«И?, сар даласында сонау ш?ккен тастай ?оз?алмайтын ?аза? хал?ы ?за? тарихында не к?рмеді. Су?а да батты, от?а да жанды, біра? тірі ?алды, ??рып кетпеді. ?асырлар бойы жан-жа?ынан ?апта?ан жауына ?олында?ы найзасымен, аузында?ы ?ткір жырымен жауап беріп ?ор?ана білді. Осыны? б?ріне ай?а? – халы?ты? ерлігі, та?дыры ?шін к?ресуі еді».
І.Есенберлин.
Отан ?р адам?а ысты?. Бар-жо?ы т?рт-а? ?ріпті? астарына а? самайлы ана да, мінезі ?атты ?ке де - б?рі-б?рі сыйып кетеді. Сонды?тан:
?уелгі Отан – ана алды, отты? басы,
Ауыл алды, ауна?ан ш?пті? ?асы, - деп, бірінші кезекте Отанды ата – ана?а, кіндік ?аны? там?ан ту?ан жері?е бала?ан д?рыс. Ал, Отанды ?з отбасы?а бала?аннан кейін-а? сен б?л ??ымны? ?зі?е ?аншалы?ты жа?ын екендігіне к?з жеткізе бересі?.
Отан – тарих, Отан – тіл,
Жаса?ан елі?, ?з хал?ы?
Отан – ?лке?, Отан – жыр,
К?терген к?кке ел да??ын, - деп, екінші кезекте Отанды тарих?а, «мы? ?ліп, мы? тірілген» елімізге, «аса ?адірлеп ?стайтын байлы?ымыз – тілге» те?еген ж?н болар. Себебі, б?ларды? барлы?ы адам баласыны? жан-т?німен байланыста болып, оны? ішкі д?ние ?лемімен астасып жатыр. Оларсыз адамны? ?мірі бос. ?йткені, ?зіні? тарихын, тілін, елі мен жерін ?адірлемеген адамны? б?л д?ниеде алар асу, шы?ар биігі жо??а т?н. Егер атал?ан ??ымны? барлы?ы бір арна?а толысып, Отан деген ??ымды ??раса, неліктен «Отансыз адам, ормансыз б?лб?л» демеске?! Неліктен уа?ыт пен уа?ытты жал?ап, ?асырды ?асырмен байла?ан тарихты ел таразысы демеске?! Ресей отаршылдарына ар?а с?йеген Ж??гірге ?арсы к?рескен Махамбет:
Еділ ?шін егестік,
Тептер ?шін тебістік,
Жайы? ?шін жандасты?, - деп, ?аза? еліні? ас?ан батырлы?ынан бастау ал?ан ерен ерлігін осылайша тол?а?ан. «Егеулі найзасын ?олына алып», «?аза?ым, елім» деп ж?ргенде, пенделікті? ??ша?ында?ы ?аза? с?лтаны Байма?анбетті? залымды?ына алданып, оны? ??р?ан ?арма?ына т?седі. «А?ыл?а кемшін» Байма?анбетті? опасызды?ынан ?аза? хал?ыны? батыры, «киелі а??уы» Махамбет а?ын ?апыда ?аза табады. Сонда?ы би-болыс, с?лтандарды? істеген залымды?ы ?андай десе?ізші?! ?зіні? ?ара басыны? ?амын ойлап, пара жеген билерді зар заман а?ыны Шортанбай да:
Байлар ?рлы? ?ылады,
К?зіне малы к?рінбей.
Байлар жейді параны,
Са?тап ?ой?ан с?ріндей, - деп, халы??а тізесін батыр?ан билерді? ісін о? к?рмесін айтып:
Ар?адан д?урен кеткен со?,
?у?ындап орыс жеткен со?,
Тіпті амал жо?, ?аза?тар,
Енді сені? торы?а, - деп ?аза?ты ?аза? ?ина?аны аз бол?андай, орысты? ?у?ындап, тор?ай ?аза?ты тор?а ?амауына аз уа?ыт ?ал?аннын айтады. Шортанбайды? б?л с?здері ХІХ ?асырда айтылса, ХХ ?асырда осы с?здер ?з д?лелін тапты. Осы уа?ытта Ресей ?аза? елін толы? ?з боданына алып, оларды тірі ?уырша??а айналдырды. Біра?, ?аза? еліні? к?зі ашы?, к?кірегі ояу азаматтары Ке?ес д?уірінде де ?мір с?ріп, хал?ын тура жл?а салуды ?з алдарына ма?сат етіп ?ояды. ?алы? ?й?ы?а кеткен ?ара ?аза?ты к?ріп, іші к?йген Ахмет, оларды маса болып оятуды к?здеп, «Маса» атты жыр жина?ын жазады. Ол:
?стінде ?йы?та?анны? айнала ?шып,
?а??ы жеп ?анаттары б?зыл?анша
?й?ысын аз да болса б?лмес пе екен,
?оймастан ??ла?ына ызы?даса, - дейтін халы? намысын оятат??ын шума?тардан ??ралды. Келесі бір ?ле?і Абайды? «?алы? елім, ?аза?ым, ?айран ж?ртым» атты ?ле?іне ??сайды, онда ?аламгер ренішке б?ленген жан сырын а?тарады:
?аза?ым, елім,
?ай?айып белі?.
Сыну?а т?р таянып
Талауда малы?
?амауду жаны?
Аш к?зі?ді оянып, - дейді.
Міржа?ып та осы?ан ??сас «Оян, ?аза?» атты жина?ын жары??а шы?арды. Ол да:
К?зі?ді аш, оян, ?аза?, к?тер басты, – деген жолдардан басталып, ?й?ыда?ы ?аза? елін оятуды к?здеді.
Халы?ты? к?зі ашы?, к?кірегі ояу ?лдары халы? ерлігін ?ал?ытпай ?ашан да басында т?рды. Ол 1916 жылы бол?ан Амангелді, Бекболат, Ж?ме?ке баста?ан ?лт-азатты? к?терілістер мен 1917 жыл?ы ереуіл-тол?улардан к?рінді. Б?л к?терілістер де ?аза?ты? айбынды «Алаш» партиясына ?з ?серін тигізді. «Алаш» партиясыны? «жарты жа??асы ?ал?анша хал?ына ?ызмет еткен» ?айраткерлері – ?лихан, Ахмет, Міржа?ып, Ма?жандар еді. Олар да ?з хал?ыны? м?ддесін ?ор?ау ?шін к?реске т?седі. Олар «Алаш ?ранын» б?кіл ?аза? аспанында ?уелетіп:
??ртпа??а бізді ойла?ан,
?анымыз?а тойма?ан,
?олымызды байла?ан.
?шті залым ?арасы
Жасасын алаш, жасасын!- деді.
Дауыл сапыр?ан те?іздей тол?ы?ан тарих бетінде ?аза? хал?ы ескексіз ?айы?тай ?алтылдады. ?ым-?уыт саяси к?рестерде о?-солын енді тани баста?ан ?аза?ты? басына тосын апат, жой?ын со?ыс тап келді. Д?ниені д?р сілкіндірген немістерді? а?ылы кем, т?йсігі саяз к?семіні? идеясынан ту?ан Екінші д?ниеж?зілік со?ыс басталып кетті. «Намыс пен ерліктен жарал?ан» ел азаматтары «Отан оттан да ысты?» деген ?ранмен ?анды майдан?а ?з еріктермен аттанды. Олар: ?лия, М?нш?к, Бауыржан, Ра?ымжан, ?аша?ан, Т?лен, Ыбырайым, М?лік, Тал?ат, ?асым, Баубек, Т?легендер еді.
?ызу майданда ж?рген ерлерді? патриотты? сезімдерін жандандыру ?шін Бауыржанны?: «Бізді? ж?регіміз темір емес. Біра? бізді? кек отымыз ?андай темірді болса да ерітіп, к?йдіріп жібере алады.бізді? ?рейді же?етін е? к?шті ?аруымыз бар, ол – Отан?а деген с?йіспеншілік» деген с?зі ел ?шін басын о??а байла?ан ерлерді? ?ранына айналды. Бауыржанны? осы с?здері патриотты? сезімдерін оятса, Жамбыл же?іске деген сенімді к?шейту ?шін «Ленинградты? ?ренім» атты жырын шы?арды. Ол:
?рпа??а ?лгі болы?дар,
Заманымны? ?рнегі, - деген рухты шабыттандыратын жолдардан т?рды.
Со?ыстан кейін де Ресейді? ?ол астында?ы ?аза? хал?ыны? намысын жерге тапта?ан, со??ы шыдамын тауыс?ан о?и?а 1987 жыл?ы 16-желто?санда болды. Ол – ?аза? еліні? басшылы?ына Колбинді ?ою еді. Б?л хабарды естіген ?аза? жастары о?уын тастап, ала??а «?аза?ты ?аза? бас?арсын» деген тілектерімен бейбіт шеруге шы?ты. Аранданушылы? кесірінен бейбіт шеру ?ндірдей жастар?а ?скер тарапынан со??ы жегізді. А?ыры ол ?айрат, С?бира, Л?ззат сынды жастарды? ?мірін ?июмен тынышталды. Біра? осы жастарды? ерен ерлігіні? ар?асында ?аза? елі т?уелсіз, дербес мемлекет болу?а т???ыш ?адам жасады. Б?л ?адам кезінде ?лемді сілкіндірді. Сол сілкіністі? ая?ы КСРО-ны? ??лауына ?кеп со?ты.
Міне, біз тарихи екі ?асырды? то?ысынан ?ттік. Аллалап жа?а ?асыр?а аттады?. Бойымыз?а ?ан ж?гірді. «Аяулы а?аларымыз егіп, арда?ты аналарымыз суар?ан м?уелі а?ашты? жемісі – Еркіндік. Сонды?тан да бабаларымыз байлы?ты да емес, ата?-да??ты да емес, е? алдымен еркіндікті ж?не ?ызыл тілді атадан бала?а мирас етіп ?алдырды». Ол мирас бізге жеткен ба?ыт. Т?убе делік, бізді? ата-бабамыз тілін де, дінін де жо?алт?ан жо?, жерінен де айырыл?ан жо?. ?рпа?ына ба?ытты болаша? сыйлап: «Елдік те, ерлік те ?рпа??а аманат!»,-деді.
А?иы? а?ын М??а?али:
?аза?стан!
Пай, пай, арда?ым-ай,
Сен мені? Шолпанымсы? жан?ан ?дай, - деп с?йген елді, б?ріміз ма?тан т?тайы?.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
«Иә, сар даласында сонау шөккен тастай қозғалмайтын қазақ халқы ұзақ тарихында не көрмеді. Суға да батты, отқа да жанды, бірақ тірі қалды, құрып кетпеді. Ғасырлар бойы жан-жағынан қаптаған жауына қолындағы найзасымен, аузындағы өткір жырымен жауап беріп қорғана білді. Осының бәріне айғақ – халықтың ерлігі, тағдыры үшін күресуі еді».
І.Есенберлин.
Отан әр адамға ыстық. Бар-жоғы төрт-ақ әріптің астарына ақ самайлы ана да, мінезі қатты әке де - бәрі-бәрі сыйып кетеді. Сондықтан:
Әуелгі Отан – ана алды, оттың басы,
Ауыл алды, аунаған шөптің қасы, - деп, бірінші кезекте Отанды ата – анаңа, кіндік қаның тамған туған жеріңе балаған дұрыс. Ал, Отанды өз отбасыңа балағаннан кейін-ақ сен бұл ұғымның өзіңе қаншалықты жақын екендігіне көз жеткізе бересің.
Отан – тарих, Отан – тіл,
Жасаған елің, өз халқың
Отан – өлкең, Отан – жыр,
Көтерген көкке ел даңқын, - деп, екінші кезекте Отанды тарихқа, «мың өліп, мың тірілген» елімізге, «аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз – тілге» теңеген жөн болар. Себебі, бұлардың барлығы адам баласының жан-тәнімен байланыста болып, оның ішкі дүние әлемімен астасып жатыр. Оларсыз адамның өмірі бос. Өйткені, өзінің тарихын, тілін, елі мен жерін қадірлемеген адамның бұл дүниеде алар асу, шығар биігі жоққа тән. Егер аталған ұғымның барлығы бір арнаға толысып, Отан деген ұғымды құраса, неліктен «Отансыз адам, ормансыз бұлбұл» демеске?! Неліктен уақыт пен уақытты жалғап, ғасырды ғасырмен байлаған тарихты ел таразысы демеске?!
«Тамырсыз ағаштың болмауы қандай ақиқат болса, тарихсыз халықтың болмауы сондай ақиқат». Біздің ел болып, егемендігімізді алғанымыз сонау ықылым заманнан бері толқындаған теңіздей, уақыт өткен сайын жаңа оқиғалармен байып отырған тарихтың терең тұңғиығындағы бақыт емес пе? Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, халқымыз ежелден-ақ туған жерін «құмырсқадай қаптаған қысық көзді қытайдын, қиғаш қасты қалмақтан, қамыт аяқ ойраттан, танауынан көк түтіні бұрқыраған көк көз, шикіл сары орыстан» қорғаған. ХV-XVIII ғасырдың өзінде-ақ әдебиет сахнасына шыққан жыраулар:
Жауға шаптым ту байлап,
Шепті бұздым айғайлап,
Дұшпаннан көрген қорлықтан,
Жалынды жүрек қан қайнап,
Ел-жұртты қорғайлап,
Өлімге жүрміз бас байлап, - деп, ел-жұртының тыныштығын ойлап жауға қарсы шапқан. Осы кезеңде өмір сүрген Абылай да жауды жеңу үшін бірлік, ынтымақ керектігін терең түсініп, үш жүздің басын біріктіріп жауға қарсы жұдырықтай жұмылдырған. Ал, Махамбет пен Исатай « Еділдің бойы ен тоғайға», ен тоғайды жайлаған қалың елге мал толтыру үшін атқа қонды.
Ресей отаршылдарына арқа сүйеген Жәңгірге қарсы күрескен Махамбет:
Еділ үшін егестік,
Тептер үшін тебістік,
Жайық үшін жандастық, - деп, қазақ елінің асқан батырлығынан бастау алған ерен ерлігін осылайша толғаған. «Егеулі найзасын қолына алып», «қазағым, елім» деп жүргенде, пенделіктің құшағындағы қазақ сұлтаны Баймағанбеттің залымдығына алданып, оның құрған қармағына түседі. «Ақылға кемшін» Баймағанбеттің опасыздығынан қазақ халқының батыры, «киелі аққуы» Махамбет ақын қапыда қаза табады. Сондағы би-болыс, сұлтандардың істеген залымдығы қандай десеңізші?! Өзінің қара басының қамын ойлап, пара жеген билерді зар заман ақыны Шортанбай да:
Байлар ұрлық қылады,
Көзіне малы көрінбей.
Байлар жейді параны,
Сақтап қойған сүріндей, - деп, халыққа тізесін батырған билердің ісін оң көрмесін айтып:
Арқадан дәурен кеткен соң,
Қуғындап орыс жеткен соң,
Тіпті амал жоқ, қазақтар,
Енді сенің торыңа, - деп қазақты қазақ қинағаны аз болғандай, орыстың қуғындап, торғай қазақты торға қамауына аз уақыт қалғаннын айтады. Шортанбайдың бұл сөздері ХІХ ғасырда айтылса, ХХ ғасырда осы сөздер өз дәлелін тапты. Осы уақытта Ресей қазақ елін толық өз боданына алып, оларды тірі қуыршаққа айналдырды. Бірақ, қазақ елінің көзі ашық, көкірегі ояу азаматтары Кеңес дәуірінде де өмір сүріп, халқын тура жлға салуды өз алдарына мақсат етіп қояды. Қалың ұйқыға кеткен қара қазақты көріп, іші күйген Ахмет, оларды маса болып оятуды көздеп, «Маса» атты жыр жинағын жазады. Ол:
Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,
Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша
Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,
Қоймастан құлағына ызыңдаса, - дейтін халық намысын оятатұғын шумақтардан құралды. Келесі бір өлеңі Абайдың «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» атты өлеңіне ұқсайды, онда қаламгер ренішке бөленген жан сырын ақтарады:
Қазағым, елім,
Қайқайып белің.
Сынуға тұр таянып
Талауда малың
Қамауду жаның
Аш көзіңді оянып, - дейді.
Міржақып та осыған ұқсас «Оян, қазақ» атты жинағын жарыққа шығарды. Ол да:
Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты, – деген жолдардан басталып, ұйқыдағы қазақ елін оятуды көздеді.
Халықтың көзі ашық, көкірегі ояу ұлдары халық ерлігін қалғытпай қашан да басында тұрды. Ол 1916 жылы болған Амангелді, Бекболат, Жәмеңке бастаған ұлт-азаттық көтерілістер мен 1917 жылғы ереуіл-толқулардан көрінді. Бұл көтерілістер де қазақтың айбынды «Алаш» партиясына өз әсерін тигізді. «Алаш» партиясының «жарты жаңқасы қалғанша халқына қызмет еткен» қайраткерлері – Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжандар еді. Олар да өз халқының мүддесін қорғау үшін күреске түседі. Олар «Алаш ұранын» бүкіл қазақ аспанында әуелетіп:
Құртпаққа бізді ойлаған,
Қанымызға тоймаған,
Қолымызды байлаған.
Өшті залым қарасы
Жасасын алаш, жасасын!- деді.
Дауыл сапырған теңіздей толқыған тарих бетінде қазақ халқы ескексіз қайықтай қалтылдады. Қым-қуыт саяси күрестерде оң-солын енді тани бастаған қазақтың басына тосын апат, жойқын соғыс тап келді. Дүниені дүр сілкіндірген немістердің ақылы кем, түйсігі саяз көсемінің идеясынан туған Екінші дүниежүзілік соғыс басталып кетті. «Намыс пен ерліктен жаралған» ел азаматтары «Отан оттан да ыстық» деген ұранмен қанды майданға өз еріктермен аттанды. Олар: Әлия, Мәншүк, Бауыржан, Рақымжан, Қашаған, Төлен, Ыбырайым, Мәлік, Талғат, Қасым, Баубек, Төлегендер еді.
Қызу майданда жүрген ерлердің патриоттық сезімдерін жандандыру үшін Бауыржанның: «Біздің жүрегіміз темір емес. Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады...біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол – Отанға деген сүйіспеншілік» деген сөзі ел үшін басын оққа байлаған ерлердің ұранына айналды. Бауыржанның осы сөздері патриоттық сезімдерін оятса, Жамбыл жеңіске деген сенімді күшейту үшін «Ленинградтық өренім» атты жырын шығарды. Ол:
Ұрпаққа үлгі болыңдар,
Заманымның өрнегі, - деген рухты шабыттандыратын жолдардан тұрды.
Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларымыз қазақ елінің ерлігін танытып, фашистік Германияны ойсырата жеңуге зор үлес қосты, қасық қаны қалғанша намысын бермей соғысты, қан майданда ерлікпен қаза тапты. Олардың есімдері бүгінде әр адамның жүрегінде...
Соғыстан кейін де Ресейдің қол астындағы қазақ халқының намысын жерге таптаған, соңғы шыдамын тауысқан оқиға 1987 жылғы 16-желтоқсанда болды. Ол – қазақ елінің басшылығына Колбинді қою еді. Бұл хабарды естіген қазақ жастары оқуын тастап, алаңға «қазақты қазақ басқарсын» деген тілектерімен бейбіт шеруге шықты. Аранданушылық кесірінен бейбіт шеру өндірдей жастарға әскер тарапынан соққы жегізді. Ақыры ол Қайрат, Сәбира, Ләззат сынды жастардың өмірін қиюмен тынышталды. Бірақ осы жастардың ерен ерлігінің арқасында қазақ елі тәуелсіз, дербес мемлекет болуға тұңғыш қадам жасады. Бұл қадам кезінде әлемді сілкіндірді. Сол сілкіністің аяғы КСРО-ның құлауына әкеп соқты.
Міне, біз тарихи екі ғасырдың тоғысынан өттік. Аллалап жаңа ғасырға аттадық. Бойымызға қан жүгірді. «Аяулы ағаларымыз егіп, ардақты аналарымыз суарған мәуелі ағаштың жемісі – Еркіндік. Сондықтан да бабаларымыз байлықты да емес, атақ-даңқты да емес, ең алдымен еркіндікті және қызыл тілді атадан балаға мирас етіп қалдырды». Ол мирас бізге жеткен бақыт. Тәубе делік, біздің ата-бабамыз тілін де, дінін де жоғалтқан жоқ, жерінен де айырылған жоқ. Ұрпағына бақытты болашақ сыйлап: «Елдік те, ерлік те ұрпаққа аманат!»,-деді.
Ақиық ақын Мұқағали:
Қазақстан!
Пай, пай, ардағым-ай,
Сен менің Шолпанымсың жанған ұдай, - деп сүйген елді, бәріміз мақтан тұтайық.