kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Баяндама "Заманға сай педагогикалық технологияларды қолдану негізінде оқытудың тиімділігін арттыру"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Баяндама мұғалімдер мен білім саласында жұмыс істейтін қызметкерлерге

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Баяндама "Заманға сай педагогикалық технологияларды қолдану негізінде оқытудың тиімділігін арттыру"»

Заманға сай педагогикалық технологияларды қолдану негізінде

оқытудың тиімділігін арттыру

Бүгінгі бала – еліміздің ертеңгі маманы. Ол ХХІ ғасырда бәсекеге қабілетті әрі табысты болуы үшін еңбек нарығында сұранысқа ие болуы қажет. Біздің қазіргі кезде балаларға үйретіп жүргеніміздің барлығы, атап айтқанда, оқу-жазу дағдылары, математика, қаржы, мәдениет және азаматтық сауаттылық, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – бәрі де күнделікті тұрмыстың қарапайым мәселелерін шешуге ғана мүмкіндік береді.

Өзгермелі өмір болса, адамның күрделі тапсырмаларды орындай білуін талап етеді. Мұндай қабілет қалыптастыру үшін оқушыларға классикалық білім берумен қатар, сыни, шығармашылық ойлауға, топ ішінде жұмыс жасауға үйрету керек. Балалардың бойына білімқұмарлық, ынталылық, табандылық, көшбасшылық сияқты қасиеттерді, әлеуметтік және мәдени сапаларды сіңіру қажет.

Классикалық білім білгізуді, түсіндіруді мақсат етеді. Жаңартылған білімде қолдану, талдау, жинақтау және бағалай білуге көңіл бөлінеді.

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы төрт жылға есептелген, осы уақыттың ішінде біз оқу бағдарламаларының мазмұнын толықтай жаңартып үш тілде білім беру жүйесін енгізіп, басқа да маңызды жобаларды іске асыруымыз қажет. Бүгінде біз бұл бағдарламаны енгізуге дайынбыз, өйткені оны қабылдамас бұрын бірнеше жылдар сынақтан өту мен зерттеулерді жүргізуге арналды. Бағдарламаны іске асыруды бастайтын уақыт келді.

Ұрпақтың болашағына мемлекет ғана емес, ең алдымен ата-аналар, отбасылар, педагогтар, қоғамның белсенді мүшелері жауапты. Біз қазақстандық білім беру туралы идеяның әлемдік деңгейде іске асуы жолында бірігуіміз қажет.

Еліміз егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық салаларында, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру, жаңа технологияларды енгізу, компьютерлендіру бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруға жол ашуда

Елбасы өз Жолдауында «ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады» деп атап өтті. Өйткені, соңғы жылдары пайда болған «ілімге негізделген экономиканы» ескермесе болмайды. Әлемдік бәсекелестік заманда әрбір адамның білім санасын, қабілеттік деңгейін іскерлік мүмкіншілігін анықтайтын адам ресурстарын дамыту мәселелері күн тәртібіне өткір қойылып, адамның білімі мен біліктілігі қазіргі кезеңде мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігінің ең маңызды көрсеткішіне айналып отыр. Бүгінгі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті – білім берудің ұлттық модуліне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу.

Қазақстанның экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын, әлемдік өркениетті көтерілетін білімді де мәдениетті, парасатты, денсаулығы мықты азамат тәрбиелеп шығару – бүгінгі мектеп, ұстаздар қауымының міндеті.

Шәкәрім «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді» деп есептейді. Құнды қасиеттерге адамды баулу – туған кезден басталса керек. Адамның адам болып қалыптасуында ата-аналармен қатар тәрбиеші мен мұғалімнің орны зор. Ендеше ұрпақ тәрбиесі - бұл болашақ тірегі, мемлекеттік маңызды іс.

Қазіргі педагогика теориясы жаңашылдыққа бет бұрып, білім беру мазмұны жаңарып жаңа көзқарас  пайда болуына байланысты даму бағытын қамтитын 50-ден астам оқыту технологиялары өмірге келді. Мысалы, саралап деңдейлеп оқыту технологиясы, тұлғаны жекелей дамытуға бағытталған технология, модульдік оқыту технологиясы, жеделдетіп оқыту технологиясы және тағыда басқа оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда.

Оқытудың жаңа технологиясын жете меңгерген, оны оқушылардың жас және психологиялық ерекшелігіне қарай таңдап пайдаланудың маңызы зор.

Қорыта келе, қазіргі кездегі барлық білім беру технологияларының алдына қоятын мақсаты - білім алушының жеке басының дара және дербес  ерекшіліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыру болып табылады. Педагогикалық технологиялардың оқыту үрдісіндегі жүйесі – мақсат, мазмұн, әдіс-тәсіл, амал - жол  екендігін ұмытпаған жөн. Себебі, жаңа педагогикалық технология ұстаз  шеберлігін жетілдіруге ықпал жасап, шәкірттің  ойлау қабілетінің ұштала түсуіне әсерін тигізеді, сонымен бірге әлеуметтік рухани жан дүниесінің маңыздылығын іріктеуге, ізгілікті жағын дамытуға бағыттайды және өзінің психологиялық даралық сипатын анықтауға ниеттендіреді. Сонымен қатар білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау, білімді қабылдау, оқу тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияны қолдануды басты назарда ұстау керек. Әрбір ұстаз күнделікті сабақта компьютер, интерактивті тақтаны тұрақты пайдаланумен қатар, электронды оқулық және интернет материалдары арқылы оқушының пәнге деген ынтасын арттыра түсуге міндетті.

Бүгінгі таңда танымал болып отырған оқыту технологияларын белсенді түрде қолдана білсек, жаңа мазмұнды білім беру процесі нәтижелі болып, оның сапалық көрсеткіштерін арттыру қиынға соқпайтыны белгілі. Олай болса оқытуды ізгілендіру жағдайында, өздігінен даму бағдарын анықтап, дамитын және өздігінен дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп өсіруші, өзін - өзі тәрбиелеуші тұлға қалыптастыруға тілектеспін.

ХХI ғасырдың бет-бейнесі біліммен өлшенбек. Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне,  даму бағытына тікелей байланысты. Бүгінгі қоғамның ұстаздар алдына қойып отырған басты міндеті, артар жүгі – сапалы білім берумен қатар жан-жақты дамыған, өзіндік ой-пікірі қалыптасқан, өмірде ойын жүзеге асыра алатын тұлға қалыптастыру. Тұлға қалыптастыруда – оның тәні мен жанын қатар дамыту, танымдық қызығушылығын дамытудың әдіс тәсілдерін іздеу, анықтау, жүйелеу, қолдану.

Білім және ғылым министрі Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиев: Қазақстан жаңа білім беру жүйесіне көшеді. Жаңа білім беру жүйесі ол білімнің санына емес, функционалдық сауаттылыққа негізделу керек деп атаған болатын. Сол себепті де білім беру мекемелерінде болып жатқан өзгерістерді біздің болашақ ұрпақтарымыздың қажеттілігі, еліміздің алға жылжуы, қоғамымыздың саналы болуы үшін жасалып отырған жағдай деп түсінуге болады.

Астана қаласындағы № 67гимназиясы 2011 жылдың 4 сәуірінде ашылды. Гимназияның мақсаты мен бағыты оқушыларға мемлекеттік тілмен қатар шетел тілдерін үйрету. Сол себепті 1-сыныптан бастап ағылшын тілі пәні, 2-сыныптан қытай тілі, 3-сыныптан неміс тілі, 5-сыныптан француз тілдері жүргізіледі. Яғни гимназияны бітірген оқушы өзінің ана тілінен басқа бірнеше шетел тілдерін үйреніп шығады.

Мектебімізде педагог қызметкерлердің жалпы саны 107 болса, сапалық құрамы жағынан 41 жоғары санатты, 15 бірінші санатты, 23 екінші санатты ұстаздар жұмыс жасайды.

Мектеп қабырғасындағы оқушылар күнделікті алып жатқан білімдерін жан-жақты дамытуда шетелдерде өтетін халықаралық ғылыми жобаларға, олимпиадаларға қатысып, білімін жетілдіріп отырады. Ал, қазіргі ұстаздар қауымының алдына зор міндет қойылып отыр, ол 2016 жылдың 1-сыныптарына жүргізіліп отырған Жаңартылған білім мазмұнында үш тілді енгізген. Үш тілділік бүгінгі заманның қажетті саясаты, себебі өзімізді айтар болсақ Қазақстанның бас қаласы Астанамызда білім алып отырған әрбір шәкірт, тіпті ұстаздарымыз да көп ұлттылықтың ортасында өмір сүріп жүргендіктен шетел қонақтарымен қоғамдық орындарда, мәдени орындарда кездескенде бір-бірлерімен сөйлесулеріне тиімді.

Көптілді білім беру арқылы – көп мәдениетті тұлғаны қалыптастырамыз. Жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылымды тануға, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік.










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Автор: Бәйімбетова Айнұр Аманқызы

Дата: 18.01.2018

Номер свидетельства: 450841

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(190) "Баяндама "Бастауыш сыныпта пәндерді оқытудағы жаңа технологияның білім сапасын көтерудегі тиімділігі""
    ["seo_title"] => string(80) "baiandama_bastauysh_synypta_p_ndierdi_ok_ytudag_y_zhan_a_tiekhnologhiianyn_bilim"
    ["file_id"] => string(6) "443954"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1513104708"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(218) "Баяндама. МАТЕМАТИКА П?НІН О?ЫТУДА ЖА?А ПЕДАГОГИКАЛЫ? А?ПАРАТТЫ?-КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ?ОЛДАНУДЫ? ТИІМДІЛІГІ "
    ["seo_title"] => string(128) "baiandama-matiematika-p-nin-ok-ytuda-zhan-a-piedagogikalyk-ak-parattyk-kommunikativtik-tiekhnologiialardy-k-oldanudyn-tiimdiligi"
    ["file_id"] => string(6) "230758"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1442249694"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(178) "«Жа?а а?паратты?  технологияны пайдалана отырып о?ушыларды? биология п?ніне ?ызы?ушылы?ын арттыру» "
    ["seo_title"] => string(111) "zhan-a-ak-parattyk-tiekhnologhiiany-paidalana-otyryp-ok-ushylardyn-biologhiia-p-ninie-k-yzyg-ushylyg-yn-arttyru"
    ["file_id"] => string(6) "141456"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1418127488"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) ""Жаңартылған білім мазмұны" баяндама"
    ["seo_title"] => string(39) "zhan_artylg_an_bilim_mazmu_ny_baiandama"
    ["file_id"] => string(6) "437319"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1510032436"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(159) "Баяндама.ДЕНЕ Т?РБИЕСІ САБА?ЫНДА О?ЫТУДЫ? ЖА?А ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ЕНГІЗУДІ? ТИІМДІ ЖА?ТАРЫ "
    ["seo_title"] => string(101) "baiandama-dienie-t-rbiiesi-sabag-ynda-ok-ytudyn-zhan-a-tiekhnologiialaryn-iengizudin-tiimdi-zhak-tary"
    ["file_id"] => string(6) "157518"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1421599761"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства