kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?.М?сіреповты? "Ананы? анасы"??гімесіне арнал?ано?ырман конференция

Нажмите, чтобы узнать подробности

М?СІРЕПОВ ?АБИТ МАХМ?Т?ЛЫ

Конференцияны?  та?ырыбы: ?. М?сіреповты? «Ананы? анасы» шы?армасында?ы     «Мені? атым-?йел» ана  бейнесі.

Ма?саты: 1. ?. М?сірепов шы?армаларынан ал?ан білімдерін  шы?дай отырып,ана бейнесін ашу.

2.Шы?армашылы? ж?мыс?а баулу, ?з бетімен зерттеу, ізденуге жетелеу, ??гімелеу, мазм?ндау ?абілеттерін арттыру.

3.?з хал?ыны?  салт-д?ст?рін білу, ана?а  ??рмет  к?рсету,  ?лкендерді сыйлау, с?йіспеншілік ?асиеттерін арттыру.

Ж?ргізуші 1: ?айырлы к?н ??рметті ?она?тар, о?ырмандар! ?.М?сіреповты? 110жылды?ыны? тойына    кітапхана?а ?ош келді?іздер!

Ж?ргізуші 2: С?леметсіздер ме, к?пшілік ?ауым! «Хал?ымызды? ?ткен ?асырда бастан кешкен сан ?илы к?рделі та?дыры М?сіреповті? ??дыретті ?аламы ар?ылы ?зіні?і к?ркемдік бейнесін тапты. Оны? ?дебиеттегі зор е?бегі к?зі тірісінде ?зіні? жо?ар?ы ба?асын алды» -деп ба?ала?ан болатын елімізді? Президенті Н.Назарбаев.

Біз б?гін ?аза? ?дебиетіні? классигі, XX ?асырды? ?лы суреткері, к?рнекті ?о?ам ?айраткері М?сірепов ?абит Махм?т?лын еске алу кешіне жиналып отырмыз.

?.М?сірепов ?алдыр?ан мол ?деби м?ра - халы? казынасы, ел ма?танышы.

Ж?ргізуші 1: Б?гінгі еске алу кешінде жазушыны? ?мірбаянымен танысып шы?айы?. (Слайд к?рсетіледі)

 О?ушы: М?сірепов ?абит Махм?т?лы (1902-1985) - ?аза?ты? ?йгілі жазушысы, ?о?ам ж?не мемлекет ?айраткері, ?аза? КСР ?ылым академиясыны? академигі, ?деби сыншы, аудармашы, Социалистік Е?бек Ері, ?аза?станны? халы? жазушысы, ?аза? КСР ?ылым академиясыны? Абай атында?ы ж?не Ш.У?лиханов атында?ы мемлекеттік сыйлы?тарыны? лауреаты.

       ?азіргі Солт?стік ?аза?стан облысыны? Жамбыл ауданында д?ниеге келген. Ал?аш?ыда ауыл молдасынан арабша хат таны?ан. ?абит жастайынан ?уелі екі жылды? ауылды? орыс мектебінде, кейін т?рт жылды? жо?ары бас?ыш орыс мектебін бітірген. 1923-26 жылдары Орынбор ?аласында?ы ж?мысшы факультетіне (рабфак) о?у?а т?сіп, оны бітірісімен Омбыда?ы ауыл шаруашылы? институтында о?ы?ан. 1927-1928 жылдары - Бурабай орман шаруашылы?ы техникумында о?ытушы, 1928-1933 жылдары ?аза? мемлекеттік баспасыны? бас редакторы, 1934-1938 жылдары «Социалистік ?аза?стан» (Егемен ?аза?стан) газетіні? редакторы, ?аза? АКСР Халы? а?арту комиссариаты ?нер секторыны? ме?герушісі, ?аза? ?лкелік комитетіні? баспас?з б?ліміні? ме?герушісі, ?аза?стан Компартиясы саяси-а?арту б?ліміні? ме?герушісі ?ызметтерін ат?арды.

          О?ушы: 1938-1955 жылдары біры??ай шы?армашылы? ж?мыстармен айналыс?ан. 1956-1957 жылдары - «Ара» - «Шмель» журналыны? бас редакторы, 1957-1985 жылдары ?аза?стан Жазушылар ода?ы бас?армасыны? бірінші хатшысы.1958 жылдан КСРО Министрлер Ке?есі жанында?ы ?дебиет, ?нер ж?не с?улет салалары бойынша Лениндік ж?не Мемлекеттік сыйлы?тары ж?ніндегі комитетті? м?шесі бол?ан. ?.М?сіреповті? т???ыш повестеріні? ?атарына «Тула?ан тол?ында» мен «Американ бидайы?ы» шы?армалары жатады. Жас жазушыны? болаша?ынан ?міт к?ттірген б?л туындылар азаматты? та?ырыпты тол?айды. ?.М?сірепов  ??гіме жанрыны? ?ркендеуіне ?лкен ?лес ?осты. Ал?аш?ы шы?армаларынан-а? жазушылы? шеберлігімен таныл?ан.«?ос шал?ар», «К?к ?йдегі к?ршілер», «Ш??ыла», «?здіксіз ?су», «Жайлау жолында», «Т?т?ын ?ыз», Же?ілген Есрафил» та?ы бас?а ??гіме, повестерінде е?бек адамдарыны? ?иынды??а толы ?ажырлы ?мірі мен азамат со?ысы, ?жымдастыру кезіндегі д?рбеле? о?и?алар легі суреттеледі.

       О?ушы: «Талпа? танау» ??гімелері мен «Бір адым кейін, екі адым ілгері» повесі жыл аралатып барып, бірінен кейін бірі жары? к?реген. Оны? б?л шы?армалары ?аза? ?дебиетіне жазу стилі ?алыптас?ан, к?ркемдік шеберлігі ерекше жа?а суреткерді? келгенін жария еткен еді. Шы?армашылы? жолыны? бір белесін аналар туралы ??гімелер топтамасымен т?йіндеген жазушы енді ке? тынысты туынды жазу?а кіріседі. Екінші д?ниеж?зілік со?ысты? ая?ын ала ол ?зіні? т?л?алы туындысы «?аза? солдаты» романын жаз?ан. Роман ты? та?ырыбымен, образдарыны? к?ркем бейнеленуімен, сюжет ??ру шеберлігімен, тартымды тамаша тілімен та?даулы ?аза? романдарыны? ?атарына ?осылады. Б?дан кейін ол ара?а біраз уа?ыт салып барып, ?зіні? е? ірі салалы да сали?алы шы?армасы «Оян?ан ?лке» романын жариялайды.

        О?ушы:?аза? прозасыны? шо?ты?ы биік туындысы санал?ан осы романынан кейін жазушы ?айтадан ша?ын жанр?а ойысады. С?йтіп ??гіме жанрында зергер суреткерлігімен таныл?ан ізденімпаз жазушы, к?ркемдік шеберлігін бар?ан сайын шы?дап, ?р ??гіме, повесі сайын жа?а бір белеске к?теріліп отырады. 1968 жылы «Кездеспей кеткен бір бейне» кітабы ?шін Абай атында?ы республикалы? сыйлы? алады. Ара?а бес алты жыл салып барып, прозада?ы со??ы елеулі туындыларыны? бірі «?лпан» повесін жариялайды. Сонау отызыншы жылдарда а? ?лкен драматург екенін танытып, «?ыз Жібек» операсыны? либреттосын, «?озы К?рпеш Баян с?лу» пьесасын берген ?.М?сірепов кейінгі жылдарда да б?кіл ?аза? драматургиясыны? тамаша туындысы болып табыл?ан «Амангелді», «А?ан сері - А?то?ты»,«болаша??а аманат», «?ыпша? ?ыз Аппа?», «?айран Майра» атты драмалы? шы?армаларын жаз?ан.

     О?ушы: Сценариін Б.Майлин, В.Ивановпен бірігіп жаз?ан «Амангелді» фильмі (1938) ?аза? кино ?неріні? ал?аш?ы баспалда?ы саналса, «Махаббат туралы дастан», «?ыз-Жібек» (1970)  фильмдері ?аза? кино ?неріні? алтын ?орынан орын ал?ан туындылар.

К?ркем аудармада О.Генри, С.Тагарао, М.Горький, М.Шолохов, У.Шекспир, К.Симонов, А.Штейн, Ж.Мольер, та?ы бас?а ?аламгерлер пьесаларын ?аза? тіліне аудар?ан.

?.М?сірепов - к?рнекті ?о?ам, мемлекет ?айраткері. 1932 жылы шілде айында ол республика?а танымал адамдармен бірлесе отырып, халы?ты? басына т?нген ашты? н?убеті жайында БКП(б) ?аза? ?лкелік комитетіне «Бесеуді? хатын» жолда?ан.

        О?ушы: ?абит М?сірепов ?зіні? ?о?амды?, публицистік, журналистік, сыншылды? ?ызметімен де ту?ан хал?ыны? м?дениетіні? дамуына зор е?бек сі?ірді. Алайда ?аза? хал?ы оны ?лкен суреткер жазушы деп таниды, к?ркем с?зді? хас шебері деп біледі, ??рмет т?тады. ?ш м?рте Ленин орденімен ж?не екі м?рте Е?бек ?ызыл Ту орденімен,Октябрь Революциясы орденімен ж?не к?птеген медальдармен марапаттал?ан.

    ?аза? мемлекеттік балалар мен жас?спірімдер театрына  жазушыны? есімі берілген.

1991 жылы ?айраткер т?р?ан ?йде ?.М?сірепов атында?ы ?деби-мемиоралды? м?ражай ?йі ашыл?ан.

         О?ушы: 2002 жылы 100 жылды? мерейтой ?араса?ында Солт?стік ?аза?стан облысында?ы бір                                   аудан?а, Астана ?аласында?ы к?шелерді? біріне ?.М?сіреповті? есімі беріліп, Алматыда?ы ?аза? мемлекеттік балалар мен жас?спірімдер театры алдына ?олдан ескерткіш м?сіні ?ойыл?ан.

Кітапханашы:    Отызыншы жылдарды? орта шенінде жазушыны М. Горькийді? ана та?ырыбына жаз?ан романтикалы? ??гімелері ?ызы?тырады. Гуманист жазушы М. Горькийді? адам деген арда?ты атты жо?ары ба?алауы, ?мірге рух себуші, тіршілік иесі аналарды? ?о?амда?ы р?лі ?. М?сіреповке ?лкен ой салды. Ол М. Горькийді? «Адамны? анасы» ж?не «?лімді же?ген ана» атты екі новелласын аударып, ?зі де «Ананы? анасы», «Ашын?ан ана», «Ананы? арашасы (1934), «Ер ана» (1942), «А?лима» (1944) атты ??гімелерін жазды.

   «Ананы? анасы» (1934) атты ??гімесіні? мазм?ны ел арасына ке? тара?ан а?ыздан алын?ан. М?нда елді шауып, жазы?сыз жас ?ызды зорлап алып бара жат?ан батырды ?ыз анасыны? с?збен то?татып, же?гені, с?йтіп, оны? ?ызын жау ?олынан азат етуі баяндал?ан. Шы?арманы? мазм?ны, ?йтілес а?са?алды? «етектей са?алын балуан сауса?тарымен салалап тарап» ?ойып ?ткен ?мір о?и?асын баяндауынан басталады. ??гімеде намыс?а шабар білегі, ?ділетті таныр ж?регі бар, біра? ел ?кімдеріні? алдауына т?скен а??ал батыр Жалпа? балуанны? Бала биді? ?олшо?пары болуы, ж?регін жарып шы??ан ?ызыны? та?дырына шырылдап арашашы бола білген абзал ананы? ?жеттігі айтылады.

?абит М?сіреповты? ана та?ырыбына арнал?ан ??гімелерді?  бірі «Ананы? анасы» ??гімесінен ?зінді сіздерді? назарлары?ыз?а! О?ушылар к?рініс к?рсетеді.

Содан со? о?ушылар?а с?ра?тар беріліп, со?ан жауаптарын тындап ??гімені тал?ылады.

1. ?.М?сірепов ?ай жылдар арасында ?мір с?рген?(1902-1985).

2. «Ананы? анасы»шы?армасы жанрды? ?ай т?рі?(??гіме)

3. «Ананы? анасы» ??гімесіні? кейіпкерлерін атап шы?ындар (Жалпа? балуан, Ана, ?ызы, Керей балуан, ?ызды? ?кесі,?телес ?арт)

4. Ананы? ерлігіні?, батылды?ыны? себебін айтындар.

5. Ананы? жалынбай-саспай ?ыры? жігітті билеп ?кететін ??діретті к?ші неде деп ойлайсындар?

6. Ананы? бейнесін атап шы?ындар.

7. Балаларды? жаттап отыр?андарын ?мытып ?йтілес ??гімесін ?йып ты?дауларыны? себебі неде?

8. Балалар сендер ??гімедегі ананы? орнында болса?дар ?здерінді ?алай к?рсетушеді?дер?

9. Жалпа? балуанны? орнында болса?дар не істереді?дер?

10. Жалпа? балуан неменеден же?ілді деп ойлайсы?дар.

Назарлары?ыз?а к?п рахмет!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Солт?стік ?аза?стан облысы

А?жар ауданы

№2 Ленинград орта мектебі

 

           

?.М?сіреповты?

«Ананы? анасы» ??гімесінен о?ырман конференция

 

 

 

 

 

 ?ткізген: Ережепова М.Х.

 

 

 

 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?.М?сіреповты? "Ананы? анасы"??гімесіне арнал?ано?ырман конференция »

 


МҮСІРЕПОВ ҒАБИТ МАХМҰТҰЛЫ

Конференцияның тақырыбы: Ғ. Мүсіреповтың «Ананың анасы» шығармасындағы     «Менің атым-әйел» ана  бейнесі.

Мақсаты: 1. Ғ. Мүсірепов шығармаларынан алған білімдерін  шыңдай отырып,ана бейнесін ашу.

2.Шығармашылық жұмысқа баулу, өз бетімен зерттеу, ізденуге жетелеу, әңгімелеу, мазмұндау қабілеттерін арттыру.

3.Өз халқының  салт-дәстүрін білу, анаға  құрмет  көрсету,  үлкендерді сыйлау, сүйіспеншілік қасиеттерін арттыру.

Жүргізуші 1: Қайырлы күн құрметті қонақтар, оқырмандар! Ғ.Мүсіреповтың 110жылдығының тойына   кітапханаға қош келдіңіздер! Жүргізуші 2: Сәлеметсіздер ме, көпшілік қауым! «Халқымыздың өткен ғасырда бастан кешкен сан қилы күрделі тағдыры Мүсіреповтің құдыретті қаламы арқылы өзініңі көркемдік бейнесін тапты. Оның әдебиеттегі зор еңбегі көзі тірісінде өзінің жоғарғы бағасын алды» -деп бағалаған болатын еліміздің Президенті Н.Назарбаев. Біз бүгін қазақ әдебиетінің классигі, XX ғасырдың ұлы суреткері, көрнекті қоғам қайраткері Мүсірепов Ғабит Махмүтұлын еске алу кешіне жиналып отырмыз. Ғ.Мүсірепов қалдырған мол әдеби мүра - халық казынасы, ел мақтанышы.


  Жүргізуші 1: Бүгінгі еске алу кешінде жазушының өмірбаянымен танысып шығайық. (Слайд көрсетіледі)  Оқушы: Мүсірепов Ғабит Махмұтұлы (1902-1985) - қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, әдеби сыншы, аудармашы, Социалистік Еңбек Ері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ КСР Ғылым академиясының Абай атындағы және Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты. Қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында дүниеге келген. Алғашқыда ауыл молдасынан арабша хат таныған. Ғабит жастайынан әуелі екі жылдық ауылдық орыс мектебінде, кейін төрт жылдық жоғары басқыш орыс мектебін бітірген. 1923-26 жылдары Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетіне (рабфак) оқуға түсіп, оны бітірісімен Омбыдағы ауыл шаруашылық институтында оқыған. 1927-1928 жылдары - Бурабай орман шаруашылығы техникумында оқытушы, 1928-1933 жылдары Қазақ мемлекеттік баспасының бас редакторы, 1934-1938 жылдары «Социалистік Қазақстан» (Егемен Қазақстан) газетінің редакторы, Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариаты өнер секторының меңгерушісі, Қазақ өлкелік комитетінің баспасөз бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Компартиясы саяси-ағарту бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.  Оқушы: 1938-1955 жылдары бірыңғай шығармашылық жұмыстармен айналысқан. 1956-1957 жылдары - «Ара» - «Шмель» журналының бас редакторы, 1957-1985 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы.1958 жылдан КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы әдебиет, өнер және сәулет салалары бойынша Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі комитеттің мүшесі болған. Ғ.Мүсіреповтің тұңғыш повестерінің қатарына «Тулаған толқында» мен «Американ бидайығы» шығармалары жатады. Жас жазушының болашағынан үміт күттірген бұл туындылар азаматтық тақырыпты толғайды. Ғ.Мүсірепов  әңгіме жанрының өркендеуіне үлкен үлес қосты. Алғашқы шығармаларынан-ақ жазушылық шеберлігімен танылған. «Қос шалқар», «Көк үйдегі көршілер», «Шұғыла», «Үздіксіз өсу», «Жайлау жолында», «Тұтқын қыз», Жеңілген Есрафил» тағы басқа әңгіме, повестерінде еңбек адамдарының қиындыққа толы қажырлы өмірі мен азамат соғысы, ұжымдастыру кезіндегі дүрбелең оқиғалар легі суреттеледі. Оқушы: «Талпақ танау» әңгімелері мен «Бір адым кейін, екі адым ілгері» повесі жыл аралатып барып, бірінен кейін бірі жарық көреген. Оның бұл шығармалары қазақ әдебиетіне жазу стилі қалыптасқан, көркемдік шеберлігі ерекше жаңа суреткердің келгенін жария еткен еді. Шығармашылық жолының бір белесін аналар туралы әңгімелер топтамасымен түйіндеген жазушы енді кең тынысты туынды жазуға кіріседі. Екінші дүниежүзілік соғыстың аяғын ала ол өзінің тұлғалы туындысы «Қазақ солдаты» романын жазған. Роман тың тақырыбымен, образдарының көркем бейнеленуімен, сюжет құру шеберлігімен, тартымды тамаша тілімен таңдаулы қазақ романдарының қатарына қосылады. Бұдан кейін ол араға біраз уақыт салып барып, өзінің ең ірі салалы да салиқалы шығармасы «Оянған өлке» романын жариялайды. Оқушы:Қазақ прозасының шоқтығы биік туындысы саналған осы романынан кейін жазушы қайтадан шағын жанрға ойысады. Сөйтіп әңгіме жанрында зергер суреткерлігімен танылған ізденімпаз жазушы, көркемдік шеберлігін барған сайын шыңдап, әр әңгіме, повесі сайын жаңа бір белеске көтеріліп отырады. 1968 жылы «Кездеспей кеткен бір бейне» кітабы үшін Абай атындағы республикалық сыйлық алады. Араға бес алты жыл салып барып, прозадағы соңғы елеулі туындыларының бірі «Ұлпан» повесін жариялайды. Сонау отызыншы жылдарда ақ үлкен драматург екенін танытып, «Қыз Жібек» операсының либреттосын, «Қозы Көрпеш Баян сұлу» пьесасын берген Ғ.Мүсірепов кейінгі жылдарда да бүкіл қазақ драматургиясының тамаша туындысы болып табылған «Амангелді», «Ақан сері - Ақтоқты»,«болашаққа аманат», «Қыпшақ қыз Аппақ», «Қайран Майра» атты драмалық шығармаларын жазған. Оқушы: Сценариін Б.Майлин, В.Ивановпен бірігіп жазған «Амангелді» фильмі (1938) қазақ кино өнерінің алғашқы баспалдағы саналса, «Махаббат туралы дастан», «Қыз-Жібек» (1970)  фильмдері қазақ кино өнерінің алтын қорынан орын алған туындылар. Көркем аудармада О.Генри, С.Тагарао, М.Горький, М.Шолохов, У.Шекспир, К.Симонов, А.Штейн, Ж.Мольер, тағы басқа қаламгерлер пьесаларын қазақ тіліне аударған. Ғ.Мүсірепов - көрнекті қоғам, мемлекет қайраткері. 1932 жылы шілде айында ол республикаға танымал адамдармен бірлесе отырып, халықтың басына төнген аштық нәубеті жайында БКП(б) қазақ өлкелік комитетіне «Бесеудің хатын» жолдаған. Оқушы: Ғабит Мүсірепов өзінің қоғамдық, публицистік, журналистік, сыншылдық қызметімен де туған халқының мәдениетінің дамуына зор еңбек сіңірді. Алайда қазақ халқы оны үлкен суреткер жазушы деп таниды, көркем сөздің хас шебері деп біледі, құрмет тұтады. Үш мәрте Ленин орденімен және екі мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен,Октябрь Революциясы орденімен және көптеген медальдармен марапатталған. Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрына  жазушының есімі берілген. 1991 жылы қайраткер тұрған үйде Ғ.Мүсірепов атындағы әдеби-мемиоралдық мұражай үйі ашылған. Оқушы: 2002 жылы 100 жылдық мерейтой қарасаңында Солтүстік Қазақстан облысындағы бір ауданға, Астана қаласындағы көшелердің біріне Ғ.Мүсіреповтің есімі беріліп, Алматыдағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театры алдына қолдан ескерткіш мүсіні қойылған. Кітапханашы:    Отызыншы жылдардың орта шенінде жазушыны М. Горькийдің ана тақырыбына жазған романтикалық әңгімелері қызықтырады. Гуманист жазушы М. Горькийдің адам деген ардақты атты жоғары бағалауы, өмірге рух себуші, тіршілік иесі аналардың қоғамдағы рөлі Ғ. Мүсіреповке үлкен ой салды. Ол М. Горькийдің «Адамның анасы» және «Өлімді жеңген ана» атты екі новелласын аударып, өзі де «Ананың анасы», «Ашынған ана», «Ананың арашасы (1934), «Ер ана» (1942), «Ақлима» (1944) атты әңгімелерін жазды.    «Ананың анасы» (1934) атты әңгімесінің мазмұны ел арасына кең тараған аңыздан алынған. Мұнда елді шауып, жазықсыз жас қызды зорлап алып бара жатқан батырды қыз анасының сөзбен тоқтатып, жеңгені, сөйтіп, оның қызын жау қолынан азат етуі баяндалған. Шығарманың мазмұны, Әйтілес ақсақалдың «етектей сақалын балуан саусақтарымен салалап тарап» қойып өткен өмір оқиғасын баяндауынан басталады. Әңгімеде намысқа шабар білегі, әділетті таныр жүрегі бар, бірақ ел әкімдерінің алдауына түскен аңғал батыр Жалпақ балуанның Бала бидің қолшоқпары болуы, жүрегін жарып шыққан қызының тағдырына шырылдап арашашы бола білген абзал ананың өжеттігі айтылады. Ғабит Мүсіреповтың ана тақырыбына арналған әңгімелердің бірі «Ананың анасы» әңгімесінен үзінді сіздердің назарларыңызға! Оқушылар көрініс көрсетеді. Содан соң оқушыларға сұрақтар беріліп, соған жауаптарын тындап әңгімені талқылады. 1. Ғ.Мүсірепов қай жылдар арасында өмір сүрген?(1902-1985). 2. «Ананың анасы»шығармасы жанрдың қай түрі?(әңгіме) 3. «Ананың анасы» әңгімесінің кейіпкерлерін атап шығындар (Жалпақ балуан, Ана, қызы, Керей балуан, қыздың әкесі,Әтелес қарт) 4. Ананың ерлігінің, батылдығының себебін айтындар. 5. Ананың жалынбай-саспай қырық жігітті билеп әкететін құдіретті күші неде деп ойлайсындар? 6. Ананың бейнесін атап шығындар. 7. Балалардың жаттап отырғандарын ұмытып Әйтілес әңгімесін ұйып тыңдауларының себебі неде? 8. Балалар сендер әңгімедегі ананың орнында болсаңдар өздерінді қалай көрсетушедіңдер? 9. Жалпақ балуанның орнында болсаңдар не істередіңдер? 10. Жалпақ балуан неменеден жеңілді деп ойлайсыңдар.

Назарларыңызға көп рахмет!



















































Солтүстік Қазақстан облысы

Ақжар ауданы

2 Ленинград орта мектебі



Ғ.Мүсіреповтың

«Ананың анасы» әңгімесінен оқырман конференция











Өткізген: Ережепова М.Х.












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
?.М?сіреповты? "Ананы? анасы"??гімесіне арнал?ано?ырман конференция

Автор: Ережепова Махабат Хайржановна

Дата: 16.02.2015

Номер свидетельства: 174246


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства