру кезеңі:

Оқытушы: 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күні. Бүгінгі ашық сабағымыздың тақырыбы: «Ғасырдың ғажап азаматы-

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев». Әлем таныған, дарынды тұлға, іскер- саясатшы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев сол күннен бері 25 жыл ел басқарып келеді. Ол Қазақстанды бүгінде әлемге әйгілі мемлекет етіп, атын шығарды. Ел экономикасын түзеп, болашақта көш бастаушы елдердің қатарына қосу үшін аянбай еңбек етуде.

1-тапсырма.Оқылым

Нұрсұлтанның әкесі — Әбіш Назарбаев

1-тыңдаушы:

Нұрсұлтанның әкесі — Әбіш Назарбаев (1898-1971 жж.) Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.  Ұлы жүздің Шапырашты руының Көшек тармағынан шыққан, аймақтың старшинасы әрі қоғамдық биі Назарбай Сапақбайұлының (1901 жылы дүниеден өткен) ұлы еді. Әкесінен ерте айырылған Әбіш 11 жасында дәулетті орыс отбасы Никифоровтарға батырақ болып жалданып, сонда еңбекте шыңдалып, алғашқы кәсіби дағдыға бейімделеді. Әбіштің көптеген басқа құрбы-құрдастарынан бір өзгешелігі — өзінің еңбексүйгіштігі мен білімге деген ынта-жігерінің арқасында орыс тілін үйреніп алады. Жер жыртуды, диірменді басқаруды, етік тігуді меңгереді, бағбандық пен сауданың әліппесін ұғынады. Мұның өзі оның ортасы үшін мейлінше сирек кездесетін жәйт еді.

2-тыңдаушы:

Әбіш білім ала алмаған. Ол үшін де, оның көптеген өзге замандастары үшін де қатал да тиянақты мектеп — өмірдің өзі болды. Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін Жас кезінде Әбіш қара жұмысшы болған, ара-арасында жеке шаруасымен де айналысқан. 1927-1930 жылдары КСРО-ның алғашқы бесжылдығының ірі құрылыстарының бірі — Орта Азияны Сібірмен жалғастырған Түрксіб теміржол торабының құрылысына қатысқан. Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды.

Нұрсұлтанның анасы — Әлжан Назарбаева

3-тыңдаушы:

Нұрсұлтанның анасы Әлжан Назарбаева (1904-1977 жж.) Қасық ауылында — қазіргі Жамбыл облысының Қордай ауданындағы Талапты селосында, Ұлы жүздің Дулат руының Қасқарау тармағынан тарайтын Жатқанбай молданың отбасында туған. Діни әулетке жатқандығы туралы дерек кейінірек оның отбасының кеңестік билік тарапынан қудалауға ұшырауына себеп болған. Алайда, басына түскен ауыртпалықтар мен сынақтарға қарамастан, Әлжан өзінің ақжарқын қалпын сақтай білген, бұл оның әзілқойлығы мен суырып салып ән айтуға деген бейімділігінен де көрініп тұрған. Ол өмір бойы ұжымшарда қатардағы еңбеккер болып жұмыс істеп, үй шаруасымен айналысқан. 

4-тыңдаушы:

Нұрсұлтанның ата-анасы Әбіш өз еркімен жалданып прораб болып жүрген, ал Әлжанның отбасы арнайы қоныс аударылғандармен бірге еріксіз жұмысқа салынған сол Түрксіб құрылысының басында танысқан. Әбішпен Әлжан 1934 жылы үйленген. Некелескеннен кейінгі алғашқы 6 жылда олардың балалары болмайды, сондықтан көптен күткен мұрагердің дүниеге келуі шексіз қуанышпен қабылданады да, ізгі ниетті ерлі-зайыптылар мұны өздерінің бір-біріне деген махаббаты, адалдығы мен шыдамдылығы үшін берілген сый деп түсінеді. Ежелден келе жатқан әдет-ғұрып бойынша, дүние есігін жаңа ашқан нәрестеге ат қою құрметі әулеттің үлкені — Мырзабала әжеге беріледі. Назарбай ата қайтыс болғаннан кейін ол іс жүзінде әулеттің басшысына айналып еді. Ата-анасымен бірге немересін тәрбиелеуге ол кісі де көп  мейір-шапағатын төгеді.

2-тапсырма.Бейнебаян. «Балалық шағымның аспаны» 30 сек.

Ойталқы

Бейнебаян сіздерге қалай әсер етті? (Тыңдаушылар өз ойларын ортаға салады.

5-тыңдаушы:

Балалық  шағы
Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаяны мен еңбек жолы Балалық шағы 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды. Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын». Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді.

6-тыңдаушы:

Нұрсұлтан Назарбаев 1948 жылы Шамалған селосындағы Д.А. Фурманов атындағы (1999 жылдан бастап Қарасай батыр атымен аталады) қазақ-орыс орта мектебінің бірінші сыныбына барды, оны біріншіден бастап, төртінші сыныпқа дейін алғашқы мұғалимасы Т.А. Исмаилова оқытты. Ол кезде әке-шешесінің Шамалған селосында өз үйі болмағандықтан, Нұрсұлтан алғашқы екі сыныпты немере ағасы Үмбеттің үйінде жүріп оқыды. Ата-анасы кейіннен осы жерден үй алып, Шамалғанда біршама тұрақтап қалды. Әріден ойлайтын Әбіш, солармен араласа жүріп, Нұрсұлтан орыс тілін жақсы үйреніп алсын деген ниетпен, үйді селоның жоғарғы жағындағы, негізінен орыстар тұратын Подгорный көшесінен әдейі таңдайды.

7-тыңдаушы:

Нұрсұлтан сабақ оқыған сағаттарда үйде тыныштық орнайтын және әдетте, ол өзінің мектепке әзірліктерін аяқтамайынша, бірге ойнайтын құрбылары да үйге кіргізілмейтін болған. Тіпті, достарымен ойнап болғаннан кейін де білімге құштар бала керосин шамының жарығымен кештен таңға дейін отырып қалатын. Мұның өзі оның ата-анасы үшін әжептәуір қаржылық салмақ та еді: отбасының барлық мүшелері арасынан беймезгіл уақытта шам жағуға тек Нұрсұлтанға ғана рұқсат етілетін. Аса ауыр кезеңде өздері білім  ала алмаған ата-ана балаларының шағын ауыл мектебі беретін білімді толық игеруі үшін осылайша бар ынта-ықыласын салған. 

8-тыңдаушы:

Жасөспірім шағы

Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Ол өзінің аса құштарлығын білетін ағайын-туыстары әкеп берген кітаптардың бәрін оқып шығуға жан-тәнімен кірісті.   Жас кезінде Іле Алатауының баурайында жазғы демалыс күндерінде әкесіне көмектесіп жүргенде тұңғиық жұлдызды аспан астында жанған алау маңына түнеген романтикалық сәттері де болды. Әке-шешесі осы өлкеде ежелгі заманда өмір сүрген бабалардың берік түп-тамырынан сыр шертетін салиқалы әңгімелер айтып, жан-дүниені тербейтін әндер шырқайтын. Кез келген қазақ білмеуі ұят саналатын жеті ата туралы айтылатын.

9-тыңдаушы:

 Кейінірек Нұрсұлтан Назарбаев өзінің кітаптарының бірінде былай деп жазды: «Кейінгі кезде өзінің «пролетарлық» тегімен көкірек қағу басқа бір нәрсенің салқынымен алмасты: қайткенде де өз тегінен «ақсүйектік» қасиет іздеп табу етек алды. Ондай біздің тұқымда болған емес. Мен – қойшылардың ұлымын, немересімін және шөбересімін. Демек, ешқандай ақсүйектер әулетінен емеспін. Менің ата-бабаларымның бәрі де Алатау баурайында өмір сүрген». Кейінірек оның әулетінде әйгілі адамдар болғаны анықталғанына қарамастан, Нұрсұлтан Назарбаев әрқашан өзін халық арасынан шыққан, халыққа жан-тәнімен жақын адам деп есептейді және қазір де солай ойлайды.

10-тыңдаушы:

Қаскелеңдегі Нұрсұлтан бітірген орта мектептің оқу ісінің меңгерушісі Сейітхан Исаев жас ұланның білімге құштарлығын және ақылдылығы мен алғырлығын бірден байқайды. «Ол ең үлгілі оқушы болды. Мұғалімнің әр сөзіне мән береді. Кітаптан бас көтермейтін, үнемі оқып отыратын». Нұрсұлтанның балалық және жастық шағы ұзаққа созылған жоқ.  Мектепті бітіріп, 18-ге таяған Нұрсұлтан өз қатарластарының арасында терең білімімен, ой-өрісінің кеңдігімен ерекше көзге түсті. Өз ортасының ұйтқысы және қоғамдық ұйымдастырушысы болды. Теміртаудағы металлургия комбинатының құрылысына комсомолдарды жинап жатқанын білген соң, Нұрсұлтан металлург болуға бел буды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ғасырдың ғажап азаматы – Н.Ә.Назарбаев"»

Сабақтың тақырыбы: Ғасырдың ғажап азаматы Н.Ә.Назарбаев

11-тыңдаушы:

Нұрсұлтанның өмірінде дене тәрбиесі мен спорт елеулі орын алған. Дәстүрлі ауыл ортасында өскен бала үшін қазақтың ұлттық ойындары: күресті, көкпарды, бәйгеге шабуды, аударыспақ ойнауды, тақым тартуды, тағы басқаларды игеру үйреншікті жәйт болатын. Ақжарқын әрі ұйымдастыру ісіне бейім Нұрсұлтан балалар арасында жарыстар өткізуді ұнататын. Ал өзі оларға табанды жаттықтырушы әрі қатаң төреші бола білген. Спорт жабдықтарының жетіспеушілігін балалар қолдан жасалған турниктермен, зілтемірлермен, әткеншектермен, кейде тіпті аяқ астында жататын жұмыр тастармен және бөренелермен алмастыратын.

12-тыңдаушы:

Үйдегі балалардың үлкені болғандықтан, ата-анасының мұқтаждық қыспағынан тезірек құтылуына көмектесіп, інілері мен қарындасын аяғына тұрғызу үшін Нұрсұлтан жетінші сыныпты бітірісімен мектепті тастап, жұмыс істегісі келген. Бірақ ұлының уәждерін тыңдаған Әбіш қатты ашуланып, оны мұндай асығыс қадамға барудан бас тартқызып, оқуын жалғастыруға көндірген.

1-тыңдаушы:

  1958 жылдың жазында Алматыда ол Киев азаматтық авиация институтына түсуге емтихан тапсырды. Қазақ азаматтық авиация басқармасында конкурстық іріктеуден табысты өтіп, авиация жоғары оқу орнына түскен Нұрсұлтан осындай қуанышты хабармен туған ауылына оралды. Бірақ ол күтпеген жағдай болып, ру ақсақалдары да, шақырылған отбасылық кеңес те оның бұл бастамасын құптамай, алыс жерге аттануына қарсылық танытады. Жасы үлкендерді сыйлап өскен, ересектерге қарсы келіп үйренбеген әрі әке-шешесін ренжітпеуді де ойлаған Нұрсұлтан бұл шешімге мойынсынып, астанаға барып, құжаттарын қайтарып алады. 

Ересек өмірдің табалдырығында

2-тыңдаушы:

1960 жылдың 13 сәуірінде үздік оқып, училищенің қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін Украина ЛКЖО-сының Днепродзержинск қалалық комитеті Нұрсұлтан Назарбаевты екінші рет мақтау грамотасымен марапаттады, ал 1960 жылдың 26 сәуірінде ол училищені үздік бітіріп шықты. Емтихан комиссиясының шешімі бойынша оған «8 разрядты екінші горновой» мамандығы берілді. Жылдар өте келе, ол өзінің білім алуының нәтижесін бы-лай деп бағалайды: «Иә, шынында да, ешқандай жоғары оқу орны менің 1,5 жыл ішінде Днепродзержинск училищесінде алған білімімді бере алмас еді. 

3-тыңдаушы:

Ол мамандығы бойынша домна пештерінің горновойы болып жұмыс істеу үшін Қарағанды металлургия зауытына ауыстырылады және 1 шілдеде Қарағанды металлургия зауытының домна цехы құю машиналарының 5 разрядты шойыншысы болып қабылданады. 1960 жылғы 3 шілдеде, өзінің 20 жасқа толуы қарсаңында, Назарбаев горновойдың көмекшісі ретінде сол кездегі Қазақстан мен Орта Азиядағы алғашқы әрі жалғыз домна пешінің іске қосылуына тікелей қатысады. Тәжірибелі шебер ретінде Нұрсұлтан Назарбаев та алғашқы қазақстандық болып шойынды балқытады.

4-тыңдаушы:

1973 жылдың күзі Нұрсұлтан Назарбаевтың тағдырына жаңа бетбұрыс әкелді, соның нәтижесінде ол заң жүзінде де, іс жүзінде де еліміздің партиялық элитасының құрамына енді. Жұмысында байқалған жоғары кәсібилік, стратегиялық ойлау және күмәнсіз ұйымдастырушылық дарын оның кандидатурасын Қарағанды металлургия комбинаты партия комитетінің хатшысы қызметіне ұсыну үшін даусыз негіз болып еді. 1977 жылдың наурызында Назарбаев Қарағанды облыстық партия комитетінің өнеркәсіп жөніндегі хатшысы, ал сол жылдың желтоқсанында екінші хатшысы болып сайланады.

3.Бейнебаян.«1желтоқсанҚазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» 6 мин.2 сек.

Оқытушы:

Өз ойларыңызды ортаға салыңыз.

Есейген шағы

5-тыңдаушы:

Н.Ә. Назарбаев 1984 жылдың 22 наурызында 43 жасында Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы болып тағайындалып, КСРО-дағы одақтас республиканың ең жас премьер-министрі атанды. Оның үкімет басшысының лауазымына тағайындалуы іс жүзінде Кеңес Одағында қайта құрудың басталуымен тұспа-тұс келді. КОКП Орталық комитетінің жаңа бас хатшысы М.С. Горбачев жариялаған қайта құру, жариялылық пен жеделдете даму бағытын барлық кеңес халқы сияқты, Назарбаев та дәуірдің объективті пісіп-жетілген белгісі әрі іс-әрекетке басшылық ретінде үлкен ықыласпен қабылдады. 

6-тыңдаушы:

Өзі Министрлер Кеңесінің төрағасы болып тағайындалардан сәл ғана бұрын Н.Ә. Назарбаевтың ол кезде әлі КОКП Орталық комитетінің хатшысы болып істейтін М.С. Горбачевпен айтулы кездесуі болған. Сонда Горбачев: «Қалай деп ойлайсың, өзіңнің жөн арқаң мықты ма еді?» — деп сұраған. «Алда қиын кезеңдер тұр, — деп түсіндірді ол.

— Тегеурінді шайқастар мен күрестер болады. Оңайға түспейді».

7-тыңдаушы:

Н.Ә. Назарбаевтың қатқыл сөздермен білдірген қарсылығына қарамастан, Қазақстан халқы өзінің заңды өкілдері Парламент депутаттары арқылы — 2010 жылдың 14 маусымында бұл мәселе жөнінде бірауыздан шешім қабылдады. Қағидаттық тұрғыдан алғанда, бұдан көп бұрын

Н.Ә. Назарбаевтың тұлғасы мен атқарған істеріне деген құрмет сезімнің белгісі ретінде, бірқатар шет елдерде оның есімі көзінің тірісінде мәңгі есте қалдырылып, тиісті мемориалдық объектілер салынуын ескергенде, бұл шешім әбден қисынды болып көрінеді.

8-тыңдаушы:

Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы 1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бiтiрдi. Экономика ғылымдарының докторы. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларусь ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры. 1960-1969 жылдары Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді. 1969-1973 жылдары Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.

9-тыңдаушы:

1973-1977 жылдары – Қарағанды металлургия комбинатының партком хатшысы. 1977-1979 жылдары – Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-хатшысы. 1979-1984 жылдары – Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы. 1984-1989 жылдары – Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы. 1989-1991 жылдары – Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы, 1990 жылғы ақпан-сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы. 1990 жылдың сәуірінен – Қазақстан Республикасының Президенті. 1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстан Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 процент) жеңіске жетті.

10-тыңдаушы:

1995 жылдың 29 сәуірінде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды. 1999 жылдың 10 қаңтарында өткен баламалы сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78 процент дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президентi болып қайта сайланды. 2005 жылдың 4 желтоқсанында сайлаушылардың 91,5 процент дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.2011 жылдың 3 сәуірінде сайлаушылардың 95,5 процент дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды. Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы. Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы. "Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясының төрағасы. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы.

11-тыңдаушы:

Зайыбы – Сара Алпысқызы Назарбаева, 1992 жылдың ақпан айынан бері - Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының негізін салушы және президенті. 1994 жылдың шілде айынан С.Назарбаева - "SOS - Қазақстанның балалар қалашықтары" қорының президенті. Президенттің үш қызы бар. Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева (1963 ж.т.), үлкен қызы. Екі ұл, бір қызы бар. Саяси ғылымдар докторы. 5-ші шақырылған Парламент Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитеттің төрайымы. Құлыбаева Динара Нұрсұлтанқызы (1967 ж.т.), ортаншы қызы. Бір ұл, екі қыз тәрбиелеп отыр. 2004 жылдан бері - Қазақстан-Британ техникалық университеті директорлар кеңесінің төрайымы. Назарбаева Әлия Нұрсұлтанқызы (1980 ж.т.), кіші қызы. Екі қыз тәрбиелеп отыр. «Элитстрой» құрылыс компаниясының басшысы.

Оқытушы:

Н.Ә.Назарбаев бірқатар ғылыми еңбектердің және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері мен қоғамдық-саяси тақырып бойынша кітаптардың авторы. Еңбектерін кезекпен оқыңыздар.

4-тапсырма.Н.Ә.Назарбаевтың еңбектерімен танысыңыз.

1.«Важнейшее условие интенсификации» (А., 1983),
2.«Стальной профиль Казахстана» (А., 1984),
3.«Экономика Казахстана: реальность и перспектива становления» (А., 1988),
4.«Без правых и левых» (М., 1991),

5.«Стратегия развития Казахстана как суверенного государства» (А., 1992),
6.«Стратегия ресурсосбережения и переход к рынку» (М., 1992),
7.«Идейная консолидация общества как условие прогресса Казахстана» (А., 1993),
8.«Нарық және әлеуметтік-экономикалық даму» (А., 1994),
9.«Ғасырлар тоғысында» (А., 1996),
10.«Евразийский союз: идеи, практика, перспективы» (М., 1997),
11.«Тарих толқынында» (А., 1997),
12.«О времени, о судьбах, о себе...» (Лондон, 1997),
13.«Стратегия трансформации общества и возрождение евразийской цивилизации» (М., 2002),
14.«Бейбітшілік кіндігі» (А., 2002),
15.«Сындарлы он жыл» (А., 2002),
16.«Еуразия жүрегінде» (А., 2005).

5.Білгенге маржан

Н.Ә.Назарбаевтың нақыл сөздерін есте сақтаңыз!

1.Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде.

2.Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.

3.Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек.

4.Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман.

5.Ең сенімді валюта - адамның еңбегі, мұны есте сақтау керек.

6.Нағыз патриот - өз елін мақтайтын емес, нағыз патриот кемшіліктерді байқап, оларды түзеуге ықпалдасатындар.

7.Білімді дамыта алмайтын елдің болашағы жоқ.

8.Адамдарға ақыл-парасат өз өмірін жақсарту үшін берілген.

9.Уақытты таңдамайды - онда өмір сүреді.

10.Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тiккен адаммын. Маған ары үшiн жанын садаға ететiн осындай тектi халыққа, менi ұлым деп, перзентiм деп төбесiне көтерген халыққа, арғы-бергiдегi қазақ баласының бiрде-бiрiнiң пешенесiне бұйырмаған бақытты – толыққанды, тәуелсiз мемлекет құрудың басында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенiң керегi жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабiлетiмдi, бiлiм-бiлiгiмдi аямай жұмсаймын, қандай тәуекелге де барамын.

11.Қиындық атаулыны жеңетiн бiр-ақ күш бар, ол – бiрлiк. Елiңдi, жерiңдi қорғау үшiн бiрлiк қаншалықты қажет болса, Тәуелсiздiк жемiстерiн, бүгiнгi қол жеткен табыстарымызды сақтап қалу үшiн де ол сондай қажет.

12.Шынын айту керек, азаттық жолы – кедiр-бұдыр, Тәуелсiздiк соқпағы – соқтықпалы. Қиындық көп. Алынар асулар да ауыр. Ынтымағымызды ыдыратпай, бiрлiгiмiздi божыратпай жұмыла бiрiксек, ауыр жүгiмiздiң жеңiлдерi анық.
Бұл сөздерiмдi мен ең әуелi өз халқыма – қазақтарға, қала бердi күллi қазақстандықтарға арнап отырмын.
Мен елге сенемiн. Елiм де маған сенедi деп ойлаймын… Өйткенi сөзiмiз – адал, iсiмiз – ақ.

6.Кластерді толтырыңыз.

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік

ұлттық университетінің құрметті профессоры.

Н.Ә.Назарбаев кім?

Сабақты қорытындылау:

Оқытушы: 1991 жылы 1 желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.
Біздің Президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.
Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н. Ә. Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен Отанымыз әлемге танылды. Еліміз елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар - намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.Осымен «Ғасырдың ғажап азаматы- Н.Ә.Назарбаев» атты ашық сабағымызды аяқтаймыз.

Назарларыңызға рақмет! Сау болыңыздар!

Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Ғасырдың ғажап азаматы – Н.Ә.Назарбаев"

Автор: Қоқышева Ләззат Қабділмәжитқызы

Дата: 12.12.2016

Номер свидетельства: 368570

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "Ғасырдың ғажап азаматы – Н.Ә.Назарбаев"
    ["seo_title"] => string(38) "g_asyrdyn_g_azhap_azamaty_n_nazarbaiev"
    ["file_id"] => string(6) "368569"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1481516424"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "Ғасырдың ғажап азаматы - Нұрсұлтан Назарбаев"
    ["seo_title"] => string(43) "gasyrdyn_gazhap_azamaty_nursultan_nazarbaev"
    ["file_id"] => string(6) "529345"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1575013749"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) ""Мені? елім-мені? болаша?ым" "
    ["seo_title"] => string(31) "mienin-ielim-mienin-bolashag-ym"
    ["file_id"] => string(6) "191296"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427290639"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "Елімнің жүрегі Астана"
    ["seo_title"] => string(25) "ielimnin_zhurieghi_astana"
    ["file_id"] => string(6) "393696"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1487561690"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Мені?  т???ыш президентім"
    ["seo_title"] => string(27) "mienintungyshpriezidientim2"
    ["file_id"] => string(6) "289204"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454758093"
  }
}

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства