«Роботехника және оны мектеп жағдайында үйлестіру жолдары»
Баяндамашы: Дәрібаева С
2016-2017жыл
Робот техникасы
Еліміз үшін қоғамды алға бастыратын инновациялардың рөлі айрықша. Бүгінде Қазақстан да әлемдегі өзге елдер секілді жаңа технологияларға мән беріп отыр. Бұл салаға баланы жастан бейімдеу, қосымша білім беру – қоғамда кезек күттірмес мәселе. Қосымша білім беру жүйесінің негізгі мақсаты балалардың бос уақытын мазмұнды және толыққанды ұйымдастыруға, олардың сапалы қосымша білім алуына, оқушы тұлғасының дамуына, әлеуметтік және кәсіби қалыптасуына жағдай жасау болып табылады.
Робот техникасы – елімізде енді ғана дамып келе жатқан инновациялық сала. Әлемдегі Жапония, Германия, АҚШ, Корея сынды елдерде аталған сала жоғары деңгейде дамыған. Бұл елдерде робот техникасының үздік жетістіктері ғылымда, өндірісте кеңінен қолданылады.
21-22 қаңтар күндері біздің қалада Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Павлодар облысы білім беру басқармасы және Екібастұз қаласы әкімдігінің қолдауымен республикалық үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы және ғылыми-техникалық шығармашылықты дамыту мәселелері жөнінде дөңгелек үстел басындағы кездесу өтті. Сонымен бірге, дәл осы уақытта «Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту орталығында әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы семинар ұйымдастырылып, білім беру және бос уақытты қамту орталығының жұмыс тәжірибесі таратылды.
Жоғарыда атап өткен шаралардың ішінде біз қала әкімдігінде өткен дөңгелек үстел басындағы кездесуге қатыстық.
Үйлестіру кеңесінің отырысын республикалық оқу-әдістемелік орталығының директоры Раиса Шер жүргізді.
Жиында Білім және ғылым министрлігі, әділет, инвестициялар және даму жөніндегі, ҮЕҰ-дың, республикалық үйлестіру кеңесінің өкілдері бас қосып, ғылыми-техникалық бағыттағы қосымша білім беру мәселесімен бірге балалардың робот техникасына деген қызығушылығы, осы тақырыпта ұйымдастырылған шаралар мен қаржыландыру мәселесінің түйінін тарқаттты.
Көпшілігіміз робот дегенді білгенімізбен, «робототехника» саласы туралы мағлұматымыз мардымсыз. Елімізде енді қанат жайып келе жатқан робот техникасы саласы болашақта мектеп оқушыларының техникаға деген қызығушылығын арттырып, конструкторлық дағдысын қалыптастыруға көмектеседі. Робот жасау тек оны жинаудан тұрмайды.
Семинарға қатысушылар роботтық спорт саласын дамытудың уақыты жеткенін атап өтті.
Оқушылар, сонымен қатар, математика, физика, компьютер ғылымдарын да игеруі қажет. Сонда ғана роботты әрекет жасауға бағдарламалауға болады екен. Алайда оны жетілдіруде қиындықтар да жоқ емес. Мәселен, қаржы тапшылығы қолбайлау болып отырғаны анық. Семинарға қатысушылар өзара пікір алмасып, робот техникасы саласын дамытуда бірлесе әрекет етуге шешім қабылдады Семинарға қатысушылар роботтық спорт саласын дамытудың уақыты жеткенін атап өтті.