Кіріспе: Құрметті оқушылар бүгін біздер өтілген тақырып бойынша алған білімдерімізді тексеру үшін ойын арқылы өз білімдерімізді шыңдаймыз.Оқушылар үш топқа бөлінді.
2. Суретте. Оқулықтағы суретке қарап сармат сарбаздарын суретте.
3. Салыстыр. Сақтар мен сарматтардың тұрмысын салыстыр.
VI. «Мағынаны ашу» пошта ойыны
Оқушылар, біздің пошта жәшігімізде пошта тасушы үш топқа тапсырмалар тастап кетіпті және көп ұпай жинаған оқушыға келесі оқу жылынан бастап «Дарын» ҒӨО –ң сырттай бөлімінде оқуға жолдама беріледі.
І топ. Сармат халқының күрт төмендеу себебін түсіндір.
ІІ топ. Сарматтардың ерлері мен әйелдерінің киіну ерекшеліктері,әшекей бұйымдары туралы түсіндір.
ІІІ топ. Бесоба, Сынтас қорымдарының өзіндік ерекшеліктерін түсіндір.
Видео. Сақ,сармат тайпаларының тамаша туынды ескерткіші «Алтын адам» туралы көрсету.
VІІ. «Ойлан тап!»
Егер сен археологиялық қазба жұмысы кезінде « ІV Алтын адам » тауып алсаң қандай тұжырым жасар едің....
Тарихи сынақхат. І-топ
Сарматтарда әлеуметтік теңсіздік болғандығын археологиялық ескерткіштер дәлелдейді.
Сарматтар қоғамындағы әскери демократия басқа көшпелілердікінен өзгеше еді.
ІІ-топ
Сарматтардың әйелдері де жасақ құрамына кірген. Оған олардың қабірлеріненқару-жарақтың көп табылуы дәлел.Алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап ,мүлік теңсіздігі шықты.
ІІІ-топ
Сармат қоғамында әскери демократия ерлерге де, әйелдерге де бірдей қатысты болды.
Сарматтардың ыдыстары қыштан және металдан жасалған.
VІІІ. Рефлексия
-Бүгінгі сабақ сізге несімен ұнады?
-Күнделікті сабақтан айырмашылығы бар ма?
-Қандай әсер алдыңдар?
Қорытындылау:
Қ.Р. Конституциясының 37 бабы тарихи ескерткіштерді ,мәдени мұраларды қорғау әр бір азаматтың міндеті екендігі айтылған.Осыған сәйкес Елбасымыздың 2004ж «Мәдени мұра» бағдарламасы қабылданғаны баршамызға мәлім.Сондықтан балалар барлығымыз бірігіп тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғап, аялайық.
ІХ. Бағалау
Ең көп ұпай жинаған топты, белсене қатысқан оқушыларды бағалау, марапаттау.