Просмотр содержимого документа
«"Сүйектерді қайта өңдеу" ашық сабақ»
«Ақжайық ауданының білім беру бөлімінің балалар шығармашылық орталығы» МКҚК
Ашық сабақ
тақырыбы: «Сүйектерді қайта өңдеу »
Өткізген: қосымша білім беру педагогі
Избасаров Даняр Нурболатович
Сабақтың тақырыбы: «Сүйектен алқа жасау»
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Күнделікті тұрмысқа қажетті сұраныс туғызатын, қазіргі заман талабына сай сүйектен жаңа бұйым жасап шығаруды үйрету.
Дамытушылық: Сүйектен жасалған бұйымды жаңа дизайн талаптарына сай әсемдей білуін дамыту.
Тәрбиелік:Ұмыт болған халқымыздың қолөнерін жандандыру.
Көрнекіліктер: Видеопраектор, кітаптар, сүйектен жасалған бұйымдар және фотосуреттері .Слайд.
Сабаққа қажетті материалдар мен керекті құрал-жабдықтар:
1. Қарандаш,
2.Сызғыш
3.Эскиз сызуға арналған жұмыс дәптері
4.Жіп
5. Қалдық сүйектер /жіліктер, жаурын, т.б./
7. Іскенже
8. Егеу
9. Құмды қағаз
11.Шикізат өнімдері: қойдың,сиырдың сүйектері.
12.Выжигатель
Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Жаңа сабақ
І кезең ІІ кезең ІІІ кезең ІV кезең V кезең VІ кезең
ІІІ. Қортынды
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
1. Еңбек қауіпсіздік ережесімен таныстыру
1.1 Газ жаққан кезде сіріңкеге абай болу;
1.2 Сіреңкені сөнгенне кейін ыдысына салу;
1.3 Ыдысты алған кезде, қолына қолғап кию;
1.4 Сүйекті ыдыстан алған кезде қолғаппен алу;
1.5 Ыдысты көтерген кезде, шұғыл қимылдама, абайла;
1.6 Жұмыс барысында тәртіп сақтау керектігін ұмытпа.
Қарындашпен жұмыс
Арнаулы қобдишада сақтау қажет.
Біреуге берген кезде үшкір ұшы жағымен берме.
Лобзигпен жұмыс
Лобзигке араны мұқият бекіт.
Лобзигке тақалып отырма.
Асықпай кес.
Жұмыс жасап жатқан адамды алаңдатпа.
Бір - біріне құралды лақтырма, сілкілеме.
Арасын аузына салма.
ІІ. Жаңа сабақ.
Сүйек –зат. Адам мен хайуанаттар денесінің қаңқасы. Сүйектер тығыз және борпылдақ дәнекер ұлпаларынан түзіледі.Сүйектің сырты-тығыз ұлпа, ішкі бөлімі-борпылдақ ұлпадан құралады. Сүйектің сыртында сүйек затымен тұтасып кеткен сүйек қабы болады. Сүйек қабының астыңғы бетінің жасушалары бөлініп сүйек затын түзеді. Сондықтан сүйек қабы арқылы сүйектер жуандап өседі. Сүйек сынғанда біртіндеп бітіп, қайта қалпына келуі де сүйек қабына тікелей байланысты.
Сүйек құрамында негізінен Са (кальций) және басқа минерал тұздары бар өте қатты, тығыз материал. Сол себептен сүйек темір немесе ағашқа қарағанда өте ұзақ сақталады. Мысалға, мамонттар сүйектері, динозаворлар сүйектері сөзімізге дәлел. Сүйектер жер астында миллиондаған жылдарда тас тәрізді материалға айналады, ал ағаш және темірдің іздері де қалмайды. Ал өңдеу технологиясына келсек, сүйек ағаштан қатты, ал металдан жұмсақ, өңдеу тәсілдері осы екі материалдарды өңдеуге ұқсас. Сүйек жақсы кесіледі, ойылады, жанылады, егеуленеді.
Мал шаруашылығымен етене айналысқан кез келген халық үшін бұл заңды құбылыс екені даусыз. Ол үшін үй жануарлары мен түз тағыларының мүйізі мен сүйегі, тұяғы жарай береді. Атап айтқанда: еліктің, бұғының, бұланның, арқардың, киіктің мүйіздері мен ірі қараның қабырға сүйектері мен жақ, жауырын сүйектері жарамды.
Сүйек, мүйізді өңдеуге, әрлеуге ағаш шеберлерінің құрал-саймандары жарай береді. Жануарлардың сүйектерін қайнатып, арамен қақ жара тіліп, кемігін қырып алып тастап, әбден майынан арылғанша ұзақ қайнатады.
Мысалы осындай тәсілмен жиһаздарды сүйекпен өрнектеп әшекейлеу, қарулардың саптарын жасауда, бесік шүмегі, біз, қармақ, ине және басқа шаруашылық бұйымдарын жасаған.
І кезең
Сүйектер бірінші кезең бойынша дайындықтан өтеді
І. Мысалы: мына суреттерде сүйектен жасалған бұйымдар көрсетілген.
Алдымен етті қалдығынан, Тазаланған сүйектің екі басын кесіп алып тастап
сіңірлерден тазалайды. ортасындағы сүйек майынан тазаланады.
Майда және жұмсақ материалды жонып алып тастау керек.
ІІ кезең
Сүйекті дайындау кезеңі
Мөлшері
Уақыты
Табиғи газ немесе ошақ
5 м3
5
Тазаланған сүйекті тұз қосылған суға қайнатамыз.
10-15 г
3 сағат
Қайнаған кезде май судың бетіне шығады
Біраздан кейін ас содасын саламыз.
10-15 г
2 сағат
Сүйектің май сорпа бетіне шығады
Судан шығарып кептіреміз
2 сағат
Сүйекті ағартамыз. Бұқтырылған известке малу.
10-15 мин
Таза суға жуып шаю. Кептіру.
2 сағат
ІІІ кезең
Дайын сүйекке өзіміздің әзірлеген эскизімізді қарандашпен салып , лобзик арасымен /металл кесетін ара/ іскенжеге қысып кесеміз.
ІV кезең
Содан кейін егеумен тегістеп, құмды қағазбен ысып тазалау керек. Алдымен №2,3 қағазбен, кейін ұсақ қағазбен №1,0. Сүйекті жұмсақ матамен ысып жалтырату керек. Күйдіргі құралы (выжигатель) арқылы ою-өрнек түрлерін салып безендіреміз.
V кезең
Дайын бұйымдар
VІ. Экологиялық экспертиза
Экологиялық экспертиза
Анықтама
1. Қоршаған ортаға беретін әсерін түсіндіру.
Күнделікті ішетін тамақтан қалатын сүйектерді лақтырып қоршаған ортаны ластамау мақсатында, өңдеу арқылы пайдаға асыру, жасалған бұйымды күнделікті өмірге пайдалануға болады.
2. Орындалатын жұмысыңыздың өз денсаулығына қандай әсері бар.
Олардың денсаулыққа ешқандай кері әсері жоқ, әрі экологиялық жағынан таза бұйым деп айтуға болады.
3. Қасиеті
Мықты, ұзақ сақталады.
Сарамандық жұмыс:
Жасалатын бұйымның үлгі сұлбасын сызу, суретін салу;
Қалдық сүйектерді өңдеу, сәндеу арқылы заман талабына сай бұйымдар жасау. Өзімізге ұнайтын аңдар мен жануарлардың суретін қағаз бетіне түсіреміз. Эскизді толықтай аяқтап аламыз.
Дайын сүйекке өзіміздің әзірлеген эскизімізді қарандашпен салып , лобзик арасымен /металл кесетін ара/ іскенжеге қысып кесеміз.
Содан кейін егеумен тегістеп, құмды қағазбен ысып тазалау керек. Алдымен №2,3 қағазбен, кейін ұсақ қағазбен №1,0. Сүйекті жұмсақ матамен ысып жалтырату керек. Күйдіргі құралы (выжигатель) арқылы ою-өрнек түрлерін салып безендіреміз.
Алқамыз дайын болады.
ІІІ.Сабақты қортындылау
Сабақты қортындылай келе тақырыпқа байланысты сұрақ-тапсырмалар беріледі: