А?паратты? процесстер дегеніміз не? (адамдарды? арасында?ы ?арым-?атынас кезінде техникалы? ??рыл?ыларда ж?не а?паратты? ?мірде а?параттарды беру, жина?тау ж?не ??деу процесстерін айтады.)
А?паратты беру дегеніміз не? (А?парат пайдаланушы?а негізінен сигнал ар?ылы беріледі. А?паратты? на?ты немесе жорамал бейнесін алу а?паратты беру деп аталады.)
· І топ- Позициялы? тобы, ал ІІ топ- Позициялы? емес тобы болады.
Енді жа?а саба??а кірісеміз. Б?гінгі саба?: Санау ж?йелері. Сандарды бір санау ж?йесінен екінші санау ж?йесіне аудару. Сандарды цифр деп аталатын символдар к?мегімен бейнелейді. Біз білетін цифрлар араб (0,1,2,…9) ж?не рим (І,ІІ,…Х,,…) цифрлары.
Сандарды атау ж?не жазу ережелері мен ?дістеріні? жина?ын – санау ж?йесі деп атайды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Санау ж?йесіні? тарихы»
Тақырыбы: Санау жүйелері.
Сабақ мақсаты:
Панорамалық сабақты өткізудегі негізгі мақсат - озат мұғалімдердің өзінің ұстаздық зертханасын ашып, сабақ беруі, яғни әдістемесін көпке тарату. Панорамалық сабақты өткізу үшін мұғалімге қойылатын ең бірінші талап оның сабақ берудегі өзгеге ұқсамайтын өзіндік әдісінің болуы. Мұғалімнің оқыту процесінде ең көп сүйенетін әдісі қандай, оның тиімділігі неде? Тыңдаушылар соны біліп, сезуі керек. Панорамалық сабақтарға қойылатын талаптардың бірі - мұғалімнің өткізген сабағын өзі талдап беретіндігі. Панорамалық сабақ бір тақырыпты өтуге, яғни тек бір сабақ арқылы оның көп жылғы игі тәжірибелерін көпке танытады.
Білімділік: Санау жүйесі арқылы есеп шығаруға үйрету, дағдыландыру. Программада бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, талдай, таңдай білу, өзгерте білу, сақтай білу, білім мен ақпараттық технологиялармен, компьютерлік технологиялармен техникалық объектілердің көмегімен жеткізуді жүзеге асыра білу білігі.
Тәрбиелік: Жеткіншектерді еңбекке баулу, білімді, бәсекеге қабілетті іскер ұрпақ тәрбиелеу.
Дамытушылық:ғылыми көзқарастарын кеңейту, ойлау, жобалау қабілеттерін, логикалық қабілеттерін дамыту.
Сабақ көрнекілігі: Интербелсенді тақта, слайд (5 мин)
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Сабақ әдісі: Түсіндірме – көрнекілікті әдіс, Топпен жұмыс, деңгейлік тапсырмалар орындау
Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Пән аралық байланыс: Математика, қазақ тілі, география
Ұйымдастыру кезеңі
І. Амандасу.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру. (10 мин)
Ақпарат. Ақпараттық процесс. Ақпарат қасиеттері. Ақпарат мөлшері. Әлемнің ақпараттық бейнесі. Ақпарат және басқару. Информатика.
Сұрақ-жауап арқылы: Флипчартта беріледі.
Ақпараттық процесстер дегеніміз не? (адамдардың арасындағы қарым-қатынас кезінде техникалық құрылғыларда және ақпараттық өмірде ақпараттарды беру, жинақтау және өңдеу процесстерін айтады.)
Ақпаратты беру дегеніміз не? (Ақпарат пайдаланушыға негізінен сигнал арқылы беріледі. Ақпараттың нақты немесе жорамал бейнесін алу ақпаратты беру деп аталады.)
Ақпаратты неде сақтайды? (Қазіргі кезде электрондық тасымалдауыштарда CD, DVD, флешка т.)
Ақпаратты өңдеу дегеніміз не? (ақпараттарды бір түрден екінші түрге қатаң ережелер арқылы кез келген түрлендіруді айтады.)
Жаңа сабақ түсіндіру (20 мин)
Оқу мотивациясын туғызу (флипчарт)
Сөзжұмбақтар көмегімен жаңа тақырыпқа шығу. Оқушылар арқылы сабақтың мақсатын ашу.
Жаңа материалды меңгерту(флипчарт)
Оқушыларды топқа бөлу. Топбасшыларын таңдау.
І топ- Позициялық тобы, ал ІІ топ- Позициялық емес тобы болады.
Енді жаңа сабаққа кірісеміз. Бүгінгі сабақ: Санау жүйелері. Сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне аудару. Сандарды цифр деп аталатын символдар көмегімен бейнелейді. Біз білетін цифрлар араб (0,1,2,…9) және рим (І,ІІ,…Х,,…) цифрлары.
Сандарды атау және жазу ережелері мен әдістерінің жинағын – санау жүйесі деп атайды.
Санау жүйесі позициялық емес және позициялық болып екіге бөлінеді.
Римдік жүйе
Ондық санау жүйесі
I
1
V
5
X
10
L
50
C
100
D
500
M
1000
Позициялық емес санау жүйесінде санның әрбір цифрының мәні өзінің тұрған орнына (позициясына) байланысты емес. Бұған римдік санау жүйесі мысал бола алады. Бұл жүйеде жазылған ХХХ санында Х кез келген жерде 10-ды білдіреді.
Бұл жүйеде арифметикалық амалдар орындау күрделі болғандықтан әлем біртіндеп позициялық санау жүйесіне ауысты.
Позициялық санау жүйесінде санның әрбір цифрының мәні өзінің тұрған орнына (позициясына) байланысты. Мысалы: 757,7 санында бірінші тұрған 7 жүздікті, үшінші тұрған 7 бірлікті, төртінші тұрған 7 ондық үлесті білдіреді. Кезкелген позициялық санау жүйесі өзінің негізімен сипатталады.
Позициялық санау жүйесінің негізі деп онда қолданылатын цифрлар санын айтады Ондық санау жүйесі.
Базистік цифрлары: 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9.
Негізі: 1 Екілік санау жүйесі. Базистік цифрлары: 0,1. Негізі: 2 Екілік санның әрбір цифрын бит деп атайды.
Сегіздік санау жүйесі.
Базистік цифрлары: 0,1,2,3,4,5,6,7. Негізі: 8
Он алтылық санау жүйесі.
Базистік цифрлары: 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9,A,B,C,D,E,F(A=10, B=11, C=12, D=13, E=14, F=15)Негізі: 16 Кез келген санау жүйесінде берілген санды ажырату үшін оның негізін төменгі индекс ретінде жазып қояды. Мысалы: 52410 – ондық сан, 101011,01012 – екілік сан, 4568 – сегіздік сан, 3Е5А116-он алтылық сан. Кез келген санау жүйесіндегі санды қосынды түрінде жазуға болады. Мысалдар: 52410=5*102+2*101+4*1006