Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ "Тізімдер"»
«Бекітемін» «Тексерілді»
Мектеп директоры: М.М.Ахметжанова МДӘІЖО: Р.М.Курмамбаева
«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ашық сабақ
Тақырыбы:
«Нөмірленген және таңбаланған тізімдер»
6«Ә» сынып
Пән мұғалімі: Құлжабекова Б.
2017-2018 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Нөмірленген және таңбаланған тізімдер. Сабақтың мақсаты: Білімділік: MS Word мәтіндік процессорында тізім жасаудың негізгі тәсілдерін көрсету. Нөмірленген және таңбаланған тізімдермен жұмыс жасау білігі мен дағдыларын бекіту. Дамытушылық: «тізім» түсінігі, тізім түрлерін(нөмірленген, таңбаланған), нөмірленген және таңбаланған тізім жасаудың тәсілдерін. Тәрбиелік: Оқушыларды жауапкершілікке және ұқыптылыққа, қазіргі заманға сай білімді, ақпаратты толық меңгеруге тәрбиелеу. Сабақ түрі: Аралас сабақ. Сабақ әдістері: Сұрау, түсіндіру, сұрақ – жауап, компьютермен жұмыс істеу. Сабаққа қажетті құрал –жабдықтар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері.
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу,оқушыларды түгелдеу, оқулық, дәптерлерінің толық болуын тексеру.
2. Психологиялық ахуал қалыптастыру, топқа бөлу. Топ ережесін айту
Балалар, сендер өз үйлеріңде болғанда бойларындағы бір нәрсені өзгерткілерің келе ме? Әдемі үйде дұрыс, мәдениетті, таза жанды әдемі адамдар өмір сүруі керек! Отбасындағылардың біреуі бұл туралы айтқан шығар. Өзіңді сиқыршымын деп елестетіп, мүмкіндігінді пайдаланып, өз бойындағы жағымсыз зиян әдеттерден арыл. Бұдан былай бойымызда жаман әдеттер қалмас үшін оларды бір параққа жазып, қоқыс жәшігіне тастайық. Балалар қағазға өздерінің жаман зиянды әдеттерін жазып, қоқыс жәшігіне лақтырады.
Топқа бөлу 1-топ «Нөмірленген тізімдер» тобы 2-топ «Таңбаланған тізімдер» тобы
3. Үй тапсырмасын тексеру. Бағалау - "бас бармақ"әдісі
"Ыстық орындық" әдісі арқылы
Тақтаның алдына орындық қойылады. Ол ыстық орындық. Оған өз еркімен немесе мұғалімнің шақыруымен бір оқушы отырады. Қалған оқушылар тақырып бойынша сұрақтар қояды. Кей жағдайда ыстық орындыққа мұғалім де отыруға болады.
4. Бейне ролик көрсету арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту, білімін ары қарай жетілдіру. "Microsoft Word-тың мүмкіндіктері"
5. Жаңа тақырыпты меңгерту
Жаңа сабаққа дайындық жасау. Сөзжұмбақ шешу (Тізім)
Мына сөзжұмбақты шешу арқылы бүгінгі сабақтың негізгі тақырыбын анықтай отырып, тізім қоюды үйренеміз.
П
Е
Р
Н
е
Т
А
қ
Т
а
P
a
І
N
t
С
Е
Г
і
З
Ө
ш
І
Р
у
Б
у
М
А
Мәлімет енгізу құрылғысы?
Сурет салуға арналған бағдарлама?
Бір байтта қанша бит бар?
Delete пернесінің қызметі?
Файлдар жиыны?
Бірнеше бөлімдерден, тараулардан тұратын құжаттарды көркемдеу барысында тізімдерді таңбалау және нөмірлеу қажеттігі туады. Маркерлер мен нөмірлерді Главная менюіндегі Маркерлер, Нөмірлер, Көпдеңгейлі батырмасын немесе құжаттың жанама менюіндегі Маркерлер, Нөмірлер командасын таңдағанда ашылған сұхбат терезесінің көмегімен қоюға болады.
Көпдеңгейлі астарлы беті құрылымы күрделірек құжатпен жұмыс жасағанда пайдаланылады. Нөмірленген астарлы бетінде нөмірлеу форматын таңдау және өзгерту мүмкіндігі бар.
6. Топтық жұмыс. Берілген мәтін бойынша постер қорғау. Бағалау - "Екі жұлдыз, бір тілек"
7. Компьютерде практикалық жұмыс.Практикалық жұмыс №1
Жұмыс мақсаты төмендегілерді үйрену:
Тізімді (нөмірленген және маркерленген), соның ішінде көпдеңгейлі тізімді жасауға;
Жұмыстың орындалу барысы:
Мәтіндік редакторды ашыңыз.
Төмендегі мәтінді енгізіңіз.
«Гүлдер» нөмірленген тізімі
калампыр
қызғалдақ
түймедақ
раушан
«Жиһаз» маркерленген тізімі
Үстел
Орындық
Керует
Шкаф
Келесі бетке мына мәтінді безендіріңіз
«Жануарлар» көпдеңгейлі тізімі
Үй жануарлары
Мысықтар
Персидтік
Сиамдық
Иттер
Догтар
Болокалар
Жабайы жануарлар
Жыртқыштар
Арыстандар
Жолбарыстар
Шөпкоректілер
Зебралар
Бұғылар
8. Сергіту сәті. Полиглот. "Жеті жұрттың тілін біл"
Адасқан әріптер
Дұрыс жауабы
Орысша жауабы
Ағылшынша жауабы
т е а п е н т а қ т р
Пернетақта
Клавиатура
keyboard
м і т з і
Тізім
Список
list
қ т а п р а а
Ақпарат
Информация
Information
ғ д а б л м а а а р
Бағдарлама
Программа
program
н а б ғ а
Баған
Колонки
column
9. "Кубизм" әдісі. Таңдаған сан бойынша сұрақтарға жауап беру немесе тапсырма орындау.
1. Тізімдер неше топқа бөлінеді? атап беріңіз (3 топқа:таңбаланған, нөмірленген, көпдеңгейлі)
2. - батырмасының қызметі қандай? (Мәтінді курсивпен жазады)
3. Тізім сөзіне 5 жолды өлең құрастыр.
4. Сурет бойынша әңгіме құрастыр, бүгінгі өткен тақырып бойынша
5. «Шрифт» категориясы «Главная» бөлімінде орналасқан - "дұрыс" немесе "бұрыс"
6. Қаріптің өлшемі, түсі және сол сияқты басқа параметрлерін _________категориясынан өзгерте аламыз. (ШРИФТ)
Жаттығулар
Дұрыс немесе бұрыс жауапты таңдаңыз
Сұрақтар
Дұрыс
бұрыс
MS Word 2010да қаріпті өзгертуге болмайды
+
«Шрифт» категориясы «Главная» бөлімінде орналасқан
+
«Абзац» категориясында шегініс, аралық және тізім форматын өзгертуге болады
+
«Абзац» категориясы «Рецензирование» бөлімінде орналасқан
+
MS Word 2010да «Главная» бөлімінде «Абзац» категориясы бар
+
Сәйкестендіру тесті:
1. MS Word редакторын іске қосу жолы
А. Мәтінді курсивпен жазады
2. Құжатты сақтау командасы
В. Файл – Создать (Құру)
3. Мәтінді пішімдеу деген не?
С. Пуск – Все программы – Microsoft Office – Microsoft Word
4. Жаңа құжат құру командасы
D. пернесі
5. Мәтінді редакциялау деген не?
E. Файл – Сохранить как.. (Сақтау)
6. MS Word-та абзац қай пернені басумен аяқталады?
F. Мәтіннің пішімін оның параметрлері арқылы қою
7. - батырмасының қызметі қандай?
G. Өңдеу, енгізу, өшіру, орын ауыстыру, құжаттың мазмұнын түзету
Оқушыларға жауап парақтарын тарату, оқушылар тесттің жауаптарын бір-біріне беру арқылы өздері тексереді.
Жауабы:
1 – С
2 – Е
3 – Ғ
4 – В
5 – G
6 – D
7 – А
10. Кері байланыс. "Тазалық ойыны"
11.Үй тапсырмасын беру. §19, тізім туралы ребус құрастыру.
Нөмірленген тізім
MS Word тізім жасаушылардың барлығын қолдайды және тізімді тез және оңай жасауға мүмкіндік береді. Тізім-бұл нөмірленген абзацтар қатары. Сонымен қатар көпсатылы тізімдер де құруға болады. Нөмірленген тізімді құру үшін менюдегі негізгі бөлімнің Абзац тобындағы нөмірленген батырмасын басу керек. Тізімді ашу және нөмірленудің берілген жеті түрінің бірін таңдау керек. Нөмірленудгеі «Нөмірдің жаңа пішімін анықтау» терезесінде өзгертуге болады оын нөмірленудің жаңа пішімін анықтау арқылы шақырамыз.
Құжаттарда маркерленген тізімдер жиі кездесе бермейді. Тізімдердің ең көп тараған үлгісі- нөмірленген тізімдер. Бұл тізімде жолдар реттік 1,2,3 және т.с.с. сандардан басталады. Мұндай тізімді құру үшін әрбір жолдың басында нөмір терудің қажеті жоқ, мәзірдің Басты пунктінде орналасқан батырмасының көмегімен жолдарды автоматты түрде нөмірленуін тағайындау жеткілікті. Бұл батырма әрбір абзацтың басында тізбектелген сандардан қойып шығады. Яғни Enter пернесін басу тізімнің келесі нөмірін шақырады. Тізімді аяқтау үшін Backspaceпернесімен артық нөмірді жойса, жеткілікті.
Таңбаланған тізім
Маркерленген тізім батырмасының төмен жазылатын мәзірінде тізім үшін қажетті, өздеріңе қатты ұнайтын маркерде тізім үшін қажетті , өздеріңе қатты ұнайтын маркер түрін таңдауға болады. Өз тізімдеріңді құру үшін Жаңа маркерді анықтау бұйрығын таңдауларың керек.
Егер сендерге ұсынылған үлгілердің ешқайсысы ұнамаса, онда маркерлердің кеңейтілген тізімдемесін шақыру үшін, Символ немесе Сурет батырмасын басуға болады. Мысалы, маркер ретінде ♥ белгісін қоюға болады. Қаріп батырмасы әріптің маркер үшін қажетті мөлшерін, түсін және басқа сипаттамаларын баптайды.
Мәтіндік процессорда тізімдердің үш түріне қол жеткізуге болады: маркерленген, нөмірленген және көпдеңгейлі.
Тізімді аяқтау үшін Backspace пернесімен артық нөмірді жойса, жеткілікті.
Өзінің маркерленген тізім құру үшін Жаңа маркерді анықтау бұйрығын таңдайды.
Өзінің нөмірленген тізімін құру үшін Нөмірдің жаңа пішімін анықтау бұйрығын таңдайды.
Тізімнің әртүрі үшін маркерді (нөмірді), нөмірдің пішімін, шегіністерді баптауға болады.