kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы құтты болсын"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы 22 наурызда тойланады. Наурыз - көне мейрам.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы құтты болсын"»

Наурыз – көне мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан орын алған. Бұл мейрамды ежелгі гректер “патрих”, бирмалықтар “су мейрамы”, тәжіктер “гүл гардон”, “бәйшешек”, “гүлнаурыз”, хорезмдіктер “наусарджи”, татарлар “нардуган”, буряттар “сагаан сара”, соғдылықтар “наусарыз”, армяндар “навасарди”, чуваштар “норис ояхе” деп түрліше атаған. Әбу Райхан Бируни, Омар һайям, т.б. еңбектерінде шығыс халықтарының Наурызды қалай тойлағандығы туралы мәліметтер мол. Мысалы, парсы тілдес халықтар Наурызды бірнеше күн тойлаған. Олар бұл күндерде әр жерге үлкен от жағып, отқа май құяды; жаңа өнген жеті дәнге қарап болашақты болжайды; жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже “сумалак” ұсынады; ескі киімдерін тастайды; ескірген шыны аяқты сындырады; бір-біріне гүл сыйлап, үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою – “күн символын” салады; үйдегі тіреу ағашқа гүл іледі; түрлі жарыстар (жамбы ату, т.б.) ұйымдастырады.

Наурыз – көне мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан орын алған. Бұл мейрамды ежелгі гректер “патрих”, бирмалықтар “су мейрамы”, тәжіктер “гүл гардон”, “бәйшешек”, “гүлнаурыз”, хорезмдіктер “наусарджи”, татарлар “нардуган”, буряттар “сагаан сара”, соғдылықтар “наусарыз”, армяндар “навасарди”, чуваштар “норис ояхе” деп түрліше атаған. Әбу Райхан Бируни, Омар һайям, т.б. еңбектерінде шығыс халықтарының Наурызды қалай тойлағандығы туралы мәліметтер мол. Мысалы, парсы тілдес халықтар Наурызды бірнеше күн тойлаған. Олар бұл күндерде әр жерге үлкен от жағып, отқа май құяды; жаңа өнген жеті дәнге қарап болашақты болжайды; жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже “сумалак” ұсынады; ескі киімдерін тастайды; ескірген шыны аяқты сындырады; бір-біріне гүл сыйлап, үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою – “күн символын” салады; үйдегі тіреу ағашқа гүл іледі; түрлі жарыстар (жамбы ату, т.б.) ұйымдастырады.

Қанша ғасыр сән берген даламызға, Өзгеше бір әні едің байтақ елдің. Сәлем, Наурыз! Сен біздің арамызға, Алпыс екі жылдан соң қайта келдің. Сен ең көне жырысың санамыздың, Рухи шаттығымсың тасып толған. Сені тойлап бабасы бабамыздың, Әжемнің әжесіне ғашық болған.

Қанша ғасыр сән берген даламызға,

Өзгеше бір әні едің байтақ елдің.

Сәлем, Наурыз!

Сен біздің арамызға,

Алпыс екі жылдан соң қайта келдің.

Сен ең көне жырысың санамыздың,

Рухи шаттығымсың тасып толған.

Сені тойлап бабасы бабамыздың,

Әжемнің әжесіне ғашық болған.

Ұлыстың қадам басып  ұлы күні, Үйдің де көктей жаздап тұр уығы. Көңіл де наурызбенен  шешек атсын, Жүректің сарқылмасын жылылығы.

Ұлыстың қадам басып

ұлы күні,

Үйдің де көктей жаздап

тұр уығы.

Көңіл де наурызбенен

шешек атсын,

Жүректің сарқылмасын

жылылығы.

Көз жүгіртем мынау байтақ көгіме, Көк тәңірі бақыт сила еліме. Ақ қар еріп, қыраттарға гүл шығып, Наурыз келді, Наурыз келді еліме. Наурыз көже таратылсын бәріңе, Қыдыр келіп қонақ болсын төрңіе. Қозы лағың ойнақ салып, қырларда, Жылқы ауылда құлын байлап желіге.

Көз жүгіртем мынау байтақ көгіме,

Көк тәңірі бақыт сила еліме.

Ақ қар еріп, қыраттарға гүл шығып,

Наурыз келді, Наурыз келді еліме.

Наурыз көже таратылсын бәріңе,

Қыдыр келіп қонақ болсын төрңіе.

Қозы лағың ойнақ салып, қырларда,

Жылқы ауылда құлын байлап желіге.

Құт береке, наурыз айым келді деп, Жер түледі, жасыл желек желбіреп. Айналайын атамекен, кең далам, Толықсиды жырға балқып, елжіреп. Аспанымда ақша бұлттар аунайды, Наурыз тойы көңілімді баурайды. Тебіренген табиғатта мәз мейрам, Аңқылдаған қазағымнан аумайды.

Құт береке, наурыз айым келді деп,

Жер түледі, жасыл желек желбіреп.

Айналайын атамекен, кең далам,

Толықсиды жырға балқып, елжіреп.

Аспанымда ақша бұлттар аунайды,

Наурыз тойы көңілімді баурайды.

Тебіренген табиғатта мәз мейрам,

Аңқылдаған қазағымнан аумайды.

22 Наурыз – Жыл басы.  Біздің данагөй халқымыз жаңа келген жыл басының алғашқы күнін  22 наурыздан бастап санаған. Бұл дәстүр Шығыстың басқа да халықтарында бар. Алайда наурыз айының бұл жұлдызында нағыз жаңа жылдың, жаңа күннің жаңаруы табиғи түрде бастау алатынын біздің бабаларымыздай дәл есептеп, уақытты мөлшерлей алған халық жоқ.

22 Наурыз – Жыл басы. Біздің данагөй халқымыз жаңа келген жыл басының алғашқы күнін 22 наурыздан бастап санаған. Бұл дәстүр Шығыстың басқа да халықтарында бар. Алайда наурыз айының бұл жұлдызында нағыз жаңа жылдың, жаңа күннің жаңаруы табиғи түрде бастау алатынын біздің бабаларымыздай дәл есептеп, уақытты мөлшерлей алған халық жоқ.

Мейрамның бастау алуы  Наурыз - өте көне мейрам. Мұнан 2,5 мың жылға жуық уақыт бұрын күн мен түннің аспандағы теңелу нүктесі тоқты шоқжұлдызы тұсында болғандығы, оны бабаларымыздың білгендігі мәлім болып отыр. Бұл шоқжұлдыздың тоқты шоқ-жұлдызы аталуының өзі-ақ оны дәлелдейді. Егерде бұл шоқ жұлдыздан қойды, оның мүйізін көздеріне елестетпесе дәл осылай атар ма еді? Әбу Райхан Бируни, ОмарҺаям, тағы да басқа ертедегі ғұламалардың шығармаларында наурыз мейрамы, оны сол кездегі халықтың қалай тойлағаны жөнінде деректер бар. Наурыздың парсы тілінде-гі «нау» (жаңа), «руз» (күн) деген сөзінен шыққанын еске алсақ, «нау» сөзінің индо-еуропалық халықтардың даралануынан да бұрын қолданы-лғаны, одан бері ғана 5000 жылдан астам уақыт өткендігі ойымызға оралады.

Мейрамның бастау алуы

Наурыз - өте көне мейрам. Мұнан 2,5 мың жылға жуық уақыт бұрын күн мен түннің аспандағы теңелу нүктесі тоқты шоқжұлдызы тұсында болғандығы, оны бабаларымыздың білгендігі мәлім болып отыр. Бұл шоқжұлдыздың тоқты шоқ-жұлдызы аталуының өзі-ақ оны дәлелдейді. Егерде бұл шоқ жұлдыздан қойды, оның мүйізін көздеріне елестетпесе дәл осылай атар ма еді?

Әбу Райхан Бируни, ОмарҺаям, тағы да басқа ертедегі ғұламалардың шығармаларында наурыз мейрамы, оны сол кездегі халықтың қалай тойлағаны жөнінде деректер бар. Наурыздың парсы тілінде-гі «нау» (жаңа), «руз» (күн) деген сөзінен шыққанын еске алсақ, «нау» сөзінің индо-еуропалық халықтардың даралануынан да бұрын қолданы-лғаны, одан бері ғана 5000 жылдан астам уақыт өткендігі ойымызға оралады.

Жыл басы болу себебі 22 наурыз неліктен Жыл басы? Себебі, қысқы ұзақ түн қысқара-қысқара келіп, наурыздың 21-інде он екіде 12 сағаттық уақыт болып теңеледі де 22 наурызда секөндтеп жарығы ұзара береді. Бұл да 22 наурыздың жыл басы болуына ғаламдық заңдылыққа сәйкес. Қазақтар жыл санауда өзге халықтардай ай мен күнге емес, негі-зінен жұлдыздардың қозға-лысына сүйеніп, есептеу жүргізген. Жаңа жылдың 22 наурызда басталуы Жердің Күнді айналуы жолындағы қозғалуының да ерекшелігіне сәйкес дұп-дұрыс. Және де көктем наурыз-дың жиырма екісінен, жаз маусымының жиырма екі-сінен, күз қыркүйектің жи-  ырма үшінен, қыс желтоқ-санның жиырма үшінен басталады. Жаңа жылдың 22 наурыздан басталуы Жерді Күннің айналуы жолындағы қозғалуы ерекшелігімен сәп-сәйкес.

Жыл басы болу себебі

22 наурыз неліктен Жыл басы? Себебі, қысқы ұзақ түн қысқара-қысқара келіп, наурыздың 21-інде он екіде 12 сағаттық уақыт болып теңеледі де 22 наурызда секөндтеп жарығы ұзара береді. Бұл да 22 наурыздың жыл басы болуына ғаламдық заңдылыққа сәйкес. Қазақтар жыл санауда өзге халықтардай ай мен күнге емес, негі-зінен жұлдыздардың қозға-лысына сүйеніп, есептеу жүргізген. Жаңа жылдың 22 наурызда басталуы Жердің Күнді айналуы жолындағы қозғалуының да ерекшелігіне сәйкес дұп-дұрыс.

Және де көктем наурыз-дың жиырма екісінен, жаз маусымының жиырма екі-сінен, күз қыркүйектің жи- ырма үшінен, қыс желтоқ-санның жиырма үшінен басталады. Жаңа жылдың 22 наурыздан басталуы Жерді Күннің айналуы жолындағы қозғалуы ерекшелігімен сәп-сәйкес.

Наурыздың Әзірбайжанда тойлануы

Наурыздың Әзірбайжанда тойлануы

Наурыз атаулары Халықаралық Наурыз мейрамын көп халық тойлайтындықтан, ол тұрмыс-салтында бағзы заман-нан-ақ орын алғандықтан, осынау үлкен мейрам әртүрлі аталады. Наурыз мейрамын ежелгі гректер «патрих», бирмалықтар «су мейрамы», тәжіктер «гүл гардон», «бәйшешек», «гүлнаурыз», хорезмдіктер «наусарджи», татарлар «нардуган», буряттар «сагаан сара», соғды-лықтар «наусарыз», армяндар «навасарди», чуваштар «норис ояхе» деп атап, сән-салтанатымен жоғары дең-гейде өткізген. Қазақтар бұл мейрамды «Әз-Наурыз» дейді. Халқымыздың ежелгі наным-түсінігінде «наурыз-дың алғашқы үш күнінде жер-көкті жарып ерекше дыбыс (гуіл) естіледі, оны тек қана жұмақтан шыққан қой, сол арқылы оны бағып жүрген қойшы ғана естиді. Бұл күні бүкіл табиғатқа, тіршілік иесіне, өсімдік, жан-жануарға ерекше сезім, қуат, қасиет нұры құйылады. Сол себепті, халқымыз «Әз болмай, мәз болмайды».

Наурыз атаулары

Халықаралық Наурыз мейрамын көп халық тойлайтындықтан, ол тұрмыс-салтында бағзы заман-нан-ақ орын алғандықтан, осынау үлкен мейрам әртүрлі аталады. Наурыз мейрамын ежелгі гректер «патрих», бирмалықтар «су мейрамы», тәжіктер «гүл гардон», «бәйшешек», «гүлнаурыз», хорезмдіктер «наусарджи», татарлар «нардуган», буряттар «сагаан сара», соғды-лықтар «наусарыз», армяндар «навасарди», чуваштар «норис ояхе» деп атап, сән-салтанатымен жоғары дең-гейде өткізген. Қазақтар бұл мейрамды «Әз-Наурыз» дейді. Халқымыздың ежелгі наным-түсінігінде «наурыз-дың алғашқы үш күнінде жер-көкті жарып ерекше дыбыс (гуіл) естіледі, оны тек қана жұмақтан шыққан қой, сол арқылы оны бағып жүрген қойшы ғана естиді. Бұл күні бүкіл табиғатқа, тіршілік иесіне, өсімдік, жан-жануарға ерекше сезім, қуат, қасиет нұры құйылады. Сол себепті, халқымыз «Әз болмай, мәз болмайды».

Ұлыстың мағынасы Бұл мекен-аймақ, әкімшілік мағынасындағы көне түркі сөзі. Негізінен, ұлыс түркі-моңғол халықтарында бірне-  ше мағыналы. Алтыншы ғасырда ол мекен, қала мағынасында айтылды. 13 ғасырда Шыңғыс хан әрбір  ұлына иелік бөліп бергенінде олар ұлыс деп аталды. 16-19 ғасырларда Сібірді мекендеген буряттар мен қал-  мақтарда рулық бірлестіктегі әкімшіліктің атауы – ұлыс болды. Сөйтіп, әрбір ұлыс орда саналды, оны ноян биледі, ұлыстар аймаққа, хотанға бөлінді, оларды старшындар басқарды. Бір-неше ұлыстың нояндары тайшыға бағынып, халқы отырықшы тіршілікпен шұғылданды. Ұлыс – Орта Азия халықтарында аймақ мағы-насында. Оны Ноғай ұлысы, он сан ноғай ұлысы деген атаулар дәлелдейді.

Ұлыстың мағынасы

Бұл мекен-аймақ, әкімшілік мағынасындағы көне түркі сөзі. Негізінен, ұлыс түркі-моңғол халықтарында бірне- ше мағыналы. Алтыншы ғасырда ол мекен, қала мағынасында айтылды. 13 ғасырда Шыңғыс хан әрбір ұлына иелік бөліп бергенінде олар ұлыс деп аталды. 16-19 ғасырларда Сібірді мекендеген буряттар мен қал- мақтарда рулық бірлестіктегі әкімшіліктің атауы – ұлыс болды. Сөйтіп, әрбір ұлыс орда саналды, оны ноян биледі, ұлыстар аймаққа, хотанға бөлінді, оларды старшындар басқарды. Бір-неше ұлыстың нояндары тайшыға бағынып, халқы отырықшы тіршілікпен шұғылданды. Ұлыс – Орта Азия халықтарында аймақ мағы-насында. Оны Ноғай ұлысы, он сан ноғай ұлысы деген атаулар дәлелдейді.

Наурыз туралы әфсаналар

Наурыз мейрамына байланысты аңыз әңгімелер көп. Біз енді соның кең тараған кейбіріне ғана тоқталсақ:

* Бір күні Сүлеймен пай-ғамбар сиқырлы жүзігін жоғалтып алады. Сөйтіп, сәл-пәл патшалығынан көз жазып қалмайды ма. Кейін жүзігін тауып алады. Бұл наурыз айында болған оқиға екен. Пайғамбардың жүзігі табылған күн содан бері Наурыз мерекесі болып тойланып келе жатқан көрінеді...

* Парсы патшасы Жәмшіт аңға шыққанында тартқан садағы аңға тимей, жартасты жалап өтіп, содан от ұшқыны пайда болып, жердегі саман шөпті тұтатып, от жағылады. Осылайша от пайда болып, ирандықтар оны киелі санап, өшірмей, ұдайы жағып, оған табынатын болыпты. Сол от пайда болған шақ – Наурыз күні екен...

* Түрік қағанатының патшасы Илхан соғыста жеңіліп, жау оны бала-шағасымен бірге қырып тастайды. Жалғыз-ақ, кенже ұлы Қаян мен жиені Тұқыз құтылып, әйелде-рімен жан сауғалап, тау қоршаған бір алқапқа барып жасырынады. Олар бұл жерге Ергенеқон деп ат қояды. Біраз уақыттан соң бұлардың ұрпақтары ол жаққа сыймай кетеді. Тек сол жерден сыртқа шығатын жол табылмайды. Сонда бір темір ұстасы тау қуысында темір кені барын, соны отпен балқыту арқылы сыртқа шығатын жол салуға болатынын айтады. Ақыры солай жасалып, халық сыртқа шығады. Бұл наурыз күні көрінеді...

Ұлыстың ұлы күнінде * Қытайдың ескі тарихи жазбаларында мынандай деректер бар: Ғұндардың патшасы (Тәңір құтылары) Наурыз күні таң алдында, Күн шығып келе жатқанында таудың басына көтеріліп, Күнге бетін бұрып, екі қолын көкке жайып тұрып, өзіне, еліне Тәңірден амандық пен жақсылық тілейді екен. Патша тілегін аяқтап, артына бұрылып қарағанында абыз 9 қоңыр күй тартады. Оның күйі аяқталғанында 365 жігіт қолындағы қобызымен 365 күй тартып, содан кейін ғана той басталады... * Ертеде грек патшасы Ұлыстың ұлы күні алтын тағынан түсіп, өзіне ұнаған қызметшісін оған бір күн отырғызған. * Ұлыстың ұлы күні байырғы Иран патшасы әділ уәзіріне өз шапанын сыйға тартқан. * Қазақтар ұлыстың ұлы күні басталатын түнде үйдегі ыдыстардың бәрін ырысқа (азық-түлікке), аққа және бұлақ суына толтырып қоятын болған.

Ұлыстың ұлы күнінде

* Қытайдың ескі тарихи жазбаларында мынандай деректер бар: Ғұндардың патшасы (Тәңір құтылары) Наурыз күні таң алдында, Күн шығып келе жатқанында таудың басына көтеріліп, Күнге бетін бұрып, екі қолын көкке жайып тұрып, өзіне, еліне Тәңірден амандық пен жақсылық тілейді екен. Патша тілегін аяқтап, артына бұрылып қарағанында абыз 9 қоңыр күй тартады. Оның күйі аяқталғанында 365 жігіт қолындағы қобызымен 365 күй тартып, содан кейін ғана той басталады...

* Ертеде грек патшасы Ұлыстың ұлы күні алтын тағынан түсіп, өзіне ұнаған қызметшісін оған бір күн отырғызған.

* Ұлыстың ұлы күні байырғы Иран патшасы әділ уәзіріне өз шапанын сыйға тартқан.

* Қазақтар ұлыстың ұлы күні басталатын түнде үйдегі ыдыстардың бәрін ырысқа (азық-түлікке), аққа және бұлақ суына толтырып қоятын болған.

Қазақ шежіресіндегі Наурыз Ертеден келе жатқан қазақ шежіресінде Наурыз, Алаш деген есімдер кездеседі. Олар бірге туысқан адамдар. Осы шежі-ренің жыр түріндегі үлгісін-де мынандай жолдар бар:  Қазақтан – Наурыз, Алаш – екі ұл туған,  Наурыздың деп айтады үлкен жасын.  Ұрпақсыз өлген Наурыз жазғытұры,  Келер жыл көктемде оның беріпті асын.  «Наурыз», - деп қойыпты атап жылдың басын.

Қазақ шежіресіндегі Наурыз

Ертеден келе жатқан қазақ шежіресінде Наурыз, Алаш деген есімдер кездеседі. Олар бірге туысқан адамдар. Осы шежі-ренің жыр түріндегі үлгісін-де мынандай жолдар бар:

Қазақтан – Наурыз, Алаш – екі ұл туған, Наурыздың деп айтады үлкен жасын. Ұрпақсыз өлген Наурыз жазғытұры, Келер жыл көктемде оның беріпті асын. «Наурыз», - деп қойыпты атап жылдың басын.

Наурыз – жорамал   1. Егерде «Қызыр» түні-нен кейін күн жанған оттай қызарып, қан-қызыл болып атса, ол жылы өлім-жітім, өрт көп болады, соғыс, қантөгістердің де тұтануы мүмкін.  2. Егерде күн түсі сары қы-  зыл тартып, ыстық леп бірден бетке ұрып, шақы-райып шықса, ол жылы құр-ғақшылық болады.  3. Егерде күннің түсі күң-гірт, қараланып, солғын көрінсе, ол жылы жауын-шашын ерекше көп болады.  4. Егерде күн сәулесі жан-жаққа шашырап, шанағын төге рауандап атса, ол жылы жанға жайлы молшылық болады.

Наурыз – жорамал

1. Егерде «Қызыр» түні-нен кейін күн жанған оттай қызарып, қан-қызыл болып атса, ол жылы өлім-жітім, өрт көп болады, соғыс, қантөгістердің де тұтануы мүмкін. 2. Егерде күн түсі сары қы- зыл тартып, ыстық леп бірден бетке ұрып, шақы-райып шықса, ол жылы құр-ғақшылық болады. 3. Егерде күннің түсі күң-гірт, қараланып, солғын көрінсе, ол жылы жауын-шашын ерекше көп болады. 4. Егерде күн сәулесі жан-жаққа шашырап, шанағын төге рауандап атса, ол жылы жанға жайлы молшылық болады.

Наурыздың 22 күні Наурыз мейрамы (жаңа жыл) екенін қазақ баласының көбі біледі.Наурыз туралы көптен бері,жыл сайын газеттерде жазылып келеді.Бұл мейрам бүкіл ұлтқа ортақ.Тегінде Наурыз ұлт мейрамы болғандағының үстіне оның тарихи маңызының тереңдігі бар.Ызғарлы қыстың кетіп,жан йесі өмір қуатын туғызған жыл,жаздың келетіндігіне барлық жаратылыспен қатар қазақ елі де қуанатын. ˝Қыс бойы өлімнің есігін күзетіп,үңгірде жатқан кәрі құйрық,мертік-шортықтар да қыбырлап дүниеде бар екендіктерінбілгізе бастайтын,аурулар сауығамын деп,аттар тойынамын деп,жалаңаштар киімсіз де күн көремін˝ дегендей жұрттың бәріне үміт,әркім деп жылы шырай сезіне бастап, ˝ бәріміз де табиғаттың бергеніне ортақпыз ˝ дегендей сағынышты көрісілері, жалынды құшақтасуларымен жаңа жылды қарсы алатын. ˝ Бүгінгі күні Самарқанның көк тасы да жібіпті ˝ - десіп Наурыз күні бейілінкеңітпеген адамды тастан да қатты қылып шығарғысы келіп,аңыз қылысатын.

Наурыздың 22 күні Наурыз мейрамы (жаңа жыл) екенін қазақ баласының көбі біледі.Наурыз туралы көптен бері,жыл сайын газеттерде жазылып келеді.Бұл мейрам бүкіл ұлтқа ортақ.Тегінде Наурыз ұлт мейрамы болғандағының үстіне оның тарихи маңызының тереңдігі бар.Ызғарлы қыстың кетіп,жан йесі өмір қуатын туғызған жыл,жаздың келетіндігіне барлық жаратылыспен қатар қазақ елі де қуанатын. ˝Қыс бойы өлімнің есігін күзетіп,үңгірде жатқан кәрі құйрық,мертік-шортықтар да қыбырлап дүниеде бар екендіктерінбілгізе бастайтын,аурулар сауығамын деп,аттар тойынамын деп,жалаңаштар киімсіз де күн көремін˝ дегендей жұрттың бәріне үміт,әркім деп жылы шырай сезіне бастап, ˝ бәріміз де табиғаттың бергеніне ортақпыз ˝ дегендей сағынышты көрісілері, жалынды құшақтасуларымен жаңа жылды қарсы алатын. ˝ Бүгінгі күні Самарқанның көк тасы да жібіпті ˝ - десіп Наурыз күні бейілінкеңітпеген адамды тастан да қатты қылып шығарғысы келіп,аңыз қылысатын.

Ұлттық тағамдар

Ұлттық

тағамдар

Салт – дәстүрлер

Салт –

дәстүрлер


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Презентации

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы құтты болсын"

Автор: Рахымжанова Айша Айкыновна

Дата: 22.11.2016

Номер свидетельства: 361307

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Т?рбие са?аты:"Наурыз -?лысты? ?лы к?ні!" "
    ["seo_title"] => string(41) "t-rbiie-sag-aty-nauryz-u-lystyn-u-ly-kuni"
    ["file_id"] => string(6) "206190"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1430126551"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(28) "Наурыз мейрамы "
    ["seo_title"] => string(17) "nauryz-mieiramy-1"
    ["file_id"] => string(6) "188242"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1426640948"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) "К?ркем ?дебиет саба?ы, та?ырыбы Наурыз мейрамы "
    ["seo_title"] => string(50) "korkiem-diebiiet-sabag-y-tak-yryby-nauryz-mieiramy"
    ["file_id"] => string(6) "198031"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428340027"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "Тәрбие сағаты"Наурыз-Ұлыстың ұлы күні""
    ["seo_title"] => string(43) "t_rbiie_sag_aty_nauryz_u_lystyn_u_ly_kuni_1"
    ["file_id"] => string(6) "462488"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1521424204"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) ""НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ ??ТТЫ БОЛСЫН"!"
    ["seo_title"] => string(30) "nauryz-mieiramy-k-u-tty-bolsyn"
    ["file_id"] => string(6) "294721"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1455715738"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства