9-11 сыныптарға арнлған тарих пәні бойынша сайыс сабағы. Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін тұжырымдамасында «Жалпы білім беретін мектептің мақсаты - жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзат мұрасының сабақтастығын сақтай отырып, тәрбиелеу және әрбір шәкіртті тұлға деп санап, оның жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау»- делінген.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Сен тарихты білесің бе?»
Айқын Нұрқатов атындағы
Шұқыркөл орта мектебі
Сен тарихты біесің бе?
Сыныптан тыс іс-шара әзірлемесі
Мақсаты:
а) тапқырлыққа, шешендікке баулу, ізденімпаздыққа жетелеу, ой-өрісін, тіл мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыру, функционалдық сауттылығын дамыту. ә) оқушыларды елін ,жерін, оның дәстүрлерін сыйлауға, халқымыздың болашағын гүлдентер тәрбиелі ,елін құрметтеуге тәрбиелеу.
б) Оқушылардың зеректік қабілеттерін дамытып, ой өрісін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру, озық ойлы топты анықтау. Сабақтың әдісі: топтық сайыс. Көрнекілігі: нақыл сөздер,слаидтар,тұлғалардың суреттері т.б. Барысы:
Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар және оқушылар! Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін тұжырымдамасында «Жалпы білім беретін мектептің мақсаты - жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзат мұрасының сабақтастығын сақтай отырып, тәрбиелеу және әрбір шәкіртті тұлға деп санап, оның жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау»- делінген. «Қазақстан деген сөздің қуатты естілуі, еліміздің өркениетті мемлекеттермен терезесі тең тұруы үшін жастардың жан-жақты, терең білімді болғаны қажет»- деген Елбасы ойына қосыла отырып бүгінгі сыныптар арасында өткелі отырған топтық сайысымызды бастаймыз. Қатысушы 3 топты таныстырайық: І топ. 8 сынып ІІ топ. 9 сынып
ІІІ топ. 10 сынып Ондай болса сайыс турларымен танысытырып өтейік: 1 тур – «Таныстыру» (Әр топ өзінің атамен төс белгісімен ұранымен топ мүшелерін тақырыпқа сай таныстырады 1-5 ұпайлар аралығында бағаланады) 2 тур – «Болмасаң да ұқсап бақ» (Әр топ өздері дайындап келген тарихи көрністерін көрсетеді 1-5 ұпайлар аралығында бағаланады .) 3 тур - «Сұрақ бізден жауап сізден» (Әр топ бір –біріне 5 –тен сұрақтар қояды әр дұрыс жауап 1 ұпай) 4 тур - «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» презентация (әр топ өздері жасап келген прзентацияларын қорғайды 1-5 ұпайлар аралығында бағаланады) 5 тур – «Менің болашақ Қазақ елім» (әр топ өздері сызып келген постерлерін қорғайды1-5 ұпайлар аралығында бағаланады ) 6 тур – «Қорытынды».
Жүргізуші: Әділқазы, аққазыға бір сәлем! Әділдікке бас иеді бар әлем. Жүйрік озар сайыстарда неше бір, Сарапқа сап әділдікпен шеше біл! – деп сайыскерлеріміздің білімін бағалау үшін әділқазы алқасын сайлап алайық.
Әділқазылар:
1. Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Базарова Қ.Е.
2. Математика пәнінің мұғалімі Катренова Ғ.Ш.
3. Бастауыш сынып мұғалімі Оспанова А.Е.
4. Селолық округ әкімшілігі мамандары Кабдуннасова З.М.
5. Билялова Г.А.
1.Сәлемдесу – игі дәстүр киелі,
Сөзбен қарап, кейде шешер шиені.
Жақсы сөзге жан семірер қашанда,
Жолданады сайыскерлер сәлемі. Сонымен сайысқа қатысушы топтар өз сәлемдерін жолдайды. Кезек 1 тур бойынша «Таныстыру» кезеңінде
Жүргізуші: Топтар өздерін барынша аттарына сай таныстырып өтті. Оны бағалап тиісті бағасын қоюды әділқазы алқаларының құзырына қалдырайық та сайысымыздың 2 туры бастаймыз Яғни Абай атамыз айтқандай
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір жақсыны көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз- демекші Қазақ тарихында алмағайып замандарда елдің елдігін сақтап қалу жолында жанкештілік танытқан небір біртуар тарихи тұлғаларымыз өтті емес пе? Солардың өмірінен бір үзік көрніс көрсету бүгінгі топтарға бұйырып отырған бақыт екен онда кезекті топтарға берейік.
Жүргізуші: Топтар өздері дайындап келген тарихи көрністерін көрсетті жақсы. Осындай жақсы көңіл күймен сайысымыздың 3 турына кезек берейік.
Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер,
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер- дей келе «Сұрақ бізден жауап сізден» бөліміне береміз. Мұнда бір шумақ өлеңде айтылғандай сайыскерлеріміздің білідері сынаққа түседі. Топтарға сәтілік тілейміз!
Жүргізуші: Топтардың тарихтан білім деңгейлерін байқадық. Кей жерде бас шайқадық.
Міне, көзді ашып жұмғанша, осы жылы Қазақ халқы тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлайды. Тәуелсіздікке жету – оңай жолмен келген жоқ, ол бәрімізге мәлім. Бұл қазақ халқының ғасырлар бойы көздеген арман-мұраттарының орындалуы.
Тәуелсіз мемлекетке айналу, бізге үлкен серпіліс, күш берді. Тарихи күш десе де болады. Біздің өз еркімізбен алға ұмтылуға, мемлекет болып өркендеуге жол ашылды.
Тәуелсіз мемлекет бола салысымен, көптеген шұғыл сұрақтарға шешім табылды. Неше түрлі ауыртпашылық әкелген Семей полигоны жабылды, Арал теңізі мәселесі шешілді, тарихи мұра, мәдениетіміз, қазақ тілі қайта жаңғыртылды, табиғи байлығымызды өз иелігімізге қайтара алдық.
Қазір біз болашағымызға сеніммен қарай алатын, зайырлы, өркениетті, индустриалдық жаңғырту жолында жоғарғы қарқынмен дамып келе жатқан мемлекетпіз.
Тәуелсіздікке дейінгі кезеңде өз жерімізде басымызды түсірдік. Экономика, ішкі және сыртқы саясатпен қатар, табиғи қорларымыз да, басқа мемлекеттің қарамағында еді. Сол қиын-қыстау кезеңде, қазақ халқының сана-сезімі, намысы оянды. Жігерлі қазақ жастары өз жерімізде лайықты күн көруге, өз ана тілімізді, мәдениетімізді құқылы қолдануға талпынды.
Бүгін міне, тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында, біз артқа карап, Кеңес Одағы кезеңіндегі тарихты, сөзбен жеткізе алмайтын қиын өмірді еске алып жатамыз. Сонау Горбачёв бастаған қайта құру кезеңі ұлттық сана-сезімді оятты. Жаппай қазақ мектептерінің жабылуы, қазақ тілінде шығарылған газет-журналдар, мақалалар, кітаптардың сатылымнан жоғалуы, жоғарғы билеуші таптың басымдылығы, біздің ержүрек, батыл, намысшыл жандарымызды ызаландырды. Сөйтіп, халықтың ұлттық мүддесі үшін күреске жол ашылды.
Осының бәрі, бізді 1986 жылғы Алматыда өткен желтоқсан оқиғаларына алып келеді. Себебі, жаңа алаңда өткен қазақ жастарының шерулері, тәуелсіздікке әкелген бастама десек, қателеспейміз. Бүгін міне, желтоқсан оқиғаларына 30 жыл. Уақыт келе, сол тарихи окиғаның мәнісін енді ғана ұға бастағандаймыз.
Қазіргі таңда, Қазақстанның өзіндік үні, пікірі, мәртебесі бар. Біз әлемдік деңгейде аяғымызды сенімді басып, басқа елдер бізбен санасатын мемлекетке айналдық. Мұндай нәтижеге қол жеткізу үлкен шараларды, іс-әрекеттерді талап етеді. Яғни, ішкі және сыртқы саясатты дұрыс жүргізу, халықтың әлеуметтік-экономикалық тұрғыда өркендеуін, дүниежүзілік қауымдастықта өркениетті мемлекеттермен білікті қарым-қатынас жасау, әрине бір адамның қолында емес. Бірақ, халық атынан үлкен деңдейде сөйлей алатын, сөзін құлақ салып тындайтын, мемлекетке бағыт-бағдар беріп отыратын, ерекше тұлға, мемлекет басшысы – Президент.
Тәуелсіздік жариялаған сәттен бастап, Қазақстанды күтіп отырған оқиғалардың мән-жайын түсіну, ұғыну, мемлекеттің одан әрi даму үрдiсiн болжау және халықтың талғамына сай, ең тиiмдi даму стратегиясын таңдауда жан-жақты, қайсар, жігерлі, саясат жүргізуде көшбасшы және ой-өрісі кең, интеллектуалды тұлға ұқажет еді. Мұндай тарихи міндетті, Жаратушы осы қасиеттерге сай Елбасымыз - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа бұйырды. Тәуелсіз мемлекеттің қазіргі келбеті, бастан өткен сәтсіздіктері және жеңістері тұңғыш президентіміз, Елбасының есімімен тікелей байланысты. Тарихи өтпелі кезеңде Елбасының рөлі айқын және ашық көрінеді.
Жүргізуші: «Менің болашақ Қазақ елім» атты бөлімге береміз. Топтар өз ойларын постер арқылы қорғайды.
Қорытынды.
Жүргізуші: Сөздің ең ұлысы – тарих- деп ұлылар айтқандай өз тарихыңды білу міндетің. Өз тарихыңды білмей өз Отаныңды сүйетін, қорғайтын азамат болуың мүмкін емес. Сөз кезегі әділқазы алқаларында.