Сыныбы | 8 |
Сабақтың тақырыбы: | Санау жүйелері. |
Мақсаты | Санау жүйелерімен, сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне аудару тәсілдерімен таныстыру, өзімнің сабағымда, «Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының стратегияларын пайдалана отырып, дейгейлеп тапсырмалар беру арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. |
Күтілетін нәтежелер | Жаңа терминдермен танысады, санау жүйесінің түрлерімен ажырата, салыстыра алады.Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі.Оқушылар жекелей, жұппен , топпен, жаңа ақпаратпен танысып, ол туралы өзіндік пікір қалыптастырады. |
Сабақтың әдісі | СТО технологиясын пайдалану және деңгейлік тапсырмалар. |
Керекті жабдықтар | Компьютер, интерактивті тақта, санау жүйелері жазылған плакаттар. |
Сабақтың барысы: |
Сабақ кезеңдері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті |
Кіріспе | Оқушыларды сабақ жоспарымен таныстыру. Кіріспе сұрақтары қойылды: 1.Информатикаға анықтама беріңіз? 2. «Информатика» термині нені білдіреді? 3.Информатика қандай мәселелерді шешеді? 4.Информатика адам әрекетінің қандай салаларына қатысты? 5.Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз не? Оқушыларды топқа бөлу. І топ - Позициялық тобы. ІІ топ – Позициялық емес тобы. | Оқушылардың сабаққа дайындығын тексерді.Қойылған сұрақтарға сыни тұрғыда ойлау арқылы нақты жауап айта отырып, жаңа ұғымдарды қалыптастырып, өз ойларын жетік айта білді.Осы арқылы ойды қозғау, ояту, миға шабуыл әрекеттері жүзеге асырылып отырды. |
Тұсаукесер | Сандарды цифр деп аталатын символдар көмегімен бейнелейді.Біз білетін цифрлар араб (0,1,2, … 9) және рим (І,ІІ, …Х,, …) цифрлары. Сандарды атау және жазу ережелері мен әдістерінің жинағын – санау жүйесі деп атайды. Санау жүйесі позициялық емес және позициялық болып екіге бөлінеді. Позициялық емес санау жүйесінде санның әрбір цифрының мәні өзінің тұрған орнына байланысты емес.Бұған римдік санау жүйесі мысал бола алады.Осы жүйеде жазылған ХХХ санында Х кез келген жерде 10-ды білдіреді.Бұл жүйеде арифметикалық амалдар орындау күрделі болғандықтан әлем біртіндеп позициялық санау жүйесіне ауысты. Позициялық санау жүйесінде санның әрбір цифрының мәні өзінің тұрған орнына байланысты.Мысалы: 777,7 санында бірінші тұрған 7 жүздікті, үшінші тұрған 7 бірлікті, төртінші тұрған 7 ондық үлесті білдіреді. Кез келген позициялық санау жүйесі өзінің негізімен сипатталады. | Үйрену процесі – бұрынғы білетініммен жаңа білімді ұштастырудан тұрады.Оқушы жаңа ұғымдарды , түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі.Оқушылар жаңа мағлұмат бойынша ойланып, ол жөнінде өзара пікір мен талқылауды ұйымдастырды. Әр оқушы жаңа сабақ бойынша санау жүйелер тақырыбына сәйкес өз анықтамаларын айтып, оны көрші отырған сыныптастарымен талқыға салып, санау жүйелерін салыстыра және ажырата білді. |
Негізгі бөлім | Деңгейлік тапсырмалардың сұрақтарына жауап беру. 1 – деңгей. «Лайықты деңгей». І – топ тапсырмалары 1.Римдік жазылуын арабтық жазылуға аударыңдар: LX = 50+10 = 60; XL = 50 -10 = 40; CXL = 100+10+1=111; MDCCCXII=1812; CDXXIV=424; LXIV=64; DXXII=522 ІІ – топ тапсырмалары 1.Арабтық жазылуын римдік жазылуға аударыңдар: 45=50-5=VL 153=CLIII 679=DCLXXIX 55=50+5=LV 900=1000-100=CM 154=100+50+5-1=CLIV 1628=MDCXXVIII 3265=MMMCCLXV 2 – деңгей. «Міндетті деңгей». І – топ тапсырмалары 1.Екілік санау жүйесінен ондық санау жүйесіне аудару: а) 101000112=16310 ә)110110012=21710 ІI – топ тапсырмалары 1.Сегіздік санау жүйесінен ондық санау жүйесіне аудару: а) 4468=29410 ә) 6368= 117410 3 – деңгей. «Жоғары деңгей». І – топ тапсырмалары 1.Ондық сандарды және ондық бөлшектерді екілік санау жүйесіне аудару: 62510=10011100012 74310=10111001112 32210=1010000102 0,38610=1100000102 ІI – топ тапсырмалары 1. Ондық сандарды ондық бөлшектерді екілік санау жүйесіне аудару: 57610 = 10010000002 16010 = 101000002 15310 = 100100012 8,8310 = 10002 | Әр топқа деңгейлік тапсырмалар үлестірілген болатын. Оқушылар 1 – деңгейлік тапсырмаларын өз беттерімен сыни тұрғыдан ойлау арқылы топтың ұйымшылдығымен тез арада екі топта өз жауаптарын айтып, жаңа мәліметті жан-жақты қарастырып, нақты жауап айта білді. 2 – деңгей тапсырмалары бір санау жүйесінен екінші санау жүйесі көшіру болатын. Яғни екілік санау жүйесінен ондық санау жүйесіне немесе сегіздік санау жүйесінен ондық санау жүйесіне аударуға есептер берілді. Оқушылар әр есепке өз үлестерін және алған білімдерін ұштастыра отырып, есепті шығаруға деген қабілеттері арта түсті. Позициялық және позициялық емес тобына 3 – деңгей тапсырмасы таратылған болатын. Бұл тапсырманы әр топ белсенділікпен орындады.Сонымен қатар «Семантикалық карта» стратегиясы бойынша жаңа сабаққа қойылған сұрақтарға жауап бергенде оқушылар жаңа ұғымның өзіне тән ерекшеленген қасиеттерін, қызметін, маңызын танып, анықтады, зерттеді. |
Қорытындылау | Бағалау парағы топ басшыларға таратылып берілді.Ұпаймен есептейді.Әр деңгейді толық орындаса – 3 ұпай, толық емес – 2 ұпай, мүлдем орындамаса – 1 ұпай. 8-9 ұпай – бағасы «5», 5-7 ұпай – бағасы «4» , 3-4 ұпай – бағасы «3» | Деңгейлік тапсырмаларды әр топ өз жауапкершілігімен , жаңа алған білімдерін пайдалана отырып, шығармашылық қасиетін және өз әдіс – тәсілдерін қолдана отырып , әр оқушы өз-өзін бағалай білді. |
| |
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Ақжайық жалпы орта білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі: Сариев Рустам Мергенович.