Сабақтың тақырыбы: Кестелі мәліметтердің графикалық көрінісі |
Сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | Электронды кестеде диаграммалар құру |
Сабақтың мақсаттары: | Барлығы: Электрондық кестеде диаграмма құру жолдарын білу |
Көпшілігі: Электрондық кестеде диаграмма құру барысында диаграмманың түрлері мен элементтерін білу |
Кейбірі: Диаграммалардың барлық түрлерін құру және диаграмманы форматлай алу (диаграмманың типтерін, атын өзгерту, остері, тор сызығы, аңыз (легенда), мәліметтер таңбасы, сандық мәліметтерді орнату, атын жазу, тағы басқалар) |
Бағалау критерийлері: | Электрондық кестеде диаграмма құра алады Диаграмма түрлерін және элементтерін біледі. Мәліметтер бойынша кесте құрады және кесте бойынша күрделі диаграммалар құра алады. |
Тілдік мақсат: | Диаграмма, диаграмма типтері, аты, осі, тор сызығы, аңыз (легенда), мәліметтер таңбасы, сандық мәліметтерді көру (Подписи данных) Диаграмма құру үшін: 1. Ұяшықтарға мәліметтерді кірістіреміз 2. Оларды ерекшелейміз 3. Вставка- Диаграмма командасын береміз 4. Диаграмма түрін, көрінісін таңдаймыз 5. Диаграмма атын, тағы басқаларды кірістіреміз |
Құндылықтарға баулу | Жалпыға бірдей еңбек қоғамы: Еңбек және шығармашылық, ынтымақтастық, өмір бойы білім алу |
Пәнаралық байланыстар | Орыс тілі Бейнелеу математика Сабақта компьютермен жұмыс барысында барлық командалар орыс тілінде болғаны үшін орыс тілі пәнімен байланысады. Электрондық кестеде диаграмма құру барысында диаграмманың түсін өзгерту, аймақтарын бояу бейнелеу пәнімен байланысады,сандық ақпараттармен жұмыс істеу барысынада математика пәні байланысады. |
Алдыңғы білім | Шартты форматтау |
Сабақтың барысы: |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар |
Сабақтың басы | Ұйымдастыру кезеңі. | |
3 минут 2 минут | Оқушылармен сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Топқа бөлу: «Суретті анықта» әдісі арқылы оқушыларға суреттің қиындылары беріледі, қиындылардың бөліктерін біріктіру арқылы топ құрайды. «Озық ойлы» әдісі 1.Excel программасы елімізге қай жылы енді? 2. Электрондық кестелік процессор? 3. MS Excel электрондық кестеде жазылған файлдың кеңейтiлуi? 4. Excel терезесі 6 бөліктен тұрады атаңыз? 5.Ұяшықтың қанша түрлі адресі бар? | Сурет қиындылары Слайд |
Сабақтың ортасы 7 минут | Қызығушылықты ояту үшін оқушыларға сұрақтар беріледі: 1. Мәліметтерді көрсетудің қандай жолдарын білесіздер? Оқушылардан осы сұрақтардың жауабын ала отырып жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырамын. Жаңа тақырып: «Кестелі мәліметтердің графикалық көрінісі» Топтастыру әдісі топ 2 – топ 3 – топ Диаграмма құру жолдары | Слайд Флипчарт,электрондық кестелік редактор |
Практикалық жұмыс 15 минут | 1 топ тапсырма Оқушылардың сабаққа қатысы Дескриптор Мәліметтер ұяшықтарда енгізе алады Формулаларымен жұмыс істей алады Диаграмма құру әдістерін біледі 2 топ 2 - тапсырма Сыныптың білім сапасы Дескриптор – мәліметтерді автоматті түрде кірістіруді біледі – мәндерді есептеу формуласын біледі – мәліметтер бойынша диаграмманың график түрінде құра алады 3 топ 3 – тапсырма Мемлекеттердің халық саны Дескриптор | Презентация Компьютер-лер, Microsoft Excel бағдарла- масы |
Сабақтың соңы 5 минут | Қорытындылау. БҮҮ кестесінің 2-3 бағанын толтырады. білемін | үйренгенім | үйренгім келетіні | | | | Оқушылар білгендерін, үйренгендерін, үйренгісі келген мәліметтерді параққа жазады . Кері байланыс Бүгінгі сабақтан алған әсерім? Үйге «Электрон кестеде диаграмма құру» тақырыбын оқып келу. | Компьютер, оқулық |
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетесіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз | Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Оқұшыларды бір -біріне үйрету мақсатында топтық жұмысты ұйымдастырдым. Оқушылардың қажеттілігіне орай деңгейлік тапсырмалар ұйымдастырдым. | Оқушыларды сабақ барысында сұрақ – жауап арқылы алған баллдарын, термин сөздерді дұрыс жазғаны, практикалық тапсырмаларын компьютермен дұрыс орындағандарын, БҮҮ кестесі толтыруда өз-өзін бағалағандарын қосып қорытынды бағаны жариялау. | Кабинет қауіпсіздік ережесін сақтау Көзге арналған жаттығулар, Арақашықтықты сақтау Дұрыс отыра білу Сергіту сәтінде қауіпсіздікті сақтау |