Сүйінбай атындағы орта мектеп Үшбұлақ бастауыш мектебімен К.М.М
Ашық сабақ
Тақырыбы:Мәліметтер
Орындаған:
Информатика пәнінің мұғалімі
Тлеукулова Б.А
2015-2016 оқу жылы
Қарақыстақ ауылы
Сынып 7 А Бекітемін:
Күні 19.11.2015
Сабақтың тақырыбы: Мәліметтер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, мәліметтер туралы білімдерін қалыптастыру. Дамытушылық: ойлау қабілеттерін дамыту, сөз мәдениетін жетілдіру, шығармашылық ізденістерін арттыру, өз білімдерін дамыту. Тәрбиелік: оқушыларды бір–бірі құрметтеуге,адамгершілікке,ұқыптылыққа, жүйелілікке , тәрбиелеу. Сабақтың типі: Ашық сабақ Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Pascal программалау тіліндегі прогамманың құрлымын сипаттаңдар.
Программада оператор арасында болу керек белгілер бар ма?
Программаның басы мен соңы қалай белгіленеді?
Write пен Writeln енгізу операторларының қандай айырмашылықтары бар?
Программаның компиляциясы дегеніміз не? Оны қалай іске қосамыз?
III. Білімін жан-жақты тексеру кезеңі
Үлестірме карточклармен жұмыс
IV.Мақсат қою кезеңі
Бүгін біздің өтетін тақырыбымыз Мәліметтер.
Мақсатымыз: мәліметтер туралы, олардың типтері, стандартты функциялары,өрнектері және олардың жазылуы туралы жалпы түсінік қалыптастырып , білімімізді дамыту. Өзімізді адамгершілікке, ұқыптылыққа және жуапкершілікке тәрбиелеу.
V.Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі
Айнымалылар түсінігі
Программалар , экранға алдын ала дайындалған сөздердң шығаруға арналмаған. Ондай міндеттерді мәтіндік процессорлар жақсы атқарады.
Бірқатар мәліметтермен жұмыс істейтін программаларды жасау үшін мәліметтерді анықтап, жадта сақтау керек.
Айнымалылар – программамен бөлінген жадтың ұяшығы, оған атауы бойынша жүгінуге болады.
Мәліметтер типі туралы түсінік
Әр айнымалы үшін жадтан ұяшық бөлінетіндіктен әрбір айнымалыны сақтау үшін жадтан қанша байт бөлу керек екендігін программа білу қажет, екіншіден аргумент қажеттілігіне байланысты айнымалы түрінде жариялау үшін компилятор берілген айнымалымен қандай іс-әрекеттер жасауға болатындығын білу керек.
Мәліметтердің немесе шамалардың типі деп- лоардың қабылдай алатын мәндерінің және олармен орындауға болатын амалдардың жиынын анықтауды айтады, яғни тип дегеніміз – шамалардың қабылдайтын мәндеріне берілетін сипаттам
Паскаль тілінде пайдаланылатын барлық типтер (скалярлық) қарапайым және құрлымдық ( структуралық) болып екі үлкен топқа бөлінеді.
Скалярлық типке шамалардың стандартты типі және жасанды тип жатады.
Стандартты типтерге :
INTEGER - бүтін
REAL - нақты
BOOLEAN - логикалық
STRING - жолдық
TEXT – мәтіндік тәрізді типтер жатады.
Жоғары сыныпта құрлымды типтегі жиымдарда – ARRAY,жазбалар- RECORD,жиындар – SET,файлдар – FILE түрлеріне бөлінеді.
6-кестеде Pascal- да қолданылатын мәліметтердің стандартты типі көрсетілген.
6-кесте. Мәліметтердің стандартты типі
Тип
Атаулар
Мәндер аралығы
Ұзындығы(байт)
Shortint
Қысқа бүтіндер
-128-ден 127-ге дейін
1
Integer
Бүтіндер
-327768-ден 327767-ге дейін
2
Real
Нақты
-1.7Е38-ден 1.7Е37-ге дейін
6
Boolean
Логикалық
True және False
1
Char
Символдық
Бір символ,ол бір тек тырнақшаға алынады
(мысалы, ‘a’) .
1
String
Жолдық
Бір тырнақшаға алынған символдар тізбегі (мысалы, ‘мектеп’)
255 символға дейін,1 байт қосылған 1 байт әр символға
Мәліметтердің нақты типтерінде бүтін және бөлшек бөлімдер нүкте арқылы жазылады. Мысалы, төрт бүтін оннан бес былай жазылады:2.5
Программада қолданылатын барлық айнымалылар арнайы Var бөлімінде жариялануы тиіс, ол программада Begin кілттік сөзіне дейін орналасады.
Мысалы,
Var
a:shortint;
b,c: real;
d:string;
Меншіктеуоператоры
Айнымалының мәнін меншіктеу үшін :=(қос нүкте және теңдік белгісі) символы қолданылады.
Pascal-да арифметикалық меншіктеу операторы мына пішімге ие: := .
Негізгі арифметикалық амалдар белгілері былай жазылады:
+ қосу;
- алу;
* көбейту;
/ бөлу;
Екі символды қосудың мысалын қарастырайық.Үш айнымалы қажет: бір қосынды,екі қосылғыш. Бұл айнымалылардың типі бүтін деп аықтауға болады.
Program 1misal;
Var
a,b,c: integer;
Begin
a:=2;
b:=3;
c:=a+b;
Write (‘a+b=’,c);
End.
VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі
- Айнымалы терминіне анықтама беріңдер.
- Pascal – да қолданылатын стандартты мәліметтер типін атап шығыңдар.
- Айнымалылар жарияланатын бөлімді айтыңдар. Бұл бөлімде айнымалылар қалай жазылады?
- Меншіктеу операторының пішімін жазыңдар.
- Айнымалының сипаттамаларын атап шығыңдар.
VII.Оқушылар білімін бекіту кезеңі
Оқулықтағы 65-67 беттердегі тест жұмысын тест дәптеріне орындаймыз.10 минуттың ішінде орындап жинап береміз.
VIII.Оқушыларға үй тапсырмасын беру,оқушылар білімін бағалау
Үйге тапсырма: Мәліметтер тақырыбын оқу.
Мәліметтердің стандартты функцияларын жаттау.
64 беттегі 7 кестені толтыру.
Екі символды пайдаланып , арифметикалық амалдарға прогамма құрып жазу жұмыс дәптерлеріңе.