Осынау ?ла?атты ойды? т?п т?ркініне ??ілсек, ол –халы?ты? тарихи жадыны? жал?асты? табу д?ст?рі ?зілген жерде рухани тіршілік те ?зіліс табады дегенге саяды. Тіл ?андай ?о?амды? к?не сана?а жатса, атамекен, жер-су атаулары тарихи есімізді? айтулы бір саласы. Сонды?танда белгілі бір тарихи о?и?алар?а байланысты ?алыптас?ан топонимдерді? ма?ыздылы?ы ?ткенімізді естен шы?армай, ?мыт ?ал?ан т?старын ?айта жа??ыртып ?рпа? санасына ?ялату ?ажеттілігі та?ырыбымызды? ?зектілігін ай?ындай т?седі.
Тарихи топонимдерді? ?алыптасуында белгілі бір тарихи о?и?аны? негізі жатады, сол себептенде негізгі нысан ретінде халы? санасында са?талып бізге жеткен тарихи атаулар болып табылады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Жер атаулары - ел тарихы»
Үсенқұлова С.Е., № 29 Александр Герцен орта мектебі
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы
Жер атаулары — ел тарихы
«Дүниеде әрбір бөлек жердің аты, себеппен қойған оны елдің аты» С.Сейфуллин.
Дүние жүзі елдерінде не көп десең, жалқы есімдер көп,оның ішінде жер-су аттары көп. Ұшы –қиыры жоқ кең алқапта қазақ халқының негізін құраған ру, тайпалар мал бағумен айналысып, жаз жайлау ,қыс қыстау қамымен ерсілі - қарсылы көшіп қонумен жүрді.Олар кең даланың табиғат ерекшеліктерін, әр төбенің, әр жыраның өзіндік сипатын жете тани білді және көшпелі өмірлерінде жер жағдайын анықтайтын белгі ретінде пайдаланды,атауды да соған дәл тауып қоя білді.
« Біздің қазақ жер аты, тау атын жолда сол ортаның сыр сипатына қарай қоя білген жұрт. Қайда, қандай бір өлкеге барсақ та жер, су жапан түзде кездескен кішкене бұлақ атының өзінде қаншама мән-мағына , шешілмеген құпия сыр жатады»-деген болатын М.Әуезов. Көне түркі тілінде салт-сана , әдет-ғұрпының қаймағы бұзылмаған қазақ елінде ғылымның бір саласын қамтитын тарихи оқиғалармен байланысты жер-су атаулары, адам аттары тағы басқалар есте сақталып атадан балаға жалғасып жатады. Бұл атаулардың бәрі де халықтың өзі таққан ,аялап қойған атаулар, барлығы да ғасырлық мұрамыз.Табиғат көрінісіне, халқымыздың тыныс - тірлігі,кәсіп - шаруашылығына,тұрмыс күйіне байланысты төл сөздерімізден қойылған атаулар қыруар мол.
Осыншама ұлан - ғайыр жерімізді Шығыс пен Еуропа,Орта Азияны жалғастырған әйгілі Жібек жолы да өтті.Әр - түрлі халықтар сауда - саттық жүргізіп,өз тілдерінде сөйлеп, мәдени қарым - қатынас жасады.Мың сан атаулардың бір тобы шығу тегі бойынша көне дәуірлерге салса,екінші бір мол легі орта ғасырға қатысты.Жаңа заман атаулар тарихы ХІХ - ХХ ғасырларға тән.Осы атаулардың ішіндегі ең көнелері де көп өзгеріске ұшырамай, берік сақталғандары да ірі өзендер мен көл,теңіз және тау аттары.
Кейбір жерлердің өзіне тән табиғи көркемдігі мен сұлулығына қарай қойылғаны байқалады.(Талдысай, Ақкөл, Ақсу, Қызылкөл,Сабындыкөл).Көне заманның ғимаратындай көздің қарашығындай сақталған Жем, Елек, Темір, Қобда сияқты атаулар мыңдаған жылдардың қарт куәсі. Атаулар ескіріп, көнеріп көбінің мағынасы, сыр сипаты түсініксіз, құпия қатпарлары мол, шығу тегі туралы болжаулар да баршылық (Бабатай,Кенжалы,Толыбай,Тышқанбай, Балғасын ) сияқты жер - су аттары
Ел болған елдің бәрінің де,өзіндік тарихы қона жайлаған этникалық территориясы өмірге,қоршаған ортаға қатысты өзіндік ұғым - түсінігі оған деген бағасы,байламы,талғамы бар. Қандай бір халық болмасын өзінің негізгі тіршілік көзі - жер екенін жақсы ұққан.Ұлы дала төсіндегі ата - қоныс,туған жер үшін болған сан қилы , ірілі - уақты қақтығыс, соғыс, қан - төгістер ерте кезеңдерде қазақ елінің басынан өткен тарихты қозғайды. Халықтың өткен өмірін сонау араб, монғол, жоңғар шапқыншылығынан бастап берідегі орыс отаршылдығы кезеңіне дейінгі қазақ өмірінің қатпар - қатпарынан бұндай деректер иен қатар топонимикалық атаулар да белгілі дәрежеде ашып,өзінің тарихи айғақ көз екендігін танытады.Қазіргі таңда жер - су аттарын қастерлеу,оның дұрыс алғашқы мағынасы мен атын сақтауының маңызы зор.Әрбір атау өз тұсындағы қоғам тіршілігінен жұрт қалауынан туады,ол тарихтың ұшқыны, оның табы сіңген белгі халық өмірінен алынады.Білімдарлықтың шегіне жеткен қазіргі кезеңде туған өлкенің жер - су атауларын зерттеулердің сырлары ашылуы - замана талабы.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк ономастикалық жұмыс тұжырымдамасында былай деп жазылған: «Қазiргi уақытта ономастика республикадағы ұлттық тiл саясатының жетекшi бағыттарының бiрi ретiнде тек ғылыми-практикалық, мәдени-тарихи ғана емес, сондай-ақ қоғамдық-саяси маңызға ие болып отыр. Қоғам дамуының кез келген кезеңiнде ономастикалық атаулардың тарихи маңызы зор болды. Адам қоғамдастығының бiр де бiрi, бiр де бiр мемлекет өзiнiң даму үдерiсiнде өзiнiң антропонимдерi мен топонимдерiнiң жинағынсыз өмiр сүрген емес. Сондай-ақ, Қазақстандық қоғамдастықтың да ежелгi тарихи дәуiрде қалыптасқан ұлттық ономастикалық жүйесi бар. Қазақстанның көптеген ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық ономастика жүйесi ХIХ ғасырдың екiншi жартысынан бастап түбегейлi өзгерiстерге ұшырады және патша үкiметiнiң отаршылдық мүдделерiне, кейiннен Кеңес жүйесiнiң тоталитарлық саясатына қызмет етуге мәжбүр болды. Отаршылдық пен тоталитарлық режимдердiң идеологтары ономастиканы қоғамның тарихи-мәдени санасына әсер етудiң саяси құралына айналдырды. Нәтижесiнде қазақ ономастикасының өзiндiк болмысына, ұлттық ерекшелiгiне, әсiресе оның топонимикалық және антропонимикалық жүйелерiне орасан зиян келтiрiлдi. Қазiргi қазақ ономастикасының жай-күйiн осыдан артық бағалау қиын. Ал тiлдiң өзi қоғамдық құбылыс болып табылатындықтан, оның бiр саласы ономастика да қоғамнан тыс қала алмайтыны белгiлi жағдай. Тiлшi-ғалымдар ол туралы бiршама айтып та кеткен. Мәселен, В.Н.Топоров: «...жалқы есiмдер тек адамзат қоғамында ғана өмiр сүрiп, қызмет етедi... Оның үстiне, Геродот пен Плинийдiң пiкiрлерiне қарамастан, жалқы есiмi жоқ адамзат қоғамы болмайды», - десе, ал В.А.Никонов: «Атау нысанға таңылып қалған нәрсе емес, бiрақ ол тек қана қоғамда өмiр сүредi және әрбiр әлеуметтiк құбылыс сияқты әрқашан тарихи заңдылықтарға бағынады», - деген. Қоғамдағы әрбiр саяси-экономикалық өзгерiс сол қоғамның топожүйесiнде терең iз қалдырып отырады дегенде, бiз төрт түрлi экстралингвистикалық жағдайды екшеп аламыз: 1) Бiр ел екiншi елдi жаулап алғанда, мiндеттi түрде жергiлiктi атаулар өзгертiледi. Алыс тарихқа бармай-ақ, кешегi Ұлы Отан соғысы кезiнде немiс басқыншылары ауыстырып жiберген кейбiр топонимдердi Польша мен Чехословакия күнi бүгiнге дейiн қалпына келтiруде екенiн айтсақ та жеткiлiктi. 2) Бiр ел екiншi елдi отарлап алған жағдайда, жергiлiктi атаулар өзгерiске ұшырайды. Өткен ғасырлардағы iрi капиталистiк державалардың отарлау саясаты бұған дәлел. 3)Үлкен елдiң кiшi елдi немесе күштi елдiң әлсiз елдi бейбiт қалыпта ассимиляциялап жiберуi (тiлдедiң ассимиляциялануы да осы топқа жатады). Бұған ҚХР-дың маңындағы ұсақ мемлекеттердiң, Ресейдегi ұсақ ұлттардың тағдыры толық мысал бола алады. 4) Бiр елдiң iшiндегi идеологиялық, таптық, дiни күрестердiң, азамат соғыстарының әсерi болуы мүмкiн. Бұл тарихты да ұмыта қоятын уақыт өткен жоқ. Атап өткен төрт жағдай екi түрлi себептен ғана тұрады: бiрi - тiлдерi келмегендiктен атауларды өзгерту; екiншiсi - меншiктеп алу саясатын көздеп, әдейi өзгерiске ұшырату. Көптеген жағдайда екiншi себептiң үлес салмағы басым болып келетiнi ешкiмге жасырын емес. Қазақ тiлi мен оның лексикасы осы төрт жағдайды да бастан кештi. Атап айтқанда, моңғол, жоңғар шапқыншылығын көрдi; патшалық Ресей отаршылдығын бастан өткердi; Азамат соғысы да бiздi айналып өткен жоқ; кеңестiк ассимиляциялау саясатын да жоққа шығаруға болмайды. Соңғы, төртiншi жағдай, тағы алдымыздан шығуы мүмкiн. Жаһандану үдерiсi кезiнде ұлттық келбет, әр ұлттың тiлi не кең тараған тiлдiң бiрiне (мәселен, ағылшын тiлi), не жан саны көп тiлдiң бiрiне (мәселен, қытай тiлi) жұтылып кету қаупi бар. Еуропаның белдi тiлдерiнiң бiрi швед тiлiнiң өзi ағылшын тiлiнiң ықпалына төтеп бере алмай отыр, жан саны басым болса да, Үндiстан ағылшын тiлiне өзiнiң хинди тiлiн қарсы қоюда. Соған байланысты әр ұлттың, әр тiлдiң алдында не бар, не жоқ болуы деген дүниежүзiлiк мәселе тұр. Қазiргi кезде әлем тiлдерiнiң арасында, тiптi «халықаралық тiлдер» (ағылшын, араб, испан, қытай, орыс т.б.) арасында өзара бәсеке жүрiп жатқаны жасырын емес. Тiлдiң дамуына оның ареалының кең, қолданатын жан санының көп, экономикасының мықты болуы қажет десек те, сол тiлдiң белсендi қолданылуы да маңызды факторлардың бiрiне жатады. Кезiнде тiл бiлiмi тарихында қалыптасқан «Натуралистiк (биологиялық)» мектептiң өкiлдерiнiң бiрi Макс Мюллер айтқан: «Тiл күнделiктi тұрмыста қолданылса - өмiр сүргенi, ал адам қолданбаса - өлгенi» деген пiкiрiнiң жаны бар. Бүгiнде Украина мен Белоруссия үкiметiнiң өз тiлдерiне деген алаңдауы заңды құбылыс, өйткенi ол елдердiң 40-50 пайызы орыс тiлiнде сөйлейдi. Қазақстанның, сол сияқты ТМД елдерiнiң өз тiлдерiн сақтап қалудың бiрден-бiр жолы: мемлекет аумағында, қоғамның барлық саласында ана тiлiн белсендi қолдану болып табылады. Ал қолдану белсендiлiгi қалай төмендейдi, солай ол тiл құлдырай бередi. АҚШ ғалымы Дэвид Харрисонның есептеуiнше, қазiр жер бетiнде бар 7000-дай тiл мен диалектiлердiң үстiмiздегi ғасырдың ортасына дейiн тең жартысы өлi тiлдерге айналады екен («Қазақстанның ғылымы мен жоғары мектебi» журналы, №6 (148), 2007). Ал ол жоғалуға бет алған тiлдер ғасырлар бойы өз бойына жинаған қаншама құнды мәлiметтердi, тiлде сақталатын ұлттық дүниетанымды бiрге ала кететiнi айтпаса да түсiнiктi. Қазақстан топонимикалық кеңiстiгiнiң әлi шешiмiн таппаған мәселесi көп. Бiз күнi бүгiнге дейiн жалқы есiм мен жалпы есiмдi айыра алмай жүрмiз. Лексикамыздың негiзiн құрайтын бұл екi сала туралы В.А.Суперанская былай деген: «Жалпы есiммен аталған нысан анық емес және шексiз болып келсе, жалқы есiммен аталған нысан әрқашан да анық және нақты болып келедi». Ономастиканың бір бөлігі саналатын жер-су аттары (топонимдер) ғасырлар жәдігері, тіліміз бен тарихымыздың құнды қазына байлығы, мәдени мұрамыздың бір бұлағы. Топонимдердің шығуы, пайда болу тарихы ең алдымен халық тілінің байлығына, әрбір тарихи дәуірдегі қоғамдық өмірдің құрылысына, оның әлеуметтік-экономикалық жағдайына, ел-жұрттың кәсіби тірлігіне, мемлекеттің дамып өсуі мен елді мекендердің сан жағынан артып, молая түсуіне тікелей байланысты болып отырады.
Жеріміздегі мыңдаған атаулардың шығуы, пайда болуы, дамып өсуі – талай ғасырлардың куәсі, біздің заманымызға жеткен бай қазына, асыл мұра. Қазіргі қазақ жерінде сан қилы тарихи оқиғалардың болып өткені, бұл қасиетті де, құдіретті жерімізді талай ұлыс, тайпа, ел, халықтың жайлап, мемлекет құрып, ғұмыр кешкендігі тарихтан мәлім.
Тарихи жер атаулары қаншама ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, жалғасын табумен бірге біржола тұрақтанған топонимдердің: «Жер – судың аты- тарихтың хаты» деп қысқаша тұжырымдауға болатын халықтың тарихи есінің бір көрінісіне жатады. Бұл жөнінде Шоқан Уәлиханов: «Көне түркі салт-сана, әдет-ғұрпының қаймағы бұзылмаған қазақтарда өмірдің бір саласын қамтитын тарихи оқиғалармен байланысты адам аттары, жер-су атаулары, тағы басқалар есте сақталып, атадан балаға жалғасып жатады» деп жазады («Таңдамалы» Алматы, 1985 ж. 115-б.). сілтеме
Осынау ұлағатты ойдың түп төркініне үңілсек, ол –халықтың тарихи жадының жалғастық табу дәстүрі үзілген жерде рухани тіршілік те үзіліс табады дегенге саяды. Тіл қандай қоғамдық көне санаға жатса, атамекен, жер-су атаулары тарихи есіміздің айтулы бір саласы. Сондықтанда белгілі бір тарихи оқиғаларға байланысты қалыптасқан топонимдердің маңыздылығы өткенімізді естен шығармай, ұмыт қалған тұстарын қайта жаңғыртып ұрпақ санасына ұялату қажеттілігі тақырыбымыздың өзектілігін айқындай түседі.
Тарихи топонимдердің қалыптасуында белгілі бір тарихи оқиғаның негізі жатады, сол себептенде негізгі нысан ретінде халық санасында сақталып бізге жеткен тарихи атаулар болып табылады.
Топонимика — мыңдаған жылдар жемісі. Жер-су, елді мекен атаулары халқымыздың бай тілі негізінде жасалып, халық тарихымен байланысты дамиды. Топонимикалық атаулардың өмірінің тарихы, әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістердің жай-жапсары анық та айқын көрініс береді.
Топонимикалық атаулар белгілі бір оқиғалардың мерзімін меңзеуі арқылы тарихи дерек көзінің сырын саралап, танып-білуге септігін тигізеді. Олай болса, топонимдер — «жердің тілі, жазылмаған кітабы» ғана емес, сонымен қатар жер тарихы мен ел тарихын танытар, оның өмірінен сыр шертер тарихи шежіресі.
Олар өткен тарихымыздың мәдени ескерткіші ретінде ғана маңызды емес, бүгінгі таңда зор мән-мазмұнға ие. Өйткені ешбір қоғам өмірінде, тарих деңгейінде жер-су атауларының қатысуынсыз оқиға болған емес.
Мәдениеті мен ғылыми кемелденген өркениетті халықтар көне тарихтың сыр-сипатын ашуға септігін тигізер құнды мұралардың ешбірін назардан тыс қалдырмай зерттеп, ғылым елегінен өткізіп отырады. Әрбір атаудың өз тарихы, дүниеге келу сыры бар.
Қоғамдағы әрбiр саяси-экономикалық өзгерiс сол қоғамның топонимия жүйесiне терең iз қалдырып отырады. В.А. Никонов айтқандай топонимика амалсыздан “идеологиялық функцияға жегiледi” [6]. Елiмiз тәуелсiздiк алғаннан кейiн, көптеген жер-су атаулары өз тiлiмiзде өзгертiлiп қалпына келтiрiлдi. Көптеген ойконимдер бiрнеше рет ауысқан себептi бастапқы атауын жоғалтқан. Тарихтың топонимика саласымен айналысып жүрген ғалымдарымыз бұл пікірді тереңірек зерттесе нұр үстіне нұр болар еді.Өлке топонимдерін жаппай жинап, ғылыми тұрғыдан зерттеудің маңыздылығы мектеп оқушылары мен қалың көпшіліктің туған жер туралы білім дәрежесін арттыруға да қажет. Жер-су атауларын жинау, олардың шығу, пайда болу себебін анықтау, әрбір атаудың мән-мағынасын ашу, әсіресе, жастардың туған ӛлкеге деген ыстық ынта, патриоттық сезімін күшейтпек.
Пайдаланылған әдебиеттер
Әбдірахманов А. Қазақ этнопонимикасы. Алматы: 1979ж
Е.Бекмаханов – «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарда». Алматы:1994ж.
Мырзахметов М. Жер тарихы ел тарихы // «Жалын» журналы. Алматы: 1989ж.
М.Мырзахметұлы – «Түркістаннан туған ойлар». Алматы:1998ж.
Нұрмағанбетұлы Ә. «Жер-судың аты – тарихтың хаты». Алматы:1994ж
Никонов В.А. Краткий топонимический словарь. М., 1966.- 33
Жоғарыға көтеріліңіз↑ "Қазақ Энциклопедиясы"
Жоғарыға көтеріліңіз↑ Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы
Жүнісов Д. «Өзен-көл атаулары». Алматы:1991ж.
Жанұзақ Т. «Жер-су атаулары». Алматы: 2006ж.
Жанұзақ Т. Қазақ топонимдерінің этимологиялық тұрғыдан зерттеудің негізгі бағыттары // Білім және Ғылым Министрлігі мен Ұлттық Ғылым академиясының хабарлары №3. 2004ж
Қойшыбаев Е. Қазақстанның жер-су аттары сөздігі. Алматы: 1985ж.
Т.Айтбайұлы, Е.Үсенбаев, М.Ахмет «Жері, суы дуалы -Жуалы»