Просмотр содержимого документа
«Педагогикалық құзыреттілігін дамыту және жетілдіру»
Педагогикалық құзыреттілігін дамыту және жетілдіру
«Өмір бойы білім – алу әрбір қазақстандық
жеке кредосына айналуына тиіс»
Н.Ә.Назарбаев
Білім беру жүйесенің ерекшілігі, тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру.
Қазіргі уақытта білім беру саласында көптеген жаңалықтар орын алып жатыр. Бұл жаһанданған әлемде ғылыми – техникалық прогрестің тез өсу қарқыны жоғары деңгейлі мамандар даярлауда жаңаша оқытудағы әдістерінің қажеттігін алға қоюда.
Білім беру салассында педагогтардың кәсіби құзіреттілігін арттыру, жас ұрпақты оқыту саласы елімізде қарқынды түрде жүріп жатқан инновациялық жаңғыру жүзеге асып келеді. Қазіргі білім беру жүйесінде оқу бағдарламасын, әдістемелік құралдарды, әдіс-тәсілдерді, педагогтың өзін-өзі шыңдауына, шығармашылықпен жұмыс жасауына жол ашса, екінші жағынан, бұл педагог жұмысшының жоғары кәсіби деңгейде болуын талап етеді.
Біліктілікті арттыру – қызметкерлерді оқытудың кәсіби түрі, теориялық білім деңгейін арттыру, практикалық дағдылары мен мамандықтарын жетілдіру.
Біліктілікті жетілдіру – курсында өндірістік оқыту шеберлерінің қызметін реттейтін білім беру саласындағы нормативтік – құқықтық құжаттар жайлы толық мәліметтер алдық. Өндірістік оқыту шеберлерінің үлгілік оқу жоспары, оқу бағдарламасы, сабақ жоспарын, технологиялық картасын құрастыру, қазіргі заманғы бағалаудың формалары мен әдістерін үйрендік.
Білім беру бағдарламаларын іске асыру «Кәсіпқор» холдинг» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, Кәсіптік білім беру орталығы. Біліктілікті арттыру курсы Талдықорған қаласы, Көксу ауылшаруашылық колледжінде өтті. Өндірістік оқыту шеберлерінің біліктілікті арттыру курсы кезінде ұжымдық және ынтымақтастық атмосфераның арқасында облысымыздың барлық аудандарынан келген әріптестерімізбен жақын танысып тәжірибе алмастық.
Қазіргі таңда өндірістік оқыту шеберлерінің студенттерге сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі білімізді жетілдіре түскенімізге сенімдіміз.
«Халық пен халықты теңестіретін білім» деп қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов айтқандай, білім бәсекесіне бейім шәкірт тәрбиелеу біздің мақсатымыз.