ТІЗБЕКТЕЛГЕН САБАҚТАРДЫҢ ОРТАҚ ТАҚЫРЫБЫ ХХ ғасырдағы Қазақстан |
Контекст: ХХ ғ. Қазақстандағы ғылыми жаңалықтардың ашылуы, әдебиет пен мәдениетке үлес қосқан тұлғаларды таниды. |
№ | Сабақ тақырыбы | Пән бойынша оқу мақсаттары | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеттер | Барлық оқушыларды қатыстыру | Бағалау | Ресурстар |
1 | Тың игеру | Барлығы: Оқушылар тың деген сөздің мағынасын, тың игеру не үшін жүргізілген біледі. Көбісі:Қазақстан аймағында тың игеру кезіндегі іс-шараларын жіктей алады. Кейбірі: Тың игерудің зардаптары мен Қазақстан экономикасына әсерін түсіндіре алады. | Тың мағынасын ашады өз ойларын айтуға бағыттайды Қазақстан аймағындағы іс-шаралардың барысын талдауға тапсырма беру арқылы сынайды. Тың игерудің зардаптары мен экономикаға әсерін салыстыруға тапсырма береді. | Тың сөзінің мағынасын ашып, өз ойларын ортаға салады, анықтамасын есте сақтайды. Тың игеруге байланысты іс-шараларды жіктеу арқылы, тың игеруді сынайды. Тың игерудің зардаптары мен экономикаға әсерін салыстырады. | Деңгейі төмен оқушылар «Мюнстенберг» әдісі арқылы бойынша тың игеру қай жылы басталғаны туралы сөйлемді табады. Қабілеті жоғары оқушыларға «Т» кестесі арқылы тың игерудің пайдалы жіне зиян тұстарын салыстырады. | «Қосу, алу, қызықты» кестесі арқылы өз-өздерін бағалайды, «Бір сөзбен» әдісі бойынша оқушылардан керібайланыс алынады, жиынтық бағалау. | АКТ слайд, оқулық, үлестірмелі материалдар, ватман, стикер, маркер. |
2 | Қазақстандағы ғылым мен мәдениеттің дамуы | Барлығы: ҚР Ғылым Академиясының тұңғыш президентін біледі, қазақ опера саңлақтарының кейбірін біледі. Көбісі: Қазақстандағы ғылым мен білімге, спортқа үлес қосқан тұлғалардың еңбегін ажырата алады. Кейбірі: Қазақ киносы мен әдебиет саласының кемеңгерлерінің қосқан үлестерін жинақтайды, қазіргі кездегі кино өнерінің дамуына баға бере алады. | 1. ҚР ҒА тұңғыш президенті білуге, қазақ операсының өкілдерін еске түсіруге бағыттайды. 2. Қазақстанның ғылыми мен мәдениетінің дамуына үлес қосқан тұлғаларды анықтауға бағыттайды. 3. Қазақ киносы мен әдебиет саласының кемеңгерлерінің қосқан үлестерін жинақтауын, қазіргі кездегі кино өнерінің дамуына баға беруді ұсынады. | 1. ҚР ҒА тұңғыш президентінің кім екенін атайды, қазақ операсың өкілдерін атап айтады. 2. Қазақстанның ғылыми мен мәдениетінің дамуына үлес қосқан тұлғаларды анықтап, табады. Спорт, өнер, ғылым саласына сіңген еңбектеріне талдау жасайды. 3. Қазақ киносы мен әдебиет саласының кемеңгерлерінің қосқан үлестерін жинақтайды, қазіргі кездегі кино өнерінің дамуына баға береді. | Қабілеті жоғары оқушылар: «Венн диаграммасы» арқылы 20 ғасыр мен қазіргі кездегі қазақ киносының дамуын салыстырады. Деңгейі төмен оқушылар: «Акроним» әдісі бойынша ғылым мен мәдениетке байланысты сөздерді тауып жазады. | Өзін-өзі бағалау «Бағдаршам» әдісі, «Шабадан, еттарқыш, себет» әдісі бойынша оқушылардан керібайланыс алынады, жиынтық бағалау | АКТ слайд, оқулық, үлестірмелі материалдар, стикер |
3 | Ғарышты игеру | Барлығы: Оқушылар «ғарыш» сөзінің мағынасын біледі, қазақстандық ғарышкерлерді таниды. Көбісі: Ғарышкерлердің ғарышқа ұшуын ретімен орналастыра алады. Кейбірі: Ғарышты игерілуі адамзатқа тигізер пайдасы мен зиянын талдайды. | 1. «Ғарыш» сөзінің мағынасын өз сөзімен берілген анықтаманы ғылыми берілген анықтанымен салыстыруды ұсынады. 2. Қазақстандағы ғарыш айлағының орналасуын географиялық картаға сүйене отырып, кескін картада көрсетуін қадағалайды. 3. Ғарышты игеруде пайдалы және зиян жақтарын талдауын, ұсынады. | «Ғарыш» сөзінің мағынасын өз сөзімен берілген анықтамамен ғылыми анытаманы салыстырады. Қазақстандағы ғарыш айлағының орналасуын географиялық картаға сүйене отырып, кескін картаға түсіреді. Ғарышты игеруде пайдалы және зиян жақтарын талдау жсайды. | Қабілеті жоғары оқушылар: Салыстыру арқылы ғарышты игерудің пайдасы мен зиянын талдау үшін, «W» әдісі арқылы тұжырым жасайды. Деңгейі төмен оқушылар: «Анықтамалық кестесі» арқылы «ғарыш» терминінің мағынасын түсініп, ғылыми анықтамамен салыстырады. | Өзара бағалау, «Жетон» арқылы, жиынтық бағалау. «Аралдар» әдісі бойынша оқушылардан керібайланыс алынады, | АКТ слайд, оқулық, үлестірмелі материалдар, дәптер, кескін карта, стикер |
4 | Қазақстан -егеменді мемлекет | Барлығы: Қазақтанның мемлекеттің тәуелсіздігін қашан алғанын біледі. Көбісі: Қазақстан көп ұлтты мемлекет екенін түсінеді. Кейбірі: КСРО-ның құлауы, ТМД-ның құрылуының негізі. | 1. Топтастыру арқылы Тәуелсіз сөзінің мағынасын түсінуге бағыттайды. 2. Қазақстан көп этносты мемлекет болып, қалыптасуын талдауды ұсынады. 3. КСРО ыдырағаннан кейін әлем картасында қалыптасқан өзгерістерге баға беруді тапсырады. | Оқушылар тәуелсіз сөзінің мағынасын топтастыру арқылы ашады. Сәйкестендіру арқылы Қазақстан көп этносты мемлекет болып, қалыптасуын талдайды. | Қызығушылықты арттыру мақсатында топтастыру стратегиясын пайдалану негізінде барлық сынып қатысады. Деңгейі төмен оқушылар: «Дейін, кейін» кестесін толтырады. Қабілеті жоғары оқушылар: «Миға шабуыл» әдісі арқылы КСРО ыдырағаннан кейін әлем картасында қалыптасқан өзгерістерді болжайды, өз ойларын ортаға салады. | Өзара бағалау, қалыптастырушы бағалауға «жетон» арқылы бағалауды қолдану. «Медаль мен миссия» әдісі бойынша оқушылардан керібайланыс алынады. | АКТ слайд, оқулық, үлестірмелі материалдар, стикер, қима қағаздар, дүниежүзілік карта, Қазақстанның физикалық географиялық картасы. |