kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Биология п?ні "А?заны? ішкі ортасы" та?ырыбында ашы? саба?

Нажмите, чтобы узнать подробности

~~А?заны? ішкі ортасы
Ма?саты:
Білімділік: А?заны? ішкі ортасы туралы білгендерін с?рай отырып, білімдерін одан ?рі шы?дау.

Т?рбиелік: ?здігінен ізденпазды?, білімділік, е?бекс?йгіштік, адамгершілік да?дыларын т?рбиелей отырып, салауатты ?мір салтын ?стану, ?з ойын айта отырып, ?згені де ты?дай білуге, ал?ан білімін ?мірге ?олдана білуге т?рбиелеу.
Дамытушылы?: Адам тіршілік ?шін, организм тірегі, тіршілік к?зі – ?ан ж?не клеткаларыны? белсенділігін, ?ан болмаса тіршілік болмайтынды?ын о?ушылар?а медициналы? т?р?ыдан м?лімет беру.
Саба? типі: ?орытындылау саба?ы.
Саба? ?дісі: Сайыс
Саба? т?рі: Ізденіс саба?ы.
К?рнекілігі: Тірек сызба, слайдттар интерактивтік та?та

Саба?ты? барысы: І ?йымдастыру кезе?і
ІІ Негізгі б?лім
Таныстыру
Менен с?ра?, сенен жауап
Биологиялы? диктант
Сандар с?йлейді
Бейнефильм
Мені таны
?осымша м?ліметтер

?ан айналады ж?ректі? ?мірімен,
?ан тілдеседі ж?рек деген т??ірімен.
А? т?сті м?лдір ж?не ?ызылданып,
Адам?а к?ш береді п?рменімен.

І топтарды? таныстыруы 2
1 топ
Аты: Талап
?раны: «Жас ?рпа?пыз талапты,
Жа?сы о?имыз саба?ты»
2 топ
Аты: «Ал?а»
?раны: «Ал?а ?арай сам?аймыз,
?арсыластан ?алмаймыз»

С?ра?тар
І топ
1. А?заны? ішкі ортасын ата?
2. ?анны? ??рамы неден т?рады?
3. ?ан жасушаларын ата?
4. ?анны? ?ызметі ?андай?
5. Плазмада?ы н?руыздар нешеге б?лінеді, ата
6. Оттекпен ?осыл?ан гемоглобинді не деп атайды?
7. Лейкоциттер нешеге б?лінеді?
8. Лейкоциттерді зерттеген кім?
9. ?ан ?ай ?лпа?а жатады?
10. Резус фактор деген не?
ІІ топ?а
11.. Адам ?аны неше топ?а б?лінеді?
12. Адам?а ал?аш рет ?ан ??ю ж?мысы ?ай жылы ж?ргізілді?
13. Глобулиндер ?андай ?ызмет ат?арады?
14. Альбуминдер ?андай ?ызмет ат?арады?
15 Фибриноген ?андай ?ызмет ат?арады?
16. Гемоглобинні? ?ызметі ?андай?
18. Донор деген не?)
19. Рецепиент деген не?
20. ?аны ?ай топта?ы адамды ?мбебап донор дейді?

ІІ Биологиялы? диктант 6
І топ?а
1.,,,,,,,,,,,,, ?анны? ?ызыл т?сті пигменті.
2. Микробтар мен б?где б?лшектерді сі?іріп, ?орытуды,,,,,,,,,,,,, деп атайды.
3. ?са? ?ан тамырлары жара?аттан?анда ?анны? а?уы,,,,,,,,,,, минуттан со? то?тайды.
4. ?з еркімен ?ан беретін адам,,,,,,,,,,, деп аталады.
ІІ топ?а
1. Лимфаны? тамырлармен ?оз?алуын,,,,,,,,,,,,,, деп атайды.
2. А?за?а енген ж??палы ж?не б?где денелер ?рекетін ?абылдамауы,,,,,,,,, деп аталады.
3. С?йектерді? кемік майында, к?кбауырда, лимфа т?йіндерінде,,,,,,,,,,, т?зіледі.
4. ?ан ?ысымын ?лшейтін ??рал,,,,,,,,,,, деп аталады.

ІІІ Сандар с?йлейді
І топ?а
4 - 5 литр, 4 - 5 минут, 120 к?н, 45%, 55%, 20 литр, 6
ІІ топ?а
1 - 3 литр, 85 %, 90 - 92%, 2 - 5 т?улік, 7 - 10 к?н, 4

І? Бейнефильм (С?ра?тар ?ояды медбикелер)
1. «?ызыл те?ізде» ?рбір секунд сайын миллионда?ан кеме апат?а ?шырап, су т?біне ш?геді. Ал миллионда?ан кеме тас айла?тардан шы?ып, ж?зуге аттанады.«Кемелер», «тас айла?тар» деген не?
2. А?зада «т?тенше жа?дай» орын алды, с?йтіп а?за т?тасты?ын са?тап ?алу ?шін ?лдебір б?лігін ??рбанды??а шалады. Б?л не туралы айтыл?ан?

? Мені таны (Берілген суретті? атын тауып, суретке т?н ерекшеліктерін жазу!
Шар т?різді пішінге ие
Ядросы бар 6
Д?рыс емес пішінді
?ан жасушасы
?ан пластинкалары
1 мм куб оларды? 6 - 8 мы?ы бар
1 мм куб оларды? 80 - 350 мы?ы бар
Ядросы жо?
2 - 4 к?н тіршілік етеді
7 к?н тіршілік етеді
?ызметі - ?анды ?йыту
К?кбауырда са?талады.
К?кбауырда б?зылады
?ызметі - ?анды с?йылту
1. Т?ссіз жасушалар
2. ?ызметі - газдарды тысымалдау
3. 1 мм куб ?анда оларды? 10 мы?ы бар
4. ?ызыл, сары жасушалар
5. Оларды? саны т?ра?ты емес
6. С?йек кеміктерінде т?зіледі.
7. Тек лимфа т?йіндерінде т?зіледі.
8. Ядролы? жасушалар
9. ?з беттерінше ?оз?ала алатын ?абілетке ие
10. 1 мм куб ?анда оларды? 6 - 8 мы?ы бар
11. 2 - 4 к?н тіршілік етеді.
12. Оксигемоглобин т?зеді
13. Организмді микробтардан ?ор?айды

7. ?осымша м?ліметтер (топ басшыларыны? дайындап ?келген ?осымша материалдары)
Саба? со?ында топтарды? жина?ан ?пайларын санап, марапаттау.
?І Ба?алау
?ІІ ?йге тапсырма «?ан – тіршілікті? тірегі» атты шы?арма жазып келу

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Биология п?ні "А?заны? ішкі ортасы" та?ырыбында ашы? саба? »

Қостанай облысы, Рудный қаласы
№19 орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі
Фатима Дадыбаева
пед өтілі: 24жыл.  Білімі: жоғары, І санатты

2-3-4-сыныптардағы өткізген ашық сабақтар үлгілері жинағынан 11 сабақ үлгілері ұсынылып отыр.

1) Математика.(4-сынып)
Тақырыбы: Есепті теңдеу құру арқылы шығару.
Мақсаты: Есептерді теңдеу құра отырып шешу жолын ұғындыру.Сөз
есептерге теңдеу құру арқылы шешуді үйрену,сауатты түрде
шапшаң орындау арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту.
Ұқыпты орындап,қатесіз жазуға,теңдеуді сауатты құра білуге
дағды қалыптастыру.
Балаларды топпен ұйымдаса жұмыс істей білуге ,еңбекке баулу.
Көрнекілігі: сызбалар,кестелер,суреттер,тесттер,оқулық
Сабақ түрі: аралас
Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,топпен жұмыс,тест сынағы,салыстыру.
Сабақ барысы.І.Ұйымдастыру кезеңі.
Балаларды сабаққа дайындау,психологиялық дайындық.
(жақсы тілек тілеу)
ІІ.Жаңа сабақ.
Есепті теңдеу құру арқылы шешу.
* «Ой қозғау»
Теңдеудің неше түрі бар? (күрделі,қарапайым)
Салыстыру,ұқсастығы неде,айырмашылығы неде? (ұқсастығы екеуіде теңдеу,айырмашылығы: күрделі екі немесе көп амалмен орындалады,қара-пайым: тек қана бір амалмен орындалады)
• «Ойлан,тап!»
1кг сары май 360 теңге тұрады.Жарты кг сары май қанша тұрады?
360:2=180 (жарты,немесе 500г)
• х:5=18 х=18•5 х=90 90:5=18 18=18
Қайсысы ыңғайлы? (әрина теңдеу құрған)
Сергіту сәті: «Санамақ құра біл!»
Бір дегенім – білек,
Білсең,білек те керек.
Екі дегенім – еңбек,
Еңбек бәрін жеңбек
* «Топпен жұмыс»
І – топ №3-208бет,
Бар еді-1706қап ұн.
Қалды-1009қап ұн
Жөнелтілді-? Қап ұн
Ш: 1706-х=1009 х=1706-1009 х=697 1706-697=1009 1009=1009
Ж: 697 қап ұн
ІІ-топ №4-208бет,
Болды-548т қызылша.
Қалды-399т қызылша.
Тиеп жіберді-?т қызылша.
Ш: 548-х=399 х=548-399 х=149 548-149=399 399= 399
Ж: 149т қызылша.
ІІІ-топ №5-208бет,
Әр қ.8 көшеттен-5 қатар
Жиектеді-? көшет
Болды-63 көшет.
Ш: (8•5)+х=63 40+х=63 х=63-40 х=23 (8•5)+23=63 63=63
Ж: 23 көшетпен жиектеді.
ІV-топ №6-208бет,
S=18км,
t=2 сағ,
υ1=4км/сағ,
υ2=?км/сағ
Ш: 18:2-х=4 9-х=4 х=9-4 х=5 18:2-5=4 4=4
Ж: υ2=5км/сағ
• «Логикалық тапсырма»
Шаршының Р=64см
S1=?см2
S2=?см2 2есе кем
в2=4см
а2=?см Ш: 1) 64:4=16 (шаршының қабырғасы)
2) 16см•16см=256см2 (шаршының ауданы)
3) 256:2=128 (тік төртбұрыштың ауданы)
4) 128:4=32 (тік төртбұрыштың қабырғасы)
Ж: S1=256см2, S2=128см2, а2=32см
Сергіту сәті: «Ұшты-ұшты».
Мақсаты: Зейінді тексеру.
Ұшты-ұшты құс ұшты (қолын көтереді)
Ұшты-ұшты парақ ұшты (үндемеу керек)Осылай жалғастырылады.
* «Қызықты тапсырмалар»
1.қосындының да мәні,көбейтіндісінің де мәні 6-ға тең болатын тізбектес үш натурал санды тап. (1,2,3;1+2+3=1•2•3)
2.Бір жұмыртқа 4 минутта піседі,ал 8 жұмыртқа неше минутта піседі? (4 минутта)
3. 60 және 12 сандарының қосындысы мен көбейтіндісінің мәндерін салыс-тыр.Не байқадың? (60+12=72 60 •12=720)
4.жылдамдық 20 км/сағ,уақыт 2 сағ болса қашықтық нешеге тең? (40км)
5.Тырна таразы табақшасында екі аяғымен тұрғанда 6кг болды,ал бір аяғымен тұрса неше кг болады? (6кг)

Қорытынды.Бағалау.
Үйге тапсырма: №8-209бет (өрнек құрастыру)

2) Математика.(4-сынып)
Тақырыбы: Шамалар арасындағы тәуелділікке байланысты есептер.
Мақсаты: Шамалар арасындағы тәуелділікке байланысты есептерді
шығара білу және шығарылған есептердің шешу жолдарын
ұғындыру.
Логикалық есептер шешу арқылы балалардың ойлау қабілетін
дамыту.
Ұқыпты жазып, есептерді қатесіз әрі сауатты түрде шапшаң
орындай білуге дағды қалыптастыру.
Еңбек етуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: сызбалар, кестелер, «жаттығу тапсырмалары», тест сұрақтары, фигуралар, сөздер, оқулық, тапсырмалар, оқулық.
Сабақтың түрі: ойын
Әдісі: түсіндіру, салыстыру, сұрақ-жауап, ой қозғау, ой ашар, өздік жұмыс, тест сынағы, топтастыру, білім сайысы
Сабақ барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық. « Жаттығу сұрақтары»:
1.қазақ алфавитінде неше әріп бар? (40әріп,2 белгі,42 әріп)
2.Математикада неше цифр бар? (10)
3. Велосипедпен жолда неше жастан бастап жүруге болады? (14)
4. «Миллион» санында неше нөл бар? (6)
5. Сабақтан неше рет қалуға болады? (ешқашан)
ІІ. Жаңа сабақ.
«Ой ашар»
І. Ойын: «Сен білесің бе?» Ойын шарты: Сұрақтар өтілген тақырыптарға байланысты, әр фигуралар артында берілген сұрақтарға тез әрі жылдам , әрі ұтымды жауап берген бала ұтады.
1. Сәуле мен кесіндінің айырмашылығы неде? (сәуленің бір жағы тұйық-
талған)
2. Көбейтудің заңдарын ата
(ауыстырымдылық,терімділік, үлестірімділік)
3. 1км-де неше метр бар? 1000м
4.1дм-де неше мм бар? 100мм
5.1 м-де неше мм бар? 1000мм
6.1тоннада неше кг бар? 1000кг
7. 1тоннада неше центнер бар? 10ц
км, дм, м, мм, т, ц –бұлар нелер? (шамалар)
Қандай өлшем бірліктері?
-км, дм, м, мм-бұлар ұзындық өлшем бірліктері
-т, ц, -бұлар салмақ өлшем бірліктері.

Қазақ халқының байырғы өлшем бірліктерінен нені білесіңдер?
Азық-түлікке қатысты: бір асым ет, бір уыс, бір шөкім, бір шымшым.
Саусақпен өлшенетін өлшемдер: елі, тұтам, сүйем, қарыс.
Қолмен өлшенетін өлшем бірліктері: білем, шынтақ, қолтық, құлаш, кере құлаш.
Ауырлық өлшемдері: мысқал (5г), қадақ (400г), пұт (16кг), қап (4пұт,64кг)
Мұнан басқа көлем, тереңдік, аудан, бұйымдарға байланысты, аяқпен өлшенетін, астың пісуіне байланысты өлшем, жыл мезгіліне байланысты өл-шем бірлігі, мүшел жас, жыл санау, ай аты, күндерді санау т.б өлшемдер бар.
Шамалар арасындағы тәуелділікке байланысты есептер.
ІІ. «Түсіндір» («№1 кестемен жұмыс)
1. Не өзгерген? Не тұрақты? (саны өзгерген, бағасы тұрақты, құны да өзгерген)
2. заттың бағасы тұрақты болып, саны артса, онда құны қалай өзгереді? (құны екі есе артады)
3. Ал, заттың бағасы тұрақты, саны кемісе ше, қандай өзгеріс болады екен? (құны екі есе кемиді)
Сергіту сәті. Қоян шықты далаға,
Жан-жағына қарады.
Секірді,жүгірді,
Отырды, тұрды.
ІІІ. «Ойлан, тап!» (№3 сөз есеп)
Дәптермен жұмыс
Проблемалық сұрақтар: не белгілі?(оң және сол жақтағы орындықтардың қатары, оң жақтағы сол жақтағыдан 24-і кемдігі) не белгісіз? (оң және сол жақтағы орындықтар саны, барлық орындықтар саны) нені табу керек?
Сөз есеп
Оң ж.-6 қатар орындық 24 орындық кем
Сол ж.-8 қатар орындық ? орындық

Ш: 1) 8-6=2
2) 24:2=12
3) 6•12=72
4) 8•12=96
5) 72+96=168
Жауабы: Оң ж.-72орындық, сол ж.-96 орындық, барлығы-168 орындық.
ІV. «Құрастыр!» (№5 кестемен жұмыс)
Проблемалық сұрақ: Не белгілі? (бірінші көйлектің құны, саны,екінші көйлектің құны)
Не белгісіз? (бірінші көйлектің бағасы, екінші көйлектің саны мен бағасы)
Қалай табамыз? (бірінші көйлектің құнын санына бөлеміз, екеуінің бағасы бірдей болғандықтан екінші көйлектің құнын бағасына бөлеміз)
24480:12=2040 48960:2040=24
Сергіту сәті. Жаза,жаза қолымыз,
Талып кетті көзіміз.
1,2,3
Бойға жинап күш,
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты ұғып аламыз.
V. «Теңдеу құру» Логикалық тапсырма.
Х+х+х=20217
Х=бірінші қосылғыш-ең кіші бес таңбалы сан (10000)
х=екіншісі –ең үлкен төрт таңбалы сан (9999)
х=? (үшіншіні тап)
10000+9999+х=20217
19999+х=20217
х=20217-19999
х=218
10000+9999+218=20217
19999+218=20217
20217=20217
Қандай теңдеу құрастырдық? (күрделі)
Салыстыру: Күрделі мен жай теңдеудің ұқсастығы, айырмашылығы неде?

VІ. «Өздік жұмыс» (№9 тапсырма І-ІІнұсқаға )
* І-нұсқа 4310
Х 56
25860
+ 21550
241360 (бөлумен тексереміз)
*ІІ-нұсқа 4300
Х 56
258
+215
240800 (бөлумен тексереміз)
• «7» саны қандай сан? (киелі сан)
«7» саны туралы не білеміз?
Топтастыру

7 қазына 7 ата

7 күн 7 шелпек

7 күнді ата (бүгін, ертең, бүрсүгіні, арғы күні, қасиетті күн,
соңғы күн, азына)
7 күнді ата. (дүйсенбі….)
7 атаны ата. (әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат)
МАБ-ға дайындық. Тест сынағы.VІІ.
1. 7 ыдыста 21кг тосап болды. Сонда бір ыдысқа неше кг тосап құйылған?
А)3кг В)10кг с)12кг д)13кг
2. Жәшіктің саны 8, жәшіктің жалпы массасы 96кг болса, бір жәшіктің массасы қанша? А)11кг В)10кг С)12кг д)13кг
3. Заттың саны 18, жалпы массасы 90 тонна болса, бір заттың массасы қанша болған? А) 2т В)5т С)3т Д)4т
4. Бір жәшіктің массасы 12кг, жәшіктің жалпы массасы 48кг болса, онда неше жәшік болған? А)3 В) 1 С) 2 Д) 4
5. Егер бір ыдысқа 3кг тосап сыйса, 9 ыдысқа неше кг тосап сыяды?
А)27кг В)25кг С) 24кг Д) 23кг
6. Бір заттың массасы 5 тонна, заттың саны 2 болса, заттың жалпы массасы қанша болады? А) 20т В)10т С)30т Д)40т
7. Бір заттың массасы 5тонна, жалпы массасы 30 тонна болса, заттардың саны қанша болғаны? А)9 В)8 С)6 Д)7
Жауабы:

№ 1 2 3 4 5 6 7
жауабы А С В Д А В С

Қорытындылау. Бағалау.
Үйге тапсырма. №8-202-бет. (өрнек құру)
3) Математика (3-сынып)
Тақырыбы:Көбейту және бөлу — өзара кері амалдар.
Мақсаты: 1.Көбейту және бөлу- өзара кері амалдар деген түсінікті қалыптастыру.
Балалармен көбейту амалының компоненттері мен нәтижесінің арасындағы
байланысқа негізделген теңдеулерді шешуді пысықтау;
2.Теңдеулерді шешу кезінде амалдардың өзара кері әдісін пайдалана білуін
бекіту; Байқағыштығын, жадын дамыту:
3.Балалардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, өз бетінше жұмыс
істей білуін дамытуға жағдай жасау, зерделі болуға үйрету.
Көрнекілігі:интерактивті тақта, тапсырмалар, сызбалар, фигуралар, тест
тапсырмалары
Сабақ түрі:ойын, жаңа сабақ
Сабақ әдісі: түсіндіру, толықтыру, құрастыру, бақылау, салыстыру, талдау, болжау.
Сабақ барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық (барлығы бір-біріне жақсы тілек білдіреді)
ІІ. Өткенді қайталау.
А)үйге тапсырманы тексеру. №10тапсырма, теңдеуді шешу. 35-бет.
х:2=4 9:х=3 16:х=8
х=4•2 х=9:3 х=16:8
х=8 х=3 х=2
8:2=4 9:3=3 16:2=8
4=4 3=3 8=8
Ә) ойын. «Кім шапшаң?»
Әртүрлі фигураларды ала отырып, көбейту кестесін пысықтап алу.

(екіге көбейту кестесі)
(үшке көбейту кестесі)

(төртке көбейту кестесі)
б) жеке тапсырмалар (3оқушы карточкамен жұмыс жасайды)
1-карточка (теңдік тура болатындай сандарды қой)
:2=2•2=18 =6 2•
=6•2=10 12:=8 2•
•2=14 20:2= 2•8=

2-карточка (Бос орындарға сандарды қой)

7+ 11 — 3 • 24 : 6

3-карточка (өрнекті мәнімен сәйкестендір)

5•3 5
10:2 9
3•3 15
18:2 6
2•9 9
18:3 18

в) сыныпқа арналған тапсырмалар;
(Ұсынылған сандарды пайдаланып, көбейту мен бөлуге байланысты үш теңдік құрау)

2,16,8 3,12,4

Тексеру: 2•8=16 8•2=16 16:2=8 16:8=2
3•4=12 4•3=12 12:4=3 12:3=4
Сергіту сәті:
Адымдаймыз, адымдаймыз,
Қолды биік көтереміз,
Басымызды түзу ұстап,
Баяу терең демаламыз.
Қарасақ алау жанында,
Ұядан түскен балапан.
Еппен алып, ұяға
Саламыз оны қайтадан.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
А)оқулықпен жұмыс №1 тапсырманы оқып, талдау, түсіндіру.
Б.-18 ойыншық Б.қ-2с
Б.қ-2сөреге Әр.қ-9ойыншықтан ? ойыншық
Ә с-?ойыншықтан
Ш: 18:2=9 Ш: 2•9=18
Ж: 9 ойыншық Ж: Б. 18ойыншық

(жұмыс нәтижелерін ұжым болып талқылау)
№2тапсырма (сызбаны көріп, түсіндіру)
: 2

18 9 Түсіндіру: 18:2=9 9•2=18 2•9=18 18:9=2

•2
№3тапсырманы да түсіндіру (сызбаны)
Түсіндіру: 15:3=5 5•3=15 15:5=3 5•3=15
№4 тапсырма (жұптық жұмыс)

•2= 6•4=24 7•2=
=:=7 : 24:4=

Сөз есеп (өткен материалды бекіту)
Ү.-12
Б.-? 2есе кем ? адам

Ш: 1) 12:2=6 (балалар) 2) 12+6=18 Ж: Барлығы 18 адам келген.
Сергіту сәті. Бас бармағым-алғашқы,
Балаң үйрек-жалғасы,
Ортан терек-ағасы,
Шылдыр шүмек-нағашы,
Кішкентай бөбек-балақан,
Бәріне ортақ алақан.
ІV. Қорытындылау. (рефлексия)
А) Сұрақ-жауап
Ә) тест тапсырмалары

1. х:2=6 Белгісіз сан нешеге тең? А. 3 Б. 4 С.5

2. 6•8=? А 18 Б. 48 С.8

3. Бөлінгіш 12, бөлгіш 3, бөліндінің мәнін тап.

А. 2 Б.3 С.4

V.Үйге тапсырма. №7-тапсырма (сөз есепті шешу) -37-бет.

4)Математика (2-сынып)
Тақырыбы: 5 санын қосу және азайту.
Мақсаты: 1)Екі амалдан тұратын өрнектермен және басқадай тапсырма-
лармен байланысты есептеулерде 5санын кестелік қосу мен
азайтуды қолдану; Ондықтан аттайтын жағдайларда 5санын
қосу және азайту ерекшеліктері туралы қорытынды жасау;
Топта 1,2,3,4,5 сандарын кестелік қосу мен азайту дағдыларын
бекіту.
2)Ойындар мен түрлі 5 санына байланысты ізденіс жұмыстары
арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
3)Топтық жұмыстар, шығармашылық тапсырмаларды орындауда,
бір-бірімен татулықта, достықта жұмыс істеу білуге, бір-біріне
көмектесе білуге баулу, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі және жабдығы: суреттер, тапсырмалар, гүлдер, сызбалар, оқулық, гном (мыртық бала), қағаздар, қарындаштар
Сабақ түрі: (жаңа сабақ)аралас
Сабақта қолданылатын әдістер:түсіндіру, салыстыру, болжау, іздену, сұрақ-жауап, толықтыру
Сабақ барысы.І. ұйымдастыру кезеңі. «психологиялық дайындық»
***Қағаз бен кнопканы салыстыр. Олар неге қажет? (бала пікірін тыңдау)
1.Қағазды бүктеу арқылы біргелікте «гном (мыртық бала)» жасау.
Қандай фигурадан жасадық? (шаршы) Шаршының неше бұрышы бар? (төрт бұрышы бар) Қандай фигура шықты?(бесбұрыш)
2.Сан қатары берілген:
5 10 15 20 25 30…………
Неге назар аударылған?
*Айырмасының мәні 10-ға тең болатын.
15-5 20-10 25-15 30-20
Қандай заңдылыққа сүйеніп айтылды? Сандарды жалғастырыңдар.
(35,40,45) Енді сандар жұбын атаңдар (35-25 40-30 45-35)
Сергіту сәті. «Он саусақ»
*Ауызша есептеулер.
1.Көлден ұшты жеті қаз, 2.Жаңа ғана шалғында,
Қайтып қонды екі қаз, Алты бұзау жүр еді.
Қонбады оның нешеуі? Әлде шаршап қалды ма,
Кәне, кім тез шешеді? (7-2=5) Жатып қапты біреуі.
Нешеуі енді жайылып,
Айт, жүргенін айырып? (6-1=5)
Қазіргі есептеулер де 5 саны туралы екен. Ендеше 5 саны жөнінде не білеміз?
Қауымдастық құрайық.
5 баға бесбұрыш 5тең 5 алып 5тұлпар 5арыс

5қару 5бақыт

5жігіт 5жетім 5тас 5саусақ 5дұшпан 5асыл бес саусақ
Балалар өз ізденістерін ортаға салады, әр 5 санына байланысты тамаша сөздерді мәнерлеп айтады. Иә балалар, қазақ халқында киелі сандар өте көп. 3,4,5,7,9,12,30,тб Ендеше сөз кезегі өздеріңе.
5 алып
1.Балуан Шолақ (шын аты Нұрмағамбет Баймурзин) -палуан,
әнші-сазгер.
2.Қажымұқан палуан (Қажымұқан Мұңайтпасов) қазақ халқын
дүние жүзіне танытқан палуан. 3.Бұланбай палуан
4.Қазақбай қажы палуан
5.Қасымхан палуан
5 тұлпар
(ер қанаты болған бес тұлпар)
1.Қара ат 2.Керкекіл 3.Тайбурыл 4.Көкдөнен 5.Ардакүрең
5 тең
1.Әкеден алған ақылың
Даңғыл қара жолмен тең.
2.Ағайының көп болса,
Сапта тұрған қолмен тең.
3.Жақсы болса ағаңыз,
Асқар асу белмен тең.
4.Елгезек болса ініңіз,
Ерттеулі атпен тең.
5.Көпті көрген қартыңыз,
Жазылған шежіре хатпен тең.

5 қару: мылтық,садақ, найза, қылыш, айбалта.
5 бақыт
1.Астыңдағы атың жүрдек болса,
Жалғанның пырағы.
2.Алған жарың жақсы болса,
Үй-ішің мен достарыңның тұрағы.
3.Әкең асқар тау.
4.Шешең қайнар бұлақ.
5.Балаң жақсы болса,
Екі көзіңнің шырағы.
5 жігіт
1.данышпан жігіт 2.арыстан жігіт 3.түз жігіт 4.қыз жігіт
5.айналып соғар із жігіт
5 жетім
1.Иен қалған жер жетім,
2.Басшысыз қалған ел жетім.
3.Аққу-қазсыз көл жетім.
4.Тыңдалмаған сөз жетім.
5.Іздемесе қыз жетім.
5 дұшпан
Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ
5 асыл
Талап, еңбек, терең ой, қанағат ету, рақым жасау
5 саусақ
Басбармақ, балалы үйрек, ортан терек, шылдыршүмек, кішкене бөбек
Бес тас
Бестас-көбінесе қыздар ойнайтын ұлттық ойын. Ол үшін домалақ, ұстауға ыңғайлы бес тас, отырып ойнауға ыңғайлы тегіс жер керек. Ойын бірнеше сатыдан тұрады. «Бірлік», «екілік», «үштік», «төрт-тік», «алақан», «төртбұрыш», «арттан тастау» -деген сатылары бар.
Ойын сатыларын ойнай алмаған ойыншы сол сатысында тоқтайды. Ойынды келесі кезектегі ойыншы жалғастырады.

«Бес саусақ» (санамақ)
Бас бармағым, Сұқ саусағым,
Бақташы бол! Сауыншы бол!
Қырағы көз, Өнеріңе
Сақ малшы бол! Табынсын ел!
Ортаң қолым, Аты жоғым,
Орманшы бол! Аспазшы бол!
Күллі орманға Өз қолыңнан
Қорғаншы бол! Дәм татсын ел!
Шынашағым,
Бақшашы бол!
Жемісіңді
Мақтасын ел.
Сабақтың мақсаты мен міндеті таныстырылады. Сынып 5 топқа бөлінеді.
І-топ «УАҚЫТ»
ІІ-топ «ӨРНЕК»
ІІІ-топ «ФИГУРА»
ІV-топ «ТАҢБА»
V-топ «САНДАР» әр топтың басшысы болады, жауап парағына өз тобының сабаққа қатысқан балаларын белгілеп отырады.
5 санын қосу мен азайту.
±5, қандай санмен 5-тің қосынды-сы бір таңбалы сан болады? (0+5, 1+5, 2+5, 3+5, 4+5),ал қандай санмен қосындысы ең кіші екі таңбалы сан болады? (5+5)5 санын қосу кестесін есімізге түсіреміз.
Ал, ондықтан аттайтын жағдайларда не істейміз?
6+5=(6+4)+1=11 11-5=(11-1)-4=6 әрі қарай өздері түсіндіре отырып шешеді. Дәптерге осы тапсырмаларды жазып отырады.
7+5=(… 12-5=(….
8+5=(…… 13-5=(….
9+5=(… 14-5=(….
5+6=(… 11-6=(…
5+7=(… 12-7=(…
Сергіту сәті. «Табиғат»
Күндей болып күлеміз,
Гүлдей болып өсеміз.
Құстай болып ұшамыз.
Көбелектей қонамыз.
Кітаппен жұмыс. Сөз есепті оқимыз. Не белгілі, не белгісіз? Талдап болып, қысқа шартын түземіз.
Әңгіме -6күн
Жыр-? 5күн ұзақ
Ш: 6+5=11 (күн)
Ж: Жырды 11күн оқыған.
Қыз бала -24
? бала келген
Ұл бала-? 4-еуі кем
Ш: 24+(24-4) = 44 (бала)
Ж: 44 бала келген.
**Логикалық тапсырма
7+4= 11-4=
17+4= 21-4=
27+4= 31-4=
Қандай заңдылыққа сүйеніп жазылған? (ондықтары әртүрлі, бірліктері бірдей, 7 –ден құралған)
Өздеріне құрастырту. Яғни, өздік жұмыс.
7+5= 12-5=
17+5= 22-5=
27+5= 32-5=
Өздері жұппен тесереді.
Сергіту сәті. Мына менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау менің басым,
Бәрін осы басқарған.
Мынау менің оң қолым,
Мынау менің сол қолым,
Барлық істі атқарған.
Ойын: «Гүлдерді әшекейле!!»

Ортасына жазылған сан, қандай екі санның қосындысынан тұрады, санның құрамын тауып, әр топ балалары бір-бір өрнек құрап әр гүл күлтешесіне жазады.
Қорытындылау. ***Бақылау тесті
1.Машина-24
-?
Комбайн-20

А) 4 С)34

В)44 Д )14

2.Қосындының мәні 15-ке тең өрнекті тап.

А)8+4 В)9+5

С)11-2 Д)7+8

3.х=5 мәніне сәйкес келетін теңдеуді тап.

А)12-х=6 С)х-9=5

В)х+7=12 Д)8+х=14

4.Қай екі таңбалы саннан мәні 4 болу үшін 8-ді азайтуға болады?

А)4 С)14
В)10 Д)12

5. 1 тәулікте неше сағат бар?

А)24сағ С)20сағ

В)21сағ Д)22сағ

Жауаптары:
№ 1 2 3 4 5
А

В

С

Д

Әр топ басшылары өз тобының жетістігі туралы әңгімелейді.
Бағалау
Үйге тапсырма: №3тапсырма. (жақшалы өрнек құрау) 78-бет

5) Дүниетану (2-сынып)

Сабақтың тақырыбы: Халықтар достығы.

Мақсаты: А)Қазақстан Республикасындағы халықтар достастығы мен
принциптерін білу. Көпұлтты ел екендігін жете білу және ұғыну.
Ә) Қазақ халқының салт-дәстүрі мен ұлттық тағамдары туралы
мәліметтерді іздену жұмыстары арқылы өзгелермен ой
бөлісу.
Танымдық тапсырмалары арқылы балалардың ойлау қабілет-
терін дамыту.
Б)Барлық ұлт өкілдерімен достық қарым-қатынас пен келісімде
өмір сүре білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, тапсырмалар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, оқулық,
интерактивті тақта, тест тапсырмалары, скрепки, ақ қағаз,
Сабақ әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, кластер, іздену,бес жол өлең,
топпен жұмыс, морфология анализ, эмпотия әдісі

Сабақ барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.
А)-Қазір кімнің көңіл-күйі өте тамаша, қол көтерсін!
Кімнің досы осы сыныпта отыр, қолын шапалақтасын!
-Кім өз-өзіне сенімді, қол көтерсін!
-Бүгін біздер сабақта не істейтінімізді білетін бала қолын шапалақтасын!
-Қазір не істейтінімізді білмейтін бала қол көтерсін!
Б)Қазір қандай мезгіл? (көктем мезгілі) Оның ерекшелігі неде? (күн жылына бастап, құстар ұшып келеді)
Біздер де құстар тезірек ұшып келуіне көмектесейік.

Сергіту сәті. Мейірімді торғай, қараторғай,
Тезірек бізге келе ғой ұшып,
Сендер үшін жатырмыз үйшік салып,
Кішкентай емес ол үп-үлкен сарай.
Осы көктем мезгілінің және бір ерекшелігін атаңдаршы.
(мерекелер көп, наурыз мерекесін қарсы аламыз, көктемгі демалысқа шығамыз)
В) үй жұмысына шолу жасау.
Қазақ халқының дәстүрі мен бір ұлттық тағамы туралы аналарымыздан сұхбат алу.
(бірнеше оқушыны тыңдау)
Бауырсақ
Бауырсақ халықтың тым ерте келе жатқан кәделі ұлттық тағамы. Бидай ұнынан ашытып барып ұзынша немесе домалақ үлгіде дайындап алып, майға пісіреді.

Құймақ
Құймақ-ұнға жұмыртқа, қант, май, сүт қосып, су араластырып сұйық күйінде қазан сияқты ыдысқа майға пісіреді.

Наурыз көже
Наурыз көжеге жеті түрлі дәм салынып пісіріледі.
Тұз, май, ет, бидай, тары, сүт, қамыр сияқты жеті дәмнен құралуы тиіс. Наурыз көжеге арнап, соғымның жамбасы мен жая, қазы-қарта сақталады. Оған құрт езіліп, уыз да құяды.

Қазақ халқының салт-дәстүрлері
1.Отау көтеру дәстүрі
2.Тәрбие дәстүрлері:
Ат қою (ғұрып)
Бесікке салу (салт)
Тұсау кесу (салт)
3.Отбасы, тұрмыс дәстүрлері:
Бата (дәстүр)
Көрімдік (салт)
Шашу(ғұрып)
4.Еңбек дәстүрлері:
Асар (салт)
Көген той(дәстүр)
Сабан той (дәстүр)
5.Наурыз дәстүрлері:
Наурыз көже
Наурыз бата
Наурыз тілек

В) Наурыз тілектері:
1.Төрт түлік ақты болсын!
Өрісің малға, үйің жанға толсын!
Көк тәңірі нұрыңды аяма,
Жер тәңірі ырысыңды аяма,
Әділ жанды тағынан тайдырма,
Әз халықты бағынан айырма!
Басыма бас қос,
Жасыма жас қос,
Асыма ас қос!

2.Ала биең құлындап,
Алатауға сыймасын!
Қара биең құлындап,
Қаратауға сыймасын!
Үйіңнің алды той болсын,
Қораң толы қой болсын.
Қазаныңда қайнаған
Кілкілдеген май болсын.
Айың тусын оңыңнан,
Күнің тусын солыңнан.
Мал менен басың тең өсіп,
Кетпесін дәулет қолыңнан!

Наурыз баталар.
1.Өркенің өссін!
Әр күнің Наурыз күніндей берекелі болсын!
Ұлың-оңға, қызың-қырға қонсын!
Еліңе елеулі, халқыңа қалаулы бол!
Айың тусын оңыңнан,
Жұлдызың тусын солыңнан,
Бақ берсін, Қыдыр дарысын!
2.Уа, құдайым оңдасын,
Жаманшылық болмасын.
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Қыдыр баба қолдасын,
Аман сақтап мал басын,
Еккен егін солмасын.
Барлық тілектерің мен баталарың қабыл болсын!

Г)Сонымен біз ҚР-сында тұрамыз. Ұлтымыз қазақ. Біздің елімізде осы қазақ ұлтынан басқа тағы қандай ұлт өкілдері тұрадынын білесіңдер ме?

қазақ қырғыз
азербайжан татар орыс

тәжік өзбек

Украин
дүнген
корей
ұйғыр

башқұрт грузин армян

Ғ)Ал біз сол ҚР-ның кішкентай қаласы Рудныйда тұрамыз. Жалпы Рудный қаласының тұрғындарының саны (01.01.2007жыл статистикалық мәлімет бойынша) 122827 адам екен.
Бұлар әртүрлі ұлт өкілдерінен құралған. Осы ұлт өкілдерінен өзімізге таныс, бірқатар есімі атайық, оларды жадымыздан шықпайтын тамаша жандар деп айтуға болады.
Олай болса, маған көмектесе отырып есімізге түсірейік.
Белгілі өнер адамы Валерий Иванович Запорожкин.
«Мрия» украина әндері халық хоры.
«Калина» орыс әндері хоры.
«Байрам» татар-башқұрт ансамблі.
«Жадыра» қазақ әндері ансамблі.
«Родник» халық әндерінің хоры.
«Айгүл» би ансамблі.
«Арман» би тобы (біздің мектептегі)
«Айналайын» кішкентай балалар би тобы жетекшісі:Тамара Михайловна Запорожкина.
***Бұлардың барлығы өнер адамдары. Скрепкиді неге пайдалануға болады? Өнертапқыш болуға тырысып көрейік!
Скрепкиді……..

Қиялдарың өте тамаша! Ал өнер адамдары әр түрлі ұлт өкілдері. Олай болса, одан әрі тағы да үлкен болып қиялдап көрмейміз бе?

Д)Топпен жұмыс.
****Достық пен келісімде өмір сүру үшін, барлық ұлт өкілдері орындауға тиісті заңдар мен ережелер ойлап айту.
(әр қатардан бірнешеуінің пікірін тыңдау)

Е)**Суретпен жұмыс.
Оқулықтың 116-бетіндегі ұлт өкілдерінің киімдеріне қарап айту.
Қазақ,украин,орыс,өзбек, қырғыз,тәжік.

Ж) **оқулықтың 116-117-бетіндегі мәтінді оқу, әр азат жолдан бастап оқу, мазмұнын ұғындыру.
1-азат жол…..
2.азат жол….

**Мақалдың мәнін мағынасын ашу.
Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады.
Аңызды оқу, мазмұнын ұғындыру.
****Алтау ала болса, ауыздағы кетеді. Төртеу түгел болса төбедегі келеді.
(мағынасын ашу)

Иә,балалар, теледидар көріп жаңалық тыңдамайтындарың жоқ деп ойлаймын. Жаңалықтың өзін екі тілде береді. Қазақ тілі өз ана тілің болса, орыс тілі ұлттардың қатынас тілі. Орыс тіліндегі көз ге арналған жаттығуды жасайық! «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген сөз бар ғой.

Сергіту сәті. Көзге арналған жаттығу «БҰЛТТАР»

З) Ой-қиял***Достық туралы бес жол өлең құрастыру.
1. Достық
Адал дос ,ардақты
Шаттандырады, қолдайды, көмектеседі
Егер досыңмен бірге қыдырсаң,жол қызықты болады.
Дос
2.Достық
Ұзақ, көп ұлтты
Қанаттандырады, сыйлайды.
Біз бәріміздің достығымызбен күштіміз!
Көмек.
3.Достық
Мейірімді, әдепті,көңілді.
Жарасымды, емдейді, көмегін аямайды.
Достығымыз әрқашан берік!
Жолдас.
И)***Поэзия минуты.
«Достық» туралы өлең оқу.
1.Енді бүгін қарасам,
Айналам бақыт кең жатыр.
Бірімен-бірі туысқан,
Қол ұстасқан ел жатыр.
2.Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.
3.Ортақ бізге бір Отан,
Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ, жер ортақ,
Ортақ бізге барлығы.
4.Туыспыз біз бәріміз,
Біз Отанды сүйеміз.
Бақытты елде туған соң,
Бақытты өмір сүреміз.
ІІІ.Қорытындылау.
Тест

№ тапсырмалар А В С

1
Біз қандай мемлекетпіз?
Көп ұлтты бай
кең

2
Халықтар-дың негізгі мақсаты не?

киім

ойын

Бақыт, бейбітшілік, тыныштық өмір

3
Аңыздағы қарияның негізгі ойы не?

Ойын

Бірлік, достықта өмір сүру
табиғат

4
Қазақтың ұлттық тағамын ата.

бауырсақ

күріш

қант

5
Қазақ халық дәстүрін тап.

бата

өлең

тамақ

Жауабын тексереміз….
Тест
№ тапсырмалар А В С

1
Біз қандай мемлекетпіз?
Көп ұлтты бай
кең

2
Халықтар-дың негізгі мақсаты не?

киім

ойын

Бақыт, бейбітшілік, тыныштық өмір

3
Аңыздағы қарияның негізгі ойы не?

Ойын

Бірлік, достықта өмір сүру
табиғат

4
Қазақтың ұлттық тағамын ата.

бауырсақ

күріш

қант

5
Қазақ халық дәстүрін тап.

бата

өлең

тамақ

ІV. Үйге тапсырма: Мәтінді оқу.







Қарағанды облысы,  Шахтинск қаласы,  №16 жалпы білім беру мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі  Қуатова Айтансық Жабатаевна

Тақырыбы:  Есептерді теңдеу құру арқылы шешу. (бекіту, пысықтау сабағы)

Мақсаты:     Есепті теңдеу құру арқылы шығару жайлы оқушылрдың білімдерін бекіту, өз   бетінше жұмыс істеуге, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, ауызша  есептей білуге машықтану, өткен тақырыптарды пысықтау.

Дамытушылығы:  Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік мәні:     Тапқырлыққа,  жылдамдылыққа, ұқыптылыққа, белсенділікке  тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі:      Сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, іздену, тұжырымдау, көрнекілік   қолдану.

Сабақтың түрі:        Аралас сабақ.

 

Сабақтың барысы:

 

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа дайындау.

Сұрақ: Өткен сабақтарда есепті қалай шығаруды үйренді?

Жауап: Теңдеу құру арқылы

Сұрақ: Теңдеу дегеніміз не? Құрамына  енетін әріптің мәнін табу керек болатын

теңдік.                                                                     (1 минут)

2.    Үй тапсырмасын тексеру  № 118 бет.  № 6,  №9 (3,4бет)

Тақтаға қараймыз. Егер сендер үй тапсырмасын дұрыс орындасаңдар мына ақ қағаз алынып ар жағынан бүгінгі сабақта қолданылатын ойын аты шығады. Қағаз алынып «Алтын қақпа» деген жазу шығады. Кім айтады бұл ойынды білесіңдер ме?  Алтынға жету үшін Тас қақпа мен күміс қақпаны ашуымыз керек. Әр қақпаның кілті және тапсырмасы бар. Егер дұрыс орындасақ қақпа ашылады. Алтын қақпаның ар жағындағы  алтын сандық ішіндегіні кім шешсе  сол жеңіске жетіп ту тігеді.   Ал бастайық ойынымызды.                             (3 минут).

3.   «Тас қақпаны»  ашу. а)  кілт тапсырмасы  -   үшбұрыш туралы

Р — ? қалай табу, неше қабырға, неше бұрыш т.с.с.

1-тапсырма  № 1 есеп  119 бет  орында!  (Оқу,  талдату)

Қарындасы   — 8 жаста.

Ағасы             — ? Х

Қарындасының жасы ағасынан 3 жас кіші

Х -3 =  8

Шешуі:  Х =  8+3                       Шешуі:    8+3  = 11жас      ( түрі)

Х  =  11 жаста  ағасы

2-тапсырма    № 2      119 бет

Жабағы:   -?Х              Х + 2   16-3

Торпақ      — 16

Шешуі:      Х + 2 =13         Х = 13-2 х Х = 11

11 + 2 = 16 – 3

13 = 13

4. «Күміс қақпаны»  ашу. Кілті  №  тапсырмасы.   Түз нешеу, кесінді нешеу, сәуле

нешеу.

№ 1 тапсырмасы    120 бет   № 10

Тақтаға оқушылар мысалдар шығарады.

 

 

№ 2 тапсырмасы.  «қызықты есептер» ауызша есептеу.   (Логикалық тапсырмалар).

а)  Үстелдің 4 бұрышы бар, оның біреуін кесіп тастасаң қанша бұрыш қалады? (5 бұрыш)

б)   2 стақанға бірдей су құйдың. Оның біреуін тәрелкеге төңкердің. Қай стақанда су көп?

(Бірдей)

в)  Оқушы үй тапсырмасын орындау үшін 2 сағат отырды. Ол 20 минут сурет салды. 40

минут оны өшірді. Қалған уақытта ол үй тапсырмасын орындады. Оқушы қанша уақыт

сабаққа дайындалды?

г)  10жасар Арман  шашын тақырлап алып тастады. Егер оның шашы  ай сайын 1 см өссе,

2 жылда шашының ұзындығы қандай болады? (24 см)   3 жылда ше?

д)  Ағасында 15 дәптер,  інісінде  7 дәптер. Екеуі осы дәптерді тең бөліп алк керек. Ол

қалай?  (11 дәптерден келеді).

е)   2 бала м/сек жылдамдықпен бір-біріне қарама-қарсы жүгірді. Егер жолдың ұзындығы  100 м. болса, олар неше секунттан кейін кездеседі.   (5х2) = 10м.    (1 сек)  100: 10 = 10 сек

(10 минут)

 

5. «Алтын қақпаны ашу»  Кілті  -  төртбұрыш тапсырмасы.    Шаршы ауданы, периметрі

туралы  айту.

6, Сергіту сәті.          Қырғауыл боп  ұшамыз

Түлкі боп  қашамыз.

Қыран құстай қонамыз

Бой жазамыз тұрамыз

Алысқа біз қараймыз

Орнымызға баппен отырамыз.

  1. Алтын қақпаны ашу.  Кілті  — төртбұрыш шаршы туралы.

Мәлімет айту  P = ?    S = ?

 

Тапсырмалары: Деңгейлік тапсырмалар.

 

1 деңгей – 1 қатар орындайды

 

  1. Уақыт өлшемі  бірліктерін жаз. (сек. минут, сағат, тәулік, апта, ай, жыл, мүшел ғасыр).

  2. Амалдарды  орында.   {100 + 900}: 10                                {900 — 900} x 2

8000 – 4000 : 2                                 {80 : 80} x

3. Теңдеуді шеш:   Х х 5 = 15

 

III  -деңгей  -   IY қатар орындайды.

 

  1. Х  х 3мс. =12см                         2. Теңдеуді шеш:                             3. 5 кв = ?    3куб = ?

5см      Х  =? см                               4900 + Х = 59 000 : 10                   6кв =?    10куб  = ?

 

III — деңгей  -   III  қатар орындайды.

 

  1. 119 бет  №3 Теңдеу құру арқылы шығар.

  2. Қабырғалар 5дм куб.  Көлемін тап.

  3. Теңдеуді шеш  15 х 2 х Х =150

8. «Сандықты ашу»   Кілті     көп бұрыш. Неше бұрыш, неше қабырғасы бар?

Сандық ішіндегі  «Асыл затты» алу үшін сөз жұмбақ шешу керек.

 

 

 

 

1.Көпбұрыштың  қабырғаларының  қосындысы.

2. Сандар мен амалдардан құрастырылған жазу

3. Тиіннің шағып жейтін қорегі.

4. Оқушының қажетті құралы

5. Сүйікті баға

6. Қуанышты сөз.

 

П е р и м е т р

ө р н е к

ж а ң ғ а қ

д ә п т е р

б е с

у р а

 

Сонымен, біз сендермен  теңдеу құру арқылы есептер шығаруды пысықтадық..

Теңдеуді құрамыз.

Өрнектің мәнін табамыз.

Есепті жаңғақша шағамыз

Дәптерге жазамыз.

Бестік деген баға аламыз

Сабақты уралап аяқтаймыз.

Сандық ішінде  көк байрақ бар екен. Оны киіз үйге тігейік.

 

  1. «Түндікті ашу»  тапсырмасы.

Жұмбақтар шешу

1. Бес ағайында  1 інде тұрады    (Саусақ)

2. Тық-тық етеді

Өмірі зырлаумен өтеді             (Сағат)

 

9.Қорытынды. Үйге тапсырма.  Бағалау.







Ас қорыту мүшелерінің құрылысы

Жарияланды 8-01-2014, 04:51 Категориясы: Биология 

Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту мүшелерінің құрылысы
Мақсаты: Ас қорыту мүшелерінің құрылысымен таныстыру
Білімділік: Ас қорыту мүшелерінің маңызы, құрылысы мен қызметі туралы түсінік беру;
Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру, қосымша материалдарды пайдалануға дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: Дұрыс және ағзаға пайдалы тағамдармен қоректену арқылы салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: дәріс
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі - иллюстративті, топтық жұмыс түрлері.
Сабақтың көрнекілігі: тірек - сызбалар, оқушыға көмекші материалдар топтамасы.
Оқыту технологиясы: Сын тұрғысынан ойлау (Блум жүйесі)
Пәнаралық байланыс:
Тарих (тоқшіктің өсіндісі аппендикстің ашылу тарихымен таныстыру )
Медицинаман( ас қорыту мүшелерінің құрылысын медицинамен байланыстыра талдау)

Сабақ жоспары: Ұйымдастыру. «Ой қозғау»
І. «Білім»жүйесі. 1. Ас қорыту мүшеренің құрылысы және қызметі 2. Аппендикстің ашылу тарихы
ІІ. «Түсіну» жүйесі (жаңа материалдарда берілген білімді түсіну, өзінше түсіндіру, болжам жасау). топтық жұмыс түрлері 1. кестені толтыр
ІІІ. « талдау» жүйесі.(жаңа білімді нақты жағдайда пайдалану) топтық жұмыс
«Мылқау» сурет: (берілген суреттен ас қорыту мүшелерінің құрылысын ата)
1. ауыз қуысы
2. асқазан
3. бауыр

ІҮ. «қолдану»жүйесі. жеке жұмыс: 1. сұрақты суретте
Ү. «Жинақтау» жүйесі. 1. Сызықтық диктант
2. Тест жұмысы. «Ой қозғау» (Оқушының өз бетінше ізденіп, әрекет жасауға дағдыландыру, ойлау қабілетін арттыру барысында проблемалық сұрақтар қойылады.)
Адам күнделікті өсімдіктекті және жануартекті тағамды пайдаланады
1. күнделікті пайдаланатын тағамының құрамында қандай күрделі органикалық заттар бар.?
Суретте берілген органикалық қосылыстарды ажыратыңдар.
2. Тағамдық заттардың құрылыстық қызметі дегеніміз не?
3. Тағамдық заттардың энергетикалық қызметін түсіндіріңіз?
4. Тағамдық заттардың құрамында қандай қосылыстар болады?
5. Бұл заттар ұлпалар мен жасушаларға қалай өтеді?

Жауаптары:
1. Нәруыздар, майлар, көмірсулар
2. тағамдық заттар адам ағзасындағы тіршілігін жойған жасуша құрылымдарының орнын басады.
3. Тағам құрамындағы күрделі органикалық заттар ыдырағанда энергия бөлінеді де, энергияның басқа түріне (жылу, механикалық және т. б.) айналады.
4. Құрамында дәрумендер, майлар, нәруыздар, көмірсулар, су, минералды тұздар жатады.
5. Жасуша жарғақшасы арқылы өту үшін қарапайым заттарға ыдырау керек.
Тағамдық заттар алдымен ерітінді күйге айналып, содан кейін қанға сіңіріледі. Қан арқылы ұлпалар мен жасушаларға жеткізіледі.

Мына, жұмбақты шешіп көрейік.
Қос шауыпкелі бар,
Екі алыпкелі бар.
Қос жол көргіші бар,
Екі үн сезгіші бар.
Жалғыз мол асары бар,
Кеуде қағары бар.
Ауа соғары бар,
Қорек қорабы бар.
Тағы... тағы..
Тоқсан жол торабы бар,
шешеді бұл жұмбақты.
Талпынған талабы бар. Бұл кім?
Жауабы: адам.

Жалғыз мол асары ауыз, қорек қорабы - қарын.
«Білім» жүйесі.(жаңа білімнің мазмұндық және ұйымдастырылу ерекшеліктері.
Асқорыту мүшелері мен асқорыту бездері қосылып асқорыту жүйесін құрайды. Адамда ас қорыту жолының ұзындығы 8 - 10 м. Асқорыту жүйесінде тағам әр түрлі механикалық және химиялық өзгерістерге ұшырайды. Тағам құрамындағы нәруыздар, майлар, көмірсулар суда ерімейді. Сондықтан олар қан мен лимфаға өте алмайды. Асқорыту мүшелерінде тағамның шайналып ұсақталуы механикалық өңдеу делінеді. Асқорыту бездерінен бөлінген сөлдің әсерінен ыдырауы химиялық өзгерістерге жатады

Ас қорыту жолы:
ауыз қуысы жұтқыншақ....... өңеш...... қарын....... ұлтабар.... аш ішек... тоқ ішек.. тік ішек.
1. Ас қорыту мүшелерінің қабырғалары үш қабаттан тұрады. 1. кілегейлі (ішкі)
2. бірыңғай салалы ет 3. сір (сыртқы)
Тіл үш бөлікке бөлінеді: 1. тіл түбірі (ащыны сезеді)
2. тіл ұшы (тәттіні сезеді)
3. тіл бүйірі ( қышқыл мен тұзды сезеді)

Жұтқыншақ – ұзындығы 11 - 13 см бұлшықетті мүше; төменгі жағы тарылып өңешке айналады.
Өңеш - ұзындығы 25 см бұлшық етті түтік, үш қабаттан тұрады, кілегейлі, етті, дәнекер ұлпасынан. Асқазан - ас қорыту жолының көлемді ұлғаюы. Сыйымдылығы 3 л, ұзындығы 25 - 30 см, ені 14 см. Асқазан қабырғасының бірыңғай салалы бұлшықеттері асқазанды қозғалтатын сопақша, қиғаш, сақина тәрізді бұлшықеттерден тұратын үш қабат түзеді. Сақина тәрізді бұлшықеттер сфинктер түзіп, тамақтың асқазаннан ішекке өтуін реттейді.

Аш ішек - ас қорыту жолының ұзын бөлігі, оның ұзындығы 5 - 7 м, және үш бөлікке: ұлтабар, аш ішек, мықын ішекке бөлінеді. Он екі елі ішек қарынның пироликалық бөлігінен басталып, оңға иіліп, нәзік ішекке ауысады. Он екі елі ішектің орта жерінде қарын асты бездерінің түтігі ашылады. Бұл ішектің ұзындығы 27 - 30 см, ені 4 - 5м.
Аш ішек және мықын ішекте астың қорытылуы аяқталады да сіңірілу жүзеге асады. Астың қорытылмаған қалдығы тоқ ішекке өтеді.

Тоқ ішек – ұзындығы 1, 5 - 2 м, басқы бөлігінің диаметрі 8 см, аяқталар тұсы 4 - 5 см. Тоқ ішектің қабырғасы кілегейлі, етті және сір қабаттан тұрады. Тоқ ішек соқырішек, жиек және тік ішек болып бөлінеді. Соқырішектің құрт тәрізді өсіндісі – аппендикс - ұзындығы 8 - 15 см, иммундық жүйенің мүшесі болып табылады. Соқырішектің осы өскінін атақты суретші Леонардо да Винчи 1942 жылғы салған суретінде бейнелеген. Ал ХҮІ ғасырда адам анатомиясының негізін салушы Андрей Везалий

Аппендикстің топографиялық анатомиясын жазып кеткен. Дегенмен, бұл ауруға ат қою америка хирургі Фитцтің үлесіне тиді. Латынша соқырішектің қабынған өскінін операция жасап, кесіп алып тастауды «аппендэктомия» деп атайды. Әйгілі ғұлама Әбу Насыр Әл - Фарабидің Отырардан кетуіне ауырған досына жасаған операция себеп болған. Бұл туралы дерек Қ. Амангелдиевтің 1977 басылып шыққан «Адырлы асулар» атты кітабында баяндалады. Атағы елге танымал Әбу Насырды Алеппо шахарының әміршісі Сайфед - Дауле өз сарайына шақырып, өзінің бас дәрігері етіп алады. Сол жылдары оның ждақсы танысы ауырып, Әбу - Насырға келеді. Бас дәрігер оны тексеріп ешкімге білдіртпей құпия түрде операция жасайды. жарылуға келген соқырішегінің өсіндісін кесіп алып тастайды. Жараның орнын жібек жіппен тігеді, біраз күннен соң ауру айығып кетеді.

Күндердің күнінде бұл хабар дінбасыларға жетіп, олар,»Тірі адамның ішін жарып, ішегін кесіп алу - құдайға күпіршілік жасау»-, деп оны жазаламақ болады. Осылайша дін иелерінен қысым көрген Әбу Насыр Бағдатқа бара жатқан керуенге ілесіп, қаладан бір түнде кетіп қалады. Демек, дүние жүзінде тұңғыш аппендэктемия операциясын жасаған Әбу Насыр Әл - Фараби.





Құстар класы

Жарияланды 16-11-2013, 20:47 Категориясы: Биология 

Мақсаты: Оқушыларға құстардың құрылысы мен ерекшеліктерін түсіндіру, құс жұмыртқасымен танысу, биология пәніне деген қызығушылығын арттыру, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Сабағымыз басталмас бұрын сендерге жұмбақ қояйын:
1. Көк шалғынды аралайды,
Көк орамға қонады,
Қанаттарын қағады
Көлден рақат табады
(Аққу)
2. Өзі сақ, өзі ұсақ
Шықылықтап тұрмайды
Өсекшіге ұқсап
Құйрығы ұзын ала
Бұл қандай құс, бала?
(Сауысқан)
3. Ақ сарайды талқандап
Шықты біреу талтаңдап
(Балапан)

Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымыз: Құстар класы
Құстар – ұрыққабатты жануарлар тобының ұшуға бейімделген тобы. Дене t - сы тұрақты, жылықанды әрі жоғары.
Бекіту сұрақтары:
1. Құс қауырсынының құрылсын атап бер.
2. Құс жұмыртқасы неден тұрады?
3. Құстардың тұмсығының пішіндері неліктен әртүрлі?
4. Ауа қапшықтары деген не?
5. Құстарда қанайналым шеңбері нешеу?



Тіршіліктің анықтамасы. Тірі организмдердің қасиеттері, тіршілік деңгейлері

Жарияланды 15-11-2013, 15:39 Категориясы: Биология 

11 сынып
Тақырыбы: Тіршіліктің анықтамасы. Тірі организмдердің қасиеттері, тіршілік деңгейлері.
Мақсаты: Жоғары сыныптарда қарастырылатын мәселелерді талдау. Биология ғылымымен байланысты салаларына негізгі түсініктерін қалыптастыру. Тіршіліктің пайда болуы туралы негізгі түсініктер де биология ғылымының проблемаларының бірі екендігін сипаттай білуге дағдыландыру. Экологиялық проблемаларды талдауға үйрету.
Әдісі: түсіндіру, талдау, лекция, диалог
Көрнекілігі: тірек сызбалар, түрлі суреттер, портреттер, слайдтар.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру
2. Жаңа сабақты түсіндіру.
Жаңа сабақтың мазмұны:
Биология - экология, антропология, эволюция, т. б.
? проблемаларын талдау
Ғарыш кеңістігін бейбітшілік мақсатта игеру, өнеркәсіпті өркендету, ауылшаруашылығын дамыту.
Тіршіліктің анықтамасы:
Тіршілік дегеніміз – құрылымы нәруыздар мен нуклеин қышқылдарының күрделі биологиялық полимерлерінен тұратын
● Өзін - өзі реттей алатын,
● Өзінен кейін ұрпақ қалдыратын,
● Тірі организмдердің ашық жүйесі
Тірі табиғат ----- өлі табиғат
Көміртек ------- темір
Сутек ------- магний
Азот ------- кремний
Оттек ------- аллюминий
Қасиеттері /оқушылар жеке тақырып бойынша талдау жасап атап өтіп мысалдар келтіреді./
♦ Тірі организмде метаболизмнің жүруі
♦ Тіршілік деңгейлерінің біркелкі болуы
♦ Көбеюі
♦ Тұқым қуалаушылық

Кесте толтыру
р/с -- Тіршілік деңгейлері ------------------------- ерекшеліктері
1. Молекулалық деңгей
2. жасушалық
3. ұлпалық
4. мүшелік
5. организмдік
6. Попкляциялық - түрлік
7. биогеоценоздық
8. биосфералық
Қорытынды:
1) Метаболизм н/е энергия алмасу
↓---------------------------------↓
Анаболизм ----------- Катаболизм

2) ДҢҚ --? 2 спиральды нуклеотидтер АГЦТ.
3) Онтогенез...?
Филогенез...?
4) Дискреттілік (оқшаулану)
Үйге тапсырма: §1, 2, қайталап оқу, талдау, деңгейлік сұрақтарға жауап беру.







Ағзаның ішкі ортасы

Жарияланды 28-01-2013, 16:48 Категориясы: Биология 

Тақырыбы: «Ағзаның ішкі ортасы» атты тарауды қайталау
Мақсаты:
Білімділік: Ағзаның ішкі ортасы туралы білгендерін сұрай отырып, білімдерін одан әрі шыңдау.

Тәрбиелік: Өздігінен ізденпаздық, білімділік, еңбексүйгіштік, адамгершілік дағдыларын тәрбиелей отырып, салауатты өмір салтын ұстану, өз ойын айта отырып, өзгені де тыңдай білуге, алған білімін өмірге қолдана білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Адам тіршілік үшін, организм тірегі, тіршілік көзі – қан және клеткаларының белсенділігін, қан болмаса тіршілік болмайтындығын оқушыларға медициналық тұрғыдан мәлімет беру.
Сабақ типі: Қорытындылау сабағы.
Сабақ әдісі: Сайыс
Сабақ түрі: Ізденіс сабағы.
Көрнекілігі: Тірек сызба, слайдттар интерактивтік тақта

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Негізгі бөлім
Таныстыру
Менен сұрақ, сенен жауап
Биологиялық диктант
Сандар сөйлейді
Бейнефильм
Мені таны
Қосымша мәліметтер

Қан айналады жүректің әмірімен,
Қан тілдеседі жүрек деген тәңірімен.
Ақ түсті мөлдір және қызылданып,
Адамға күш береді пәрменімен.

І топтардың таныстыруы 2
1 топ
Аты: Талап
Ұраны: «Жас ұрпақпыз талапты,
Жақсы оқимыз сабақты»
2 топ
Аты: «Алға»
Ұраны: «Алға қарай самғаймыз,
Қарсыластан қалмаймыз»

Сұрақтар
І топ
1. Ағзаның ішкі ортасын ата?
2. Қанның құрамы неден тұрады?
3. Қан жасушаларын ата?
4. Қанның қызметі қандай?
5. Плазмадағы нәруыздар нешеге бөлінеді, ата
6. Оттекпен қосылған гемоглобинді не деп атайды?
7. Лейкоциттер нешеге бөлінеді?
8. Лейкоциттерді зерттеген кім?
9. Қан қай ұлпаға жатады?
10. Резус фактор деген не?
ІІ топқа
11.. Адам қаны неше топқа бөлінеді?
12. Адамға алғаш рет қан құю жұмысы қай жылы жүргізілді?
13. Глобулиндер қандай қызмет атқарады?
14. Альбуминдер қандай қызмет атқарады?
15 Фибриноген қандай қызмет атқарады?
16. Гемоглобиннің қызметі қандай?
18. Донор деген не?)
19. Рецепиент деген не?
20. Қаны қай топтағы адамды әмбебап донор дейді?

ІІ Биологиялық диктант 6
І топқа
1.,,,,,,,,,,,,, қанның қызыл түсті пигменті.
2. Микробтар мен бөгде бөлшектерді сіңіріп, қорытуды,,,,,,,,,,,,, деп атайды.
3. Ұсақ қан тамырлары жарақаттанғанда қанның ағуы,,,,,,,,,,, минуттан соң тоқтайды.
4. Өз еркімен қан беретін адам,,,,,,,,,,, деп аталады.
ІІ топқа
1. Лимфаның тамырлармен қозғалуын,,,,,,,,,,,,,, деп атайды.
2. Ағзаға енген жұқпалы және бөгде денелер әрекетін қабылдамауы,,,,,,,,, деп аталады.
3. Сүйектердің кемік майында, көкбауырда, лимфа түйіндерінде,,,,,,,,,,, түзіледі.
4. Қан қысымын өлшейтін құрал,,,,,,,,,,, деп аталады.

ІІІ Сандар сөйлейді
І топқа
4 - 5 литр, 4 - 5 минут, 120 күн, 45%, 55%, 20 литр, 6
ІІ топқа
1 - 3 литр, 85 %, 90 - 92%, 2 - 5 тәулік, 7 - 10 күн, 4

ІҮ Бейнефильм (Сұрақтар қояды медбикелер)
1. «Қызыл теңізде» әрбір секунд сайын миллиондаған кеме апатқа ұшырап, су түбіне шөгеді. Ал миллиондаған кеме тас айлақтардан шығып, жүзуге аттанады.«Кемелер», «тас айлақтар» деген не?
2. Ағзада «төтенше жағдай» орын алды, сөйтіп ағза тұтастығын сақтап қалу үшін әлдебір бөлігін құрбандыққа шалады. Бұл не туралы айтылған?

Ү Мені таны (Берілген суреттің атын тауып, суретке тән ерекшеліктерін жазу!
Шар тәрізді пішінге ие
Ядросы бар 6
Дұрыс емес пішінді
Қан жасушасы
Қан пластинкалары
1 мм куб олардың 6 - 8 мыңы бар
1 мм куб олардың 80 - 350 мыңы бар
Ядросы жоқ
2 - 4 күн тіршілік етеді
7 күн тіршілік етеді
Қызметі - қанды ұйыту
Көкбауырда сақталады.
Көкбауырда бұзылады
Қызметі - қанды сұйылту
1. Түссіз жасушалар
2. Қызметі - газдарды тысымалдау
3. 1 мм куб қанда олардың 10 мыңы бар
4. Қызыл, сары жасушалар
5. Олардың саны тұрақты емес
6. Сүйек кеміктерінде түзіледі.
7. Тек лимфа түйіндерінде түзіледі.
8. Ядролық жасушалар
9. Өз беттерінше қозғала алатын қабілетке ие
10. 1 мм куб қанда олардың 6 - 8 мыңы бар
11. 2 - 4 күн тіршілік етеді.
12. Оксигемоглобин түзеді
13. Организмді микробтардан қорғайды

7. Қосымша мәліметтер (топ басшыларының дайындап әкелген қосымша материалдары)
Сабақ соңында топтардың жинаған ұпайларын санап, марапаттау.
ҮІ Бағалау
ҮІІ Үйге тапсырма «Қан – тіршіліктің тірегі» атты шығарма жазып келу









Генетиканың маңызы. Денсаулық сақтаудың генетикалық проблемалары

Жарияланды 28-12-2013, 21:05 Категориясы: Биология 

9 – сынып
Сабақтың тақырыбы: Генетиканың маңызы. Денсаулық сақтаудың генетикалық проблемалары

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларда медицина мен денсаулық сақтау үшін генетиканың маңызы туралы білім жүйесін қалыптастыру. Тұқым қуалайтын аурулар, олардың түрлері мен алдын алу жұмыстары туралы білім беру.
Дамытушылық: Денсаулықтың генетикалық негіздері туралы білімдерін тереңдете отырып ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Тұқым қуалайтын ауруларды зерттеу тәсілдерін және олардың маңызын түсіндіре отырып салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Топтастыру стратегиясы, сұрақ - жауап, венн диаграммасы, сурет бойынша әңгіме, рефераттар т. б

Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру (2 - 3 минут)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

1. Сәйкестікті көрсет
Генеалогиялық әдіс ---------- Адам кариотипіне цитологиялық анализ жасау
Цитогенетикалық әдіс ------- Шежірелік карта құру арқылы зерттеу
Онтогенетикалық әдіс ------- ДНК – ның құрамын зерттеу
Популяциялық әдіс ---------- Адам онтогенезіне тұқым қуалайтын өзгерістің бар – жоғының анықталуы
Биохимиялық әдіс ------- Тұқым қуалайтын ауруларға себеп болатын гендердің таралу жиелігін зерттеу

Дұрыс жауабы:
Генеалогиялық әдіс ----------- Шежірелік карта құру арқылы зерттеу
Цитогенетикалық әдіс ------- Адам кариотипіне цитологиялық анализ жасау
Онтогенетикалық әдіс ------- Адам онтогенезіне тұқым қуалайтын өзгерістің бар – жоғының анықталуы
Популяциялық әдіс --------- Тұқым қуалайтын ауруларға себеп болатын гендердің таралу жиелігін зерттеу
Биохимиялық әдіс ---------- ДНК – ның құрамын зерттеу

ІІІ. Жаңа сабақ
Генетиканың маңызы. Денсаулық сақтаудың генетикалық проблемалары.
Жоспары:
1. Генетика және эволюция теориясы.
2. Генетиканың табиғатты қорғау ісіне қатысы.
3. Қазіргі сұрыптауды генетикалық заңдылықтардың жәрдемінсіз іске асыру мүмкін емес.
4. Медициналық генетика.
5. Денсаулықтың генетикалық көрінісі.
6. Генетикалық әлеуметтік проблемалар.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту сұрақтары
1. Осы параграфтан не білдіңдер?
2. Генетикалық дамудың қандай бағыттары ең маңызды?
3. Медицинада, табиғатты қорғау, ауыл шаруашылығында генетика қандай міндеттердің шешімін табады?
4. Медициналық генетиканың мүмкін болатын даму жолдарын атаңдар.
5. Негізгі генетикалық заңдылықтармен танысу өз өміріңе қалай әсер етуі мүмкін?
Ү. Қорытынды. Оқушылар шығармашылығы (Рефераттарды қорғау)

ҮІ. Үй тапсырмасы. 209 – беттегі сынақ сұрақтарын орындау.
ҮІІ. Бағалау.







Бауырымен жорғалаушылар класы

Жарияланды 16-11-2013, 20:31 Категориясы: Биология 

Сабақтың тақырыбы: Бауырымен жорғалаушылар класы (презентациясымен)
Үй тапсырмасын сұрау:
Сызықтық диктант
Дұрыс жауап - ●
Қате жауап - ○
1. Қосмекенділер 3 отрядтан тұрады
2. Қосмекенділердің дернәсілі – итшабақ
3. Қосмекенділер іштей ұрықтанады
4. Жүрегі – 4 бөлікті
5. Қанайналу шеңбері – екеу
6. Миы – 5 бөлікті
7. Дернәсілі – өкпемен тыныс алады
8. Бақаға алғаш рет ескерткіш – 19 ғасырда қойылды
9. Қосмекенді деп – суда да, құрлық а да тіршілік еткені үшін атаған
10. Дернәсілдерінде – бүйір сызығы болады
Бағалау шкаласы:
«5» - 9 - 10
«4» - 6 - 8
«3» - 3 - 5
«2» - 0 - 2

Бауырымен жорғалаушыларды зерттейтін ғылым – герпетология.
Олардың қаңқасында алғаш кеуде қуысы пайда болды.
Дене бөлімдері: бас, мойын, тұлға, құйрық, аяқтары
Терісі: Құрғақ, мүйізді қабыршақпен қапталған
Қаңқасы (слайдта суретін көрсету)
Қоректенуі: А) көпшілігі жеміспен;
Б) өсімдікқоректі (сухопутные черепахи)
Тыныс алуы өкпе арқылы. Едәуір күрделі.
Қан айналымы. Жүрегі 3 бөлікті, қарыншада жартылай перде болады. (крокодил 4 бөлік), 2 қанайналым шеңбері бар.
Зәр шығаруы:
Қосмекендікілерге ұқсас, бүйректен шығаратын сұйықтық мөлшері аз. Жылан мен крокодилде қуық болмайды
Жүйке жүйесі:
қосмекендегілердей, бірақ ми бөлімдері жақсы дамыған, алдыңғы мидың ми сыңарларында қыртыс пайда болған
Көбеюі: Дара жыныстылар, ұрықтануы - іштей, аналықтары жұмыртқа салады. Күйттеу кезінде 2 - ден жүреді. Мамыр - маусым 1, 5см терімен қапталған жұмыртқа(6 - 16). Шілденің соңында жарып шығады. Тұңғыш ұрыққабатты жануарлар.
• Бауырымен жорғалаушылардың классификациясы
(Рептилиялар)
• Қабыршақтылар отряды
• Тасбақалар отряды
• Крокодилдер отряды
• Құстұмсықбастылар отряды
Жорғалаушылардың адамға пайда - зияны. Ұсақ жыландар мен кесірткелер зиянды бунақденелілер мен кемірушілерді жеп, а. ш. едәуір пайда келтіреді. Ірі денелі кесірткелердің, жыландардың, әсіресе тасбақалардың еті көптеген аймақтарда тағам ретінде пайдаланылады. Сондай - ақ ірі кесіртке, жылан және крокодилдің терісі ежелден - ақ әр алуан бұйымдар жасау үшін таптырмайтын шикізат болып табылады. Тіпті улы жыландар да адам үшін пайдалы, оның уы медицинада құнды дәрі - дәрмектер жасауға пайдаланылатындықтан, улы жыландар арнайы тәлімбақтарда өсіріледі.
Телеграмма.
Жорғалаушылар - …..,
терісі ……….. қапталған, ………. тыныс алады, жүрегі …… Ұрықтануы………... Көбеюі………...
Үйге тапсырма беру






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Биология п?ні "А?заны? ішкі ортасы" та?ырыбында ашы? саба?

Автор: Муханова Райкул Сагимбаевна

Дата: 18.11.2014

Номер свидетельства: 132530


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства