Наурыз –парсы тілінде жаңа күн деген сөз. Яғни бүл күн – біздің ата –бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері мерекеленіп келе жатқан жыл басы.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ұлыстың ұлы күні - Наурыз»
1
“ Ұлыстың ұлы күні -Наурыз!”
Наурыз –парсы тілінде жаңа күн деген сөз. Яғни бүл күн – біздің ата –бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері мерекеленіп келе жатқан жыл басы.
Бұл күні ешқандай реніш болмауы керек. Әрбір адам иманжүзділік көрсетіп, қуанышын білдіріп, күлімдей сүйініп, бар жақсылығын жайып салып, жадырап жүруге міндетті.
Алтыбақан
Жаңа сабаққа ену .
Тақырыбы: Қазақ халқының музыка өнері.
Музыка ( грек сөзінен аударғанда – музалар өнері)- белгілі ырғақты дыбыстардан тұрады, өмірдің барлық жағдайын дыбыс арқылы бейнелейді. Музыкада адамның жан дүниесі, көңіл күйі, сезімі, күш- жігері дыбыс түрінде көрініс табыды. Қазақ ежелден ән мен күйге бай халық. Қазақ халқының жиырмадан аса түрлі музыкалық аспаптары бар. Домбыра, қобыз, сыбызғы, шаңқобыз, дауылпаз, шертер, т.б
Қазақ халқы той думанды өлең жырмен жеткізген ән – күймен жеткізген. Халық өзінің ержүрек батырларын әнмен мақтап жағымсыз әрекеттерін өлеңмен сынаған. Қазақ әйелдері балаларын бесік жырымен жұбатқан.адамы қайтыс болса көңіл айту, жоқтау, қысқасын айтқанда қазақ кез келген сензімін өлеңдетіп, әндетәп жеткізген.
Күй қазақ халқының ертеден келе жатқан музыкалық шығармасы . Күй музыка аспабымен ғана орындалады
Күй шығармалары қорқыт Асанқайғыдан бастау алады.
Тәттімбет, Ықылас , Қазанғап, Құрманғазы сияқты атақты күйшілер болды.
Тұяқтас
Сілкілмелі музыкалық аспаптар ауылы
сақпан
Асатаяқ
қоңырау
Үрмелі аспаптар ауылы
Ұран
Соқпалы ұрмалы музыкалық аспаптар
Дабыра
Құрманғазы Сағырбайұлы – (1823-1889)- атақты күйші , сазгер. Құрманғазының өнерге әуестігі жас шағында байқалды Ол алты жасынан байдың қозысын бағып жүргенде , өзі жасап алған домбырасымен ауылда естіген ән –күйін тартып үйрене бастадыҚұрманғазы ержеткенде өзінің ұстазы , атақты домбырашы Ұзақпен ел аралап, өнер сайысына қатысып, домбыралық өнерін шыңдады.Оның тұңғыш шығармаларының бірі- “Кішкентай” атты күйін Исатай тайманұлы бастаған көтеріліске арнады. Оның түрмеден қашқан , Кісен ашқан , Адай, Ақсақ киік, Жігер Сарыарқа.
Құрманғазының жанына шәкірттері, жас күйшілер Дина нүрпейсова, Меңдіғали Сүлейменов, Ерғали Есжанов болды. Құрманғазының 60-тан астам күйі бар .Ол туралы озық ойлы орыс азаматы Н. Савичев Құрманғазы туралы “ Егер ол еуропалық білім алғанда , музыка әлеміндегі ең алып жұлдызға айналар еді”- деп жазған.
Ықылас Дүкенұлы (1843-1916) – белгілі күйші компазитор, қобызшы , қылқобызда ойнаудың шебері. Ол қарапайым малшы отбасында дүниеге келген Әкесі Дүкен қобыз тартқан, атасы, бабалары жыршы болған. Ықылас қобызда шебер ойнаумен қатар қобызға арнап шығармалар тудырған.
Ықылас күйі, Кертолғау, қамбар күйі, қорқыт күйі, жалғыз аяқ, Жезкиік, Қоңыр күйі т.б
Тәттімбет қазанқапұлы (1815-1862) – күйші компазитор, домбырашы , шертпе күй мектебінің негізін қалаушылардың бірі Тәттімбетке домбырашылық өнер арғы аталарынан дарыған. Жастайынан домбыра тартуға әуестенді. Домбыраны әкесі қазанғаптың інісі Әлиден үйренді анасы да баулиды. Өсе келе орта жүзге танымал күйші атанды. Оның 40- тан астам күйі бар Қосбасар, саржайлау, былқылдақ,сары өзен т.б күйлері болды. Оның шығармаларының бірі “Көкейкесті “ күйі. Осы күйдің өмірінің соңғы жылдары науқастанып жатып , көңілін сұрай келген азаматтарға арнайды.
Асанқайғы
Асанқайғы –Х V ғ өмір сүрген атақты ойшыл ақын. Қазақ хандығын құрған Жәнібек ханның қасында жүріп , оның жыршысы, ақылшысы болған.Асан өз халқының бүгінгі күні мен келешегін ойлап қайғыра бергендіктен оны Асанқайғы деп атап кеткен. Халқы бақытты өмір сүретін жер іздеген, ол оны Жерұйық деп атады Ол армандағы Жерұйықтың адамдарының бай кедейі болмайды бәрі тең бәрі қайғы қасіретсіз өмір сүреді . Жау алмайтын, суы сүт, тасы алтын, ағаш басы жеміс- жидекке толы құтты мекен. Асанқайғы сол Жерұйықты табу үшін дүниенің төрт бұрышын кезіп , таба алмай өкінішпен дүниеден өтеді .
Қорқыт баба
Қорқыт- V ІІІ ғ Сырдария төңірегін мекендеген қыпшақ –оғыз тайпаларынан шыққан атақты жырау, дарынды күйші, шебер қобызшы, кемеңгер ойшыл.
Қорқыт қазақтың музыкалық аспабы қобызды алғаш жасаған адам. Ол дүниені кезіп жүріп , қайда барса да көр қазып жатқандарды көреді ,ақыры дүниеде өзгермейтін еш нәрсе жоқ “ сынбас темір жоқ, өлмес өмір жоқ “екен дейдіСөйтіп мәңгілік өмірді халықтың ән күйінен іздейді. Өлмейтін ұмытылмайтын нәрсе ол адамның ігілікті ісі екенін түсінеді Содан кейін домбыра қобыз тартып өмірін күй шығарумен өткізеді Қорқыттың бізге оннан астам күйі жетті. Қорқыттың күйі әуенді, сазды, мағнасы терең, ойлы.