Сабақтың тақырыбын өзекті қылу. Сабаққа дайындық. Ұйымдастыру кезеңі. Мұғалім 1 слайдта суретті көрсетіп, оқушылардан бұл суреттер не айтып тұрғанын сұрайды. Сабақ тақырыбын қалыптастыруды сұрайды.
Мұғалім оқушыларды сабақ мақсаттары мен жақсы жұмыс істеу үшін критерийлермен таныстырады.
Жаңа материалды оқу «Ақпаратты тасымалдау» түсінігін сыныпта талқылау. Мүғалім ақпаратты тасымалдау үрдісіне мысалдар келтіреді видеоролик көрсетіледі. Оқушылар қосымша мысалдар келтіреді. «Ақпаратты тасымалдау» түсінігі үшін оқушылар анықтама құрастырады.
Мұғалім байланыс каналын, көзін және қабылдағышты ерекшелей отыра ақпаратты тасымалдау үрдісінің сызбасын түсіндіреді. Оқушыларды биологиялық және техникалық ақпараттық байланыс каналдарымен таныстырады. Әр түрге мысал келтіреді. Мұғалім ақпаратты тасымалдау үрдісіне мысалдарды көрсетеді. Тасымалдау кезінде мүмкін болатын кедергілер туралы айтады.
Оқығанды бекіту Оқушылар бейнежазбасын көріп талқылайды мұғалімнің сұрақтар бойынша: - Қалай ойлайсыз бұл жазбада қабылдағыш, көз және ақпараттық канал қайсысы болып табылады? - Осы сәтте ақпаратты тарату сапасына не кедергі болды?
Мұғалім бұрыңғы замандағы ақпаратты таратуға мысал келтіреді.
Мұғалім тапсырмамен таныстрады. - Бұрыңғы замандар адамдар ақпаратты тасымалдау үшін әртүрлі идеяларды қолданды. Кейбіреулері төменде көрсетілген суреттермен байланысты. Осы заттарды адамдар ақпаратты тасымалдау үшін қалай қолданғанын жұпта талқылаңыз. | | Барабан дыбысы көбінесе африка тайпаларында таралған. Ол қауіп туралы дыбысты бірнеше километрге дейін таратқан. | Дыбысты ұзақ арақашықтарға тарату үшін көптеген елдер от түтінін қолданған. |
Мұғалім мысалдарда ақпаратты тарату қандай түрлері бар екенін түсіндіреді (Бірнеше көздері - бір қабылдағыш, Бір көз - бірнеше қабылдғыш, Бір көз - бір қабылдағыш).
Оқушылар үш топқа бөлініп, ақпаратты таратудың бір түріне көрсетілім ұйымдастыру керек: 1 топ: «Ақпаратты бір жақты тасымалдау және қабылдау» 2 топ: «Бірнеше көз және бір қабылдағыш» 3 топ: «Бір көз және біренеше қабылдағыш»
Оқушылар бірі біріне көрсетілім орындайды. |