kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Кестелер. Кестелер ??ру та?ырыбы бойынша саба? жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

?ыс?а мерзімдік жоспары

03.02.2015

Информатика

6-сынып

Саба? та?ырыбы:

Кестелер. Кестелер ??ру.

Жалпы ма?сат:

О?ушылар?а кесте ??руды, ?яшы?тарды ?осып, алуды, біріктіруді ?йрету. Жа?тауларды ?оюды ?йрету. Диаграмма ?осуды ?йрету да?дыларын ?алыптастыру.

Сілтеме:

· 6-шы сынып?а арнл?ан электронды о?улы?

· 6-сынып?а арнал?ан информатика о?улы?ы.

· ЦБР материалдары

О?у н?тижесі:

  • М?тіндік процессорда кестелерді ??ра алады(барлы?ы);
  • Кестелерді редакциялауды ?йрене алады(барлы?ы);
  • Ба?ан?а м?тіндерді орналастыра алады(кейбіреуі).

Саба?та ?олданыла-

тын материалдар:

ДК, интерактивті та?та, ЭО, видео, т?саукесер, о?улы?тар, д?птерлер,тараптпа карточкалар.

О?ыту ?дістері:

Д?ст?рлі т?сіндірмелі-к?рнекілікті саба?

Дерек к?здері:

· Информатика?а  арнал?ан  ж?мыс д?птері.

· О?улы?

· Сілтемелер

· Электронды о?улы?тар

· ЦБР

Тапсырмалар:

О?улы?пен ж?мыс, жеке ж?мыс, интернетпен ж?мыс, де?гейлік тапсырмалар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Кестелер. Кестелер ??ру та?ырыбы бойынша саба? жоспары»

Қысқа мерзімдік жоспары


03.02.2015

Информатика

6-сынып

Сабақ тақырыбы:

Кестелер. Кестелер құру.

Жалпы мақсат:

Оқушыларға кесте құруды, ұяшықтарды қосып, алуды, біріктіруді үйрету. Жақтауларды қоюды үйрету. Диаграмма қосуды үйрету дағдыларын қалыптастыру.

Сілтеме:

  • 6-шы сыныпқа арнлған электронды оқулық

  • 6-сыныпқа арналған информатика оқулығы.

  • ЦБР материалдары

Оқу нәтижесі:

  • Мәтіндік процессорда кестелерді құра алады(барлығы);

  • Кестелерді редакциялауды үйрене алады(барлығы);

  • Бағанға мәтіндерді орналастыра алады(кейбіреуі).

Сабақта қолданыла-

тын материалдар:

ДК, интерактивті тақта, ЭО, видео, тұсаукесер, оқулықтар, дәптерлер,тараптпа карточкалар.

Оқыту әдістері:

Дәстүрлі түсіндірмелі-көрнекілікті сабақ

Дерек көздері:

  • Информатикаға арналған жұмыс дәптері.

  • Оқулық

  • Сілтемелер

  • Электронды оқулықтар

  • ЦБР

Тапсырмалар:

Оқулықпен жұмыс, жеке жұмыс, интернетпен жұмыс, деңгейлік тапсырмалар.


Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Тапсырмалар

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабақтың мақсатымен таныстыру.

Амандасады, сабаққа келмеген оқушылардың тізімін береді, сабақтың мақсатың тыңдап, сабаққа дайындалады.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. (8 мин )

ЭО-пен жұмыс.

Сұрақтарға ауызша жауап береді, тапсырмаларды орындайды.

Сұрақтар:

  1.  Құжатты қағазға басып шығарудың дайындық кезеңдерін атаңдар.

  2. Алдын ала қарау бұйрығы не үшін керек? Ол қайда орналасқан?

  3. Алдын ала қарау терезесінен қалай шығамыз?

  4. Алдын ала қарау терезесінде көп бетті құжатты қалай қарап шығамыз?

  5.  Тез басып шығару бұйрығының Басып шығару бұйрығынан айырмашылығы неде?

  6. Құжатты басып шығару сұхбаттық терезесінде қолдануға болатын баптауларды атаңдар.

  7. Жұп беттерді басып шығару параметрін не үшін қосады?

  8. Басып шығару терезесінің Масштаб бұйрықтары бөлімдерінің қызметін сипаттаңдар.

ІІІ. Жаңа тақырып

(7 мин)





Кестелер мәтіндер мен бейнелер орналасатын жолдардан, бағандардан және ұяшықтардан тұрады. Әдетте кестелер деректерді реттеу және бейнелеп көрсету үшін пайдаланылады.

        MS Word әртүрлі құрылымдағы - саны әртүрлі жолдар мен бағандардан, біріктірілген ұяшықтардан тұратын - кестелер тұрғызуға мүмкіндік береді. Кестелер ұяшықтарының шекаралары түрі (пунктирлі, біртұтас, қосақталған және т.б.), жуандығы және түсі әртүрлі қоршау сызықтарымен сызылуы мүмкін.

        Кесте құру батырмасы жолақтың Кірістіру тіркеме парағында орналасқан. Осы батырманы басқанда төмен қарай жайылатын терезе ашылып, онда тінтуірмен жаңадан құрылатын кесте ұяшықтарының қажетті санын бояйды ( 61-сурет ).    

                                                       Кестелерді кірістіру және салу

         Жаңа кесте құру үшін Кірістіру = Кесте = Кестені кірістіру бұйрығын пайдалануға болады. Бұл жағдайда пайда болған терезеде жаңа кестенің жолдары мен бағандарының қажет сандарын көрсету керек.

         Кестелермен әрі қарай жұмыс істеу үдерісі барысында жолдар мен бағандар оңай жойылады және қосылады, сондықтан құру кезінде жолдар мен бағандардың дәл санын көрсету міндетті емес. Жолдар мен бағандардың бастапқы бірнешеуін көрсету жеткілікті.

        Егер сендер сурет салуды жақсы көрсеңдер, онда кестені жай қарындашпен салып, керек емес сызықтарды өшіргішпен (ластик) өшіруге де болады. Кестенің суретін сызу үшін жолақтың Кесте  тіркеме парағында Қарындаш батырмасын қосады. Одан кейін тінтуірдің сілтемесі сендер графикалық процессорда тікбұрыштар салған сияқты кестелер салуға болатын қарындаштың түрін қабылдайды. Өшіргіш жолақтың Конструктор = Шекаралар сызу тіркеме парағында орналасңан (62-сурет ).

         Кесте құру үшін бірінші немесе екінші тәсілді қолданған (кестенің суретін салу емес, оны қосу) ыңғайлы. Ал артық сызықтарды жоюды немесе олардың жаңаларын қосуды қарындашпен және өшіргішпен орындаған дұрыс. Әрине сендер тек бұйрықтарды немесе тек сурет салу режимін пайдалана аласыңдар. Кез келген программадағы сияқты, сендерге өздерің жақсы көретін тәсілді таңдауға болады.

Экспресс-кестелер бұйрығы кестелердің дайын шаблондарын қосады. Бұл кестелер өрленіп қойған, тек мазмұнын өзгерту ғана жетіспейді (63-сурет ).


                     Деректерді енгізу және кестелердің бойымен жылжу

         Кестелерді толтырғанда ұяшықтар бойымен тінтуірдің немесе меңзерді басқару пернелері - сілтемелер көмегімен жылжиды. Сонымен қатар ұяшықтан-ұяшыққа ауысу үшін Таb пернесі қолданылады. Бұл перне меңзерді кестенің келесі ұяшығына ауыстырады. Одан басқа, егер осы пернені меңзер кестенің соңғы ұяшығында орналасқан кезде басатын болсақ, онда кестеге жаңа жол қосылады. Бұл функцияны көбіне кестені ұяшықтан-ұяшыққа Таb пернесі көмегімен жылжып отырып толтырғанда қолданады. Меңзерді алдындағы ұяшыққа ауыстыру үшін Shift+Tab пернесін басады.

•              Жаңа кестені жолақтың Кірістіру = Кесте тіркеме парағының бұйрықтары көмегімен құрады.

•              Кестенің ұяшықтарын дайын шаблон бойынша әдемілеп әрлеу үшін Кірістіру = Кестелер = Экспресс-кестелер бұйрығын пайдаланады.

•              Кесте ұяшықтары бойымен тінтуірдің немесе меңзерді басқару пернелері көмегімен жылжиды.

•              ТаЬ пернесі ұяшықтар бойымен жылжу және жаңа жол қалыптастыру үшін қолданылады.

•              Меңзерді алдындағы ұяшыққа ауыстыру үшін Shift+ТаЬ пернесін басады.

ІV. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

(15 мин)


  • Оқулықпен жұмыс 144-145б.б. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс орындау.

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

А деңгейі

1.     Өздеріңнің апталық сабақ кестелеріңді кесте түрінде басып шығыңдар. Жолдарға сабақтардың нөмірін, ал бағандарға дүйсенбіден сенбіге дейінгі апта күндерін орналастырыңдар.

2.     Кестені «Сабақ кестесі» деген атаумен сақтаңдар.

В деңгейі

1.     Өздеріңнің достарың туралы анықтамалық мәліметтерден тұратын мынадай түрдегі кесте құрыңдар:

Аты-жөні

Телефон

Е-mail

Мекенжайы






















2. Кестені толтырыңдар.

3. Кестені «Оқушылар» деген атаумен сақтаңдар.

С деңгейі

Үлгі бойынша кесте құрыңдар

а

b

с

аvЬ

аvс

b˄с

vЬ) ˄ (аvс)

vb) ˄ (аvс) ˄ (Ь ˄ с)

+

+

+

+

+

+

+

+

+

-

+

+

+

-

+

+

-

+

+

+

+

+

+

+

+

+

-

+

+

-

+

+

-

-

-

-

-

-

-

-

-

+

-

+

-

-

-

-

+

-

-

+

+

-

+

+

-

-

+

-

+

-

-

+


V. Сергіту сәті.

(2 мин)

ЭО-та «Көзге арналған жаттығулар» бөлімін ашып, жаттығуларды орындайды.

Қол саусақтарына арналған жаттығулар

  • Алақанды уқалау.

  • Қолды қысу

  • Білезіктен айналдыру

Көзге арналған жаттығулар.

  • Көзді бірнеше рет жыпылықтату.

  • Көзіңмен ақырын оң жаққа, жоғары, солға, төмен қарай 3-4 рет айналым жаса

  • Жаттығуды орындарында отырып орындау.

VІ. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар.

(5 мин)

ЭО-пен жұмыс. Тест тапсырмасын ДК-де орындайды.

Өзіңді тексер!

  1. Кесте құру бұйрығы қайда орналасқан?

А) жолақтың Кірістіру бөлімінде*

Ә) жолақтың Басты = Кестелер бөлімінде

Б) жанама мәзірде

В) Оffice батырмасының мәзірінде

  1. Экспресс-кесте бұйрығының қызметі:

А) кестені тез құруға мүмкіндік береді

Ә) кестенің артық элементтерін жояды

Б) 10x10 мөлшерлі стандартты кестені қосады

В) кестелердің дайын шаблондарын қосады*

  1. Кестенің ұяшықтары бойынша қалай жылжуға болады?

А) қажет ұяшықты тінтуірмен шерту арқылы

Ә) бос орын пернесімен

Б) F1-F12 пернелерімен

В) меңзерді басқару пернелерімен*

  1. Кестенің соңына жаңа жол қосу үшін қандай пернені басу керек?

А) Shift

Ә) Tab*

Б) Ins

В) Break

  1. Кестенің бір ұяшығына кері жылжу үшін қандай пернелерді басу керек?

А) Shift+Ins

Ә) Shift+Break

Б) Shift+Tab*

В) Tab

VІI. Үйге тапсырмасын беру. (2 мин)

§ 22 оқу, конспект

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

VIII. Бағалау

(2 мин)


Әр оқушыға жеке тұлға ретінде баға беру. (жарайсың, қолыңнан келеді, көп еңбектендің)

Бір - біріне баға береді, ұнаған жерлерін айтып пікір таласады

IХ. Рефлексия

(2 мин )






Оқушылар алдарында жатқан түрлі-түсті смайликтарды акеліп, тақтаға жабыстырыды.

  • Қызыл- Мен барлығын өте жақсы түсіндім, маған сабақ өте қызықты болды.

  • Сары - Маған барлығын түсінікті, бірақ кейбір ақпараттар маған қызықсыз болды.

  • Жасыл - Мен аздап түсінген жоқпын, бірақ мен үшін сабақ қызықты өтті

  • Көк - Мен мүлдем түсінбедім, сабақ маған қызықсыз болды








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Кестелер. Кестелер ??ру та?ырыбы бойынша саба? жоспары

Автор: Нургалиева Гульмира Талгатовна

Дата: 03.03.2016

Номер свидетельства: 301938


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства