Сабақ № 2 | Күні: 15 .09. 2016 ж |
Сабақ тақырыбы: | Компьютерде ақпараттарды ұсыну тәсілдері. |
Сілтеме: | Жоспар (күнтізбелік жоспар) |
Жалпы мақсаттар: | Оқушыларға ақпарат түсінігін түсіндіру және ақпараттармен атқарылатын іс-әрекеттерді жүргізу тәсілін, өзінің сабақ мақсатында және дүниетанымын кеңейту мақсатында жаңа идеялар мен әлем жаңалықтарында хабардар бола алады. Оның қосымша мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін меңгере алады. |
Оқыту нәтижелері: | Оқушыларға ақпарат туралы түсінік беріп, оның түрлерін ажырата білу, сонымен қатар ақпарат ресурстарын пайдалану әдістері мен өлшем бірлігін анықтау әдістерін меңгерту. |
Түйінді идеялар: | Ақпараттың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдерін әр түрлі әдістер арқылы оқушыларға жеткізу. |
Орындалатын іс-әрекеттер: |
Мұғалімнің орындалатын іс-әрекеттері | Оқушының орындалатын іс-әрекеттері |
1.Ұйымдастыру. 3 (мин). | 1.Сыныптағы тәртіп, оқушылардың топтасуы. |
2.Жаңа тақырыпты меңгеруге дайындық: а) Оқушылардың ақпарат туралы түсінігін анықтау. ә) Оқушылардың ақпарат түрлері мен оларды топтастыру туралы жалпы түсінігін толықтыру. | 2. Сұрақтарға жауап береді, пікір алмасу: а) Ақпарат дегеніміз не, адам оны қалай қабылдайды? ә) Ақпаратты топтастыру, қандай түрлері бар? (Сұраққа байланысты слайд көрсету, мысалдар қарастыру). (1-қосымша) |
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру: а) Информатика ғылымы бойынша толық ақпарат ұсыну. ә) Ақпарат туралы түсінік беру, қолдану жолдары, ақпарат өлшем бірлігімен жұмыс істеу. б) Ақпаратты арналары , жеткізу тәсілдері, дұрыс пайдалану. | 3. Презентация бойынша, интерактивті тақтада мысалдар: а) Информатика туралы мағлұмат беру. ә) Ақпарат саны мен өлшем бірлігін анықтау тәсілдерін көрсетіп, мысалдар арқылы түсіндіру. б) Әлемнің ақпараттық бейнесі бойынша пікір-алмасуды ұйымдастыру арқылы жаңа ғасырдағы ақпараттың бейнесін, қоғамдағы рөлін анықтау. (3-қосымшаны пайдалану, бейне баяндама) |
4. Жаңа материалды меңгергенін тексеру: а) Оқушылардың сабақты меңгергенін тексеру, бақылау, қосымша бағыт-бағдар беру. | 4. Жеке-жеке тапсырмалар беріледі: а) Оқушылар оқулықтағы өзіндік «Өзің орында» тапсырманы орындайды. (Оқулық тапсырмасы) ә) Карточкалар үлестіріліп, деңгейлік тапсырмалар жеке-жеке орындалады. (3-қосымша) |
5. Сабақты бекіту: а) Оқушылардың сабақты меңгергенін тексеру, қалыптастыру, бағыт-бағдар беру. | 5. Оқушылардың білімдерін бекіту: а) «Әлемдік ақпарат. Ақпараттық арналар» тақырыбында тренинг ұйымдастыру (постермен жұмыс жасалады). |
6. Үйге тапсырма беру, сабақты қорытындылау, бағалау: а) Үй тапсырмасына түсініктеме беріп, орындауға бағыт-бағдар беру. | 6. Сабақты қорытындылау: а) Оқушылардың бүгінгі тақырып бойынша қосымша деректер (баяндамалар, мәнмәтін, қосымша ақпарат) жазып, қорғау. ә) Сабақ соңында тренингтің қорытындысын жасап, оқушыларды бағалау. |