Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Есептерді электронды кестелердің көмегімен шешу | Мектеп: |
Күні: 04.12..2018ж. | Мұғалімнің аты-жөні: |
Сынып: 7б,в,г,д. | Қатысқандар саны: 7б- 7в- 7г- 7д- | Қатыспағандар саны: 7б- 7в- 7г- 7д- |
Сабақ тақырыбы: | Кестелі мәліметтердің графикалық ұсынылуы |
Сабақ негізделген оқу мақсаты | 7.2.2.3 –электронды кестеде диаграмма құру |
Сабақ мақсаттары | -электронды кестеде диаграмма құруды үйрену |
Бағалау критрерийі | -Электронды кестеде диаграмма құрады |
Тілдік мақсат | Оқытудың тілдік мақсаты: - - деректерді графикалық берілуі бойынша (диаграммалар) талдай алады Пәнге қатысты лексика және терминалогия: кесте, ұяшық, қатар, баған,парақ, формула, диаграмма, Диалог құруға және жазылымға қажетті сөздер топтамасы: - Міндетті шешу үшін біз…пайдаландық, себебі … Деректерді бейнелі көрсеу үшін … болады. Диаграмма құру үшін алдымен …, содан кейін … |
Құндылықтарға баулу | Оқушылардың бойында зерттеушілік, инновациялық, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру арқылы бәсекеге қабілетті ету |
Пәнаралық байланыс | Үш тілділік мақсатында терминдерді қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне аудару; Математика: формулалар, сандар |
АКТ қолдану дағдылары | Word, Excel редакторында ақпаратты енгізеді,сақтайды және өңдей алады. |
Бастапқы білім | Кестелі мәліметтердің графикалық ұсынылуы. |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар |
Сабақтың басы 3 минут | Ұйымдастыру. І Ұйымдастыру кезеңі А)«Сіз кімсіз?» Тренинг арқылы көтеріңкі көңіл-күйге шақыру (3 минут) | Оқушылар эмоцияларын сыртқа шығарып, еркін күліп алады. |
Сабақтың ортасы 7 минут 10минут Бағалау критерийі - Электронды кестеде диаграмма құрады 15минут | Үй тапсырмасын тексеру сұрақтар арқылы: -Шартты форматтау деген не? -Шартты форматтау құралдары қандай бөліктерден тұрады? -Шартты форматтаудың пайдаланушыға қандай пайдасы бар? Жаңа тақырыптың материалын интерактивті тақта арқылы көрсетемін. Миға шабуыл: Электронды кестедегі мәліметтерді пайдаланып, қалай диаграмма салуға болады? «Джигсо» әдісі: -Электронды кесте арқылы қалай диаграммаларды сызамыз? -Жасалған диаграмманы қалай түзетуге жіне толықтыруға болады? Оқушылар берілген сұрақтар бойынша кітаппен жұмыс жасайды. Түсінгендерін ортада талқылайды. Ауызша мадақтау, ынталандыру 1 тапсырма Мәтінді оқыңыз. Электронды процессорде кесте құрыңыз. Қазақстан Республикасы – қазақ ұлтынан басқа, өздерінің мәдени , тарихи құндылықтарын, тілін сақтаған көптеген өзге ұлт өкілдері өмір сүретін полиэтикалық мемлекет. Олар: орыстар (23,7%), украиндар (2,1%), өзбектер (2,9%), татарлар (1,3%), ұйғырлар (1,4%), немістер (1,1%) сонымен қатар, басқа ұлт өкілдері (4,4%) Дескриптор Білім алушы - электронды кестеде кесте құрады. 7.2А «Электронды кестенің көмегімен есептерді шығару» бөлімі бойынша жиынтық бағалау | слайд Оқулық, интерактивті тақта, слайд. Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары БЖБ тапсырмалары |
Сабақты қорытындылау 5минут | «Ғажайып жетілік» ойыны арқылы сұрақтар беремін. -Диаграмма дегеніміз не? -Оның қандай түрлері бар? -Электронды кесте арқылы қалай диаграмма сызамыз? -Диаграммалар қай салада жиі қолданылады? Себебін түсіндіріңдер. «Басбармақ» әдісі. Кері байланыс. Оқушылар сабақтан алған әсерлерін басбармақтарын көрсету арқылы білдіреді Критерийлер арқылы өзін-өзі бағалау Үйге тапсырма: оқып, түсінік айту | Интербелсенді тақтадағы сұрақтарға жауап береді. |
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? | Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс |
Оқушылар бірлескен топтарда жұмыс істейді және бірін - бірі қолдайды. Егер қажет болса қабілеті төмен оқушыларға қажет жағдайда үлгеруші оқушыларды көмек көрсетуге ұсынылады. Практикалық жұмыс №1-2 Тапсырманы модельдеу. 80-бет | Оқушыларды олардың бірлескен жұмыстары немесе жеке жұмыстары кезінде қадағалау. Барлық оқушыларға бір - бірінің жұмысын толықтыруға мүмкіндік беретін рөлдер беру. Критерийлер арқылы өзін-өзі бағалау. | Денсаулыққа және қауіпсіздік техникасын сақтауға ерекше көңіл аударылады. Сергіту сәті |
рефлексия Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? | Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. |
|
Қорытынды бағамдау.Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз?) 1: Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз?) 1: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? Кері байланыста жазылған ұсыныстар мен сұраныстарға негізделемін. |