Просмотр содержимого документа
«Қазақстандағы мәдени өмір»
Ұйымдастыру кезеңі
Сыныпта жақсы психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында «Сәттілік парағы» тренингін өткізу
Тақырыбы: §43.Қазақстандағы мәдени өмір (1946-1985жж)
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды 1946-1985 жылдардағы халық ағарту ісінің, ғылымның дамуы себептері мен сипаты, мәдениеттің идеологияға кері әсері, «жылымық кезеңі» қазақ әдебиеті, музыкасы мен кино өнері жайлы, түсінік беріп, жүйелеп айтуға үйрету. Дамытушылық: Жаңа сабақты меңгерте отырып, оқушылардың ой-өрісін дамыту, белсенділігін арттыру, білімдерін жетілдіру. Тәрбиелік : Оқушыларды Отан сүйгіштікке рухта тәрбиелей отырып, мәдениетті, иманды азамат тәрбиелеу.
Үй тапсырмасын сұрау
Миға шабуыл
1.1960ж 19қаңтарда Н.И. Беляевтің орнына бұған дейін республика Министрлер Кеңесінің төрағасына кімді сайлайды?
2. 1978 жылы 20 сәуірде Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің 7-сессиясында қабылданған құжат.
3. Кеңес әскері Ауғанстанға ------ жылы енгізілді.
4. Кеңес әскерін Ауғанстанға кіргізгенің әшкерлеген кім?
5. Ауған соғысында қанша Қазақстандық қаза тапты?
Жаңа сабақ
Халық ағарту ісі 1947 қарашада «Қазақ КСРде жоғары және орта білімді бұрынғыдан ары жетілдіру шаралары туралы» қаулы қабылданды. 1946 жылы 85,6 млн сом бөлінсе, 1950 жылы 146,5 млн сом бөлінді. 1953 жылы интернаттарды 40 000 бала оқыды. 50 жылдар жалпыға бірдей білім беруге көшті, 9088 мектеп жұмыс істеп, 1млн 439 мың оқушы білім алды. Соғыстан кейінгі кезенде 1946 жылы Қазақ КСР Ғылым Академиясы ашылды, оның ұйымдастырушысы әрі тұңғыш президенті Қ. Сәтпаев болды. 1950 жылдың соңында Қазақ КСР-ның Ғылым Академиясы жүйесінде 19 ғылыми-зерттеу институты жұмыс істеді.
Қазақ әдебиеті
1947 жылы М. Әуезов «Абай жолы» эпопеясының екінші кітабын жазып бітірді, ал 1949 жылы оған КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Қазақ әдебиетінде бұл жылдары С. Мұқановтың «Сырдария», Ғ. Мұстафиннің «Миллионер» және И. Шуховтың романдары, Т. Жароковтың шығармалары және т.б. құнды еңбектер жарық көрді
Жылымық кезеңнің бір өкініштісі
КОКП ХХ съезінің қоғамды сталинизмнен арылту жөніндегі әрекеті. Қазақтың айтулы азаматтары зиялы қауымға қарсы сталиндік қуғын-сүргін саясатының жаңа толқыны басталды. 1952 жылы Е. Бекмаханов 25 жылға сотталып, тек И. Сталин өлгеннен кейін ғана, 1954 жылы көктемде ақталды. Саяси айып тағылып, ғалымдар қатарында А. Жұбанов, Қ. Жұмалиев, Б. Сүлейменов, Қ. Мұхамедханов, жазушы Ю. Домбровский және т.б. қудаланды. Қ. Сәтбаев пен М. Әуезов саяси қысымның нәтижесінде еріксіз Қазақстаннан Мәскеуге кетуге мәжбүр болды. 1949 жылдың 29 тамызы Қазақ жері үшін ең қасіретті күндердің бірі ретін-де тарихқа енді.
Қазақстандық жазушылар
Бұл кезеңде қазақстандық жазушылардың қаламынан бірқатар іргелі әдеби шығармалар туды. Б. Момышұлы, Морис Симашко, Ілияс Есенберлин, Әбіш Кекілбаев, Оралхан Бөкеев, Юрий Герд, Мұқағали Мақатаев, Олжас Сүлейменов, Кәкімбек Салықов, Мұхтар Шаханов, Қадыр Мырзалиев, Сырбай Мәуленов, Фариза Оңғарсынова, Қабдыкәрім Ыдырысов т.б. өлеңдері мен поэмалары кең тарады.
Әншілер мен музыкалық ансамбльдер
Әншілер : Р. Бағланова, Б. Төлегенова, Е. Серкебаев балетмейстер БолатАюхановтардың таланты жарқырай ашылды.
Ансамбльдер: Гүлдер, Айгул, Досмұқасан, Иялла, Ариан т.б.
Жеке тапсырма
Қазақ әдебиеті – «Сырдария, Миллонер, Алғашқы айлар, Абай романы, Көкшетау, Айман- Шолпан, Мен жындымын, Ғасырдан да ұзақ түн, Стакан, Көзімнің қарасы, Соңғы аялдамат.б.
Кино - Алдаркөсе, Келін, Менің атым Қожа, Ана, Көшпенділер, Қыз- Жібек, Қазақ хандығы, Жаужүрек мың бала, Қозы Көрпеш- Баян сұлу.т.б.
Музыкалық ансамбльдер - Гүлдер , Айгул, Алау ,Мұзарт, Досмұқасан , Ариран , Каспий, Иялла, Үркер т.б.
Топтық жұмыс
1946-1985 жылдардағы мәдени өмірдің табыстары туралы не айтасыз?
Оқулықпен жұмыс
КСРО мемлекеттік сыйлығы берілген кітап, атауы, авторы, жылы
Қазақ КСР ҒА-ның құрлған жылы
«Жылымылық» кезеңінде ақталған азаматтар
Сабақты қорытындылау
1 .«Қазақ КСР-інде жоғары және орта білімді бұрынғыдан әрі жетілдіру шаралары туралы» қаулы қабылданған жыл.
А) 1942ж Ә) 1946ж Б) 1947 В) 1950ж
2. «Менің атым Қожа » кинофильмін түсірген режиссер
А) М. Төлебаев Ә) Қ. Ыдырысов Б) Ш. Айманов В) С.Қожықов
3. «Жылымық жылдар » деп қай кезеңді атайды?
А) 40ж соңы
Ә) 50ж бірінші жартысы
Б) 50ж екінші жартысы
В) 60ж ортасы
4. 1950 жылға қарай республикада қанша жалпы білім беретін мектептер жұмыс істеді?
А)9088 Ә) 9025 Б) 9010 В) 9058
5. Қазақ зилыларының жарқын өкілдерін Мәскеу өкімет орындар қалай қалай атады?
А) Халық жауы
Ә) Барып тұрған ұлшылдар
Б) Космополит
В) Саяси қауіптілер
6. Қазақ ғылым Академиясының алғашқы президенті болған кім?
А) Қ. Сәтбаев Ә) И.Бардин Б) С.Вавилов В) М. Әуезов
7.70жылдары Жастар арасында қандай музыкалық ансамбль сүйіспеншілікке бөленді?
А) Айгул Ә) Досмұқасан Б) Каспии В) Үркер
8. 1950 жылы Ғылым Академиясында неше ғылыми зерттеу институты?