kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"?аза? ханды?ыны? 550 жылды? мерейтойы!" атты ма?ала

Нажмите, чтобы узнать подробности

?ксікбаева ?алам?ас Іргебай?ызы

Тараз ?аласы

?.Жолдасбеков атында?ы №50 орта мектебіні?

бастауыш сынып м??алімі

?аза? ханды?ыны? 550 жылды? мерейтойы!

2015 жылы ?аза? елі  т???ыш мемлекетімізді? негізін ?ала?ан ?аза? ханды?ыны? 550 жылды? тойы д?бірлетіп атап ?тілуде. Б?л ?лы мерейтойды? ?ткізілуі Елбасымызды? 2014 жыл?ы «Н?рлы жол – болаша??а бастар жол» атты Жолдауында ресми т?рде м?лімденіп, ?аза? ханды?ыны? 550 жылды?ын ?азіргі жас ?рпа? бойына сі?іріп, есіне са?таулары тиіс.

?рбір ?аза? баласында «Ханды?ымыз ?алай ??рылды?»  деген сауал туындауы за?ды н?рсе. Сол сауал?а тарихи деректерден жауап іздеп к?релік. ?аза? ханды?ына дейін бізді? аума?ымызда ?ткен Са?, ??н, Т?рік ?а?анаттары, Алтын Орда, К?шпелі ?збек мемлекеттері ж?не бас?а да этникалы? ?о?амдасты?тар мен мемлекеттік ??рылымдарды? д?уірлер ?ткендігі белгілі. Соны? ішінде XV ?. бірінші жартысында батысында Жайы?тан бастап, шы?ысында Бал?аш к?ліне дейін, о?т?стігінде Сырды? т?менгі жа?ы мен Арал ??ірінен, солт?стігінде Тобылды? орта а?ысы мен Ертіске дейінгі жерде б?рын?ы А? Орданы? орнына «к?шпелі ?збектер» мемлекеті ??рылады. Б?л мемлекетті? негізін Шы??ыс ханны? ?лкен ?лы Жошыдан тарайтын Шайбанны? ?рпа?ы ?білхайыр хан ?алайды. Ол билік ??р?ан 40 жылды? ішінде сырт?ы саясатында Сырдария бойында?ы ?алалар мен Хорезм ?шін Темір ?рпа?тарымен ?за? со?ыстар ж?ргізіп, ішкі саясатында Дешті-?ыпша?та?ы бытыра??ы жат?ан ?збек тайпаларыны? басын ?осып, бір орталы??а біріккен мемлекет ??ру?а тырысты.

Алайда, 1456 жылы Сы?ана? т?бінде ?з-Темір тайшы баста?ан ойраттардан же?іліп, олармен мас?ара ауыр шарт жасасуы ж?не ішкі талас-тартыс кезінде ?лкен ?лы Шах-Будаг-с?лтанны? ?лтірілуі ?білхайырды? мемлекет ішінде ?атал т?ртіп орнату?а итермелейді. Ал б?л іс-шаралар к?шпелі ?збек тайпаларыны? о?ан деген ?шпенділігін одан сайын к?шейтіп жібереді. ?сіресе ?білхайыр хан ?зіні? саяси ?арсыластары – Жошы ?улетінен шы??ан с?лтандарды ?удалауы салдарынан Орыс ханны? ?рпа?тары Ж?нібек пен Керей с?лтандар ?арама?анда?ы ауылдарымен Шу ?зеніні? бойына к?шіп кетуге м?жб?р болды. Осылайша Керей мен Ж?нібекті? басшылы?ымен Шу ?зеніні? бойында?ы Мойын??м ??іріне ?оныс аудар?ан ?збек тайпаларыны? бір б?лігі ?аза? ханды?ыны? ??рылуына тікелей ы?пал жасады. ?аза? ханды?ы туралы на?ты м?ліметтер беретін М?хаммед Хайдар Дулатиды? «Тарих-и-Рашиди», ?адыр?али Жалайырды? «Жылнамалар жина?ы», Махмуд бен У?лиді? «Бахр ал-асрар фи манакиб ал-ахиар», ?біл?азыны? «Шежіре-и Т?рк» ж?не бас?а да шы?ыс деректеріне назар аударса? ?білхайыр?а ?арсы ?зіне ода?тас іздеген Мо?олстан ханы Есенб??а Шу?а к?шіп келген Керей мен Ж?нібекті ?арсы алып, ?оныстанатын жер береді. Осы о?и?а ж?нінде тарихшы М?хаммед Хайдар Дулати «Тарих-и-Рашиди» атты е?бегінде былай дейді: «Ол кезде Дешті ?ыпша?ты ?білхайыр хан биледі. Ол Жошы ?улетінен шы??ан с?лтандар?а к?н к?рсетпеді. Н?тижесінде Ж?нібек хан мен Керей Мо?олстан?а к?шіп барды. Есенб??а хан оларды ??ша? жая ?арсы алып, Мо?олстанны? батыс шегіндегі Шу мен ?озыбас айма?тарын берді.». Осы деректерге назар аударса? ?аза? ханды?ыны? та?ына ал?аш?ы болып Керей отырса (1458-1473 жж.), кейін оны Ж?нібек хан алмастырады (1473-1480 жж.). Бастап?ыда ?аза? ханды?ыны? аума?ы Шу ?зені мен Талас ?зеніні? ал?абы ж?не батыс Жетісумен шектеліп, онда мекендеген тайпалар Дешті-?ыпша?тан ?оныс аудар?ан тайпаларымен етене араласып кетеді. Осылайша 1465 жылы негізі ?алан?ан ?аза? ханды?ыны? ??рылуы Отан тарихында?ы т?тенше ма?ызды о?и?а?а айналып, Орталы? Азияны? ?лан-байта? ??ірін мекендеген к?шпенді тайпаларды? біры??ай этникалы? топ – ?аза? хал?ыны? ?алыптасуына жа?дай жасады.

1462 жылы Мо?олстан ханы Есенб??аны? ?айтыс болуы ?аза? ханды?ыны? одан ?рі к?шеюіне жол ашты. ?йткені Мо?олстан ханыны? ?лімі мемлекеттегі ішкі феодалды? ?ыр?ыс пен Амасанжы Тайшы баста?ан ойраттарды? шабуылына алып келіп, мемлекетті? ша?ыра?ын шай?алтты. Сондай-а?, 1468 жылы ?білхайырды? ?з алдына б?лініп кеткен ?аза?тарды жазалау ма?сатында жоры??а шы?ып, жол ?стінде ?аза табуы да жа?адан ??рыл?ан ?аза? ханды?ыны? ны?айтып, оны? беделі мен ?скери-саяси к?ш-?уатын арттыра т?сті. ?сіресе, ?білхайыр ?рпа?тарыны? билік ?шін ?зара талас-тартысы билікті? ?лсіреуіне ?кеп со?ып, мемлекеттегі тайпаларды? жаппай ?аза? ханды?ына ?осылуына ы?пал жасады. Б?л туралы М?хаммед Хайдар Дулати былай деп жазады: «. ?біл?айыр хан д?ние сал?аннан кейін ?збек ?лысыны? ша?ыра?ы шай?алды; (онда) ірі-ірі шиеленістер басталды. ?лкен б?лігі (оны? ?ол астында?ыларды?) Керей хан мен Ж?нібек хан?а к?шіп кетті, с?йтіп оларды? т??ірегіне (жинал?ан адамдарды?) саны екі ж?з мы??а жетті. Оларды ?збектер – «?аза?тар» деп атады».

Я?ни, ?білхайыр ханды?ынан к?шіп келген тайпалардан ед?уір ?скери к?ш жина?ан Керей мен Ж?нібек ?біл?айыр ханды?ы мен Мо?олстанны? ??лдырауын пайдалана отырып, Шы?ыс Дешті ?ыпша? пен Жетісуді мекендеген к?шпелі тайпаларды біріктіру жолында?ы к?реске емін-еркін араласып кетеді. Осы?ан байланысты ?аза? хандары алдарына стратегиялы? ?ш міндетті шешуге тырысты. Оны? біріншісі Дешті – ?ыпша?та ерте кезден ?алыптас?ан мал жайылымдарын пайдалануды? т?ртібін ?алпына келтіру, екіншісі Сыр бойында?ы Сы?ана?, Соза?, Отырар, Ясы (Т?ркістан) ж?не та?ы бас?а да ?алаларыны? ?стінен ?тетін сауда керуен жолдарын ?здеріне карату, ?шіншісі орта? бір тілде с?йлейтін к?шпелі тайпаларды? басын ?осып, т?тас этникалы? айма?ты ?алыптастырудан т?рды. Осындай стратегиялы? м?селелерді шешуде ?аза? ханды?ына Сырдария бойында?ы ?алаларды ?арату ерекше ма?ызды еді. Біра?, Сыр бойында?ы ?алалар ?шін ?аза? ханды?ына ?арсы ?білхайырды? ?лы Шайх-хайдар ж?не немерелері М?хамед Шайбани мен Махм?д с?лтан тайталас?а т?сіп, сол кездегі ?аза? хандарыны? басты ?арсыластарына айналады. Сонды?тан ?аза? хандары шайбанидтерге т?теп беру ?шін Жошыны? бас?а ?рпа?тары – Ахмет хан мен Махм?д хан, Батыс Сібірді? билеушісі Иба? хан ж?не Но?ай мырзалармен ода?тасу?а ?мтылады. Н?тижесінде ?білхайыр ханны? м?рагері Шайх Хайдар Батыс Сібірді? билеушісі Иба? ханны? ?олынан ?аза тапса, ?білхайыр ханны? немерелері М?хаммед Шайбани мен Махм?д с?лтан Астрахан?а ?ашып барып паналайды. Алайда М?хаммед Шайбани Астрахан ?оршауын б?зып шы?ады да Дешті ?ыпша?та?ы тайпаларды? бір б?лігін со?ына ертіп М?уереннахр?а келіп, Темір ?улеті арасында?ы ?зара тартысты пайдалана отырып М?хаммед М?зит Тарханнан Т?ркістан ?лкесін тартып алады. Оны? ?ол астына Самар?ан, Б?хара сия?ты ?лкен ?алалар ?теді. Осылайша М?хаммед Шайбани жа?дайын ны?айт?ан со? ?аза?тар?а ?арсы к?ресін ?айта жал?астырды. Н?тижесінде Сыр бойында?ы ?алалар ?шін со?ыстар отыз жылдан астам уа?ыт?а созылып, же?істер мен же?ілістер жауласушы екі жа?ты? да ?лесіне тиіп отырды. М?селен, 1470 жылы ?ыста ?аза? ханы Керей Т?ркістан?а шабуыл жасаса, Ж?нібекті? ?лкен баласы Махм?д с?лтан Соза? ?аласын, оны? інісі Еренжі Сауранды басып алады. Осылайша Сыр бойында?ы ма?ызды ?алаларды? бірі – Соза? ж?не Сауран ?алалары ?аза? ханды?ыны? ??рамына ?теді. Алайда, екі жылдан со? М?хаммед Шайбани Но?ай Ордасыны? ?мірі М?са мырзаны? к?мегіне с?йену ар?ылы Арк?к бекінісі мен Сы?ана? ?аласын ?зіне ?арату?а с?ті т?седі. Біра?, Б?рынды? ж?не Махм?д с?лтандар бас?ар?ан ?аза?ты? ?скерлері ?аратауда?ы Со?ынлы? асуы т?бінде Соза? пен Сы?ана? аралы?ында М?хаммед Шайбани ?скерлерін тал?андап, Сы?ана? ?аласын ?айтарып алды да, М?хаммед Шайбаниды Ма??ыстау?а ?ашу?а м?жб?рлейді.
Дегенмен Шайбани ?улетімен арада?ы со?ыстар Ж?нібек ханнан кейін та??а отыр?ан Б?рынды? хан (1480-1511 жж.) т?сында да то?тамайды. Осы кезде Сыр бойында?ы ?алаларды иелену жолында?ы к?реске ?мір Темір ?улетіні? ?кілі С?лтан Ахмет мырза мен Мо?олстан ханы С?лтан Махм?д араласып кетеді. М?хаммед Шайбани болса Мо?олстан ханына болысып, оны? ?олдауымен та?ы да Арк?к, Сы?ана? ?алаларын басып алады. ?ш жыл бойы ?аза?тармен со?ыс?ан М?хаммед Шайбани, Б?рынды? хан мен ?асым с?лтан баста?ан ?аза?тарды? ?ысымына т?теп бере алмай, 1486 жылы Т?ркістанды тастап, Хорезмге кетуге м?жб?р болды. 1482-1485 жылдары Мо?олстан ханы Ж?ніс Ташкент пен Сайрам ?алаларын басып алды. Мо?олстан билеушілері М?хаммед Шайбаниды ?мір Темір ?улетіне ?арсы ж?мсау ?шін ?олдады, ал ?мір Темір ?улетінен шы??ан ?мір М?хаммед М?зит Тархан олар?а ?арсы ?аза? ханды?ымен ода?тасты. ХV ?асырды? ая?ында Мо?олстан ханы С?лтан Махм?д Отырар ?аласын басып алып, оны М?хаммед Шайбани?а берді. Сонымен ?атар, М?хаммед Шайбани та?ы да Сауран мен Яссы ?алаларын басып алды. Б?л жоры??а жауап ретінде ?аза? ханы Б?рынды? хан ш??ыл т?рде ?скер жинап, Сы?ана? каласын ?оршау?а алады. К?п кешікпей ?аланы? т?р?ындары ?аза? ?скерлеріне бекіністін ?а?пасын ашып береді де Сы?ана? ?айтадан ?аза?тарды? ?олына ?теді. Сауран ?аласыны? хал?ы да ?аза?ты? біріккен ?алы? ?олын к?рісімен-а? М?хаммед Шайбаниды? ?аланы билеуге ?алдыр?ан туыстарын ?стап алып, Б?рынды? хан?а беріледі. Б?дан со? ?аза?тар Т?ркістан мен Арк?к ?алаларын ?оршап оны да басып алады. ?аза? ханы Б?рынды? пен ?асым ж?не Ж?дік с?лтандар М?хаммед М?зит Тарханмен к?ш біріктіріп, М?хаммед Шайбан?а ?арсы Соза? ?аласына ба?ыт алады. Соза? ?аласыны? т?р?ындары Б?рынды??а к?мек береді, ?ала ?аза?тарды? ?олына к?шті. К?п ?замай Сауран да Б?рынды? ханны? ?олына т?сті. Ал, Отырарды ?оршау 90-жылдарды? со?ында М?хаммед Шайбани мен Б?рынды? ханны? ?зара бітім жасасуымен ая?талды. XV ?. ая?талар т?сында?ы к?ресті? ?орытындысы - ?аза? ханды?ы ??рамына Соза?, Сы?ана?, Сауран ?алалары мен Т?ркістан айма?ыны? солт?стік б?лігі болды, Отырар, Яссы, Арк?к, Бозкент ?алалары мен Т?ркістан айма?ыны? бір б?лігі М?хаммед Шайбани?а ?арады. Ташкент пен Сайрам ?алаларын Мо?олстан ханы С?лтан Махм?д биледі. Далада билік жасау ?шін к?ресуге М?хаммед Шайбаниді? на?ты к?ші болмады. Іс ж?зінде ол тек Сырдария ма?ында?ы жерлер ?шін к?ресумен шектелуге м?жб?р болды. Ал ?аза? ханды?ы болса ?зіні? е? жо?ары ?уаттылы?ына XVI ?. бірінші ширегінде ?асым хан (1511-1521 жж.) т?сында жетті. Іс ж?зі?де ол елді Б?рынды? кезінде-а? бас?ара бастады. Оны? бас?аруынан бастап билік ж?ргізу Ж?нібек ?рпа?тарыны? ?олына к?шті. 1513 жылы к?зде Шу ?зені жа?асында ?асым хан мен Ша?атай ?рпа?ы Саид ханмен кездескенде, М?хаммед Хайдар Дулатиды? м?ліметі бойынша: «?асым ханны? жасы алпыстан асып, жетпіске жа?ында?ан еді». Б?рынды? ханны? т?сында ?асым ?скери ?олбасшы болды. М?хаммед Шайбани ханны? 1504 жылы к?ктемдегі ?ндіжан?а жоры?ы т?сында ?асым хан ма??ыттарды? к?мегімен б?кіл ?ыпша? даласына ?стемдікті ?олына алды.

         Т?менде ?аза? хандырыны? хронологиясы туралы м?лімет іздеген сауалы?ыз?а негіз болар деп ойлаймын:

1456-1473ж – Керей хан. Керей – Болат с?лтанны? баласы.
1473-1480ж – Ж?нібек хан – Бара? ханны? баласы
1480-1511ж – Б?рынды? хан ?аза?тарды бас?арды. Керей ханны? баласы
1511-1518ж – ?асым хан билігі. ?з Ж?нібекті? ?лы
1518-1523ж – ?асымны? баласы Мамаш хан болды 
1523-1532ж – ?асымны? немере інісі Та?ыр хан болды 
1533-1534ж – Б?йдаш хан Та?ырды? інісі хан болды 
1534-1535ж – ?ожа Ма?м?т хан болды 
1535-1537ж – хан ата?ы бол?ан с?лтандар: То?ым хан, Ахмет хан, Ха?назар, Наурыз-Ахмет хан 
1538-1580ж – Ха?назар ?аза? ханды?ыны? ханы болды, ?асымны? баласы 
1580-1582ж – Ж?нібекті? немере інісі 80 жаста?ы Шы?ай та??а отырды 
1582-1598ж – Шы?ай ?айтыс болып, орнына баласы Т?уекел отырды 
1598-1628ж – Есім хан билігі. Шы?айды? баласы, Т?уекел ханны? інісі
1613-1627ж – Т?рсын хан билігі 
1628-1652ж – Ж??гір хан болды. Есім ханны? баласы 
1680-1715ж – ?з-Т?уке хан билігі. Сал?ам Ж??гірді? баласы 
1718-1726ж – Батырды? билігі
1726-1730ж – Болат хан билігі. Болат-Т?уке ханны? бел баласы
1720-1740ж – ?лы ж?зді Жолбарыс хан бас?арды
1718-1748ж – ?білхайыр Кіші ж?зге хан болды
1748-1786ж – Н?ралы Кіші ж?зге хан болды
1791-1794ж – Ералы Кіші ж?зге хан болды
1795-1797ж – Есім Кіші ж?зге хан болды
1797-1805ж – Айшуа? Кіші ж?зге хан болды
1805-1824ж – Шер?азы Кіші ж?зге со??ы хан болды
1716-1719ж – Орта ж?з ханы ?айып хан билігі
1719-1734ж – Орта ж?з ханы С?меке хан билігі
1734-1771ж – Орта ж?з ханы ?білм?мбет билігі
1771-1781ж – Орта ж?з ханы Абылай билігі
1781-1819ж – Орта ж?з со??ы ханы У?ли билігі
1815-1817ж – Орта ж?з со??ы ханы Б?кей билігі
1841-1847ж – Кенесары ?аза?ты? со??ы ханы. Кенесары – Абылай ханны? немересі, ?асым т?рені? баласы.

?аза? мемлекеттігіні? ??рыл?анына 550 жыл, тамаша мерейтой! Кешегі Керей мен Ж?нібек хандардан бастау ал?ан б?л ?рдіс б?гіндер шыр?ау шы?ына жетті десек жарасар. ?йткені д?ние-ж?зілік ?ркениетте ?аза?стан деген жер?йы? жер бар, ?аза?стан деген е?сесі биік Ел бар, ?зіні? а?ыл-парасаты, к?реген к?шбасшылы?ымен ?лемді аузына ?арат?ан, хал?ыны? ба?ына ту?ан Н?реке?дей Елбасы бар.

Б?л – мені? елім, б?л – мені? ?аза?станым, баршамызды? – М??гілік еліміз! Сол еліміз жасасын

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"?аза? ханды?ыны? 550 жылды? мерейтойы!" атты ма?ала »

Өксікбаева Қаламқас Іргебайқызы

Тараз қаласы

Ө.Жолдасбеков атындағы №50 орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі


Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы!


2015 жылы қазақ елі тұңғыш мемлекетіміздің негізін қалаған Қазақ хандығының 550 жылдық тойы дүбірлетіп атап өтілуде. Бұл ұлы мерейтойдың өткізілуі Елбасымыздың 2014 жылғы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында ресми түрде мәлімденіп, Қазақ хандығының 550 жылдығын қазіргі жас ұрпақ бойына сіңіріп, есіне сақтаулары тиіс.

Әрбір қазақ баласында «Хандығымыз қалай құрылды?» деген сауал туындауы заңды нәрсе. Сол сауалға тарихи деректерден жауап іздеп көрелік. Қазақ хандығына дейін біздің аумағымызда өткен Сақ, Ғұн, Түрік қағанаттары, Алтын Орда, Көшпелі өзбек мемлекеттері және басқа да этникалық қоғамдастықтар мен мемлекеттік құрылымдардың дәуірлер өткендігі белгілі. Соның ішінде XV ғ. бірінші жартысында батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірінен, солтүстігінде Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі жерде бұрынғы Ақ Орданың орнына «көшпелі өзбектер» мемлекеті құрылады. Бұл мемлекеттің негізін Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын Шайбанның ұрпағы Әбілхайыр хан қалайды. Ол билік құрған 40 жылдың ішінде сыртқы саясатында Сырдария бойындағы қалалар мен Хорезм үшін Темір ұрпақтарымен ұзақ соғыстар жүргізіп, ішкі саясатында Дешті-Қыпшақтағы бытыраңқы жатқан өзбек тайпаларының басын қосып, бір орталыққа біріккен мемлекет құруға тырысты.

Алайда, 1456 жылы Сығанақ түбінде Өз-Темір тайшы бастаған ойраттардан жеңіліп, олармен масқара ауыр шарт жасасуы және ішкі талас-тартыс кезінде үлкен ұлы Шах-Будаг-сұлтанның өлтірілуі Әбілхайырдың мемлекет ішінде қатал тәртіп орнатуға итермелейді. Ал бұл іс-шаралар көшпелі өзбек тайпаларының оған деген өшпенділігін одан сайын күшейтіп жібереді. Әсіресе Әбілхайыр хан өзінің саяси қарсыластары – Жошы әулетінен шыққан сұлтандарды қудалауы салдарынан Орыс ханның ұрпақтары Жәнібек пен Керей сұлтандар қарамағандағы ауылдарымен Шу өзенінің бойына көшіп кетуге мәжбүр болды. Осылайша Керей мен Жәнібектің басшылығымен Шу өзенінің бойындағы Мойынқұм өңіріне қоныс аударған өзбек тайпаларының бір бөлігі қазақ хандығының құрылуына тікелей ықпал жасады. Қазақ хандығы туралы нақты мәліметтер беретін Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и-Рашиди», Қадырғали Жалайырдың «Жылнамалар жинағы», Махмуд бен Уәлидің «Бахр ал-асрар фи манакиб ал-ахиар», Әбілғазының «Шежіре-и Түрк» және басқа да шығыс деректеріне назар аударсақ Әбілхайырға қарсы өзіне одақтас іздеген Моғолстан ханы Есенбұға Шуға көшіп келген Керей мен Жәнібекті қарсы алып, қоныстанатын жер береді. Осы оқиға жөнінде тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегінде былай дейді: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді...». Осы деректерге назар аударсақ Қазақ хандығының тағына алғашқы болып Керей отырса (1458-1473 жж.), кейін оны Жәнібек хан алмастырады (1473-1480 жж.). Бастапқыда Қазақ хандығының аумағы Шу өзені мен Талас өзенінің алқабы және батыс Жетісумен шектеліп, онда мекендеген тайпалар Дешті-Қыпшақтан қоныс аударған тайпаларымен етене араласып кетеді. Осылайша 1465 жылы негізі қаланған Қазақ хандығының құрылуы Отан тарихындағы төтенше маңызды оқиғаға айналып, Орталық Азияның ұлан-байтақ өңірін мекендеген көшпенді тайпалардың бірыңғай этникалық топ – қазақ халқының қалыптасуына жағдай жасады.

1462 жылы Моғолстан ханы Есенбұғаның қайтыс болуы Қазақ хандығының одан әрі күшеюіне жол ашты. Өйткені Моғолстан ханының өлімі мемлекеттегі ішкі феодалдық қырқыс пен Амасанжы Тайшы бастаған ойраттардың шабуылына алып келіп, мемлекеттің шаңырағын шайқалтты. Сондай-ақ, 1468 жылы Әбілхайырдың өз алдына бөлініп кеткен қазақтарды жазалау мақсатында жорыққа шығып, жол үстінде қаза табуы да жаңадан құрылған Қазақ хандығының нығайтып, оның беделі мен әскери-саяси күш-қуатын арттыра түсті. Әсіресе, Әбілхайыр ұрпақтарының билік үшін өзара талас-тартысы биліктің әлсіреуіне әкеп соғып, мемлекеттегі тайпалардың жаппай Қазақ хандығына қосылуына ықпал жасады. Бұл туралы Мұхаммед Хайдар Дулати былай деп жазады: «... Әбілқайыр хан дүние салғаннан кейін Өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды; (онда) ірі-ірі шиеленістер басталды. Үлкен бөлігі (оның қол астындағылардың) Керей хан мен Жәнібек ханға көшіп кетті, сөйтіп олардың төңірегіне (жиналған адамдардың) саны екі жүз мыңға жетті. Оларды өзбектер – «қазақтар» деп атады».

Яғни, Әбілхайыр хандығынан көшіп келген тайпалардан едәуір әскери күш жинаған Керей мен Жәнібек Әбілқайыр хандығы мен Моғолстанның құлдырауын пайдалана отырып, Шығыс Дешті Қыпшақ пен Жетісуді мекендеген көшпелі тайпаларды біріктіру жолындағы күреске емін-еркін араласып кетеді. Осыған байланысты Қазақ хандары алдарына стратегиялық үш міндетті шешуге тырысты. Оның біріншісі Дешті – Қыпшақта ерте кезден қалыптасқан мал жайылымдарын пайдаланудың тәртібін қалпына келтіру, екіншісі Сыр бойындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Ясы (Түркістан) және тағы басқа да қалаларының үстінен өтетін сауда керуен жолдарын өздеріне карату, үшіншісі ортақ бір тілде сөйлейтін көшпелі тайпалардың басын қосып, тұтас этникалық аймақты қалыптастырудан тұрды. Осындай стратегиялық мәселелерді шешуде Қазақ хандығына Сырдария бойындағы қалаларды қарату ерекше маңызды еді. Бірақ, Сыр бойындағы қалалар үшін Қазақ хандығына қарсы Әбілхайырдың ұлы Шайх-хайдар және немерелері Мұхамед Шайбани мен Махмұд сұлтан тайталасқа түсіп, сол кездегі Қазақ хандарының басты қарсыластарына айналады. Сондықтан Қазақ хандары шайбанидтерге төтеп беру үшін Жошының басқа ұрпақтары – Ахмет хан мен Махмұд хан, Батыс Сібірдің билеушісі Ибақ хан және Ноғай мырзалармен одақтасуға ұмтылады. Нәтижесінде Әбілхайыр ханның мұрагері Шайх Хайдар Батыс Сібірдің билеушісі Ибақ ханның қолынан қаза тапса, Әбілхайыр ханның немерелері Мұхаммед Шайбани мен Махмұд сұлтан Астраханға қашып барып паналайды. Алайда Мұхаммед Шайбани Астрахан қоршауын бұзып шығады да Дешті Қыпшақтағы тайпалардың бір бөлігін соңына ертіп Мәуереннахрға келіп, Темір әулеті арасындағы өзара тартысты пайдалана отырып Мұхаммед Мәзит Тарханнан Түркістан өлкесін тартып алады. Оның қол астына Самарқан, Бұхара сияқты үлкен қалалар өтеді. Осылайша Мұхаммед Шайбани жағдайын нығайтқан соң қазақтарға қарсы күресін қайта жалғастырды. Нәтижесінде Сыр бойындағы қалалар үшін соғыстар отыз жылдан астам уақытқа созылып, жеңістер мен жеңілістер жауласушы екі жақтың да үлесіне тиіп отырды. Мәселен, 1470 жылы қыста Қазақ ханы Керей Түркістанға шабуыл жасаса, Жәнібектің үлкен баласы Махмұд сұлтан Созақ қаласын, оның інісі Еренжі Сауранды басып алады. Осылайша Сыр бойындағы маңызды қалалардың бірі – Созақ және Сауран қалалары Қазақ хандығының құрамына өтеді. Алайда, екі жылдан соң Мұхаммед Шайбани Ноғай Ордасының әмірі Мұса мырзаның көмегіне сүйену арқылы Аркөк бекінісі мен Сығанақ қаласын өзіне қаратуға сәті түседі. Бірақ, Бұрындық және Махмұд сұлтандар басқарған қазақтың әскерлері Қаратаудағы Соғынлық асуы түбінде Созақ пен Сығанақ аралығында Мұхаммед Шайбани әскерлерін талқандап, Сығанақ қаласын қайтарып алды да, Мұхаммед Шайбаниды Маңғыстауға қашуға мәжбүрлейді.
Дегенмен Шайбани әулетімен арадағы соғыстар Жәнібек ханнан кейін таққа отырған Бұрындық хан (1480-1511 жж.) тұсында да тоқтамайды. Осы кезде Сыр бойындағы қалаларды иелену жолындағы күреске Әмір Темір әулетінің өкілі Сұлтан Ахмет мырза мен Моғолстан ханы Сұлтан Махмұд араласып кетеді. Мұхаммед Шайбани болса Моғолстан ханына болысып, оның қолдауымен тағы да Аркөк, Сығанақ қалаларын басып алады. Үш жыл бойы қазақтармен соғысқан Мұхаммед Шайбани, Бұрындық хан мен Қасым сұлтан бастаған қазақтардың қысымына төтеп бере алмай, 1486 жылы Түркістанды тастап, Хорезмге кетуге мәжбүр болды. 1482-1485 жылдары Моғолстан ханы Жүніс Ташкент пен Сайрам қалаларын басып алды. Моғолстан билеушілері Мұхаммед Шайбаниды Әмір Темір әулетіне қарсы жұмсау үшін қолдады, ал Әмір Темір әулетінен шыққан Әмір Мұхаммед Мәзит Тархан оларға қарсы Қазақ хандығымен одақтасты. ХV ғасырдың аяғында Моғолстан ханы Сұлтан Махмұд Отырар қаласын басып алып, оны Мұхаммед Шайбаниға берді. Сонымен қатар, Мұхаммед Шайбани тағы да Сауран мен Яссы қалаларын басып алды. Бұл жорыққа жауап ретінде Қазақ ханы Бұрындық хан шұғыл түрде әскер жинап, Сығанақ каласын қоршауға алады. Көп кешікпей қаланың тұрғындары қазақ әскерлеріне бекіністін қақпасын ашып береді де Сығанақ қайтадан қазақтардың қолына өтеді. Сауран қаласының халқы да қазақтың біріккен қалың қолын көрісімен-ақ Мұхаммед Шайбанидың қаланы билеуге қалдырған туыстарын ұстап алып, Бұрындық ханға беріледі. Бұдан соң қазақтар Түркістан мен Аркөк қалаларын қоршап оны да басып алады. Қазақ ханы Бұрындық пен Қасым және Жәдік сұлтандар Мұхаммед Мәзит Тарханмен күш біріктіріп, Мұхаммед Шайбанға қарсы Созақ қаласына бағыт алады. Созақ қаласының тұрғындары Бұрындыққа көмек береді, қала қазақтардың қолына көшті. Көп ұзамай Сауран да Бұрындық ханның қолына түсті. Ал, Отырарды қоршау 90-жылдардың соңында Мұхаммед Шайбани мен Бұрындық ханның өзара бітім жасасуымен аяқталды. XV ғ. аяқталар тұсындағы күрестің қорытындысы - Қазақ хандығы құрамына Созақ, Сығанақ, Сауран қалалары мен Түркістан аймағының солтүстік бөлігі болды, Отырар, Яссы, Аркөк, Бозкент қалалары мен Түркістан аймағының бір бөлігі Мұхаммед Шайбаниға қарады. Ташкент пен Сайрам қалаларын Моғолстан ханы Сұлтан Махмұд биледі. Далада билік жасау үшін күресуге Мұхаммед Шайбанидің нақты күші болмады. Іс жүзінде ол тек Сырдария маңындағы жерлер үшін күресумен шектелуге мәжбүр болды. Ал Қазақ хандығы болса өзінің ең жоғары қуаттылығына XVI ғ. бірінші ширегінде Қасым хан (1511-1521 жж.) тұсында жетті. Іс жүзіңде ол елді Бұрындық кезінде-ақ басқара бастады. Оның басқаруынан бастап билік жүргізу Жәнібек ұрпақтарының қолына көшті. 1513 жылы күзде Шу өзені жағасында Қасым хан мен Шағатай ұрпағы Саид ханмен кездескенде, Мұхаммед Хайдар Дулатидың мәліметі бойынша: «Қасым ханның жасы алпыстан асып, жетпіске жақындаған еді». Бұрындық ханның тұсында Қасым әскери қолбасшы болды. Мұхаммед Шайбани ханның 1504 жылы көктемдегі Әндіжанға жорығы тұсында Қасым хан маңғыттардың көмегімен бүкіл Қыпшақ даласына үстемдікті қолына алды...

Төменде қазақ хандырының хронологиясы туралы мәлімет іздеген сауалыңызға негіз болар деп ойлаймын:


1456-1473ж – Керей хан. Керей – Болат сұлтанның баласы.
1473-1480ж – Жәнібек хан – Барақ ханның баласы
1480-1511ж – Бұрындық хан қазақтарды басқарды. Керей ханның баласы
1511-1518ж – Қасым хан билігі. Әз Жәнібектің ұлы
1518-1523ж – Қасымның баласы Мамаш хан болды 
1523-1532ж – Қасымның немере інісі Тақыр хан болды 
1533-1534ж – Бұйдаш хан Тақырдың інісі хан болды 
1534-1535ж – Қожа Мақмұт хан болды 
1535-1537ж – хан атағы болған сұлтандар: Тоғым хан, Ахмет хан, Хақназар, Наурыз-Ахмет хан 
1538-1580ж – Хақназар Қазақ хандығының ханы болды, Қасымның баласы 
1580-1582ж – Жәнібектің немере інісі 80 жастағы Шығай таққа отырды 
1582-1598ж – Шығай қайтыс болып, орнына баласы Тәуекел отырды 
1598-1628ж – Есім хан билігі. Шығайдың баласы, Тәуекел ханның інісі
1613-1627ж – Тұрсын хан билігі 
1628-1652ж – Жәңгір хан болды. Есім ханның баласы 
1680-1715ж – Әз-Тәуке хан билігі. Салқам Жәңгірдің баласы 
1718-1726ж – Батырдың билігі
1726-1730ж – Болат хан билігі. Болат-Тәуке ханның бел баласы
1720-1740ж – Ұлы жүзді Жолбарыс хан басқарды
1718-1748ж – Әбілхайыр Кіші жүзге хан болды
1748-1786ж – Нұралы Кіші жүзге хан болды
1791-1794ж – Ералы Кіші жүзге хан болды
1795-1797ж – Есім Кіші жүзге хан болды
1797-1805ж – Айшуақ Кіші жүзге хан болды
1805-1824ж – Шерғазы Кіші жүзге соңғы хан болды
1716-1719ж – Орта жүз ханы Қайып хан билігі
1719-1734ж – Орта жүз ханы Сәмеке хан билігі
1734-1771ж – Орта жүз ханы Әбілмәмбет билігі
1771-1781ж – Орта жүз ханы Абылай билігі
1781-1819ж – Орта жүз соңғы ханы Уәли билігі
1815-1817ж – Орта жүз соңғы ханы Бөкей билігі
1841-1847ж – Кенесары қазақтың соңғы ханы. Кенесары – Абылай ханның немересі, Қасым төренің баласы.


Қазақ мемлекеттігінің құрылғанына 550 жыл, тамаша мерейтой! Кешегі Керей мен Жәнібек хандардан бастау алған бұл үрдіс бүгіндер шырқау шыңына жетті десек жарасар. Өйткені дүние-жүзілік өркениетте Қазақстан деген жерұйық жер бар, Қазақстан деген еңсесі биік Ел бар, өзінің ақыл-парасаты, көреген көшбасшылығымен әлемді аузына қаратқан, халқының бағына туған Нұрекеңдей Елбасы бар.

Бұл – менің елім, бұл – менің Қазақстаным, баршамыздың – Мәңгілік еліміз! Сол еліміз жасасын!





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
"?аза? ханды?ыны? 550 жылды? мерейтойы!" атты ма?ала

Автор: ?ксікбаева ?алам?ас Іргебай?ызы

Дата: 17.04.2015

Номер свидетельства: 202649


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства