Күні: Сынып:7 Тапсырмаларды эектронды кесте көмегімен шешу Сабақ 9 | Мектеп: С. Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернат Пән мұғалімі: Ералиева Г. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Мәтіндік процессордағы кестелер |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.2.2.1. Мәтіндік процессордағы кесте элементтерін форматтау |
Сабақтың мақсаты | Мәтіндік процессорда кесте элементтерін форматтау |
Күтілетін нәтиже (саралау бойынша) | 1-меңгеру деңгейі. Барлық оқушы: Мәтіндік процессорда кестені құру және мәтіндік процессорда кестеде элементтерін форматтауды біледі. 2-меңгеру деңгейі. Оқушылардың көпшілігі: Қалыпты жағдайда бұрын алған білімдерін қолданады. 3-меңгеру деңгейі. Кейбір оқушылар: Мәтіндік процессорды практикалық тұрғыдан қолдануды талдай біледі және тұжырым жасай біледі. |
Құндылықтарға баулу | Жалпыға бірдей еңбек қоғамы мен ұлттық қауіпсіздікті насихаттау |
Түйін сөз және сөйлем | Мәтіндік процессор бұл ... Кестені форматтау бұл ... Практикада кестелермен жұмыс істейді ... |
Пәндік лексика және терминология | Мәтіндік редактор, форматтау, редакциялау |
Алдыңғы білім | Өнімді баспаға шығара алады, пернетақтамен жұмыс істей алады, мәтіндік редактормен жұмыс істей алады, мәтіндік редактор интерфейсін біледі. |
Қолданылатын стратегия | «Отырып билеңіз», Тізбек бойынша сұрау, «Оқу жоспарын есептеу» |
Ресурстар | Оқулық, оқушының жеке дәптері, мұғалім кітабы, компьютерлер, слайдтар, бағалау парақтары, смайликтер. |
Нәтижені бағалау | 1-меңгеру деңгейі – «қанағаттанарлық», 1 және 2-меңгеру деңгейлері –«жақсы»; 1,2,3-меңгеру деңгейлері – «өте жақсы» |
І кезең. Сабақтың басы |
Сабақ кезеңдері | Уақыты | Жоспарланған іс-әрекет |
І. Өзектілігі | Жағымды атмосфера орнату | 2 | «Отырып билеңіз» жаттығулар кешені 1-жаттығу Қолдарыңды белге қойыңдар Иықтарыңмен солға және оңға тербеліңдер. Әрбір жаққа 5 рет иіліңдер. 2-жаттығу. Үш рет орындаңдар: Сұқ саусақпен аяқтарыңның ұшын ұстаңдар. Егер жеткізсеңіз – барлығы дұрыс деген сөз. Соңында айғайлап, дыбыс шығарыңдар. |
Сұрақ | 3 | Тізбектелген блиц-сауалнама. Блиц сауалнама бойынша бірінші оқушы екінші оқушыға қысқа сұрақ қояды, ол жауап беріп, үшінші оқушыға сұрақ қояды. Бұл тізбек сынып оқушыларының соңғы оқушысына дейін жалғаса береді. Жауап беру уақыты бірнеше секунд. |
Ой қозғау | 5 | Слайдта кестелік процессорда дайындалған түрлі кестелер - Сабақта немен айналысамыз, не ойлайсыңдар? (кестелер жасау) - «Формат» сөзіне қатысты қандай байланыстар бар? - «Форматтау» сөзінің мағынасын қалай түсіндіресіңдер? |
Мақсатты тұжырымдау | 3 | Оқушылар сабақтың мақсатын қояды: - Сабақтың соңына қарай, біз мәтіндік процессорда кестені форматтау мүмкіндігіне ие боламыз |
ІІ. Ұғыну | Сабақтың негізгі бөлімі | 5 | Слайдтағы дайын кестелерді оқушылар мұғаліммен бірге талқылайды, кестенің деректері қалай форматталғанын талдайды. |
Практикалық жұмыс | 15 | (Жж) Оқушылар оқулықтағы 53-56 беттердегі тапсырмаларды компьютерде орындайды. |
ІІІ. Қорытынды | Үй жұмысы | 2 | Параграфты оқып-үйрену, бақылау сұрақтарына жауап беру |
Бағалау | 3 | Оқушылардың білімдерін бағалау және сабақты қорытындылау. |
Рефлексия | 2 | «Оқу жоспары бойынша»: - бүгінгі тақырып басқа қандай үш пәнмен байланысты? - алған білімдеріңді басқа қандай пәндерде қолдануға болады? - қандай дағдыларды меңгердіңдер және осы білімдеріңді мектепте қолдандың ба? - басқа пәндерде осы тақырыпты кездестірдің бе? Байланысы бар ма? |