09.12. 1.2015жыл
р/с | Кезең, оның мазмұны | Мұғалімнің іс - әрекеті | Оқушының іс – әрекеті | Оқыту үшін бағалау, оқу үшін бағалау | Ресурстар |
1 | Кіріспе. Қауіпсіздік ережесін естен шығармайық | Қауіпсіздік ережесін еске түсіру | Оқушылар қауіпсіздік ережесінің бөлімдерін айтып шығады | Ауызша бағалау | Қауіпсіздік ережесі |
2 | Топқа бөліну Оқушыларды 2 топқа бөлу І топ «Ақпараттық» ІІ топ «Материалдық» ІІІ топ «Графикалық» | Таратылған қобдишадағы смайлинктердің түстеріне қарай топқа бөлу | Оқушылар топқа бөлінеді | | |
3 | Негізгі бөлім Сабақтың мақсаты: Ойларын құрастырып, белсенді тыңдап, бар ойын талқылауға мүмкіндік беру. Өзін сенімсіз сезінетін оқушыларға көмектесу | Миға шабуыл: Өтілген материалға байланысты түрткі сұрақтар беру? Алгоритм дегеніміз не? Алгоритмнің қандай қасиеттерін білесіңдер? Алгоритм атауы қайдан шыққан? Алгоритм құрылымына қарай нешеге бөлінеді? Сызықтық алгоритм дегеніміз не? 6.. Тармақталу алгоритмі дегеніз не?. 7.Тармақталу алгоритмі қандай түйінді сөздер арқылы беріледі? 8. . Циклдік алгоритмдер дегеніміз не? Мысал келтір. | Оқушылар сұрақтарға жауап береді Жауаптарын тақтаға іледі | Жарайсыңдар! «Тамаша» «Ыстық орындық» әдісі | Таныстырылым |
4 | Мағынаны тану. Жаңа сабақты слайдпен көрсету. | Оқушыларға жаңа сабаққа байланысты сұрақтар таратады Тақырыпты оқып шығады | Таратылған сұрақтарға жауап бере отырып жаңа тақырыпты ашады. | Өте жақсы, жарайсыңдар. | |
5 | Тапсырма: (кез келген геометриялық фигураларды пайдалану) | “Кез келген тақырыпта модель жасау” Театр костюмдерінің эскизі Туған күнге арналған сыйлық Қысқы маусымға арналған киімдер | Оқушылар постерлерге модель құрады, топтық жұмыс көрсетеді, оны қорғайды, топ бағалайды | Топтық бағалау жүреді. Бағалау критерииі бойынша жүреді. | Үлестірмелі плакаттар, парақтар |
6 | Тапсырмалар орындау: «Модель» терминіне қатысты сөзді шешу. | «Модель» терминіне қатысты сөзді табу | МОДЕЛЬ терминіне қатысты неше сөзді тауып, топпен санайды | Топ басшысы бағалау парағына жазып отырады. | |
7 | «Компьютерлік тәжірибе» | Берілген дайындамадан графикалық редактордың көмегімен композиция құру | Оқушылар стандарттық графикалық нысанның мәнін тауып анықтап, сәйкестендіреді. | Өте жақсы, жарайсыңдар! | |
8 | «Тобықтай ойдың түйіні» кезеңі Сөйлемді жалғастыр: | Сабақты бекіту сұрақтары беріледі Модель – бұл . . . Модельдеу кезеңдері – бұл... Модель құруда . . . | Оқушылар берілген сөйлемнің анықтамасын тауып жалғастырып оқып шығады. Берілген сұрақтарға жауап бере отырып, өздері модельге анықтама береді. | Мадақтау | |
9 | Сергіту сәті: Жаттығу орындау | Оқушыларға қол, дене, көз жаттығуларын жасату | Жаттығуларды мұғалімнің айтуы бойынша орындап бір дем алады | | |
10 | Қорытынды. Мақсаты: Алған білімдерін қорытындылау | Блум такс бойынша: Модель түсінігі. Қолдану деңгейі Шығармашылық деңгейі | Оқушылар білімді біліп, түсінгендерін, қолданып, талдап, жинақтағандарын бағалайды | Өзін – өзі бағалайды, топ басшысы бағалайды | Бағалау парағы |
11 | Рефлексия кезеңі | Рефлексия кезеңі Сабақтан қандай мағлұмат алдың? Қай тапсырманы шешу қиын болды? Не біліп, не үйрендік? | Бүгінгі сабақтан нені меңгергендіктерін айтып, қысқаша стикерлерге жазады | Өте тамаша Барлығының жиынтық бағасы шығарылады | Стикерлер, смайликтер |
12 | Үйге тапсырма: | Оқулықтағы «Модель түрлері» тақырыбын оқып келу | | | |
13 | Бағалау | Оқушыларды жиынтық бағалау жүреді | Күнделікке жазып алады | | күнделік |