kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ғаламдық тор

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: Ғаламдық желімен танысып, ақпарат алмасу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ғаламдық тор»

Топ

Күні


Тақырыбы: Ғаламдық тор


Мақсаты: Ғаламдық желімен танысып, ақпарат алмасу


Міндеттері:

  • Балалардың логикалық ойлау қабілетін, зейіндерін, сөйлеу қабілеттерін дамыту.

  • Жұмыс кезінде ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

  • Ғаламдық желімен танысып, ақпарат алмасу, пішіндердің көмегімен сурет салу.


Сабақ түрі: практика – сабақ.


Сабақ типі: практикум элементтері бар түсіндірмелі – көрнекілікті.


Сабақ көрнекілігі: компьютер, слайд, карточкалар.


Билингвальді құрам: Ғаламдық желі - internet Тінтуір - mouse


Сабақ барысы:


Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, сыныптағы оқушыларды түгендеу, сабақ тақырыбын, мақсатын қою.

Жүрек жылуы:

Сәлеметсіздерме, достар!

Мен сіздерді көргеніме қуаныштымын!

Қазір менің колымдағы шарды тізбек бойымен жібереміз. Кімнің қолында осы шар болса, сол көрші тұрған балаға жылы сөздер айтады. Мысалға: мен - Азиза, Жангир сен ең мықты жігітсің. Ақырында, шар бастаған кісіге қайтып келеді. Бәрекелді, міне біз бір-бірімізге жылы сөздер айтып, көңілімізді көтердік. Ал енді сабақты бастайық.

  • Компьютер сыныбында не істеуге болмайды? (Электр сымы мен ажыратып қосқышты тиiспеу, сыныпта жүгiрмеу, компьютер жанына артық заттарды қоймау, ылғал қолмен және киiммен жұмыс жасамау)

  • Компьютер алдында қалай отыру керек? (Компьютер алдында қисаймай тiк және монитор экранынан 50 см қашықтықта отыру)

  • Компьютер алдында неше минут отыру керек? (10 минут отырып, көз шарамайтындай жаттығулар орындау)

  • Компьютер алдында көп отырсақ ағзамызға қандай зақым келеді? (Бас аурады, көз ашиды, арқаң шаншиды) жақсы көп рахмет.

Балалар бүгін бізде ерекше сабақ, өйткені біз келер шаққа аттанамыз. Келер шақта біз компьютерлік байланыс құрып, ғаламдық торды толтыруымыз керек. Келер шаққа немен баруға болады?

Балалар жауабы: көлік, велосипед, ұшақ, зымыран, кемемен...

Дұрыс айтасыздар, біз сендермен шарлармен ұшып барамыз. Ол үшін шарларды ұстап көзімізді жұмамыз. Музыка қосылады. Жақсы көзімізді ашамыз...

Қараңдар ғаламдық тор бұзылып қалыпты. Оны қалпына келтіру үшін бірнеше тапсырманы орындау қажет.

Балалар жауабы: Иә, бірақ қандай көмек қажет оған. Бастайық онда.

Бірінші жаттығу: алдарыңдағы дисктерде сандар мен әріптер жазылған соның көмегімен сөзжұмбақты шешейік. Дұрыс информатика. Балалар осы компьютер деген не?

Балалар жауабы: компьютер бірнеше бөлшектерден тұрады. Монитор, жүйелік қорап, тінтуір, пернетақта. Компьютерді үйде, дүкенде, жұмыста, мектепте қолданады. Онда хат жазуға болады, сурет салуға, ойын ойнауға, мультфильм көруге.

Өте жақсы! Қараңдар ақырындап біздің торымыз қалпына келуде.

Екінші жаттығу: заттарды санап үлкен кіші белгілерін қою. Интерактивті тақтада орындаймыз.

Үшінші жаттығу: компьютерлерде шарларды ұстау ойыны. Тінтуірдің батырмасын екі рет шерту арқылы орындау.

Сергiту сәтi

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш

Орнымыздан тұрамыз.

Төрт бұрышты қолданып,

Үш бұрышты қолданып,

Үй жасаймыз кіріңіз,

Жаңа қоныс, жаңа үйге,

Қуанышпен кіріңіз.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш

Отырамыз орынға.

Жақсы! Өте жақсы.

Төртінші жаттығу: Енді тақтаға шығып есеп шығарайық.

Бесінші жаттығу: TuxPaint графикалық редакторында көлік, кеме және велосипед саламыз. Балалар ал қандай бағдарламада саламыз суретті?

Балалар жауабы: TuxPaint графикалық редакторында Пусктың ішінде бояу мен қыл-қаламның суретін таңдаймызда, тінтуірді басамыз. Сосын ашылған әйнекте сурет салуға болады.

Жақсы онда бәріміз TuxPaint графикалық редакторын ашайық.

Мұғалім қиналып отырған балаларға барып көмектесемін. Өте жақсы. Балалар қазір көзге арналған жаттығулар жасаймыз.

Көзге арналған жаттығулар:

Көздерді оңға – солға, солдан оңға қарай қозғалту;

Көз қарашығын көкке одан төменге қарату;

Сағат тілі бойымен көзді айналдыру;

Тез арада көзді ашып – жұму;

Көздерді солжақ астыңғы бұрыштан, оңжақ үстіңгі бұрышқа қарату. Дәл солай бірақ енді керісінше жасау.

Әрбір жаттығуды кемінен 3 рет қайталау қажет

Өте жақсы. Балалар қараңдарш міне біз ғаламдық торды толықтырдық. Бір немесе бірнеше мемлекеттің аумағында орналасқан желілер ғаламдық деп аталады. Интернет – миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі амалдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүние жүзіндегі ең үлкен және ең танымал желі.

Сабақты қорытындылау: жақсы балалар біздің сабағымыз аяқталып келеді, қазір сабақты пысықтап өтейік. Біз бүгін үлкен жұмыс атқардық. Нені қалпына келтірдік? Қалай ғаламдық торды толықтырдық? Енді біз ақпаратты қалаған кісімізден, қалаған мемлекеттен ала аламыз. Жақсы балалар осымен біздің сабағымыз аяқталды.

Ал енді келесі сабақта кездескенше!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Ғаламдық тор

Автор: Азиза Азатқызы Хасанова

Дата: 18.10.2016

Номер свидетельства: 350142

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) ""?аламторды? пайдасы мен зияны" пікір - талас"
    ["seo_title"] => string(38) "galamtordynpaidasymienziianypikirtalas"
    ["file_id"] => string(6) "321108"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1461226454"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "?аламды? ете м??жиз??е"
    ["seo_title"] => string(28) "k-alamdyn-ietie-mog-zhiz-hie"
    ["file_id"] => string(6) "260358"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1448953809"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "Киіз ?йді? ??рылысы. Киіз ?йді ??растыру"
    ["seo_title"] => string(34) "kiizuidinkurylysykiizuidikurastyru"
    ["file_id"] => string(6) "312491"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1459345979"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(108) "Ұйымдастырылған оқу қызметі Тақырыбы: Не қалай дыбыстайды?"
    ["seo_title"] => string(56) "uiymdastyrylgan_oku_kyzmeti_takyryby_ne_kalai_dybystaidy"
    ["file_id"] => string(6) "483288"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1541176481"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Ашық Сабақ:"Әжеміз қонақта""
    ["seo_title"] => string(29) "ashyk_sabak_zhiemiz_k_onak_ta"
    ["file_id"] => string(6) "353163"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1477729360"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства