kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Таңдау операторы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Компьютерлік ойлау. Программалау.

 

Мектеп: №5 мектеп-лицей

Күні: 25.01.2019

Мұғалімнің аты-жөні:  Шакирова Альфия Калилаевна

Сынып: 8г

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Таңдау операторы

 

 

 

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.3.1 таңдау және қайталау операторларын программаны өңдеудің кіріктірілген ортасынында қолдану(С/С++, Python, Delphi, Lazarus)

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

таңдау операторының жазылуын, сызбасын программа құруды қолдана алады;

Оқушылардың басым бөлігі:

таңдау операторларын программаны өңдеудің кіріктірілген ортасынында қолдана алады;

Кейбір оқушылар:

таңдау командасына берілген есептерге программа құрады және нәтижесін шығара алады;

Бағалау критерийі

Таңдау операторын программаны өңдеудің кіріктірілген ортасында қолданады;

Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

Таңдау операторы case түйінді сөзімен жасалатынын, күрделі шарттар and  және or түйінді сөзімен орындалатынын біледі

Негізгі сөздер мен тіркестер:

goto,case,begin, end, program, read,write, сан, идентификатор, тұрақты, айнымалы, функция, өрнек, операторлар, енгізу, шығару, меншіктеу,шартты көшу операторы, таңдау операторы

Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Күрделі шарт қандай жағдайда қолданылады?

Таңдау қандай жағдайда қолданылады?

Күрделі шарттарда қандай логикалық амалдар пайдаланылады?

Күрделі шартқа мысал келтіріңдер.

Таңдау операторында параметр рөлінде болатын айнымалының қандай типі бар?

Таңдау оператаоры қалай жұмыс істейді?

Қай жағдайларда таңдау операторын пайдалануға болады?

Талқылауға арналған тармақтар:

«а 0-ге тең емес» шартты өрнегін программалау тілінде қалай жазуға болады?

Жазылым бойынша  ұсыныстар:

Таңдау сөзінің үш тілде аталуын білу

Құндылықтарға баулу

 

 

Қазақстанның тәуелсіздігі және Астана

Пәнаралық байланыс

Ағылшын, математика

Тақырып бойынша алдыңғы білім

 

программа өңдеудің кіріктірілген ортасында есептердің моделін құруды, жүзеге асыруды біледі

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Таңдау операторы»



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Компьютерлік ойлау. Программалау.


Мектеп: №5 мектеп-лицей

Күні: 25.01.2019

Мұғалімнің аты-жөні: Шакирова Альфия Калилаевна

Сынып: 8г

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Таңдау операторы




Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.3.1 таңдау және қайталау операторларын программаны өңдеудің кіріктірілген ортасынында қолдану(С/С++, Python, Delphi, Lazarus)

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

таңдау операторының жазылуын, сызбасын программа құруды қолдана алады;

Оқушылардың басым бөлігі:

таңдау операторларын программаны өңдеудің кіріктірілген ортасынында қолдана алады;

Кейбір оқушылар:

таңдау командасына берілген есептерге программа құрады және нәтижесін шығара алады;

Бағалау критерийі

Таңдау операторын программаны өңдеудің кіріктірілген ортасында қолданады;

Тілдік мақсаттар


Оқушылар:

Таңдау операторы case түйінді сөзімен жасалатынын, күрделі шарттар and және or түйінді сөзімен орындалатынын біледі

Негізгі сөздер мен тіркестер:

goto,case,begin, end, program, read,write, сан, идентификатор, тұрақты, айнымалы, функция, өрнек, операторлар, енгізу, шығару, меншіктеу,шартты көшу операторы, таңдау операторы

Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Күрделі шарт қандай жағдайда қолданылады?

Таңдау қандай жағдайда қолданылады?

Күрделі шарттарда қандай логикалық амалдар пайдаланылады?

Күрделі шартқа мысал келтіріңдер.

Таңдау операторында параметр рөлінде болатын айнымалының қандай типі бар?

Таңдау оператаоры қалай жұмыс істейді?

Қай жағдайларда таңдау операторын пайдалануға болады?

Талқылауға арналған тармақтар:

«а 0-ге тең емес» шартты өрнегін программалау тілінде қалай жазуға болады?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Таңдау сөзінің үш тілде аталуын білу

Құндылықтарға баулу




Қазақстанның тәуелсіздігі және Астана

Пәнаралық байланыс

Ағылшын, математика

Тақырып бойынша алдыңғы білім


программа өңдеудің кіріктірілген ортасында есептердің моделін құруды, жүзеге асыруды біледі



Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы


Шаттық шеңберін құру

«өрмекші торы» әдісі

АКТ-да деңгейлік тәжірибелік жұмыстарды дұрыс орындау.

Жаңа тақырыпты қорытындылау.

«Бес саусақ» әдісі

Ұйымдастыру.

«Ыстық алақан» тренингін (бір-бірінің қолдарын ұстап оң алақандарын бір-бірінің үстіне қойып лебіздерін білдіру) ұйымдастыру

Өткен тақырыпты «Өрмекші торы» әдісі арқылы қайталау және жаттығу https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/8-synyp/lesson/tarmaqtalu-algoritmderin-bahdarlamalau-operatorlary

Сурет қиындылары арқылы 2 топқа бөлемін

Үлестірмелер, оқулық, жұмыс дәптері


Сабақтың ортасы


Оқушы білгендерін тыңдай отырып, жаңа сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.

Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыз

«Таңдау операторы».

Жаңа тақырыпты «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы тақырыпты оқуға тапсырмалар беріледі. https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/8-synyp/lesson/tarmaqtalu-algoritmderin-bahdarlamalau-operatorlary сілтеме

1-топ. Интер+

2-топ. #Актив

Оқушылар берілген сайттан тақырыпты оқиды. Жаттығу 1 және Жаттығу 2 ні жұппен талқылап орындайды.

Өзгелерді тыңдай отырып, өз білімін толықтырады.

Компьютерде практикалық жұмыс. Мысал-3, Мысал-4, Мысал-5.

Оқулық,

маркерлер,

плакаттар,

стикерлер,

үлестірме қағаздар,

интерактивті тақта


https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/8-synyp/lesson/tarmaqtalu-algoritmderin-bahdarlamalau-operatorlary



Сабақтың соңы




Тест https://plickers.com


«Бес саусақ» тәсілі арқылы бағалау. Оқушы өз қолын қағазға басып салады.

Бас бармақ: басты мәселе. Бүгін сабақта ең құнды мәселе?

Балалы үйрек: бірлесу. Мен топта, жұпта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім?

Ортан терек: ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

Шылдыр шүмек: шынайылық. Сабақ маған ұнады ма?Неліктен?

Кішкентай бөбек: көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?


Үйге тапсырма: §12


Жиынтық бағалау парағы

Оқулық,

күнделік

Үлестірме қағаздар

Саралау – А,В,С тапсырмалары


Бағалау –

Үй тапсырмасы

Жаңа тақырып

Практика

Сұрақ қойды

Жаттығу орындады

Программа құрды

Сұраққа жауап берді

Постерге ерекше идея қосты

Нәтижесі шықты



Тест балы

Барлығы:

8-10 «5»

6-7 «4»

4-5 «3»


Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағамдау.

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз?)

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз?)

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Кері байланыста жазылған ұсыныстар мен сұраныстарға негізделемін.





№5 мектеп-лицей









Сыныптан тыс шара


Цифрлы-Қазақстан





Мұғалімі: Бегімбетова Ж.К

Шакирова А.К

Сынып: 8 «Б,В»

Күні: 16.11.2018ж





















Шалқар қаласы

2018-2019 оқу жылы





№5 мектеп-лицей









Ашық сабақ


Таңдау операторы





Сынып: 8 «Г»

Күні: 25.01.2019ж




















Шалқар қаласы

2018-2019 оқу жылы




Сабақтың тақырыбы: «Цифрлы-Қазақстан»
Сабақтан тыс іс-шараның мақсаты:
Білімділігі: Сайыс өткізу арқылы оқушылардың информатика пәнінен білімдерін тереңдету, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Дамытушылығы: Ой-өрісін шыңдау, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту, компьютерлік сауаттылыққа баулу.
Тәрбиелілігі: Оқушылардың қарсыласын бағалай білуге, топтық жұмыста бірін-бірі тыңдай білу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, түрлі-түсті конверт, оқушылардың шығармашылық жұмыстары (көрме).
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру:
Информатика болашаққа бастайды,
Келешекке білім қуған жастарды.
Қадам басып 21-ші ғасырға,
Барлық әлем жаңалығын тастайды.
Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар!
«Таланттылар терін төгіп, толғансын,
Тұлпарлары топ жарысында, жүлде алсын», деп бүгінгі «Информатика әлеміне саяхат» атты интеллектуалды сайыс сабағымызға қош келдіңіздер
Сайысымызды бастамас бұрын әділ баға беретін әділқазы алқаларымен танысып алайық.
Көңілді тапқыштар, білгіштер
Бар өнерін салады,
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады,- деп бүгінгі ойынымызды ашуға рұқсат етіңіздер.
Бұл өтейін деп жатқан сайысымыз мына бөлімдер бойынша болады:

1- бөлім «Таныстыру».
2- бөлім «Құпия алаң».
3- бөлім «Бәйге».
4- бөлім «Тапқырлық».
5- бөлім «Полиглот».
6- бөлім «Кім жылдам?».

Асып әсте саспайық,
Сайыс қызығын балалар.
Осылайша шабытпен,
Қане енді бастайық
Жиналған ылғи дарындар,
Жүрегі от боп жалындар.
Топтардың бәрін халайық,
Қол соғып қарсы алайық.
1-бөлім. Бұл бөлімде әр топтың басшылары өз тобын таныстырады.

1-топ «Процессор»
Білімді ұрпақ – еліміздің тірегі!
Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге біліммен қол жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар.
Ұрандары: «Тапқырлық таныту мақсатымыз,
Біліммен шықсын тек жақсы атымыз»

2-топ «Клавиатура»
Сәлемдесу-игі дәстүр киелі,
Сөзбен қарап, кейде шешер шиені.
Жақсы сөзге жан семірер қашанда
Жолданады сайыскерлер сәлемі.
Ұрандары: «Асау тұлпар желдей ескен арынды,
Оқу менен еңбекке сал барыңды»

3-топ «Монитор»
Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,
Ренжімей тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау
Ұрандары: «Болашақтың ұрпағымыз білімді,
Көрсетпекпіз мектепте алған білімді»

Мінекей 3 топтың таныстыруын тыңдадық, бұл бөлімде таныстыруларын жақсы айтқан топқа 5 ұпайдан беріледі.
Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап, жым отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес,
Соқ қолыңды білімді жас талантқа. – деп

2-бөлімді бастайық «Құпия алаң» Тақтада 1-ден 15-ке дейін сандар берілген, әр топ бірінен соң-бірі сандарды таңдап сұрақтарға жауап береді. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

1. Компьютер миы? (жүйелік блок)
2. Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы? (модем)
3. Мәлімет енгізу құрылғысы? (пернетақта)
4. Ақпаратты шығару құрылғысы (принтер)
5. Алгоритмның 3түрін атаңдар (сызықтық, тармақталған, циклдық)
6. Функционалдық пернелер (F1-ден F12-ге дейін)
7. компьютер түрлерін атаңдар (суперкомпьтерлер, үлкен компьютерлер, дербес компьютерлер, сервер)
8. Жойылған нысандар орналасатын қапшық (себет-корзина)
9. Графикалық ақпараттардың көшірмесін компьютерге енгізетін құрылғы (сканер)
10. Мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған бағдарлама? (Word)
11. Мәліметтерді сығымдау деп нені айтамыз? (мәліметтердің ақпарат мазмұнын сақтап, көлемін өзгерту)
12. ЭЕМ-ның дамуының қанша буыны бар? (5)
13. Электронды плакаттар деп нені атаймыз? (слайдтарды)
14. Информатикадағы өлшем бірліктері (бит, байт, килобайт, мегабайт, гегабайт, терабайт)
15. Қатқыл диск қайда орналасқан? (жүйелік блоктың ішінде)

Осымен 2- бөлім аяқталды.
Сайыс – толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу мініп жатқанда аптығыста.- деп

3-бөлімді бастайық «Бәйге» бұл бөлімде топбасшылар сайысқа түседі берілген түрлі-түсті конверттерді таңдап, ішіндегі сұрақтарға жауап береді, әр сұрақтың дұрыс жауабына 10 ұпай беріледі.
Сары конверт сұрақтары:
1. Санау жүйесінің түрлерін атаңдар (позициялық және позициялық емес)
2. Компьтердің минимум тізімін атаңыз (жүйелік блок, монитор, клавиатура)
3. Сурет салуға арналған программа (Paint графикалық редакторы)
4. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)
5. Драйвердің қызметі не? (компьютер құрамына кіретін әртүрлі құрылғыларды басқаруға арналған арнайы программалар, мысалы принтер драйвері, сканер драйвері)
6. Қандай вирусқа қарсы программаларды білесіңдер? (Dr. Web, Eset, NOD 32, AVG, Norton Antivirus, Касперский Антивирус және т. б. жатады)
7. Алғашқы программист әйел (Ада Августа Лавлейс)
8. Компьютерлік графиканың неше түрі бар? (3)
9. Excel-дің жұмыс парағы қанша бағаннан және қанша жолдан тұрады? (256 баған, 65536 жол)
10. Монитордың неше түрі бар (3)

Көк конверт сұрақтары:
1. Компьютерлік графиканың түрлерін ата (растрлық, векторлық, фракталды)
2. Интерфейс дегеніміз не? (комппьтерлік жүйенің құрауыштары мен қатысушылардың арасындағы өзара байланыс)
3. MS Excel дегеніміз не? (сандық кестелермен жұмыс істеуге арналған  Microsoft Office-тің құрамына кіретін программа)
4. Ақпараттық процестер?  (сақтау, алмасу, өңдеу)
5. 1байт неше биттен тұрады? (8)
6. Қағаздағы кескінді компьютердің жадына енгізетін құрылғы (сканер)
7. Дүниежүзілік компьютерлер арасындағы байланыс ортасы? (интернет)
8. Дыбыс жазуға арналған құрылғы (микрофон)
9. Ақпараттық процесті зертейтін ғылым (информатика)
10. «Microsoft» фирмасының президенті (Билл Гейтс)

Қызыл конверт сұрақтары:
1. Диаграмма деп нені айтады? (бұл мәліметтерді талдау мен салыстыру ыңғайлы болу үшін кестедегі мәліметтердің көрнекі графиктік түрде берілуі)
2. Excel диаграммасының негізгі түрлерін атаңыз (Сызықтық, нүктелік, гистограммалар, сақиналық, жапырақты, цилиндрлік, конустық, көпіршікті)
3. Қарапайым есептеулер жүргізетін программа  (калькулятор)
4. Windows сөзінің аудармасы? (терезе)
5. Монитордың түрлерін атаңыз  (плазмалық, сұйық кристалды, электронды түтікше)
6. Есептеуіш техника қай ғасырда қарқынды дамыды? (ХІХ ғасырда)
7. Бұқаралық ақпарат құралдары дегеніміз не? (Біз дүниежүзіндегі күнделікті жаңалықтармен таныстыратын газеттерді, радио мен теледидарды «Бұқаралық ақпарат құралдары» деп атаймыз)
8. Жыпылықтап тұратын тік сызықша (меңзер)
9. Бірінші электронды есептеуіш машина қашан жасалды? (1946ж АҚШ-тың Пенсильван университетінде)
10. Антивирус дегеніміз не? (Антивирустар – компьютерлік вирустарды жұқтырған бағдарламаларды табуға және емдеуге, сондай–ақ файлдың вирус жұқтыруының алдын алуға арналған бағдарламалар).
Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып-тасып, асықпа, қалыспа сен!
Уақыт деген зымыран, зулап жатыр,
Шапшандық бұл сайыста қажет екен.-деп

4-бөлімді бастайық. «Тапқырлық»  бұл сайыста әр топтан бір ер бала шығып шарды жарып өз тобына шардың ішіндегі жұмбақтарды оқиды, ойлануға уақыт берілмейді , шапшандық есептеледі әр жауапқа 1ұпайдан.

1. Бағдар көрсетер затым бар.
Кілемше үстінде тұрамын,
Ең қажетті құралмын... (Тышқан)

2. Жұртты өзіне қаратқан
Ақпаратты сақтап,таратқан (Компьютер)

3. Мәліметті сұраған,
Экранға шығарған... (монитор)

4. Егер білсең,айта қойшы
Бұл қандай құрылғы
Ақпаратты қағаздағы
Компьютерге енгізеді. (Сканер)

5. Бір сарайда тұрады екен,
Бес атаның балалары.
Қыдырмашы біреуі,
Бір күн бар да,бір күн жоқ.
Соны есепке алсақ
Ұзын саны жүз жеті... (Пернетақта,тінтуір)

6. Бұтақ орнында мың бір инесі,
Компьютер жаны мекені. (кактус)

7. Компьютермен енеді,
Қағазға басып береді... (принтер)

8. Тетігін бассаң алаңсыз,
Жазады қағазға қаламсыз (пернетақта)

9. Төрт бұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек (монитор)

10 Саусақтарды билететін
Экранға мәтінді сый ететін құрылғы? (пернетақта)

5–бөлім. «ПОЛИГЛОТ».

Келді кезек полиглотты шешуге,
Жауаптарды аударуға үш тілде.
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,
30 ұпай, шәкірт саған несібе.

Бұл бөлімнің шарты бойынша 4 бөлімнің қорытындысы бойынша ең төменгі ұпай санын алған білімалушылардан бастаймыз. Білімалушылар слайдта көрсетілген сурақтардың жауабын айту керек. Үш тілдегі жауабын дұрыс айтса 30 ұпай, 2 тілде жауап берсе 20 ұпай, ал енді бір тілде ғана болса жауап 10 ұпай
1. Ақпаратты адам бірінші не арқылы қабылдайды? (көру, видеть)
2. Ақпаратты шығару құрылғысы (Монитор, монитор, Screen).
3. Экранның қоршаулармен шектелген төрт бұрышты аймақ? (терезе, Окно, Windows)
4. Файлдарды реттеп қайда саламыз? (Бума; Папка; Icon).
5. Әр түрлі объектілер орналасқан Windows экраны? (Жұмыс үстелі, Рабочий стол, Work table)
6. Мәтіндік және графикалық ақпаратты оптикалық оқу тәсілі арқылы компьютерге енгізуге арналған құрылғы (мәтіналғы, сканер, Scanner).
7. Адам көмегімен басқарылатын құрылғы (Тінтуір; Мышка; Mouse)
8. Ол құрылғысыз ақпаратты компьютерге енгізе алмайсыздар? (Пернетақта; Клавиатура; Keybord)
9. Ақпаратты ұзақ уақыт сақтауға арналған құрылғы  (Қатқыл диск; Винчестер; Hald disk)
10.Ақпаратты компьютерден қағазға басып шығаратын құрылғы (Басып шығарғыш; принтер; printer).
Осымен 4-бөлім аяқталды
Мәңгі бақи есте қалар,
Ғажайып бір кеш болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Қиынырақ тапсырма болса-деп

6-бөлімді бастайық. «Кім жылдам?» атты бесінші кезеңімізді бастайық. Берілген торкөздердегі әріптерден кім жылдам және информатикаға қатысты атауларын табар екен?   

М    К    А    К    О    М    П
О    Н    К    С    Т    Н    Ь
В    И    Т    У    Ы    А    Ю
И    Т    О    Р    Ш    Қ    Т
Р    П    С    К    А    Р    Е
У    Е    Е    Т    Н    Е    Р
С    Р    Н    А    Қ    Т     А

Жауап: бұл жерде 7 информатикаға қатысты сөз жасырылған (МОНИТОР, КОМПЬЮТЕР, ВИРУС, КАКТУС, ПЕРНЕТАҚТА, СКАНЕР, ТЫШҚАН)
Топтардың тапқан сөздеріне байланысты ұпайларын береміз.
Жетпесіңе жеткізген,
Қызықты уақыт өткізген.
Бар ғылымды сыйдырып,
Білетіні көп бізден.
Жаңалықтың жаршысы,
Жұртты елең еткізген
Информатикаға мың алғыс! – деп әділқазылар алқасына сөз береміз.
топтардың қорытынды ұпайларын санап, жеңімпазды анықтайық.

Уақыттарыңызды бөліп, келіп көргендеріңізге көп рахмет!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Таңдау операторы

Автор: Шакирова Альфия Калилаевна

Дата: 09.04.2019

Номер свидетельства: 506586

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "Та?дау операторы "
    ["seo_title"] => string(18) "tan-dau-opieratory"
    ["file_id"] => string(6) "199475"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428584845"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(90) "конспект урока 9 класса на тему "Та?дау операторы" "
    ["seo_title"] => string(51) "konspiekt-uroka-9-klassa-na-tiemu-ta-dau-opieratory"
    ["file_id"] => string(6) "101202"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1402410306"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "Таңдау операторы"
    ["seo_title"] => string(18) "tandau_operatory_1"
    ["file_id"] => string(6) "510031"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1557762734"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(29) "Мен та?да?ан жол "
    ["seo_title"] => string(20) "mien-tan-dag-an-zhol"
    ["file_id"] => string(6) "175992"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424348203"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "конспект урока на тему "Та?дау операторы" "
    ["seo_title"] => string(42) "konspiekt-uroka-na-tiemu-ta-dau-opieratory"
    ["file_id"] => string(6) "101180"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1402409727"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства