Оқушылармен амандасу. Сыныпта жағымды ахуал орнату үшін тұрғызып, «Бес саусақ» әдісін қолданамыз Балалар, біз бүгін компьютерде практикалық тапсырмалар орындаймыз. Бағалау критерийлері таныстырылып өтіледі. Бағалау парағы таратылады. Оқушылар бір-бірін өзара бағалайды. Компьютерде практикалық деңгейлік тапсырмаларды орынла. А деңгейі Дыбысты жазу программасында жұмбақтарды жаз. Бұл практикалық тапсырмаларды барысында қаншалықты деңгейде орындағандығын өзін-өзі бағдаршам әдісі бойынша бағалайды. В деңгейі Ақындардың жыл мезгілдері туралы өлеңдерінің бірін алып, дыбысты жазу (звукозапись) программасында дыбысты жаз. Оқушылар орындарынан тұрып, көз, мойын, дене жаттығуларын жасайды. С деңгейі Оқулықтағы «Уақыт туралы өсиет» әңгімесімен жұмыс. Әңгімені мұқият оқып шық. Рөлдерге бөлініп, дыбыстарды жазу программасында өз рөліңнің мәтінін дауыстап жаз. «Ойымды жалғастыр» әдісі арқылы сабақта қандай практикалық тапсырмалар орындалғанын талдау, жинақтау, ойларымен бөлісу. Қалай ойлайсың, компьютерлік программаларды қажеттілігіне қарай қолдана аласың? Мадақтау арқылы қорытынды жасалады. Кері байланыс «Тазалық» арқылы жүргізіледі. Әр оқушының білімін бағалау парағана смайлик жапсыру арқылы ашық түрде бағалап, белсенді оқушыларды мадақтап отыру. Үйге тапсырма: Оқулық (48-50-беттер) §13. Практикум. Дыбыспен жұмыс. |