II – топ:Қай өңірлерде суармалы егіншілік гүлденді?
III – топ:Қыста көшіп-қонған қазақ ауылдары үшін ең қауіптісі?
«Сұрақ-жаңбыр»
Қазақ халқының шаруашылығы
«Жеті жебе» әдісі
«Болжам тренингі»
видео
Жаңа сабақ:
§45. Қазақ қалалары
видео
Цитадель -орта ғасырлық қалалар құрылымында бекініс құрылыстарымен
қоршалған қала билеушілері тұратын орталық әкімшілік бөлік.
Шахристан –бай-шонжарлар, діни қызметкерлер мен әскери басшылар тұратын орталық аудан.
Рабад –қолөнершілер, саудагерлер, егіншілер мен малшылар тұратын шеткі бөлігі.
Сығанақ қаласы –Сыр бойындағы көшпелі даламен шектесіп жатқан шеткі қала болған. Дешті Қыпшақ үшін «сауда аймағы» болды. Қасым ханның тұсында хандықтың ордасына айналды.
Йасы (Түркістан) –қазіргі Шымкент қаласынан солтүстік-батыста 225 шақырым жерде, Сырдария өзенінің оң жақ бетінде орналасқан. ХІҮ ғасырдан бастап Түркістан атанды. ХҮІІ ғасырдың ІІ жартысында Қазақ хандығына өтіп, хандықтың орталығына айналды. Есім хан тұсында хандықтың астанасы болды. Рабиға Бегім, Есім хан және Қ.А.Йассауи кесенелері Түркістан қаласында орналасқан.
Тараз қаласы –орта ғасырлық көне қалалардың бірі. Ол кезде қала «Талас» деп те аталған. Қала қазіргі кезде көне Тараз жұртына орналасқан. Деректерде Тараз қаласы «көпестер қаласы» және «даңқты әрі зігі ниетті түркілер қаласы» деп аталады. Қала ҮІІ-ҮІІІ ғасырларда Ұлы Жібек жолы бойындағы ірі сауда және қолөнер орталығы болған. Алайда, ХІІІ ғасырдан бастап құлдырап, шағын елді-мекенге айналды.
Отырар қаласы –Оңтүстік Қазақстан облысының Темір елді мекенінен солтүстік-батысқа қарай 7 шақырым жердегі орта ғасырлық көне қала. Қала ҮІІІ ғасырдан бастап Тарбанд, кейін Фараб деп аталған. Кітап саны жағынан атақты Александрия кітапханасынан кейінгі екінші орынды иеленген бай уітапханасымен аты шықты. 1219 жылы монғол шапқыншылығынан құлдырап, ХІІІ ғасырдың ІІ жартысынан кейін қайта жандана бастады. ХҮІІ ғасырда өмір сүруін тоқтатты.
Сарайшық қаласы –Батыс Қазақстандағы атырау қаласынан 40 шақырым жерде, Жайық өзенінің оң жағалауында орналасқан. Қаланың іргесі Х ғасырда қаланды. Сарайшық ХІІІ-ХҮ ғасырларда Алтын Орданың, ХҮ-ХҮІ ғасырларда Ноғай Ордасының, ал Қасым хан билік құрған кезеңде (1511-1518жж) Қазақ хандығының астанасы болған. Алайда, 1580 жылы Жайық казак әскерлері Сарайшық қаласын талқандап, осы өңірге келіп орнығады.
Алмалық қаласы –қазіргі Алматы қаласы орта ғасырларда осылай аталды. Қаланың гүлденуіне негізгі себеп – Ұлы Жібек жолының бойында орналасуы еді. Өйткені, ол кезде осы сауда жолының Шығысқа шығатын басты бір бағыты Жетісу жері арқылы өткен болатын. Яғни, батыстан шыққан бағыт Тараз қаласы арқылы Алмалық қаласына жеткен. Бұған дәлел ретінде осы қаладан табылған ХІІІ ғасырдың екі күміс дирхемін айта аламыз. Міне, осы дирхемдерді қаланың аты алғаш рет «Алмалық» деп көрсетілген. «Дирхем» дегеніміз – ҮІ-ХІІ ғасырлардағы саудада қолданылған күміс ақша. Алмалық қаласы ХІҮ-ХҮІ ғасырларда Моғолстан мемлекетінің астанасы болды.
Қарнақ қаласы –ХІІІ-ХҮІІІ ғасырларда өмір сүрген орта ғасырлық қала. Түркістан қаласының солтүстік-батысында 27 шақырым жерде орналасқан. Қалада ежелден мыс, шойын қорыту, қорғасын балқыту, оқ-дәрі жасау кәсібі кең дамыған.