Кестелерді жасау ?дістері туралы білімдерін ?алыптастыру. Кез келген кесте (электронды болуы міндетті емес) ?яшы?тарды ??райтын жолдар мен ба?андар?а б?лінген. Б?л ?яшы?тар?а ?р т?рлі а?параттар жазылады, мысалы, сандар, формулалар, м?тіндер ж?не т.б.
Кестемен ж?мыс ?детте оны ??рудан басталады. Кестелерді редактілеу операциясына ?яшы?тарда?ы м?тіндермен, кестелер элементтерімен ( жолдармен, ба?андармен ж?не шекаралармен) ж?ргізілетін ?рекетттерді? де ?атысы бар.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Білімділік: Кестелерді жасау әдістері туралы білімдерін қалыптастыру;
Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, интерактивті тақта, тест жұмыстары.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Кез келген кесте (электронды болуы міндетті емес) ұяшықтарды құрайтын жолдар мен бағандарға бөлінген. Бұл ұяшықтарға әр түрлі ақпараттар жазылады, мысалы, сандар, формулалар, мәтіндер және т.б.
Кестемен жұмыс әдетте оны құрудан басталады. Word бағдарламасында кесте құру үшін келесі тәсілдердің бірін пайдаланыңыз:
Лентада Кірістіру қосымшасындағы Кесте тобында Кесте батырмасын басыңыз (5.1. Сурет). жолдар мен бағандардың санын таңдаңыз (5.2. Сурет)
5.1. Сурет. Кірістіру қосымшасындағы Кесте тобы
5.2. Сурет. Кестенің бағандары мен жолдарының санын таңдау
Лентада Кірістіру қосымшасындағы Кесте тобында Кесте батырмасын басыңыз, Кестені кірістіру командасын таңдаңыз. Кестелерді кірістіру диалогтық терезесінде жолдармен бағандардың санын таңдаңыз және ОК батырмасын басыңыз.
5.3Сурет. Кестелерді кірістіру диалогтық терезесі
Лентада Кірістіру қосымшасындағы Кесте тобында Кесте батырмасын басыңыз және Жылдам кестелер (Экспресс- таблицы) командасын таңдаңыз. Алдын ала қараудың таңбашаларымен атына бағдарлай отырып, сай келетін кесте стилін таңдаңыз (5.4. Сурет)
5.4 Сурет. Кестенің жылдам- стилдері
Құжаттың кесте қою қажет жеріне + (қосу) және – (алу) таңбаларын енгізіңіз, одан кейін Enter пернесін басыңыз. Мысалы, үш бағанды кесте құру үшін +_+ _+ _+ _+ таңбаларын енгізу қажет. Мынаған назар аударыңыз: мұндай кестені құру қосу таңбасымен аяқталуы қажет, айтпесе кесте құрылмайды;
Кесте батырмалары менюіндегі Кесте салу батырмасының көмегімен кестені қолмен салыңыз. Сіз Кестені салу командасын шақырғаннан лентада пайда болатын Конструктор қосымшасындағы сәйкес келетін батырмаларды пайдаланып, сызықтардын түрін және қалындығын, шекараларының түсін орната аласыз (5.5. Сурет). Кестелер стилінің параметрлері тобында кесте құрудың қосымша параметрлерін көрсетуге болады;
5.4Сурет. Кестені салу командасын шақырғаннан кейінгі Word терезесі
Сіз Кестені салу батырмасын басқан кезде нұсқағыш қарандаш пішініне айналады. Алдымен кестенің кескінін құрыңыз (5.6. Сурет), одан кейін көлденең және тік сызықтарды салыңыз (5.7. Сурет)
5.6.Сурет. Кесте құрудың бірінші кезеңі
5.7. Сурет. Кесте құрудың екінші кезеңі
Сурет. Кесте құрудың үшінші кезеңі Жұмыс аяқталғаннан кейін құжаттың кестеге қатысы жоқ жеріне тышқанды шертіңіз. Егер сізге кестені редактілеу қажет болса, онда кестеге шертіңіз және Конструктор қосымшасына қайтадан өтіңіз.
5.2Кестелерді редактілеу
Кестелерді редактілеу операциясына ұяшықтардағы мәтіндермен, кестелер элементтерімен ( жолдармен, бағандармен және шекаралармен) жүргізілетін әрекетттердің де қатысы бар.