Балалар, сендер компьютер ақпараттты сақтау, түрлендіру, беру үшін арнайы есептеуіш машина екендігін білесіңдер. Ал компьютер қалай жұмыс істейді, ол қандай бөліктерден тұратындығын бүгінгі сабақта өтеміз.
ІІ. Жаңа тақырып.
Компьютер сөзі есептеуіш дегенді білдіреді. Яғни есептеуге арналған құрылғы. Компьютер деректерді бағдарламалап өңдеуге арналған электрондық құрылғы. Компьютерлер тек қана есептей қоймай, сонымен қатар мәтінмен, гарфикамен, дыбыспен ж.т.б. жұмыс істей аламыз.
Дүние жүзінде компьютер шығаратын компаниялар көп, бірақ ДК-лердің адаммен қарым-қатынас жасау принципі бәрінде де бірдей. Кез келген компьютер жұмыс істеу үшін негізгі үш блок қажет: жүйелік блок, монитор, пернетақта.
Жүйелік блок – компьютердің негізгі элементі. Онсыз ешбір компьютер жұмыс істемейді. Онда микропроцессор, жедел жады, аналық тақта, адаптерлер ж.т.б. орналасқан.
Монитор –мәтіндік және графикалық ақпараттарды экранға шығаруға арналған. Ол теледидарға ұқсас құрылғы.
Пернетақта – ақпараттар мне ДК-ні басқару командаларын енгізу қызметін атқарады. Бұлардан басқа компьютеде тағы көптеген құрылғылар бар. Оларды енгізу-шығару құрылғылары деп атайды.
Енгізу құрылғыларына пернетақта, сканер, микрофон, модем жатады. Олар арқылы компьютерге кез келген графикалық, мәтіндік, дыбыстық ақпарат енгізіледі.
Шығару құрылғыларына монитор, принтер, құлақалқа, микрофон жатады.
Ал, компьютер құрылғыларымен қысқаша таныстық. Енді жүйелік блокпен тереңірек танысайық.
Жүйелік блок. Жүйелік блок ішінде ең маңызды құрауыштар орналасқан негізгі торап болып табылады. Жүйелік блоктың ішінде орналасқан құрылғыларды ішкі құрылғылар деп аталады. Компьютердің ішкі құрылғылары:
аналық тақта
оған мыналар енгізілген:
Жедел жад – компьютер қосылған кезде деректерді уақытша сақтауға арналған микросхемалар жиыны.
Процессор – көптеген математикалық және логиклық операцияларды орындайтын негізгі микросхема.
Микропроцессорлық комплект(чипсет)- компьютедің ішкі құрылғылардың жұмысын басқаратын микросхемалар жиыны.
Шиналар – олар арқылы компьютердің ішкі құрылғыларың арасында сигнал алмасу жүргізілетін өткізгіштер жиыны. (компьтер жүйелік блогын ашып, аналық тақшаны, жадыны, микропрцессорды көрсету, компьютердің негізгі құрылғыларының схемасы).
Қатты диск ж.т.б.
Жүйелік блоктың артқы тақтасында енетін желілерді және порттарды (монитор порты, маус, пернетақта), қосымша құрылғыларды(принтер порты, модем, сканер, микрофон)қосатынқосқыштар орналасқан.
Процессор – компьютердің басты бөлігі.
Процессор – компьютердің миы. Ол компьютерді басқарады және прогаммадағы барлық командалырды орындайды. Компьютердің кез келген жұмысы процессордың қатынасынсыз орындалмайды.
Компьютердің атқарасын жұмысының бәрін , шын мағынасында, оның бас микросхемасы – микропроцессор атқарады. Қазіргі кезде ең көп тараған PENTIUM фирмасының процессорлары. Компьютердің негізгі мінездемелерінің бірі – оның амал орындау жылдамдығы, ал жылдамдық жиілікпен өлшенеді. Жиілік қанша жоғары болса, компьютер соншама жақсы болады. Процессор жадпен бірігіп жұмыс атқарады.
Компьютердің екі ішкі жад болады: тұрақты есте сақтау және жедел есте сақтау.
Жедел жад. Жедел жад бұл деректерді сақтауға қабілетті кристалды ұяшық сілем. Жадтың әрбір ұяшығының өзінің адресі болады. Бір адрестелетін ұяшықтың 8 екілік ұяшығы бар, онда 8 бит деректер сақтауға болады.
Жедел жадтың негізгі мінездемесі – оның сыйымдылығы және жылдамдығы. Процессор мен ЖЕС ЭЕМ-нің негізгі құрылғысы болып табылады. Жедел жад компьютерде модульдер деп аталатын стандартты тақталарда орналасады. Жедел жадтың модульдерін аналық тақтадағы сәйкес ажыратпаларға қондырады. Жедел жадың негізгі сипаттамалары жад көлемі (4,8,16,32Мбайт) және қатынау уақыты.
Компьютерді қосқан кезеңде оның жедел жадында ештеңе – деректер де , бағдарламалар да болмайды, бірақ процессорге әуелі алғашқы қосу кезеңнен кейін командалар керек.
Тұрақты есте сақтау- ол компьютер құрастырушы фирма қондырған схема түрінде жасалған жад. Компьютерді алғаш рет қосқанда ақпарат ТЕС-дан алынады да, содан соң компьютерге орналастырылған операциондық жүйе іске қосылады. Компьютерді сөндіргенде тұрақты есте сақтауда сақталынған ақпарат өшірілмейді.
ТЕС: информацияларды тұрақты есте сақтау жады. Компьютерді өшіргенде ТЕС-дағы информация бұзылмайды. Бұнда жазылған командаларды оқуға болады.
ЖЕС: информацияны уақытша сақтау жады. Компьютерді өшіргенде информация өшеді.
ІІІ. Қорытынды.
Сонымен, бүгінгі біз сабақта компьютер құрылымын өттік.