Б.з.д. I м.ж Орта Азия, Таяу ж?не Орта Шы?ыс жерлерінде Ассирия мен Мидия мемлекеттері ??рылады. YI ?асырда Мидия мемлекетіні? орнын Ахеменид мемлекеті басады. Бір топ парсы тайпаларыны? к?семі II Кир оны? негізін салады, б.з.д. 550 жылы Мидияны тал?андап ба?ындырады, тіпті Орта Азияны? о?т?стік аудандарын ?зіне ?аратып, орасан зор империя ??рады. Б.з.д. 530-522 жылдар арасында Ахеменид державасыны? ??рамына Парфия мен Хорезм, Бактрия мен Со?диана, Са?а енеді, ал Орта Азия мен ?аза?стан территориясын мекендеген халы?тарды Ахеменидтер не жаулап алады, не ба?ындырады. К?не деректерге ж?гінсек, бактриялы?тарды? со?дылар мен хорезмдіктерді? теріскей жа?ын “желдей ж?йрік атты к?шпелі турлар” мекендеген. Парсы деректерінде турлар – са?тар деп аталды, е?іреген ерлер деген с?зді білдірді, ал грек авторларыны? туындыларында олар “скифтер” деп атал?ан. Б.з. I ?асырында?ы к?не Рим о?ымыстысы Плинийді? ?лкені: “Яксартты? (Сырды? к?не аты) ар?ы бетінде скиф тайпалары т?рады. Парсылар оны са?тар дейді. Скиф хал?ыны? саны к?п. Олады? ішінде ?йгілісі са?тар, массагеттер, дайлар, иссидондар, аримасптар” деп жазады. Гректер мен парсылар скифтер мен са?тар атын айт?анда б?рінен де б?рын туыс тайпаларды? сансыз к?п ода?тарын айтса керек.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
3.Сақтардың орналасуы. Саяси тарихы мен қоғамдық құрылысы. Сақ қоғамының сипаты: әскери-демократиялық.
4.Шаруашылығы мен тұрмысы, қоғамдық-әлеуметтік құрылысы. Кәсіптері мен сауда.
Б.з.д. I м.ж Орта Азия, Таяу және Орта Шығыс жерлерінде Ассирия мен Мидия мемлекеттері құрылады. YI ғасырда Мидия мемлекетінің орнын Ахеменид мемлекеті басады. Бір топ парсы тайпаларының көсемі II Кир оның негізін салады, б.з.д. 550 жылы Мидияны талқандап бағындырады, тіпті Орта Азияның оңтүстік аудандарын өзіне қаратып, орасан зор империя құрады. Б.з.д. 530-522 жылдар арасында Ахеменид державасының құрамына Парфия мен Хорезм, Бактрия мен Соғдиана, Сақа енеді, ал Орта Азия мен Қазақстан территориясын мекендеген халықтарды Ахеменидтер не жаулап алады, не бағындырады. Көне деректерге жүгінсек, бактриялықтардың соғдылар мен хорезмдіктердің теріскей жағын “желдей жүйрік атты көшпелі турлар” мекендеген. Парсы деректерінде турлар – сақтар деп аталды, еңіреген ерлер деген сөзді білдірді, ал грек авторларының туындыларында олар “скифтер” деп аталған. Б.з. I ғасырындағы көне Рим оқымыстысы Плинийдің үлкені: “Яксарттың (Сырдың көне аты) арғы бетінде скиф тайпалары тұрады. Парсылар оны сақтар дейді. Скиф халқының саны көп. Оладың ішінде әйгілісі сақтар, массагеттер, дайлар, иссидондар, аримасптар” деп жазады. Гректер мен парсылар скифтер мен сақтар атын айтқанда бәрінен де бұрын туыс тайпалардың сансыз көп одақтарын айтса керек.
Парсының сына жазуында сақтардың үш тобы айтылады: парадарайя (теңіздің арғы бетіндегі сақтар), хаомаварга – сақтар (хаома сусынын жасайтын сақтар), тиграхауд-сақтар (шошақ бөрікті сақтар). Бірқатар зерттеушілердің пікірінше, парадарайя сақтары Арал өңірінде, Сырдария мен Амударияның төменгі ағысында немесе Қара теңіздің теріскей бетінде өмір сүрген, тиграхауд - сақтары Сырдарияның орта аймағы мен Тянь - Шяньды мекендеген, хаомаварга- сақтар Мұрғаб алқабынан қоныс тепкен.
Саяси тарихы. Сақтардың парсылармен соғысы көптен белгілі. Мысалы, Кир сақ патшайымы Томириспен соғысқан. Б.з.б. 519-518 жылдары сақтарға қарсы I Дарий жорық ашқан. Антик авторлары Полиэн Дарийдің аса үлкен қолмен сақ жеріне баса көктеп кіргенін жазады. Шөл далада олар қырыла жаздап, жорық сәтсіз аяқталады. Бірақ соңында Дарий сақтарды бағындырып, алым - салық төлеуге, өз жауынгерлерін парсы соғыстарына қатысуға мәжбүр еткен. Парсы әскерлерінің құрамындағы сақтар Мысыр мен Грециядағы соғыстарға қатысады. Фермофоль, Палатея жанындағы шайқаста ерлік көрсеткен.
Сақтар тарихының бір беті А. Македонскийге қарсы күреспен байланысты. Б. з. д. 330-327 жылдары А. Македонский Соғданың астанасы Мараканданы басып алып, Сырдарияға бағыт алады. Бұл кезде дария отырықшылары мен көшпелілердің арасындағы шекара болған. Александр басып алып, өз әскерін қойған қалалар Сырдарияның сол жағалауы болды.
Александрдың бұйрығы бойынша Сырдария жағасынан Александрия Асхата (Шеткі Александрия) қаласы салынды. Өзеннің екінші жағынан сақтар садақ оғын жаудырады. А. Македонский өзеннен оларды қуады, бірақ қалаға қайта баруға мәжбүр болады. Осылайша сақтарды бағындырғысы келген ойы сәтсіз аяқталады. Бұдан кейін де Орта Азия мен Орта Шығыстың тарихында сақтар маңызды рөл атқарды. Мысалы, б. з. б. III ғасыр - б.з.б. III ғасыр аралық тарихына ықпал жасаған Парфия мемлекетінің құлауына, Грек – Бактрия патшалығының талқандалуына, Кушан империясының құрылуына ат салысады.
Сақтардың қоғамы. Сақтар қоғамы қалай ұйымдастырылды деген сауал осы кезге дейін ғалымдар таласын тудырумен келеді.
Жазба деректерде өздерінің дәулетіне, шұғылданатын іс- әрекетіне, рөліне қарай сақтар қоғамына адамдардың қандай тобы кіргені туралы мәліметтер өте аз.
Тек Рим тарихшысы Квинт Курций Руф қана сақтарда тәңір егіншілерге – соқа мен қамыт, жауынгерге – сүңгі мен оқ, абызға табақ сияқты сиқырлы сыйлықтар берген деген аңызды қайталап айтады.
Осыған сүйеніп, сақ қоғамында халықтың үш тобы болған деп болжам жасай аламыз: олар- жауынгерлер (жауынгердің ежелгі үндіирандық аты “арбада тұрған”, “ратайштар”); 2) абыздар жігі – олардың танымал белгісі құрбан табақ пен айрықша бас киім болған; 3) қауымшыл сақтар, “сегізаяқтар” жігі яғни, соқаға жегетін екі өгізі барлар жігі. Аты аталған осы жіктердің әрқайсысының өзіне тән дәстүрлері болған. Жауынгерлерге қызыл және сары- қызыл, абыздарға , қауымшылдарға – сары мен көк түстер таңдалып беріледі.
Көсемдер мен патшалардың тұлғаларына айрықша тоқталып өту керек. Бәрінен де бұрын сақ тайпаларының көсемдері әскери жіктердің өкілдері болған. Гректер оларды басилевс - патша деп атаған. Жауынгерлер мен патшалардың белгісі жебелі садақ екен. Патша садағын баласына әрі мұрагеріне тапсырып отырған, сол себепті де жауынгерлер мен патшалар зиратына садақ пен жебелерді бірге қойған. Садақты мейлінше шебер ату патшаларға тән қадыр- қасиет болған. Мереке – мейрам атаулының бәрінде де садақ атып, нысанаға дәл тигізе білуде сынап кору тегіннен тегін өткізілмеген, ежелгі дәстүр бойынша садақшылардың ең мергені әлгідей мейрам кезінде ел- жұртты билеу хұқын алған.
Сонымен бірге патша көктемгі жер жырту басталғанда бірінші борозданы тартқан, дәстүр бойынша ол әрі қойшының тәрбиеші ұстазы саналған, бұл оның халықпен тығыз байланысын көрсетіп отырған. Патша жауынгерлер жігіне жатуының үстіне ол тағы құдайлардың қалаулысы, көк пен жер арасының дәнекері, дүниенің кіндігі, жердегі бақ- дәулет көзі болған. Халық дәулеті оның дене күші мен рухани қуат- жігерне байланысты болған. Ол халықтың барша жіктерінің бейнесі деп танылған.
Археологиялық материалдар сақ қоғамының жіктерге немесе топтарға бөлінгенін дәлелдеп беруде. Бұл ең әуелі өлік қойылатын обалар көлемдерінің айырмашылығынан байқалады. Бесшатыр қорымын қарағанда, орасан зор обалардың - көсемдердікі, орташа обалар- жауынгерлердікі, уақ обалардың- қауымның қатарындағы мүшелерінікі екендігі бірден анық көрінеді. Ұйғарақ қорымының дәп ортасындаа көсемдер мен текті жауынгерлердің ішінде садақ, жебе, айбалта, күргі сияқты қару- жарақ түрлері толығынан қойылған аумақты обалар бар. Ал, оның шығыс бөлігінде абыз әйелдердің, ішіне тас- құрбандық жозалары, айналар мен қына кесектері қоса қойылған обалары бар, батыс бөлігінде - қауымның қатарындағы мүшелерінің қарапайым молалары томпайып жатыр. Есік обасынан табылған сақ жазуының олжасымен бірге бұл жәйт сақтарда ертедегі таптық қоғам, бәлкім, мемлекеттің де болғанының куәсі секілді болып көрінеді.
Сақтардың шаруашылығы. Байтақ дала мен тау алқаптарын игеру дәуірі, мал шаруашылығының дамып, жетекші салаға айналуы, оның егіншілікпен ұштасу дәуірі сақтар уақытымен байланысып жатыр. Әлем халықтарының мал шаруашылығын зерттеу ісі, оның вариантының көп болғанын - көшпелі әрекеттен бақташылыққа (отарлық шаруашылық) дейін болғанын көрсетіп берген. Жазғы жайлауларынан қысқы жайылымдарға ұзақ көшетін көшпелі мал шаруашылығы Батыс Қазақстанға, ішінара Оңтүстік Қазақстанға тән болған. Көшпелі мал шаруашылығында бүкіл ру - тайпа мал-жанымен, дүниесімен бірге көшкен. Олар көлдер мен өзендер жағасын мекендеген. Қысқы мекен жайлар ұзақ тұруға арналмайтын. Көшпелілердің негізгі малы жылқы, түйе, қой болған.
Жартылай көшпелі мал шаруашылығы тұрақты қысқы және жазғы мекен - жайлары болуын алдын - ала ойлаған. Қысқы тұрақтар үшін жертөлелер мен жартылай жертөлелер салынған. Мұндағы жұрттың бір бөлігі жаз шыға, келер қысқа азық - түлік дайындау үшін қыстауға қалып, егіншілікпен айналысқан. Мал шаруашылығының осы түрі Шығыс Қазақстан мен Жетісуда, Орта және Батыс Қазақстанның бір қатар аудандарында етек алды. Мал шаруашылығының 3-ші түрі отырықшы шаруашылық болған. Мұнда халықтың бір бөлігі ұдайы егіншілікпен шұғылданып, отырықшы болып қалатын. Ал, екінші жартысы жазғы жайлау, қысқы өрістерге көшіп, қайта оралып отырған. Шаруашылықтың бұл түрі Қазақстанның оңтүстігінде - Сырдария мен Арыс, Келес алқаптарында орын алды.
Жылқы өсіру сақтар мал шаруашылығының аса маңызды бағыттарының бірі болды. Орталық Қазақстанда жүргізілген қазба жұмыстары жылқының екі тұқымы болғанын анықтады: 1) басы үлкен, аяғы жуан, денесі шомбал, жатаған жылқы; 2) шоқтығы биік, бойшаң, сымбатты жылқы, оны жауынгерлер мінген.
Алтайдағы Пазырақ обаларын қазған кезде табылған 80 ат қалдағының материалдары бойынша жылқының 4 тұқымы бөлініп шығарылды. Ірі денелі жүрдек аттар селекция нәтижесінде пайда болған. Оларды көсемдер мен батырлар мінген. Жылқылардың жаңа тұқымын шығарудың ісінде Ферғана, Бактрия, Парфия сияқты көрші елдерде асыл тұқымды жылқыларды пайдаланды. Таңдаулы ереуіл аттарды жоғары бағалаған, егер иесі қаза тапса, аттары иесімен бірге о дүниеге кеткен. Ең маңызды түліктің бірі қой болды. Сақтарда маңдай алды дөңестеу ірі қойлар көп тараған. Сақтардың арасында түйе шаруашылығы, әсіресе Батыс және Оңтүстік Қазақстандық далалық шөлейіт аудандарда өркен жаяды. Көшпелілер мүйізді ірі қараның жыл бойы жайылымнан қорек табатын тұқымын шығарды. Сиырдың көшпелі тіршілікке бейімшіл тұқымының өзгерген айырмасы - өнімділігі төмен, тірілей салмағы аз, ж ем- шөпті онша талғамайтын, суыққа төзімді тебін малы болған.
Қыстау маңындағы егін сақтарды астықпен қамтамасыз еткен. Олар тары, арпа, бидай еккен. Оңтүстік Сырдария алқабында сақтардың Шірік- Рабат, Бәбіш- молла, Баланды секілді қоныстары төңірегіндегі егістіктерді жарма тартып суғарып отырған.
Кәсіптері мен сауда. Сақ тайпалары арасында металл өндіру және оны өңдеу, әсіресе қола құюға байланысты кәсіпкершіліктері мен кәсіптері жоғары дамыған. Мамандардың есептерінше кен рудаларын темір, мыс, қалайы, қорғасын, алтын, күміс өндіру зор көлемде жүрген. Мысалы, Имантау кенді орнынан 3 миллион пұт мыс рудасы, ал Жезқазған мен Успенскіден 10 мың және 26 мың пұт руда өндірген, сол рудалардың дені сақтар заманында өндірілгені анықталды. Сақ ісмерлері қоладан қанжарлар, оқ жебелері, сүңгі ұштары, аттың қайыс - әбзелдерін, әшекейлер, айналар, қазандар, ыдыстарын жасаған.
Сақтардың қазандары мен құрбандық жозылары Жетісу жерінен Іле алқабы мен Ыстықкөл маңынан өте көп табылған. Қазандары сфера іспеттес тағанды болып келеді және таған бұттары малдың аяғы секілденіп жасалады. Қазандар тұтқасы тұзақ тәрізді, кейбіреулерінің жиектері жануарлар бейнесімен бедерленген. Мысалы, Алматы төңірегінен табылған қазандардың бір қанаты таутеке бейнесімен әсемделген.
Құрбандық жозылары төртбұрышты немесе дөңгелекше, жиектері сәл көтеріңкі үстел тәріздес, бірнеше аяқты немесе жалғыз аяқты болып келеді. Олардың көлемі әртүрлі – үлкен “үстелден” бастап, тап- тұйнақтай кішкене бұйымға дейін болады.
Композициясы мүлде өзгеше құрбандық жозысы Алматы территориясынан, бұрынғы қасиетті ғимарат орнынан табылды, одан жағылған от күлі, жануарлар сүйектері мен керамика сынықтары араласқан тұтас қабаттары бар дөңгелек қыш тұрғы- платформа табылды. Конус тәрізді тағанға орнатылған дөңгелек табақ жиегі 15 бұқа бейнесімен әшекейленген. Ал, табақтың бетіне, артына сәл бұрылып, бұқаларды садақпен атып тұрған салт атты, оның жанынан білте салынатын түтік бейнесі бейнеленіпті. Бәлкім, салт атты “мүйізді малдың иесі” “бұқаларды айдап тастайтын” Митраның өзін бейнелеген шығар. “Жетісу михрабы” деген атпен мамандарға кеңінен белгілі болған құрбандық жозысы да Алматы түбінен табылды, ол кенересі көтеріңкі тікбұрыш іспетті, алып жүруге қолайлы тұтқасы бар жоза. Оның табақшасы тұйақты малдың аяғы сияқты төрт тағанға қондырылған. Жозы жиегімен қанатты жыртқыштар “ жүріп келе жатқандай” болып көрінеді.
Құрбандық шырақтар, тегі, отқа табынушылық рәсіміне байланысты туған секілді, сонымен бірге қазандармен қоса (әдетте қазанмен бірге табылады) мал жазғы жайлауға шығатын көктемгі және жайлау маусымы біткесін, шөбі шүйгін тау ішінде семіріп алған үйір- үйір жылқы мен отар- отар қой ұбырып - шұбырып баурайға түсетін күздегі мейрамдарға пайдаланған. Әлбетте, мұндай мейрамдар тау етегіндегі табиғаты тамылжып тұрған әсем алқаптарда өткізілгендігі, тайқазандарға тағам әзірлеп, ал құрбандық жозыларымен және шырақтармен әшекейленген қасиетті орындарда құдай жолына құрбандық шалынған.
Сауда. Еуразияның далалары мен таулы алқаптарын сақтар билеп тұрған кезеңде Батыс және Шығысты, Жерорта теңіз аймағы мен Қытайды байланыстырған халықаралық сауда басталады. Б. з. дейінгі I мың жылдықтың орта кезінде дала жолы пайда болады, бұл жолмен 40- параллель бойын қуалай, далалы аймақтарға бағалы тауарлар жеткізіліп отырған, Хуанхэнің үлкен ирек иінінен басталған жол Алтайдың шығыс және теріскей сілемдерін, Қазақстан мен Қаратеңіз өңірлерінің ұлан далаларын кесіп өтіп, гректер мен этрустар жеріне дейін жетеді екен.
Геродоттың сипаттауына қарағанда, дала жолы Қаратеңіз өңірімен жүріп, Дон жағалауына, сосын Оңтүстік Орал өңіріндегі савраматтар жерінен Ертіс бойына, одан әрі жоғары Ертіс алқабын мекендейтін Алтайдағы агриппилер еліне жеткен, содан шығандап Моңғолия мен Қытайға қарай кететін болған. Осынау жолдың ұзыннан - ұзақ бір бөлігі Ққазақстанды кесіп көктей өтеді. Қытай жібегі мен Иран кілемдері осы жолмен сақтарға келіп жетеді, олардың жұрнақтары Алтайдағы Пазырық обаларын қазған кезде табылады
Негізгі әдебиеттер:
ИсмагуловО. Население Казахстана от эпохи бронзы до современности. - А., 1970.
Масанов Н.Э., Абылхожин Ж.Б. История Казахстана. Народы и культуры. –М., 2000.
Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін.4 томдық. 1 т. -А.,1996.
Қазақстан тарихы. Очерктер. –А.,1993.
Ә.Байбатша. Қазақ даласының ежелгі тарихы. –А., 2001.