Кенесары Баста?ан к?терілісті? тарихнамасы атты ?ылыми жоба. Ж?мыс кіріспеде, негізгі б?лімнен ж?не ?орытындыдан т?рады. Негізгі б?лім екі тарау?а б?лінген.
ХVIII – ХІХ ғасырлардағы болып өткен барлық көтерілістерден Кенесары бастаған көтерілістің ерекшелігі бүкіл үш Жүз қазақ шаруалары дерлік қатысты. Кенесары көтерілісіне феодалдық қозғалыс деп айдар тағу дұрыс емес. Бұл қозғалыстың басында кім тұрғанына қарамастан бұл көтеріліс ұлт – азаттық шаруалар көтерілісі сипатына ие.
Кенесарының саяси көзқарастарының қалыптасуына әсер еткен әкесі- сұлтан Қасым. Сұлтан Қасымның 40 шаңырақты ертіп Көкшетау маңынан қоқан шекарасына көшуінің басты себебі - оның патша үкіметінің округтік приказдарды құруына қарсылығы.
Курстық жұмыстың мақсаты :
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің негізгі мәнін ашып көрсету.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Көтерілістің алғышарттарына талдау жасау;
Көтерілістің барысы және тарихи маңызын зерттеу;
Статистикалық мәліметтерге тарихи тұрғыдан назар аудару;
Көтерілістің жеңілу себептері мен сипатын ашып көрсету.
Көтеріліс бүкіл үш жүзді түгел қамтып ұлтазаттық сипат алды. Көтерілістің басты қорғаушы күші қазақ шаруалары сонымен қатар ірі ақсүйектер да қатысты. Олардың мақсаты:
Көтерілісті пайдаланып , бұрынғы артықшылықтарын қайтарып алу.
Көшпелі феодалдың дербес мемлекеттің негізін салу.
Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтерілістің тарихта алатын орны ерекше. Сонымен қатар негізгі міндет жұмыстың ішіндегі Кенесары бастаған көтерілістің негізгі тауарлары мен пунктерінің мәнін ашып, оларға сәйкестік беру.
Кенесары көптеген шайқастарда өз мақсатына жету жолында асқан қайсар мінезі мен жауларына қатыгездігі оның әмбе қолбасшылық, әмбе ұйымдастырушылық ролі- тіпті патша генералдарының өзін таңқалдырып отырғандығы да тарихтан белгілі.
Көтерілістің негізгі мақсаттары:
Қазақ елінің патшалы Ресейдің құрамына қосылып үлгермеген өңірлерінің дербестігін сақтау.
Қазақ жерлерін бекіністер мен округтік билеу арқылы отарлауды тоқтату.
Қоқандықтардың тепкісіндегі қазақтарды азат ету.
Кенесарының орыстарға күресі емес, орыс империясына қарсы күрес. Бұл үрдіс оған ұлт – азаттық сипат береді, оның үстіне Кенасары күресті империя ішінде емес, отаршылдар басып алған өз жерінде жүргізді.
Қырғыздарға қарсы күрес бұл екі туыс халықтың арасындағы қарым – қатынастарды, қайшылықтарды дұрыс түсінбеушіліктен туындаған жәйт.
Қазақ – қырғыз қатынастары, орыс – поляк қарым – қатынастары тәрізді бір жақты ғана түсіндіруге көнбейтін құбылыс. Қаз ССР-ның ҰҒА С.Асфандияровтың туғанына 100 жыл арналған ғылыми теориятикалық конференцияда сөз сөйлеген М.Махмудовтың Кенесары Қазақ халқының ұлттық батыры деуі әбден жөн сияқты. Алдағы зерттеулер бұл ғалымның осы ойын расқа шығаруы әбден ықтимал. Кенасары Қасымовтың тағдырын ірі жазушы Жюль Верн де айналып өте алмаған. Оған жазушының Лениград архивінен табылған Кенасары жайлы романның қолжазбасы куә бола алады.
Қазақстанды түгелдей шарпыған Кенесары көтерілісі ойдым – ойдым түрде дамыған көтеріліс ошақтарының жиынтығы іспеттес еді. Міне, көтерілістің осал жері де осында.
Курстық жұмыстың тарихнамасы:
Қазақ – қырғыз қатынастары, орыс – поляк қарым – қатынастары тәрізді бір жақты ғана түсіндіруге көнбейтін құбылыс. Қаз ССР-ның ҰҒА С.Асфандияровтың туғанына 100 жыл арналған ғылыми теориятикалық конференцияда сөз сөйлеген М.Махмудовтың Кенесары Қазақ халқының ұлттық батыры деуі әбден жөн сияқты. Алдағы зерттеулер бұл ғалымның осы ойын расқа шығаруы әбден ықтимал. Кенасары Қасымовтың тағдырын ірі жазушы Жюль Верн де айналып өте алмаған. Оған жазушының Лениград архивінен табылған Кенасары жайлы романның қолжазбасы куә бола алады
Курстық жұмыстың құрылымы:
Курстық жұмыс кіріспеден екі тарау мен бес тақырыптан қорытындыдан сілтемелермен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралған.
І тарау . Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.
1.1 К.Қасымұлы бастаған көтерілістің басталу себебі
1822 жылы Сібір қазақтары туралы устав далалық аудандарды басқару құрылымын өзгертіп жіберді. Енді басқарудың округтік жүйесі енгізілді. Ал ол бойынша қазақ қоғамы округке, болысқа, ауылға бөлінді. Төмендегі әкімшілік бірлестігі ретінде ауыл құрамына 50-70 -ке дейінгі үйлерді біріктірді. Осындай 10-12 ауылдан болыс құрылды. 10-15 болыстан округ қалыптасты. Бұлардың белгілі бір территориясы болды. Әкімшілік билігін сақтап қалған аға сұлтандар негізінен алғанда сол үкімет билігін нығайтылуын қамтамасыз етуге тиісті еді.
.Қазақтардың ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда болған барлық ірі көтерілістерінен Кенесары көтерілісінің ерекшелігі, оған үш жүздің бұқара халқы түгел қатысты. Олар күреске бірден, жұмыла қосылмағанымен, жекелеген облыстар қозғалысқа тартылған кезде өзге аудандардағы қозғалыс басылып қалып отырғанымен Кенесары көтерілісі алғашқы жылдардың өзінде –ақ ғаламат кең құлаш жайып, бүкіл халық көтерілген қозғалысқа айналды.
Қозғалыстың бүкіл халықтылығы, кең қанат жаюы, айқын көрінген саяси сипаты Кенесары көтерілісінің өзіне тән ерекшелігі еді деу керек.
Кенесарының көтерілісіне қазақтың басты руларының бәрі қатысты. Олар Ұлы жүз бен Орта жүздің бірқатар рулары Кенесарының қол астына біріккен 1838 жылдан бастап қатысады. Қазақ руларының 1838 жылғы қозғалысқа, яғни күрестің бастапқы кезеңіне қатысуы туралы мәліметтердің тым шашырандылығы себепті біз тиісті деректерді сол жылға арналған очеркте береміз. Кестегеқатысты ескертулерде аталған рудың көтеріліске қатысқанын растайтын жеке адамдардың куәландыруларын, чиновниктер көрсетінділерінің осы жөн-ау деген тұстарын және Кенесары жақтастарының айғақтарын келтіреміз. Міне, осы себепті қыпшақтар,мысалы, 1838, 1839, 1841, 1844 және 1845 жылдары аталып өтіледі, ал 1842 – 1843 жылдары олардың қозғалысқа қатысуы туралы мәліметтердің біздің қолымызда жоқтығынан бұл кезең үшін кестеде көрсетілмеген. Мүмкін олар күресті жалғастырған да болар, бірақ олардың сол жылдардағы күресі қолға түскен деректерде байқалмады.
Кенесары «қазақтардың ежелгі тәуелсіздігін қалпына келтіреміз», яғни тәуелсіз Қазақ мемлекетін құрамыз деген ұранмен күрес жүргізді.
Халық бұқарасының жанына жақын талаптар қазақ кедейлерінің де, сонымен қатар байғұстардың да, жатақтар мен егіншілердің де мүддесін қозғағандықтан олардың күреске белсене қатысуы табиғи еді.
. Сонымен бірге, көтеріліске Торғай және Ырғыз өзендерінің аңғарын мкендеген егінші қазақтар да қатысқан. Ал Торғай мен Ырғыз өлкесі көтерілісшілер қозғалысының орталығы болғаны белгілі.
Полковник Бизановқа берген жауабында Кенесарының ағасы Әбілғазы: «Менімен бірге ұсталған қазақтар Кенесарының жақтастары болғанымен , негізінен олар кедейліктің кесірінен егіншілердің ішіне күн көру үшін сіңген жарлы-жақыбайлар»,- деп мәлімдеді.
Өзінің жауабында Шерман Асатов былай деп хабарлады. «Кенесарының жақтастарынан басқа оның қасында 300- ден астам үй төлеңгіттер бар, олар қысы-жазы бірдей солармен бірге көшіп-қонып жүреді.Орта және Кіші орданың әртүрлі руларынан құралған төлеңгіттер мен қоса, олардың қатарында Қарауылдар, Атығайлар, Уақтар, Керейлер де бар».
Соғыс жағдайында төлеңгіттер Кенесары үшін әскери күш ретінде керек болғаны т.сінікті. Сондықтан да көтеріліске қосылған төлеңгіттер негізінен әскери жасақшының қызметін атқарғаны кездейсоқ нәрсе емес. Тіпті көтерілісшілерге қосылған кейбір жеке қазақ рулары өздерін Кенесары төлеңгіттеріміз деп атады. Мұның өзі уақытша болса да төлеңгіттердің әскери күш ретінде беделінің өскендігін көрсетеді.
Кенесары батырларының әлеуметтік құрамы біркелкі емес еді. Қара халықтан шыққан батырлар мен қатар Кенесары батырларының арасында феодал бекзаттардан шыққан аты әйгілі сұлтан Наурызбай, Табын руның биі Жоламан Тіленшиев те болды. Орынбор Шекара Комиссиясының төрағасы генерал Генстің айтуынша, Жоламанның 800 жылқысы, 2000 қойы және 50 түйесі болған1.
Аталған батырлардың барлығы Кенесарыны көтерілістің соңына дейін қолдады. Олардың әрқайсысы туралы көптеген өлең, аңыз, әңгімелер бар. Кейбір батырлар өздерінің жеке естеліктерін қалдырған. Сонымен бірге, архив құжаттарында көтерілістің соңына дейін қатыспаған батырлардың да есімдері сақталған. Бұл көрініс Кенесарының Орталық Қазақстанның сайын даласынан Ұлы жүздің жеріне қоныс аударған кезінде байқалған. Мысалы, Кенесарыны Ұлы жүздің Тәуік, Сыпатай және т.б. батырлары қолдаудан бас тартты. Архив материалдарында кейбір батырлардың көтеріліске қатысудан бас тартуының себебі туралы мәлімет кездеспегендіктен, оның толық мән- жайын білудің реті келмеді.
1.2 Ұлт – азаттық көтерілістің қозғаушы күштері.
Көтерілісшілердің Ағыбайға деген ерекше құрметі туралы оның әйелдерінің бірімен Кенесарының әңгімесінен байқауға болады. Бірде ханым Кенесарыдан: «Сіз әскеріңіздегі кейбір адамға мың басы, бес жүз басы деген атақтар беріп жатырсыз, неге сіз «көсеге» атақ бермейсіз?»-деп сұрапты. Сонда оған Кенесары : « Егер әскерімнің алдыңғы легі ұрысқа « Абылай!» деп ұрандап кіріссе, ал олардың соңынан ілескен жауынгерлер «Ағыбайлап» соғысқа кіріседі.Міне, сондықтан да мен оған әскери атақ берген жоқпын» деп жауап беріпті.
Ағыбай көтерілістің соңына дейін Кенесарыға деген адалдығынан айныған жоқ. Кенесары қаза тапқан соң Ағыбай Шұбыртпалы руымен қазіргі Ақмола облысының жеріне қоныс аударып, 83 жасында Қайрақты деген мекенде қайтыс болды. ХІХ ғ. ІІ-ші жартысында айтылған «Ағыбай батыр» қиссасы оның ерлік жолына арналған.
Кенесарының екінші бір атақты батыры - Аманкелдінің атасы, Қыпшақ руынан шыққан Иман еді. Ол 1780 жылы бұрынғы Торғай уезінің Дулаттың Қызылжары деген жерде туған. Иманның әкесі Дулат дәулеті шағын адам болыпты. Иман кенесарыға 1839 жылы қосылды. Есіл өзені жағасындағы Көкалажар қамалын Кенесары әскері қоршауға алғанда, гарнизондағылар көтерілісшілерді жақындатпай ұзақ атысады2. Сонда Иман батыр кішігірім тобымен байқатпай барып, қамалдың сыртынан соққы беріп, оған басып кіреді. Шайқас аяқталған соң Кенесары сарбаздарын жинап, Иманның ерлігіне таңданғанын айтып, «Менің қасымда жолбарыстай қайратты, түлкідей айлалы Аякеңнің болғанына өте ризамын» дейді. Сонан кейін Кенесары құрметінің белгісі ретінде батырды «Аяке» деп атап кетіпті. Иман жасы үлкен адам ретінде Кенесарының әскери кеңесінің мүшесі де болған. Табын руынан шыққан
Бұқарбай батыр да Кенесарының ең жақын серіктерінің бірі еді. Бұқарбай батырдың өз өмірбаянының қызықты кезеңдері туралы әңгімелері халық арасына кең тарап кеткен. Ол қоқандықтардың «Күреш» деген қазақ ауылына шабуыл жасағаны туралы былайша әңгімелеп берген.Ауылдың тоналып, адамдардың тұтқынға айналып кеткендігін естіген Бұқарбай батыр өзінің жасағы мен қоқандықтардың соңынан түседі. Ол қоқандықтарды қуып жетіп, малды қайтарып, тұтқынға түскендерді босатады. Солардың арасынан Күреш байдың сұлу қызына көзі түседі. Ауылға оралған соң Бұқарбай батыр Күреш байдан қызын өзіне әйелдікке беруін сұрайды. Күреш: «Қоқандықтар малымды айдап, жұрдай қылып тонап кетті, сондықтан қызымның қалыңмалына 47 бас мал бермесең қызымды саған бере алмаймын» дейді. Сонда Бұқарбай батыр: «Менде жалғыз тұяқта жоқ, ондай көп малды қайдан табамын»,- депті де, қызға қарапты. Сонда қыз орнынан тұрып, әкесіне қарап: «Егер Бұқарбай бізді қоқандықтардан құтқармағанда қазір мен қайдағы бір қоқан бегінің күңі болып жүретін едім. Бұқарбайдың бұл жолғы сіңірген еңбегі одан қалыңмал талап етпеуге лайық емес пе! Мен тек осыған күйеуге шығуға серт беремін» - депті.
Кенесары қозғалысына қазақ қоғамының әлеуметтік жоғарғы тобының өкілдері – сұлтандармен ру шонжарлары да қатысты. Олардың бір бөлігі көтерілістің басынан өздерінің феодалдық жасақтарымен Кенесарыға ерді және соңына дейін оған адал болды. Бұлар, негізінен, Кенесарының жақын туыстары еді. Сұлтан Сейілханның жауабына қарағанда, 1846 ж. соңына дейін Кенесарымен үнемі бірге жүрген туыстары мыналар: Наурызбай, Ержан Саржанов, Құдайменді, Сейілхан Бегалиев, Ораз Бопинов, Басалқа Тоқтамысов, Кенесарының қайнағасы және т.б.Бұлардан басқа, Кенесарының жақтастарының арасында патша өкіметіне наразы, 1822 ж. «Сібір қырғыздары туралы жарғы» енгізілгеннен кейін өздерінің бұрынғы артықшылықтарынан айрылып қалғандар немесе кедейленген сұлтандар болды. Олардың да бір бөлігі Кенесарыны көтерілістің соңына дейін қолдады3. Патша өкіметіне наразы сұлтандардың бірі Сарман Тұрсынханов тергеу барысында: көтеріліске қосылған себебім «арамыздан біріміздіде аға етіп сайламай, бұл атақты қарапайым биге бергендіктен» деп мәлімдеді.
Көтеріліске белсене қатысқан сұлтан Қосай Жолбарысов туралы шекаралық басқарманың чиновнигі Сердюков: «Оның тұрмысы нашар және адамдары да жоқ» деп хабарлады4. Сұлтандардың екінші бір бөлігі көтеріліске халық бұқарасының қысымымен байлығынан айрылып қалудан және халық арасындағы ықпалын жойып алудан қорқып қосылды. Олардың арасында даланы басқарудың жаңа бір жүйесінде белгілі бір қызмет атқарып жүрген кейбір сұлтандар да бар еді. Сібір шекаралық казактарының бастығы полковник Талызиннің 1838 ж. жазған мәліметінде: «Жыртқышқа Ақмола округі сұлтандарының көпшілігі қосылып қана қойған жоқ, сонымен бірге Баянауыл, Қарқаралы және Көкшетау округтері сұлтандарының да қосылғаны анық. Басқа барлық сұлтандар сырттай үкіметке адал болып көрінгенімен, Кенесарымен жасырын байланыста болды» \6\ , деп жазуы бекер емес. Бұл сұлтандар көтерілістің уақытша серіктері болған-ды. Олар көтерілісшілерді көтерілістің алғашқы кезеңінде ғана қолдады. Көтеріліс бір ауданнан соң екінші ауданды қайтып, қазақ жерінің едәір бөлігіне тарала бастаған кезде көптеген сұлтандар қозғалысты сатып , жау жағына шығып кетті.
ХІХ ғ. 20-30 ж. патша өкіметі Ресейдің орталық аудандарынан шаруларды күштеп империяның шет аудандарына көшіре бастады, соның ішінде Қазақстан мен шекаралас жерлерге де көшірілді. Шаруалар өздері үйренбеген жерлерге қоныс аударғанға наразы болды және қазақтардың көтерілісіне тілектестікпен қарады. Патша өкіметі тәртібіне Сібір және Орынбор бөлімдеріне әскери қызметке жаңадан алынғандар да наразы болды.
Көтерілістің алғашқы күндерінен бастап Кенесарыға көтеріліс аймағында тұратын әр түрлі ұлттардың жекелеген өкілдері қосылды. Ортақ жауға – патша өкіметіне- қарсы қазақтар мен бірге қазақ далаларында өкімет орындарының қудалауынан қашып жүрген орыстар, татарлар, башқұрттар да қосылды. Олар Кенесары әскерінде қару-жарақшы, отрядтар жетекшісі қызметін атқарды. Олардың көтеріліске қатысуы туралы бас штабтың поручигі Герн былай деп жазды: «Кенесарының қасында Сібір және Орынбор губернаторларына бағынышты барлық рулардан көп қазақтар бар. Олармен бірге бес орыс, төрт башқұрт және алты татар бар. Олардың кейбіреуі Кенесары армиясына қару-жарақ, оқ дәрі жасайды».
Қару-жарақ шеберлері рөлін атқарған аталмыш орыстардан басқа қашқын солдаттар да болды, олар командирлік қызмет атқарды. Атап айтқанда, Белешев және Малкин осындай солдаттар еді. Малкин туралы қызықты мәліметтерді өзінің көрсетіндісінде Анюшин былай деп хабарлайды: «Кенесары оны бай қалыңдыққа үйлендіріп, қол астына 40 адам
беріп, бастық етті. Олардың бәрін өз ордасы маңында ұстайды... Қазір Кенесарының қасында бірінші жасауыл Хусни, Кішік екінші жасауыл деп жүр... Кішіктің онда балуан ретінде даңқы шығыпты. Ал Кенесары оған Батырмұрат деп ат қойыпты»5.
Үкімет өзінің елшілері және жансыздары арқылы Кенесары әскерінде қызмет ететін қашқын солдаттардың санын білмек болып мәлімет жинауға тырысты. Герн бастаған елшілікті Кенесары ордасына жіберер алдында генерал Обручев « Кенесары ауылдарында қашқын орыс азаматтары бар ма, жоқ па, соны білуді, егер бар болса, оларды кері қайтаруға Кенесарыны көндіруді» арнайы тапсырған.
Кенесары қолына түскен орыс тұтқындарды қалуға үгіттеп, жақсы қалыңдық беруге уәде еткен. Кенесары да тұтқында болған П. Федоров тергеуде былай деп мәлімдеді: « Кенесары бірнеше рет православие дінінен бас тартуға үгіттеп, қыздардың ең жақсысына үйленуді ұсынды, алайда мен әр түрлі сылтау айтып көнбей қойдым».
Кенесарының армиясында қашқын татарлар да қызмет еткен, олардың көпшілігі басшылық қызметте болған. Татарлардың бірі- Әлім Жағудин әскери кеңестің мүшесі де болыпты. Көтеріліс жеңілгеннен кейін ол Пермь қаласына жер аударылған. Сібір тарихын белгілі зерттеуші И. Завалишин өзінің 1859 ж. Әлім Жағудинмен тікелей таныс болғандығын және бір кезде Жағудиннің «белгілі қырғыз сұлтаны Кенесары Қасымовтың кеңесшісі, елшісі және рухани досы болғандығын» жазады.
Басқа ұлыстар өкілдерінің көтеріліске қатысуының маңызы мен дәрежесін толық анықтау өте қиын. Алайда олардың күреске ұйымшылдық сипат беруге көмектескенін, өз білгендерін көтерілісшілерге үйреткенін сеніммен айтуға болады.
Кенесары көтерілісіне қатысушылардың құрамы, міне, осындай болды. Халық бұқарасының өздеріне етене әрі түсінікті мақсаттар үшін ең бастысы, жоғалтқан жайылымдары үшін, күреске кеңінен қатысуы көтеріпістің аумақтылығын қамтамасыз еткені даусыз. Халықтың қолдауының нәтижесінде ғана көтеріліс он жыл бойына созыла алды. Екінші бір даусыз нәрсе, ол көтерілістегі басшылық рөл халық бұқарасында емес, Қазақстандағы бұрынғы патриархалдық-рулық бытыраңқылықты жоюға тырысқан орта феодалдық топтардың қолында болғаны. Көтерілістің барысымен және Кенесарының саяси шараларымен танысқанымызда біздің оған көзіміз жетеді. Әзірге, көтеріліске қоғамдық күштердің бұлайша орналасуы заңдылық екенін атап өтуге болды, себебі Кенесарының ұлт-азаттық қозғалысы феодализм жағдайында патриархалдық - рулық тұрмыс сарқыншақтары күшейіп алған шақта дамыған еді.азақстанда патриархалдық-феодалдық қоғамдық қатынастар мен рулық тұрмыс үстемдік етіп тұрған кезде халық бұқарасы өзінің феодал басшы тобының билігінен және ықпалынан шыға алмады.
Саржанның өлтірілуі қазақтардың ұлазаттық қозғалысының одан ары дамуын ұзақ уақытқа тоқтата қойған жоқ. 1837 ж. жазында аз уақытта Қазақ даласының үлкен бір бөлігін қамтыған бұрынғыдан да ірі, жаңа көтеріліс басталды. Бұл көтерілістің басшысы- Саржанның інісі, қозғалыстар бұрын – соңды болып көрмеген ауқым берген Кенесары Қасымұлы болды.
Абылай ханның немересі, Қасым сұлтанның баласы Кенесары Орта жүздің саяси өмірінде жүз жыл бойы басшылық рөл атқарған шаңырақта дүниеге келіп, тәрбиеленді. Саяси белсенді қызмет Кенесарының атасынан бастап, аға-інілеріне және әпке-қарындастарына дейін әулеттік дәстүр болып есептелді, бұл жағдай болашақ көтеріліс басшысының мінезі мен саяси –идеялық көзқарасының қалыптасуына терең әсер етті.
Кенесары 1802 ж. қазіргі Көкшетау облысының Көкшетау деген елді мекенінде дүниеге келді.
Кенесары көтерілісшілердің көсемі ретінде саяси аренаға өзінің әкесі мен ағасының өлтірілуінен кейін ғана шықты.
Кенесары атқа мінуді және садақ тартуды бала кезінен үйренген екен. Ол Көкшетау таулары мен Бурабайды мекендейтін жабайы аңдарды аулауға шыққанды өте жақсы көрген. Қазірге дейін Бурабай мен Көкшетаудағы тау шатқалдары мен асулар оның есімімен «Кенесары үңгірі» деп аталады. Кенесары жас кезінен батылдығы мен және ержүректігімен ерекшеленген. Жас өспірім кезінде-ақ ол біржолы құрдастарына: «Мен ешқашан өзімнің батырлығымнан танбаймын және керемет ерлік көрсетіп барып өлемін»- деп айтқан екен.
Кенесарының қызметінде қазақ қоғамындағы рулық жанжалдасуды және феодалдық бытыраңқылықты жоюға және біртұтас мемлекеттік билікке жетуге ұмтылу айқын байқалады. Шынында, тек осылай болғанда ғана елді езгіге түсу қаупінен сақтап қалуға болатын еді.
Кенесары 1837 жылы көктемде, өзі көтеріліске шығар алдында, патша өкіметін Көкшетауда және Ақмолада, яғни Кенесарының өзінің туған жерінде бекініс жүйесін салудан бас тарту қажеттігіне көзін жеткізу үшін әрекеттер жасаған болатын. Бұл кезде Қоқан хандығы иелігінде көшіп-қонып жүрген Кенесары, осы мақсатпен патша өкіметіне арнап, наразылық білдірген бірнеше хат жолдады.
«Ата-бабаларымыз мұра еткен,- деп жазды ол осындай хаттарының бірінде,- Есіл, Нұра, Ақтау, Ортау, Қарқаралы, Қазылық, Жарқайың, Обаған, Тобыл, Құсмұрын, Оқият, Оралға дейінгі Тоқзақ- қазіргі патша тұсында бізден тартып алынып, ол жерлерде бекіністер салып, сонысымен тұрғындарды өте қиын жағдайға ұшыратуда. Бұл тек біздің болашағымыз үшін ғана емес, сонымен бірге бүгінгі өмір сүруімізге де қауіпті.
Күткендей-ақ бұл хаттар жауапсыз қалған. Ал Кенесарының өзі бауырларынан айрылып, ортаазиялық хандықтардан ешқандай көмек болмайтындығын, тек Қоқаннан ғана емес, Хиуа мен Бұқарадан да көмек ала алмайтындығын түсінген соң, Қоқан иеліктерінен кетіп, өзі туған қоныстарына оралуға шешім қабылдайды. 1837 жылдың көктемінде Кенесары өзінің ең жақын серіктері мен Орта жүздің Ақмола округіне келеді. Бұл дәрісі бар бөшкеге түскен ұшқындай әсер етті. Бұған дейін ішінен тынып жүрген Қазақтар Кенесары Қасымовтың туы астына топ-топ болып жинала бастады.
1837 жыл Ақмола приказының Байдалы, Алексинск, Қойлыбай- Шағрай, Темеш, Тыналы болыстарындағы қазақтар көтеріліске шықты. Осыған байланысты полковник Талызин өзінің хабарламаында былай деп жазды: «Тамыз айында Ақмола округінің алты болысы Кіші жүзге, орыстар билігінен азат етуге уәде берген Абылайхановтар әулетіне қосылуға көшіп кетті.
1837 жылдың соңында оларға Қыпшақ және керей руларының қазақтарының көп бөлігі қосылды. Қазақтардың Ақмола приказынан жаппай көшіп, Кенесарыға қосылуы Сібір өкімет орындарына аса күшті әсер етті және олардың арасында біраз уақытқа дейін абыржушылық, сасқалақтаушылық туғызды.
Ақмола приказы аумағындағы мұндай жаппай қозғалыстың пайда болуы кездейсоқ емес еді. Осы уақытта Ақмола приказы патша отарлауының тірек пунктіне айналған-ды. Ақмола қамалымен қоса онымен бекеттер шебі арқылы байланысқан Ақтау қамалы салынған болатын және осы қамалдан басқа бекіністерге де жол тарайтын.
Ақтау қамалын салу кезінде ағаш тасып жеткізуге керек деген сылтаумен қазақтардың аттары мен түйелерін тартып алып, кейіннен қайтармай қойды. Орта жүздің орталығында орналасқан Ақмола приказындағы қазақтардың жаппай көтерілуі алдағы күрестің хабаршысы және патша өкіметіне ашық қыр көрсету болды.
Көтеріліске шыққан қазақтар ұсақ топтарға бөлініп, разьездер мен бекеттерге қарулы шабуыл жасап, чиновниктер мен саудагерлерді тұтқынға алып отырды. Шекара басшылары көтеріліске шыққан қазақтарға қарсы күресу үшін өздеріне отрядтар жіберуді қайта-қайта талап ете бастады. 1837 жылы 31 қазанда Менкович Омбы облысының басқарушысы полковник Талызинге былай деп жазды: «Оларды ауыздықтау үшін отрядтар арқылы қатаң шаралар қолдану қажет, отрядтарсыз қандайда бір табысқа жету мүмкін емес, себебі аталған болыстардың ежелден тәуелсіздікке үйреніп қалған қырғыздары біреуге бағынуды ауыр езгі деп санайды»6.
Патша өкіметінің қоқан -лоқысы көтерілісшілерді қорқыта алмады, керісінше, оларды Кенесары маңына топтастыра түскен.
Чериковтың шағын отряды Кенесарының саны көп көтерілісшілеріне қарсы тұра алмады. Жекелеген қақтығыстарда едәуір адамдарынан және қару-жарағынан айырылған Чириков кері қайтты. Полковник Талызиннің үндеуінен де ештеңе шықпаған. Керісінше , үндеумен танысқан соң үкімет орындарының қорқытудан басқа ештеңе уәде етпейтіндігіне қазақтардың көздері жетті. Чериков экспедициясының сәтсіздігі Омбы билеушілерін ызаландыры түсті. Өздерінің әлсіздігін мойындағысы келмеген Омбы әкімшілігі сәтсіздіктің бар кінәсін Ақмола приказының аға сұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендинге аударып, оны «әрекетсіздігі» үшін кінәлады. Өзінің бір қатынас қағазында Талызин Құдаймендинге былай деп жазды: «Сіздің округіңізде жаппай тәртіпсіздіктер болып, болыстар тарқап, олар залым сұлтандар Қасымовтарға қосылып жатқан шақта осы сұлтандардың қарақшылары біздің адамдарға шабуыл жасап, тонап, біздің бір тілмашты ұстап әкетіп енді Ақмола приказын талқандап, қырдағы біздің басқармамызды құртуды ниет етіп отырғанда Сіз, сұлтан, приказ ісін жауып қойып, ауылыңызда тып-тыныш ұйықтап жатырсыз».
1.3 Орыс қамалдарына шабуыл көтерілістің қарқын алуы
1838 жылы Кенасары соғыс қимылдарын көктемде Ақмола приказын қоршауға алып өртеді. Бекініс коменданты әскери старшина Карбышев пен Ақмола округының аға сұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендин өртелген бекіністен әрең дегенде қашып шықты. Көп кешікпей көтерілісшілер Торғай даласы өңіріне қоныс аударды. 1841 жылы қыркүйегінде қазақтардың Үш Жүздің ықпалды билері Кенесарыны хан сайлады. Хандық басына келген соң Кенесары қазақ жерлерін азат ету жолындағы күресті бұрынғыдан да батыл жалғастырды.
Ақмоланы талқандаған соң Кенесары 1838 жылдың күзгі айларында жүйелі түрде приказдарға, бекеттерге және разьездерге шабуыл жасап, дұшпанның дайындалған жем-шөптерін жойып, қатынас жолдарын қиратып, партизандық күрес жүргізуді жалғастыра түсті. Ол сатқын сұлтандардың ауылдарын жиі-жиі шапқыншылыққа ұшыратып, шекаралық Шеп маңындағы чиновниктер мен тілмаштардың малдарын айдап әкетті және сауда керуендерін қолға түсіріп отырды.
Саудагерлердің шығындары да әжептәуір. Тройцкіден немесе Петропавлдан шығып, Ақмола арқылы Ташкент пен Хиуаға баратын керуендерге жүйелі түрде шабуыл жасап отырып, Кенесары белгілі бір саяси мақсат көздеді. Орта Азиямен сауда патшалы Ресейге көп пайда келтіреді деп білген ол сауданың берекесін қашыруды ойлады. Бұл іс қолымнан келсе, онда өкімет салынған приказдардың бәрін өздері-ақ жояды деген сенім бар еді Кенесарыда.
Кенесарының мұнысы дұрыс болмасы түсінікті еді. Азаттық қозғалысының орталығы Торғай мен Ырғызға ауысқанда бұған Кенесарының өзінің де көзі жеткен. Жоғарыда келтірілген ведомоста тек Қарқаралы округіндегі шаруалардың аз ғана шығыны болмаса, жалпы станица шаруаларына шабуыл жасалғаны туралы мәліметтердің болмауы кездейсоқ емес.
Қозғалыстың сипаты мен ерекшелігін түсіну үшін елеулі мәні бар осы бір маңызды мәселе дворяндық- буржуазиялық тарихшылар тарапынан ескерілмей келді. Бұл мәселені қазақ тарихшылары да қарастыра қойған жоқ. Көптеген зерттеушілер бұл бірігу процесін кездейсоқ факті деп санады. Шындығында істің мәні басқа да еді.
Кенесары өзінің жасауылдары арқылы Кіші жүздің бұлар да патша өкіметі мен билеуші сұлтандардың езгісіне ұшыраған және 30- жылдарға қарай өздерінің жақсы жайылымдарынан айырылған жекелеген рулармен (Жағалбайлы, Жаппас, Тама-Табын және т.б. рулар) байланыс жасап тұрды. Аталған рулардың көтеріліске қосылуы қарсаңында Орынбор өлкесіне келген стат кеңесшісінің толық мүшесі К. Родофиникин осы рулардың ауыр жағдаймен сол жерде танысқан соң Орынбор өкімет орындарына былай деп жазды : «Осы кеңістікте қазір Қыпшақ, Жаппас, Жағалбайлы рулары көшіп қонуда. Олар өздерінің малдарының саны жағынан ордалықтардың ішіндегі ең дәулеттілері болып есептеледі. Алайда олардың малына керекті жайылымдарды бұл күнде Орынбордың әскери тұрғындары тарылтып отыр, ал Жаңа Шептің арғы жағына өткенімен, олар онан әрі қиындыққа ұшырайды, себебі Жаңа Шептің арғы жағындағы жерлер әлдеқайда құнарсыз және ол жерлерді қырғыздардың басқа рулары жайлайды. Орда басшылары осы себептерге байланысты екі Шептің ортасында көшіп-қонған қырғыздарға осы жерде қала құруға рұқсат сұраған болатын, себебі, бұл жерлерді казак селениелері әзірше иелене қойған жоқ және қырғыздар Шептің арғы жағынан ыңғайлы жер тапқанға дейін осында қала тұрғаны жөн болар еді, егер осылай болмаған жағдайда олар өздерінің малдарының үлкен бөлігін сатуға және кішігірім ауылдарға бөлініп орда даласына тарқап кетуге мәжбүр болады, бұл сөзсіз олардың далалық шаруашылығының кері кетуіне алып келеді»
Сібір өкімет орындарының қарамағынан кеткен қазақтар мынадай тәртіппен орналасты: Ақмола және Қарқаралы округтерінің болыстары-Әлеке, Байдалы, Тынәлі Қарпық, Алшын Жағалбайлы, Қаракесек, Айтқожа Қарпық, Төбе Темеш-Қарақұм және Аққұм елді мекеніне, сондай-ақ Жыланшы Торғай сағасы маңына орналасты. Ақмола және Баянауыл округтері болыстарының бір бөлігі- Қойлыбай -Шағырай, Малай-Қалқаман, Тынәлі-Қарпық болысының бір бөлігі, Қозған, Айдабол, Қаржас болысы Батаналы, Торайғыр-Қыпшақ болыстарымен бірге Қараторғайдың сағасына, Кенесары ордасына таяу барып орналасты.
Кенесары жағына шыққан сұлтандар жаңа жерге келген соң аға сұлтандармен және жекелеген феодал-байлармен хат жазыса бастады. Олар осылайша Кенесарыдан іргені аулақ салудың қарекетін қарастыруға кіріскен. Кенесары мен оның серіктеріне қазақ халқының күшін топтастыру үшін үлкен жұмыс жүргізуге қажет еді. Кейбір ықпалды рулар, Мысалы, Арғын руы әлі көтеріліске қосыла қойған жоқтын. Осы рудың басшысы Шеген Мусин әлі де болса Кенесары мен үкімет арасында бұлтарып, амалдап жүр еді. Бірқатар қазақ рулары- Шекті, Кішкене-шекті рулары Сырдария маңында көшіп-қонып, Жанқожа Нұрмұқамедовтың бастауымен Кіші жүздің өзге көтерілісшілерінен бөлек күрес жүргізіп жатқанды. Арал және Каспий теңізі аралығында көшіп-қонған Адай руы да осындай жағдайда еді. Кенесары билеуші сұлтандар мен аға сұлтандардың қарамағындағы руларды олардың ықпалынан шығаруға көп күш жұмсады.
Кенесары көтерілісшілерге материалдық көмек көрсетпей, қайта олардың ішіне іріткі салуға тырысқан, қол астындағы рулардың Кенесарының жақтастарымен араласуына тыйым салған ру шонжарларына да дұшпандық пен қарады. Мұндай билер Кенесары жасауылдарына зекет жинауға ғана кедергі жасап қойған жоқ, сонымен бірге көп ретте келіссөз жүргізуге жіберілген Кенесарының өкілдерін өлтірді, жиі-жиі қарулы билерді қатаң жазалап, ауылдарын шауып, тонап отырды қақтығысқа ұласып отырған белсенді күресі- Кенесары Ресейден толық бөлінуге талпынды деген тұжырымның қалыптасуына әсер етті. Бұл мәселе әбден түсінікті деп есептелген, Қазақстан тарихнамасында арнаулы түрде зерттеле қойған жоқ. Алайда бұл бір қарағанда түсінікті сияқты болғанымен, мәселе толық анық емес. Жоғарыда біз Кенесарының Горчаковка жазған хатынан үзінді келтірдік. Кенесары онда Ресейден бөлінейін деп отырғандығын, империямен тек Абылай хан тұсында болған қатынасты қалпына кетіру керек дегенін айтқан едік.
Қозғалыстың сипатын түсінуге үлкен маңызы болғандықтан, бұған толығырақ тоқталайық. Кіші жүздің қазақтары өздерінің көреген ханы
Әбілхайырдың бастауымен 1730 жылы ерікті түрде орыстарға бодан болғаны мәлім. Мұның өзі сыртқы және ішкі себептерден туған қажеттілік болды. ХҮІІІ ғ. 30 жылдарында жоңғар жаулап алушылары тарапынан қанауға түсудің қаупі төнген. Әбілхайыр бастаған қазақтар өздерінің қуатты көршісі- Ресейден әскери көмек сұрады. Сонымен бірге орыстарға бодан болуға қазақтарды империямен экономикалық және сауда байланыстары да итермеледі. Бодандықтың шарттары бойынша қазақтар өздері тұрып жатқан мекенін және мемлекеттік дербестігін сақтап қалды. Орта жүз бодандығының басы 1740 жылға жатады. Осы жылы үкіметіне Кенесары Қасымовтың атасы Абылай екі жақты бодандылықты – Ресейге және қытайға бодан болуды қабылдады.
1840 жылдың басында Кенесарының ісі кешірілді, оның нағашысы Қарашевпен бірге өзге де туыстары тұтқыннан босатылды. Алайда Ресейдің қазақтарға қорғаныш болу сипаты туралы мәселе шешілген жоқ. Осы мәселенің бейбіт түрде шешілуінен үміттенген Кенесары Орынбор өлкесінде қарулы қарсылықты тоқтатты.
1840 жылдың соңында Орынбор өкімет орындары мен жасалған уақытша бітім бойынша Кенесары шекара Шебіне қандай да болсын шабуыл жасауды тоқтатты. Бұл жағдай 1842 жылға дейін созылды. Әйтсе де, осы мерзім ішінде Сібір отрядтары мен жекелеген қарулы қақтығыс болып тұрған.
Бұл тыныстаудың Кенесары қозғалысының дамуына үлкен маңызы болды. Орта жүздегі көтеріліс әлі де болса шағын аймақты қамтыды және Кенесары ағасы Саржанның ісін тек анағұрлым батыл түрде жалғастырған еді. Торғай аймағында Кенесары Орта жүздің де, Кіші жүздің де қазақтарының азаттық қозғалысын басқарды. Қозғалыс аймағы бұрынғыдан әлдеқайда кеңейді, ал қозғалыстың өзі Орта жүз руларының бір бөлігінің ғана аумағы жағынан шектелген көтерілісі болудан қалды. 1840-1845 жылдардағы күрестің дамуының соның алдындағы кезеңдегіден екінші бір ерекшелігі- Кенесарының Қазақ хандығын қайта құруға деген талпынысы құпталып, оны халық хан көтерді.
Қазақ руларының белді өкілдері Кенесарыны хан ету жайын кеңестерде алдын-ала талқылағаны туралы Жағалбайлы руынан Көлбай Қоқанов былай деп хабарлайды: «Кенесары мені ілтипатпен қабылдады, оның 40 үйден ғана құралған ауылы бар. Бірақ оған жан-жақтан қырғыздар ағылып келді, оның ішінде жаппастықтар, шөмекейліктер, төртқаралықтар, алшындар мен шектілер де бар... Қырғыздар сұлтан Кенесарыны барлық рулардың ханы етіп сайлау туралы кеңесуде... Оның ауылына жиналған ордалықтардың сөзіне қарағанда, олар өзара ымыраға келіп, Кенесарыны хан сайлауға келісіп отыр»7.
Кенесары әрекетін бақылап отырған өкімет орындары өздерінің жансыздары мен билеуші сұлтандар арқылы барлық амалды қолданып, көтерілісшілер арасына іріткі салуға, рулық араздықты қоздыруға, олардың біртұтас мемлекет болып бірігуіне мүмкіндік бермеуге тырысты. Патша үкіметінің бұл жолғы килігуі нәтижесіз болды. Әскери министрлікке жолданған бір көрсетіндіде Кенесарының хан сайлануы кейінгі күнмен хабарланған: «Қыркүйекте Кенесары өзіне хан атағын алып, Сібір ведомствосындағы қырғыз болыстарына өз атынан жарлық беруге кірісті».
Шынында да, 1841 жылдың қыркүйек айында қазақ руларының өкілдері ата-дәстүр салтымен Кенесарыны ақ киізге көтеріп, хан сайлады.
Бұл заңды құбылыс еді.
Барлық ұлт-азаттық қозғалыс халықтың қалың бұқарасының қолдауына сүйенсе, өзінің ұлттық мемлекет құруға тырысатыны белгілі ғой. 1838 жылы-ақ Қоқан мен Ташкент құсбегі Кенесарыны өз мақсаттарына пайдалануға тырысып, оған Қоқанға бодан болуды ұсынады. Кенесары Ташкент құсбегіне бодан болудан бас тартты. Осы мәселеге байланысты В. А. Перовский граф Нессельродеге былай деп жазды: «Өткен жылдың қазан айында Ташкент билеушісі ызалы Кенесарыға сыйлықтар жіберді және оны дос болуға шақырып, қырға бекініс салуға рұқсат сұрады, егер келіссең саған көмектесетін боламыз деді. Ал Кенесары өзінің күні кешегі дұшпанына сенбегендіктен, одан бас тартты».
Ташкент құсбегі Орта жүздің бөлінген қазақтарын Қоқанның бодандығына алу әрекетін тоқтатқан жоқ.
1842 жылы сәуір айының бас кезінде Бұқар әскерлері Қоқан қаласын алды. Қоқанның әлсірегенін пайдаланып қырғыз руларының Ыстықкөл маңында көшіп-қонған едәуір бөлігі өздерін тәуелсіз деп танып «Қоқандықтарды Қаракөл, Барыстауы және Қоңырөлең өзендері бойында салынған кішігірім бекіністерінен қуып шықты»8.
Кенесары өзінің Хиуамен достық байланыстарын онымен сауда қатынасын дамытуға шебер пайдалана білді. Осы кезде Кенесарының жақтастары Орта Азия базарларында сауданы қызу жүргізді, мал сатып, одан түскен қаржыға мылтық, оқ-дәрі, қоғасын және басқа да қажетті тауарлар алып отырған.
Бекіністер салынған соң көтерілісшілер алыстағы қазақ рулары мен байланыс жасай алмай қалды. Сонымен бірге, қуғындаудан сескенген қазақ рулары енді Ырғыз бен Торғай аймағына көшпейтін болды. Көтерілісшілердің жағдайы туралы Кенесарының туысы Сейілхан Орынбор үкімет орындарына берген жауабында былай дейді: «Қырға бекіністер салынғанға дейін барлық қырғыздар Кенесары жақтастарымен хабарласып, керек нәрсенің бәрін беретін, ал бекіністердің салынуы мен осының бәрі тоқталды. Кенесарының Сібір қырғыздарымен де ешқандай қарым-қатынасы жоқ»9.
Ырғыз бен Торғай ауданын тастап кетудің алдында Кенесары Бұқар ханына және Алыстағы Адай руларына елшілер жіберіп, көшіп-қонатын жер беруін өтінді, ал Бұқар ханынан зеңбіректер мен шамхалдар жіберуін сұрады.
Кенесары сондай-ақ 100 жігітке Наурызбайды басшы қылып, Алатау маңын мекендеген( Ұлы жүз) немере ағасы сұлтан Рүстем Абылаевқа аттандырды. Кенесары оған «Ырғызда, Торғайда және Ұлытауда бекіністер салынғанын, сол себепті өзінің көшіп-қонуына бұл арада енді қолайлй жер қалмағанын» хабарлап өзін қол астындағы қазақтарымен қабылдауын өтінді.
Рүстем Абылаев елшілерді жақсы қарсы алып, олардың ішінен 50 адамды алып қалды. Ал қалған адамдарға сол Наурызбай бас болып кері қайтуды және Кенесарыға мынадай сәлемін жеткізуді ұсынды: «Менің берер ақылым: құдай әзірше күнәсін кешіріп тұрғанда аталған жерлерді тастап, менің жаныма көшіп келсін».
IІ тарау. Көтерілістің жеңілу себептері мен тарихи маңызы.
2.1 К.Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілуі
Кенесары Торғай мен Ырғыздан Сырдария маңына кетер кезде, ол үшін біршама ыңғайлы жағдай қалыптасты.
Хиуа мен Бұқар арасында 1842 жылы басталған соғыс бәсеңдеместен 1844 жылға дейін созылған. Екі жақта қатты әлсіреген-ді. Сол кезде Хиуада тұрған ростовтық екі гильдиядағы көпес Пичугин былай деп әңгімелейді: «Бұл үш билеуші екі жылға созылған соғыстан өздерінің күшін, қаржысын әбден әлсіретті және соғысты жалғастыруға да шамалары жетпейтін сияқты. Әсіресе, Хиуа тым әлсіреген, оған біздің саудагерлер куә: хан өзінің экспедициясын Мерв түбіне жорыққа әзірлегенде өзінің бай адамдарынан тіпті чиновниктерінен де әскерге тарату үшін күшпен, зорлап көп мөлшерде ақша жинады. Сондықтан халық оған тым наразы, эмир өз
әскерімен ел ішіне екінші рет кіре ме деп қорқады».
Бұқарда тұрған Ресей саудагерлерінің көптеген көрсетулеріне қарағанда, ұзаққа созылған соғыстан Бұқар да дәл осындай күйге түскенін аңғарасың.
Бұқар мен Хиуа арасында уақытша бітім 1845 жылы көктемде ғана жасалды. Мұның алдындағы бірнеше жыл бойы Бұқар әскерлерінің тонауына ұшыраған Қоқан хандығының да күйі жоқтын.
Ұзаққа созылған өзара соғыстан едәуір әлсіреген Орта Азия хандықтары енді қазақтар үшін бұрынғыдай тым қауіпті емес еді . Негізгі жау бұрынғыша Қоқан хандығы болған. Қоқанға көмектескен Хиуа мен қатынасты бұзуға тура келетініне кенесарының көзі жеткенді.
Бұқар мен уақытша бітім туралы 1844 жылғы келіссөз кезінде хиуа ханы оның Қоқан мен Ташкентті иеленбек ойынан бас тартуын талап етті. Сондықтан Кенесары әлбетте Бұқар эмирімен келіссөз бастады. Бұқар эмирі достық белгісі ретінде Кенесарыға «күміс сауыт пен алтын қылыш сыйға тартты. Ал өткен жылы Бұқар ханы Кенесарыға, оның өтініші бойынша, кафтан тіккізу үшін екі орам жібек жібергенді. Оны қырғыздар қаттау дейді. Мұндай киімнен оқ өтпейтін, қылыш кеспейтін, найза кірмейтін көрінеді».
Кенесары өзінің негізгі күштерін Қоқанға қарсы жұмсады.
Кенесарының Қоқанмен күресінің мақсаты Сарыарқадан өзіне ілескен ауылдар үшін Сырдария маңынан қоныс иелену еді. Айта кететін нәрсе, Кенесарының қоныс аудару бағытын дұрыс табуы. Осы аймақ Кіші және Орта жүздің оңтүстік жайылымдарына және Ұлы жүз руларына да жақын болды. Екінші жағынан, бұл жерге патша өкіметі әзірше билік жүргізе қоймаған еді. Ал Орта Азия хандықтарының әлсірегенін біз жоғарыда айттық. 1845 жылғы жаздың соңында Кенесары Қоқанға қарсы күресін бастай отырып, Жанқожа Нұрмұхаммедовтен көмек сұрады. Кенесары оған былай деп жазды: «Жанқожа батыр қоқандықтар біздің қазақтарға тыныштық бермеуде: тонауда, өлтіруде, қоқандық бастықтар сіздің ағаңыз Сарман биді өлтірді, сондықтан сізден сұрайтыным: егер Сіз келіссеңіз онда мен Ұлы және Орта ордалардан жігіт жинап, Созақ қаласына келемін, ал Сіз Кіші ордадан жігіт жинап, қоқандықтармен соғысу үшін Созаққа келіңіз» Жанқожа Кенесарыға көмектесуге қуана келісті .Ол өзінің жігіттерімен Кенесарыға келіп, біріккен күштерімен қоқандық Жаңақорған, Жүлек, Созақ қамалдарын қоршауға алды.
Орынбор Шекара Комиссиясының төрағасы генерал-майор Ладыженский жансыздардың көрсетулеріне сүйене отырып жазған хабарламасында былай депті: Кенесары «Сырдарияға, Қоқан жерінде көшіп жүрген қырғыздарға адамдарын жіберді де аналарды қорқытып, 700 адамды өз жағына шығарып алды, сөйтіп, олармен қосқанда 1000 қырғыз шабуылға шығып қоқандықтардың үш қамалын талқандады».
Ұлы жүздің қонысында Кенесары қиын жағдайға тап болды. Осы кезеңдегі Ұлы жүздегі саяси өмірді анықтайтын негізгі фактор Қазақстанның оңтүстік аудандарының орыс ықпалын күшейту еді. 1824 жылдың өзінде-ақ Ұлы жүздің Сүйік Абылайханов бастаған сұлтандардың бір бөлігі орыс бодандығын қабылдаған болатын. Бірақ ХІХ ғ. 30 жылдарына дейін патшалы Ресей бірқатар жағдайларға байланысты, Ұлы жүзде де, сондай-ақ Алатау қырғыздары аймағында да өзінің отарлау ісін жүргізе алмаған еді. Бұған себеп Ресейдің Орта Азия хандықтары мен, ең бастысы Қытаймен өз қатынасын бұзғысы келмеген . Себебі, Ұлы жүздің шығыс аймағы сөз жүзінде Қытай ықпалында болған. Сол кезде патша әскерлерінің Қытайлықтармен қандай да болсын қақтығыс Кяхты саудасына сөзсіз әсер етер еді, бұл сауданы орыс көпестері өте жоғары бағалайтын. Любимовтың мәліметіне қарағанда, Кяхты саудасы орыс көпестерне жыл сайын 15 миллион сом күміспен табыс келтіріп отырған.
1845 жылы Ұлы жүз сұлтандары мен билерінің Ресейге бодан болуды қабылдауы орыс үкіметі үшін Ұлы жүз жеріне енуге тамаша жағдай жасады. Бұл жерде айта кететін нәрсе, Орта және Кіші жүздердегіге қарағанда Ұлы жүз қазақтарының бодандықты қабылдауы біршама өзгеше жағдайда болған еді. Ұлы жүз қазақтары Қоқан бектері мен Қытай өкіметінің екі жақты қанауын бастан кешіргендіктен Ресейдің боданы болу шетелдіктердің ауыр езгісінен құтқарады деп есептеді. Ұлы жүз қазақтарының Ресейдің қол астына ерікті түрде өтуінің басты себебі осы. Патша өкіметі жаңа отарлау ауданының осындай ерекшелігін ескергені сөзсіз. Сондықтан ол өзі Кіші жүзбен Орта жүзді жаулап алған кезде қолданған отарлық езгі әдістерін Ұлы жүзге қолданбады.
Қоқан билеушілері қырғыз манаптары съездерінің шешімдерін кез келген уақытта өзгерте алатын болды. Қоқан билеушілері Пішпек пен Тоқмақта қоқан билігіне наразы қырғыздарды қамау үшін түрмелер салды. Қоқан отарлауы манаптар мен байлардың қырғыз халқын қанау құралы болған ісләм дінінің Қырғызстанға тарауын күшейтті.
Қоқан әскерлері кетісімен осындағы қырғыз рулары көтеріліске шықты. Көтерілісшілерді жуасыту үшін оларға қарсы Бекназар би жіберілді. Ол көтерілісті қатыгездікпен басты. Тарихшы Наливкин былай деп жазады: «Бекназар би әйелдер мен балаларды да аямастан, жауыздықпен өлтіріп, елді түк қалдырмай тонап, көп олжа және көптеген тұтқындарды қолға түсіріп, Қоқанға қайтты»10.
Үкімет Кенесары көтеріліске Ұлы жүз қазақтарын көтере ме деп қорыққан. Генерал-майор Вишневскийдің қарамағына жасауылдар Нюхаловтың, Абакумовтың және Карбышевтің отрядтары берілді. Вишневский Батыс Сібір генерал-губернаторына: «бүлікші сұлтан Кенесарыны қырғыздар сеніміне ие болғызбауға және оны жақтастарымен қоса сол жерлерден қууға, ал мүмкіндік бола қалса, оның өзін ұстауға қолымнан келетін шаралардың бәрін қолданамын»- деп уәде берді.
Ұлы жүздің сұлтандары өз кезегінде өздерінің патша өкіметіне берілгендігі және Кенесарыға қарсы бірігіп күресуге дайын екендігі туралы жазбаша былайша сендірді:
«Біздің мекенімізге келген Кенесары мен оның жақтастарына халық тыныштығын бұзушы ретінде қарап, оны өзіміздің дұшпанымыз деп есептейміз және Кенесарының да, жақтастарының да біздің мекенімізде болмауы үшін онымен ешқандай мәмлеге келмейміз.Егер де қазір немесе бізден алыстап кеткеннің өзінде, оның орта орданың, әсіресе жақын маңдағы округтердің қырғыздарына қарсы қимылы туралы ести қалсақ немесе байқасақ, онда бүлікшінің айуандық қастандығын болдырмау үшін өздеріңізге дереу хабарлауға уәде береміз».
Қоқанның билеп-төстеуіне қарсы бірлесіп күресуге шақырып, қырғыз халқына Кенесарының үндеу тастағаны туралы өзінің «Қырғызстан тарихы» кітабында Сыдықовта айтады. Ол былай деп жазады: «Қазақ ханы Кенесары Ормонға өзінің өкілін жіберіп, ортақ жауға қарсы бірлесіп күресу үшін қырғыз, қазақ болып күш қосуды өтінді».
Кенесары сонымен бірге, Ұлы жүзде жүрген өзіне басқа да жүздерден адамдар келіп қосылады деп ойлады.
Шынында, Ұлы жүздің біршама бөлігінің қазақтары қосылғаннан кейін Кенесары қайтадан елеулі күш – 20 мың адамдық әскер жасқтай алды. Шу өзені бойына ол енді қамал сала бастаған, бірақ соғыстың басталуына байланысты құрылыс тоқтап қалады.
Қырғыздармен қатынасын шиелністірмеу үшін Кенесары өзінің ауылдарына шабуыл жасаған кезде тұтқындалған Қалша би бастаған 200 жігітті 1846 жылы тұтқыннан босатты11.
1846 жылдың орта шеніне қарай біршама тыныштық орнады да екі жақ әскери қимылдарды тоқтатуға және уақытша бітім жасасуға келісе бастады. Алдағы келіссөздер туралы Сібір қырғыздарының шекара бастығы былай деп жазды: «Тастай тағы қырғыздарға Кенесары өзінің және Ғали сұлтанның атынан бітім туралы келісуге елшілер жіберіп еді, бірақ олар әлі оралған жоқ. Кенесары бар уақытта да қырғыздармен әскери қақтығысты тоқтатуға тырысты. Мұны жүзбасы Абакумов та растайды, ол: Кенесары « барлық шараларды қолданып, қырғыздармен бітімге келуді ойластыруда» деп жазған.
Қырғыздар жағынан елші болып белгілі болып белгілі манап Қалығұл келді, кейіннен ол Батыс Сібір генерал-губернаторы Горчаковка Кенесарының басын жеткізгені үшін алтын медаль алды. Кенесары Қалығұлды қабылдап, бірнеше күн ордасында күтті, тіпті оған Наурызбай да қонақасы берді. Наурызбайдың кескін-келбетін біз алғаш рет осы Қалығұлдың суреттеуінен білдік. «Барқыт камзол киген, мұрты енді тебіндеп келе жатқан, ұзын бойлы жас жігіт қонаққа шақырды. Кейіннен оның Наурызбай төре екенін білдім».
Кенесары Қалығұлмен қазақтармен қырғыздар бұдан былай достық, тату көршілік қатынаста болады және қырғыздар Кенесарының кеңесіне құлақ асады деп келісті. Қалығұл қырғыз халқының атынан: «Қырғыздар мен қазақтар достық қатынастағы дербес ел болады және барлық маңызды
істер бойынша Кенесарымен ақылдасып отырады және оның сөзіне құлақ асады» деп уәде берді. Сонымен бірге тұтқындар алмасуға да келісті. Кенесары Қалығұлдың өтініші бойынша, қазақтардың қолынан қаза тапқан қырғыз батыры Тастанбектің найзасы мен болат қылышын қайтарды да, Қалығұл Кенесарының қолға түскен жігіттерін төлемін төлесе, қайтаруға уәде берді. Кенесарының тұтқынға түскен екі сүйікті батырын (бірі қайын ағасы, Орынборда тұтқында отырған әйелі Күнімжанның ағасы) ббосату туралы келіссөз кезінде қырғыздар біреуіне 64 қара баран жылқы, ал екіншісіне – 10 түлкі ішік, 10 тоқыма шапан, 10 құндыз, 10 құла ат,10 түйе төлем төлеуді белгіледі. Кенесары қолға түскен жігіттері мен екі батырын босату үшін әр ауылдан бағалы заттар жинауға бұйрық берді, бірақ «жиналған мүлік оның қайын ағасы мен сүйікті батырын босатуға жетпеді».
Уақытша бітімді көп кешікпей қырғыздардың өздері бұзды. Манаптар қырғыз батыры Жаманқараны өлтіргені үшін Ұлы жүздің батыры Саурықтың ізін аңдыған, Саурық дем алып жатқан кезде оның жасағына 70-80 қырғыз шабуыл жасап, жігіттерін өлтіріп, 700-дей жылқысын айдап әкетті. Саурық қуғынға шыққан кезінде торуылға түсіп, қырғыздар қолынан қаза тапты. Қырғыз манаптарының Саурыққа шабуылы, жылқыны айдап әкетуі, келісім шарттың бұзылуына, қарулы қақтығыстың қайта басталуына және Кенесары мен оның серіктерінің қазасына алып келді.
2.2 К.Қасымұлы бастаған көтерілістің тарихтағы маңызы.
1847 жылы Кенесары қырғыздар жеріне басып кірді. Бұл күресте Кенесарының көздеген негізгі мақсаты- қазақтар мен Алатау қырғыздарының ортақ жауы Қоқан үстемдігіне және Қоқан бектерінің сенімді одақтастары қырғыз манаптарына қарсы күресу еді. Сондықтан ол қырғыздарға қарсы жорықты Қоқан жағына шығып кеткен манаптар сатқындығына жауап ретінде қарады . Бірақ осының өзінде ол күрестің феодалдық әдістерін қолданып, үлкен қателік жіберді. Оның жазалаушы шаралары манаптардан гөрі қырғыз халқына қатты батты. Ол бүтіндей ауылдарды өртеп, әйелдерді де балаларды да аямады. Бірақ қатыгездік екі жақтан да болды. Қырғыз манаптары өкіметке жазған хаттарында:
«Кенесарының сансыз көп жақтастарын өлтіргенін, көтерілісшілерді аяусыз азаптағандарын және Кенесары мен оның серіктерін қинап өлтіргендерін» мақтанып жазды. Феодалдық дәуірге тән қатыгездік көтерілісшілердің де күрес әдістерінен орын алған. Кенесары да, әлбетте, өз дәірінің шеңберінен аса алмады.
Феодалдық қоғам жағдаындағы ұлт-азаттық соғыстар туралы Энгельс былай деп жазған: «...халық соғысында көтеріліске шыққан ұлт қолданған әдістерді соғысты дұрыс жүргізудің жалпы жұрт мойындаған ережелерін салыстырмай немесе қандай да бір басқа ойша жасалған өлшем бойынша қарамай , тек қана көтеріліске шыққан халықтың өркениеттіліктің қай сатысына жеткеніне қарап бағалау керек».
Кенесарының қатыгездігін оның шыққан ортасы мен, сол ортаның салт-санасының оның идеологиясына және күрес әдісіне әсер етуімен түсіндіруге болады. Алайда, дәл осы феодалдық күрес әдістері Ормон мен Жантайдың қырғыз халқын Кенесарыға қарсы күреске жұмылдыруына көмектесті. Кенесарының Қырғыстанда манаптардың феодал жасақтары мен емес, халықтың қарсылығына тап болып күресуіне тура келген, оның түбіне жеткен де нақ осы жәйт .
Кенесарының қырғыздармен шайқасының тағдыры қырғыздар жеңісімен аяқталатыны алдын ала белгілі еді. Біріншіден, патша отрядтарының басшылары манаптар мен әскери қимыл жоспарын кеңесіп отырды. Генерал-майор Вишневскийге рапортында жасауыл Нюхалов былай деп жазды: «Мен аса белгілі билерге – Бұғы руының биі Борамбай Бекмұратовқа және Әжібай Сералинге, Сарыбағыш биі Ормон Ниязбековке, Солты руының биі Жаңғараш Есқожинге хат жолдап, сендердің де, орыс үкіметінің де жауы Кенесарының көзін құртайық деп шақырдым.
Екіншіден, қазақ сұлтаны Рүстем және Сыпатай би Кенесары қозғалысына тоналудан қорқып қосылған адамдар еді. Шайқас болардың алдындағы түнде олар Кенесары жасақтарынан қашып кетті. Ол туралы Мәдбек Бекқожаев былай дейді: «Сыпатай мен Рүстем төре түнде өз әскерлерін бөліп алып, Шу өзенінің арғы жағына өтіп, «Мықан суына» жеткен соң өткел іздеп, таң атқанша жүрді. Осы кезде оларды қырғыз әскері байқап қалып, шабуыл жасады. Артта жау, алда өткел бермес батпақ су, міне, осындай жағдайда қазақтар қырылып, бір бөлігі қолға түсті»12.
Сыпатай мен Рүстем көрсеткен қызмет ұмыт қалған жоқ. Кейіннен
қырғыздары шекара манап Жантай Қарабеков Сібір бастығынан сұлтан Рүстемді наградтауды сұрай отырып, былай деп жазды: «Рүстем сұлтан мен Сыпатай Әлібеков би әскерлерін алып, кетіп қалды да менің Кенесарыны жеңуіме жағдай жасалды».
Үшіншіден, Қоқан бектері өз әскерлерін Ормон манаптың қарамағына бергенді. Жағдайдың үмітсіз екендігін түсінген Кенесары әскери кеңес шақырып, қоршаудан шығу жолдарын қарастырды. Наурызбай Кенесарыға
мынадай ұсыныс жасады: «Маған Тама руының Құрман батыр және Ағыбай батыр бастаған , ұрысқа жарамды 200 жігіт беріңіз, мен сол
жігіттермен қырғыздар шебіне шабуыл жасап, бұзып өтемін» деді. Бұл ұсынысты барлығы қолдағаны мен, Кенесары келіспеді. «Егер біз бұзып өтсек, онда тоқтамай қашамыз. Кімнің аты жүйрік болса, сол құтылады. Ал халықтың басым көпшілігі қырылып қалады. Егер мен, әскер басшысы бола тұра қашып кетсем, онда мен бұдан былай халыққа хан бола алмаймын».
Кенесары өзін өлтірер алдында, иін тірескен халық жиналып тұрған сол бір шақта өлеңдетіп қоя берді. Өлеңінде өз елінің еркіндігі мен тәуелсіздігі жолында өзі жүргізген аса ауыр күрестің бүкіл өткен жолын баяндады, Сарыарқаның кең даласын, шайқаста қаза тапқан серіктерін еске алды. Кенесары өлтірілер алдындағы соңғы сәт былай суреттелген: «Кенесары жиналған жұртқа, алыстағы тауларға, күн шуағы төгілген биік аспанға, онан соң жан-жағына қарап алып, ән бастады. Ән ұзақ айтылып, жиналғандар ұйып тыңдады.Ән сөздері тыңдаушының бойын билеп, жүрегін баурап, қатты толқытқан. Ол өзінің өлеңінде туып-өскен кең даласында, кіндік кескен ауылында өткен бар өмірін есіне алған еді». Кенесары өлімі оның серіктері үшін, әскери достары үшін ауыр соққы болды. Кенесарының өлімі туралы хабар жетісі мен Орынбор Шекара Комиссиясы жан-жаққа жарлық жіберіп, онда «Орынбордың қарауындағы қырғыздарға: біздің бәріміздің ортақ жауымыз өлді деп хабарлады».
Батыс Сібір генерал-губернаторы Горчаков осы соғыста көзге түскен қырғыз манаптарын түгел өзіне шақыруға шешім қабылдады және оларды ордендермен наградтауға ұсынды. Кейіннен бұл шаралар жүзеге асырылды. Кенесарыны өлтірген Горчаковқа арнаулы хат жолдады, онда былай делінген: «Құрметті қырғыз Қалығұл Әлібековке! Бүлікші Кенесары Қасымовтың ісінде көрсеткен ерлігіңізбен қызметіңіз үшін, өзіме император тақсыр берген билікке сай, Сізге Георгиев лентасына түйреп мойынға тағатын күміс медаль жіберіп отырмын. Сіздің осы жоғары сыйлықты дұрыс бағалайтыныңызға және Өзіңіздің қасиетті императорға берілгендігіңізбен үкіметтің сенімін ақтайды деп сенемін».
Соңғы шайқаста, Сібір қырғыздарының шекара бастығы Вишневскийдің мәліметіне қарағанда, Ормон манаптың қолынан Кенесарының інісі Наурызбай, оның екі баласы және басқа да 15 сұлтан қаза тапқан. Сонымен бірге көптеген қатардағы қазақтар өлтірілген, мыңға жуық адам тұтқындалған. Қырғыз манаптары Ормон мен Жантай өздерінің риза болғанының және достығының белгісі ретінде, өлтірілген қазақтардың бастарын Қоқан ханына сыйлыққа жіберді. Бұл ттуралы капитан Рыльцовқа берген жауабында бір керуенбасы былайша еске түсіреді: «Мен Ташкентте тастай тағы қырғыздардың басшыларға сыйлыққа жіберген Кенесары адамдарының екі арбаға тиелген бастарын өз көзіммен көрдім. Бастарды ұзын сырққа іліп, Ташкен базарына тізіп қойған. Жергілікті басшылар бұл іске риза болып, тастай тағы қырғыздарға сыйлықтар берді13.
Өкімет қырғыз манаптарының Кенесары көтерілісін басуда көрсеткен көмегін жоғары бағалады. Осы туралы генерал-иайор Гасфорд өзінің Сыртқы істер министрлігін басқарушы Л.Г.Сенявинге жазған хатында Ормон Ниязбековтың қызметін бағалай отырып, былай депті:
«Оның осы істе септігі тимесе, Кенесарыны өлтірмесе, онда біздің ісіміз ол кезде бізге тиімсіздеу басқаша сипат алары сөзсіз еді».
Қорытынды.
Кенесары Қасымовтың көтерілісінің біршама қайшылықтары, анықталмаған мән-жайлары бар: бір жағынан, Қоқан хандығымен соғыс, ал екінші жағынан, бауырлар қырғыздармен қантөгісу соғысы, тағы бір жағы, өзін қолдаудан бас тартқан қазақ руларына мейірімсіздігі. Шұрайлы қоныс, шүйгін жайлым үшін дәстүрлі күрес бұл жолы да қазақ руларының қасиетті мақсат жолында - әкімшілік –отарлаушылық жаңа тәртіптің енгізілуіне қарамастан, саяси оқшаулығын сақтап келе жатқан, кең-байтақ аймақтардың мемлекеттік тәуелсіздігін қалпына келтіру жолында бірігуіне кедергі жасады; тағдырлы стратегиялық мақсаттардан тар өрісті рулық мүдделердің басым болуы дәстүрлі аристократияняң Орталық Азияның оңтүстік-шығыс шектерінде Англия мен Ресей мүдделерінің барған сайын ашық қақтығысуы жағдайларында солтүстік көршінің әскери-саяси қысымы алдында осалдық көрсетуін тереңдете түсті.
Ресейдің Оралдан арғы шет аймақтарындағы аса ірі халық көтерілісі жеңіліс табының мән-жайларын айтқанда, Қазақстанның геосаяси орналасуының ерекшелігін ескермеуге болмайды: Хиуаның да, Бұқара әмірлігінің де Кенесарымен ынтымақтастық жасауында мұсылмандық факторы да елеулі рол атқарғаны мен, олар Кенесарыны өздерін Ресей тарапынан жасалатын болашақтағы қауіптен қорғау дәрежесінде ғана қолдады; бірақ хан өз қаруының өткір жүзін Қоқанға қарсы бағыттасымен-ақ бұрынғы қолдау біртіндеп бәсеңдей берді; Ресейге қарсы да, Қоқанға қарсы да күресі қазақ ханының түзеуге келмес қатесіне айналды.
Сілтемелер тізімі.
І. «Қазақстан тарихы көре заманнан бүгінге дейін» 5 томдық үшінші том Алматы 2000ж. 344б
ІІ. Диас Жамбылов «Тәуелсіздік және саяси Қазақстандағы ұлтазаттық қозғалыс» Алматы 2001ж. 59б.
ІІІ. Ахмет Сұлтан Кенесарыұлы «Кенесары және Сыздық сұлтандар» Алматы 1992ж. 8 б.
IV. Куаныш Ахметов «Кенесары хан Ұлытау өңірінде» Астана 2002ж. 54б.
V. Жанұзақ Қасымбаев «Кенесары хан» Алматы 1993ж. 65б.
VІ. Е. Бекмаханов. «Қазақстан XIXғ, 20-40 жыдарында» Алматы 1994ж. 175б.
VІІ. Чапай Мусин «Қазақстан тарихы» Алматы 2005ж. 210б.
VІІІ. К. Р. Аманжолов «Түркі халықтарының тарихы» 3 том Алматы 2005ж. 119б.
ІХ. Хамит Маданов. «Қазақ халқының арғы-бергі тарихы» Алматы 1995ж. 109б.
Пайдаланған әдебиеттер.
І. «Қазақстан тарихы көре заманнан бүгінге дейін» 5 томдық үшінші том Алматы 2000ж.
ІІ. Диас Жамбылов «Тәуелсіздік және саяси Қазақстандағы ұлтазаттық қозғалыс» Алматы 2001ж.
ІІІ. Ахмет Сұлтан Кенесарыұлы «Кенесары және Сыздық сұлтандар» Алматы 1992ж.
IV. Куаныш Ахметов «Кенесары хан Ұлытау өңірінде» Астана 2002ж.
V. Жанұзақ Қасымбаев «Кенесары хан» Алматы 1993ж.
VІ. Е. Бекмаханов. «Қазақстан XIXғ, 20-40 жыдарында» Алматы 1994ж.
VІІ. Чапай Мусин «Қазақстан тарихы» Алматы 2005ж.
VІІІ. К. Р. Аманжолов «Түркі халықтарының тарихы» 3 том Алматы 2005ж.
ІХ. Хамит Маданов. «Қазақ халқының арғы-бергі тарихы» Алматы 1995ж.
№82 ЖББОМ 9 Ә сынып оқушысы
Мақыбасова Жансаяның Қазақстанның жаңа заман тарихы бойынша жазған “Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс атты ғылыми жобасына
П І К І Р
Мақыбасова Жансая «Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің тарихнамасы» атты курстық жұмысы тиянақты жазылған.
Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлім және қорытындыдан тұрады. Негізгі бөлім екі тарауға бөлінеді.
І-тараудың бірінші мәселесі: Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілісінің басталу себебі.
Онда жалпы Кенесары көтерілісінің басталу себебін білеміз.
І-тараудың екінші мәселесі: Ұлт – азаттық көтерілістің қозғаушы күштері. Мұнда зерттеу жұмыстары мен тұжырымдар көрсетілген.
І-тараудың үшінші мәселесі: Орыс қамалдарына шабуыл. ІІ – тараудың бірінші мәселесі: К.Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілуі. ІІ тараудың екінші мәселесі: К.Қасымұлы бастаған көтерілістің тарихтағы маңызы. Мұнда көтерілісшілердің қимылдарының қарқын алуын сипатын ашып көрсету.
ІІ – тараудың бірінші мәселесі: Кенесары Қасымұлының бастаған көтерілістің жеңілу себебі. Мұнда көтерілістің бәсеңдеуі және жеңілуі. Қырғыз жерінде қаза табуы.
ІІ – тараудың екінші мәселесі: Мұнда көтерілістің басқа көтерілістерден айырмашылығы, маңызы, ерекшілігі көрсетілген.