kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«?лысты? ?лы к?ні – Наурыз» сыныптан тыс іс шара

Нажмите, чтобы узнать подробности

Т?рбие са?атыны? ма?саты: Наурыз мейрамы туралы т?сінік беру ар?ылы ?аза? хал?ыны? салт – д?ст?рін к?рсету ж?не оны ??рметтей білуге т?рбиелеу.
К?рнекілігі: «Наурыз - 2016» газеті, на?ыл, ?анатты с?здер, киіз ?й, дастархан, суреттер, ?лтты? та?амдар к?рмесі.
Барысы: Кіріспе.
М??алім: - Армысыздар, ?стаздар, ата – аналар, ?она?тар! Б?рімізді? асы?а к?ткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойлары?ыз ??тты болсын!
Наурыз – «Жа?а к?н» деген с?з. Б?л к?н – бізді? ата – бабаларымыз, ар?ы тегіміз мы?да?ан жылдардан бері тойлап келе жат?ан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз ??тты болсын! ?лысты? ?лы к?ні деп атал?ан Наурызда денсаулы?тары?ыз мы?ты болсын, тілектері?із ?абыл болсын!    

 Ж?мшит:  - Ар ма, а?айын! ?айырлы к?н, ??рметті ?стаздар, ата-аналар, о?ушылар!   Жер ж?зіндегі   халы?тарды? б?ріні? де т?рлі мейрамдары бар. Шы?ыс халы?тарыны? сондай ерекше мейрамдарыны?бірі - Наурыз.  Еркебулан : Д?ст?рімізге айнал?ан ?лысты? ?лы к?ні – Наурыз ??тты болсын! К?лімдеген шуа?ты к?ктеммен бірге ?аза? даласына жер ?лемді жайнатып, ?нші ??старды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жа?а Жыл келеді. Ендеше, той ??тты болсын! ?лыс о? болсын! А? мол болсын! Ж?мшит: -??рметті ?нер с?йер ата- аналар, м??алімдер, жас б?лдіршіндер сіздерді? назарлары?ыз?а 2 «?», 2 «г», 3 «?», 4 «?» сынып о?ушыларыны? 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««?лысты? ?лы к?ні – Наурыз» сыныптан тыс іс шара»

Сынып: 2 «Г» Сынып жетекшісі: Алимбаева Таншолпан Мерекекызы Тақырыбы: Наурыз мейрамына арналған сценари Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» Тәрбие сағатының мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Наурыз - 2016» газеті, нақыл, қанатты сөздер, киіз үй, дастархан, суреттер, ұлттық тағамдар көрмесі.
Барысы: Кіріспе.
Мұғалім: - Армысыздар, ұстаздар, ата – аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!
Наурыз – «Жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!

Жәмшит: - Ар ма, ағайын! Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Жер жүзіндегі халықтардың бәрінің де түрлі мейрамдары бар. Шығыс халықтарының сондай ерекше мейрамдарыныңбірі - Наурыз. Еркебулан : Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді. Ендеше, той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Жәмшит: -Құрметті өнер сұйер ата- аналар, мұғалімдер, жас бүлдіршіндер сіздердің назарларыңызға 2 «ә», 2 «г», 3 «ә», 4 «ә» сынып оқушыларының атынан «Көктем вальсін» ұсынамыз, қабыл алыңыздар. Еркебулан:Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін! Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп, Жап-жасыл болып кетті дүние жаңғырып. Жақсылыққа жаршы болған Наурызым! Сен өмірдің көктемісің мәңгілік! Жәмшит: Уа, халайық, халайық! Ақ сандықты ашайық Бұл мереке, бұл тойдың Шашуларын шашайық! (Шашу шашылады).

Қашанда құт – береке орнасын деп, Тойларда шашу шашу - салты елімнің. Уа, халайық! Теріп ал несібіңді, Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің! Еркебулан: Наурыз – көктем мерекесі.
Наурыз – жыл басы.
Наурыз – жаңа серпін, жаңа леп. Жәмшит: Наурыз – қуаныш мерекесі,
Бақыт пен шаттық мерекесі.
Наурыз – шаруаның мерекесі.
Наурыз – еңбек мерекесі.

3-оқушы тақпақ айтады. Дияр, Еркебулан, Жанерке. Еркебулан: - Наурыз - Шығыс халықтарының жаңа жыл мейрамы. Наурыз - дүниенің ғарыштық сипатын, адам мен ғарыштың ортақ тегін білдіретін мейрам. Олай болса, бүгінгі мерекеге байланысты «Көктем» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер! Жәмшит: - Біздің халқымыз Қыз деген сөздің өзін әдеміліктің, жан – жақты сұлулықтың белгісі ретінде қолданады. Халқымыздың ауыз әдебиетінде : Қыз емес қыздың аты қызыл алтын Көрінер толған айдай жүзі жарқын. Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес, Халқының сақтай білген ізгі салтын – деген өлең бар. Бұл қыз баланың айырықша әдепті де көрікті болатындығын аңғартады. Қыз – елдің көркі, гүл – жердің көркі деген мақал бар. Осының бәрі де қыз баланың сүйкімділігінен, жанының нәзіктілігінен, өнер – білімге бейім тұратын сергектігінен шыққын сөздер. Халқымыз қыз баланы ардақтап, мәпелеп өсірген. Еркебулан: - Олай болса, құрметті қауым, 2 «Г» сынып қыздарының арасында өткелі отырған «Көктем аруы» байқауына қош келдіңіздер! Аруларды ортаға шақырмас бұрын байқауымызға төрелік ететін әділқазылар алқасын таныстырып өтейін._______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Жәмшит: Мың бұралған арулар аңдап басып, Келеді міне, ортаға толқып тасып. Аруларын сыйлаған халқым менің, көңілді қошеметпен қарсы алайық! Ендеше, көп күттірмей сол аруларымызды ортаға шақырайық: Бейлейді кейде айнала Көркіне ақылы сай ғана. Балнур біздің әдемі Сөйлейді бірақ жай ғана. – Алдарыңызда Жақыпова Балнур Абзалқызы. Еркебулан: Үздік оқып сабағын Бәрімізге жағатын. Карина кейде қырсықса, Түйіп алар қабағын, - демекші алдарыңызға шығатын келесі аруымыз Шакирова Карина Дамирқызын қарсы алыңыздар. Еркебулан: Сабағында меңгерген, Жақсылықты жөн корген. Ата-анасы Чаросқа Әдемі есім теңгерген. – Қарсы алыңыздар, Камбаралиева Чарос Бунедовна. Жәмшит: - Сабырлы, әлі салмақты, Өзі өнерлі жан-жақты. Келе жатқан Нурсила қыз, Жарысты бүгін жалғапты. - Қарсы алыңыздар, Ханиева Нурсила Серікқызы. Жәмшит: Жақсы оқуды бастады, Әліппені ашқалы. Ақ құба қыз Жаннаның, Бұйра – бұйра шаштары. – қарсы алыңыздар Көпшілікова Жанна Сәлетқызы. Еркебулан: -Ендігі сәтте бүгінгі байқауымыздың шарттарымен таныстырып өтейін: Сайыс кезеңі 5 байқаудан тұрады:
1 – кезең : «Кел, танысайық» , 2 - бөлім: «Өнерлі өрге жүзер», 3 - бөлім: «Ата-бабамыздан қалған асыл мұра», 4 - бөлім: «Ұлттық тағамдар мәзірі», 5 – бөлім: «Ою ойғанның ойы ұшқыр» 2 минут уақыт беріледі - Ендеше біз аруларымызды алғашқы кезеңге дайындалу үшін сәттілк тілеп шығарып салайық. Жәмшит: - Назарларыңызға «Қазақ биін» ұсынамыз. Жәмшит: - Сайыс деген қазаққа таныс ғұрып, Ешкім де қалмас одан қалыс тұрып. Сын – сайысқа түсетін жас арулар, Алдымен кетсін өзін таныстырып. (таныстыру) 1.Бейлейді кейде айнала Көркіне ақылы сай ғана. Балнур біздің әдемі Сөйлейді бірақ жай ғана. – Алдарыңызға бірінші болып шығатын Жақыпова Балнур Абзалқызы. Еркебулан: - Сабағында меңгерген, Жақсылықты жөн корген. Ата-анасы Чаросқа Әдемі есім теңгерген. – Қарсы алыңыздар, Камбаралиева Чарос Бунедовна. Жәмшит: - Жақсы оқуды бастады, Әліппені ашқалы. Ақ құба қыз Жаннаның, Бұйра – бұйра шаштары. – Ортаға шығатын келесі аруымыз Көпшілікова Жанна Сәулетқызы. Еркебулан: - Сабырлы, әлі салмақты, Өзі өнерлі жан-жақты. Келе жатқан Нурсила қыз, Жарысты бүгін жалғапты. - Қарсы алыңыздар, Ханиева Нурсила Серікқызы. Еркебулан: Үздік оқып сабағын, Бәрімізге жағатын. Карина кейде қырсықса, Түйіп алар қабағын, - демекші алдарыңызға шығатын келесі аруымыз Шакирова Карина Дамирқызын қарсы алыңыздар. - Нәзік жанды аруларымыз келесі кезеңге дайын болғанша, біз қарап қалмайық. - Назарларыңызға Жукенова Айсулудың орындауындағы « Мысық биін» ұсынамыз.

Жәмшит: - Кедеймін деп қысылма, Өнерін болса қолында. Өнерлінің ырысы, Жарқырап жатыр жолында. Еркебулан: - Енді аруға тән не қалды?! Әрине, өнер. «Өнерлі адам өрге жүзер» демекші, сайысымыздың 2 – кезеңі өнер сайысын тамашалап көңіл сергітейік. Еркебулан: - Аққу құстай қанат қағып самғаған, Адал жолмен арам іске бармаған. Адамдықты жаны сүйген қашаннан, Жанна да қатарынан қалмаған – дей отыра мың бұралған кішкентай аруымыз - Көпшілікова Жанна Сәулетқызын ортаға шақырамыз. Жәмшит: – Алдарыңызға екінші болып шығатын Жақыпова Балнур Абзалқызы. Жәмшит: - Сайысымызды жалғастыратын келесі аруымыз - Камбаралиева Чарос Бунедқызы. Еркебулан: - Келесі кезекті сымбатты да, көрікті – Шакирова Каринаға береміз. Жәмшит: - Тілдің майын тамызып, Сөздің балын ағызып. Нурсила ару сөз айтар – демекші, сайысымызды әрі қарай жалғастыратын Ханиева Нурсила Серікқызы. Жәмшит: - Бойларында от бар екенің байқадым, Жүректерде шоқ бар екенің байқадым. Әрқашанда осы шоқты өшірмей, Жалыңдатып, шарықтаңдар әр дайым!!! 2-оқушы тақпақ айтады: Жомарт, Ақнур. Еркебулан: - Сайысымыздың 3- кезеңі: «Ата - бабамыздан қалған асыл мұра» деп аталады. Олай болса жас аруларымызды көп күттірмей ортаға шақырайық. (1. Нурсила, 2. Жанна, 3. Карина, 4. Чарос, 5. Балнур кезекпен өз бұйымдарын таныстырады) Еркебулан: - Ақпан кетті араз боп Наурызбен,
Наурыз жүр жоғалған бағын іздеп.
Көктем жетті көрісіп, жанын үзген
Қыс аттанды қоштасып тағы бізбен.
Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен,
Мейірім танысын деп тасып өткен.
Наурыз сән – салтанат, ұлттық рух,
Бақытты Наурызы бар халқым неткен! Жәмшит: - Құрметті өнер сүйер ата- аналар, мұғалімдер, жас бүлдіршіндер сіздердің назарларыңызға 2 «ә», 2 «г», 3 «ә», 4 «ә» сынып оқушыларының атынан «Көктем вальсін» ұсынамыз, қабыл алыңыздар. Еркебулан: - «Ас қадірін білмеген аштан өлер,ат қадірін білмеген жаяу қалар» дегендей, келесі сайысымыздың 4-кезеңі «Ұлттық тағам мәзірі» деп аталады. Аналар мен қыздардың алтын қолдарымен үйде дайындалған мерекелік  тағамдары. Бұл бөлімде дайындап алып келген тағамды қалай жасағанын айтып қорғау. Жәмшит: - Сабағында меңгерген, Жақсылықты жөн корген. Ата-анасы Чаросқа Әдемі есім теңгерген. – Қарсы алыңыздар, Камбаралиева Чарос Бунедовна. Еркебулан: - Үздік оқып сабағын, Бәрімізге жағатын. Карина кейде қырсықса, Түйіп алар қабағын, - демекші алдарыңызға шығатын келесі аруымыз Шакирова Карина Дамирқызын қарсы алыңыздар. Жәмшит: - Билейді кейде айнала Көркіне ақылы сай ғана. Балнур біздің әдемі Сөйлейді бірақ жай ғана. – Ары қарай сайысымызды жалғастыратын Жақыпова Балнур Абзалқызы. Жәмшит: - Жақсы оқуды бастады, Әліппені ашқалы. Ақ құба қыз Жаннаның, Бұйра – бұйра шаштары. – Ортаға шығатын келесі аруымыз Көпшілікова Жанна Сәулетқызы. Еркебулан: - Сабырлы, әлі салмақты, Өзі өнерлі жан-жақты. Келе жатқан Нурсила қыз, Жарысты бүгін жалғапты. - Қарсы алыңыздар, Ханиева Нурсила Серікқызы Жәмшит: - «Өнерліге өріс кең» немесе «Шеше көрген тон пішер» демекші аруларымыздың шеберлігін анықтайтын кезең жетті. Сайысымыздың соңғы кезеңі «Ою ойғанның ойы ұшқыр» деп аталады. Бұл бөлімде қазақтың ұлттық ою өрнектерін әр - түрлі қағаздан ойып бетке жабыстырады.
Еркебулан: - Сырмақ ойып, текемет, киіз басқан
Өнерлі шеберлер бар даңқы асқан
Шеше көрген тон пішер дегені рас
Аруларым шебер қолға араласқан - дегендей аруларымыздың іскерлігі, икемділігі сынға түседі. Бүгінгі сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз. Ендеше іске сәт. Әр сайысқа 2 минуттан беріледі. Қане, құрметті көрермендер қыздардың өнерін тамашалайық! Жәмшит: - Баурап алар бір ақ ауыз сәлемі
Қазақ қызы - әдепті де әдемі
Қазақ қызы - ақылына көркі сай
Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі. Міне «Көктем аруы» атты сайысымызда өз мәресіне таяп қалды. Әділ қазыларға өз шешімдерін шығаруға уақыт берейік. Еркебулан: - Мектебіміздің бишілерін шақырайық,
Қошеметпен, құрметпен қарсы алайық.
Бишілерімізді ырғалтып би билетіп,
Қол соғып биік шыңға самғатайық, - деп   назарларыңызда тағы да талантты, алғыр оқушылар. Олай болса қошеметпен, жақсы көңіл-күймен «Грация» биін қарсы алыңыздар! Жәмшит: - Келесі сөзді әділқазыларға береміз. (сыйлықтармен және мақтау қағаздарымен марапаттау) Еркебулан: - Әз - Наурыз әр біріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін
Наурыз құтты болсын!
Дендеріміз сау, мықты болсын.
Наурыз тойы келе берсін!
Барлық халық бақытты болсын!
Жәмшит: Еліміздің несібесі көп болсын!
Қош сау болыңыздар, халайық!
Көріскенше күн жарық болсын!
































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«?лысты? ?лы к?ні – Наурыз» сыныптан тыс іс шара

Автор: Алимбаева Таншолпан Мереке?ызы

Дата: 05.04.2016

Номер свидетельства: 315445


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства